• Ұлттану
  • 25 Желтоқсан, 2014

Қызылордада дария үстінен салынған жаңа көпір пайдалануға берілді

Қызылордада дария үстінен салынған жаңа көпір пайдалануға берілді. Көпір елімізде алғаш рет монолитті технологиямен салынды  Businessnews.kz.

Қызылорда облысындағы дарияның үстінен салынған көпір «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» күре жолының негізгі бөлігі.

Сондықтан да өңірдің транзиттік әлеуетін арттыратын, экономикасын еселейтін нысан.

Күрделі нысан бір жарым жылда салынып болды. Аз ғана уақытта мұндай алып көпірді іске қосу оңай емес.

Бірақ, тәжірибесі мол әзірбайжандық компания нысан құрылысын ойдағыдай аяқтады және ол елімізде бұрын-соңды қолданылмаған тың әдісті пайдаланды.

Жалпы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының негізгі бөлігі, яғни, 812 шақырымы Қызылорда облысы аумағында. Жоба бойынша 48 көпір, 14 жол айрығы, 2 теміржол өткелі бар.

241 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз