• Заманхат
  • 20 Сәуір, 2012

ӨЗ КІНӘМІЗДІ ӨЗГЕДЕН КӨРМЕЙІК Шерханға хат

Намысқа тиер тағы бір мысал. Қазақ тілінің мәртебесін көтереміз деп көп айтамыз. Ресми құжаттардың орыс тіліндегі нұсқасын оқымай тұрып, қазақшасына түсіне алмайтын пәлеге ұшырадық. Баяғы кездегідей қате кетпесін деп қорқып, орысшадан сөйлемді сөзбе-сөз аударып, сірестіріп қояды. Сөздерді бір-бірімен сығылыстырмай, сөйлемдерді бөліп, бұтарлап қазақшаға айналдырып барып, қазақ сөйлемінін құрылым-құрылысына салып, еркін, түсінікті аударуды меңгере алмай-ақ келеміз. Енді кімнен жасқанамыз? Осыдан құтылмай біз қазақ тілінің мерейін өсіріп, мәртебесін көтере алмаймыз. Ал ең дұрысы, ресми құжаттар қазақ тілінде әзірленіп содан кейін орысшалануы керек. Тіл туралы таласқан бес жылдың ішінде қазақша-ағылшынша бірден ілеспе аударатын (синхрон) бір топ адам дайындай алмағанымызды не дейміз? Халықаралық жиындарда, кездесулерде ағылшынша аудармасы болса, қай тілде сөйлесең бәрібір емес пе? Бірақ, соған жете алмай жүрміз ғой? Ұлттық намыс, ұлттық мақтаныш деген тәуелсіз халыққа дем берер рух, нығайтар күш. Осыған сүйенуіміз жөн. Жақында, Шерхан, сенің ұлт намысы бар жандар ұлт басылымдарын алдырсын деп ашына айтқан сөзің ел құлағына жетті. Сенің жанды жанып айтқаның, Президенттің оны қолдауы, бас редактордың өзі бастап белсенді үгіті арқасында «Егемен Қазақстан» 80 мыңға жетіп, өзінің әріптесі «Казправдадан» екі еседей асып түсті. Намыс деген осы. Бірақ басқа қазақ газет-журналдары мәз емес. Қолдамаса, жоғалып кетуі мүмкін. Иә, бізге бүгін намысты қамшылау, жігерді қайрау қажет! Бұрынғыдай кінәлайтын бөтен ешкім жоқ. Бәрі өз қолымызда, бәрі өзімізден, өз кінәмізді өзгеден көрмейік! Сәлеммен, досың Камал СМАЙЫЛОВ «Егемен Қазақстан», 18 қаңтар, 1977 ж.

568 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз