• Ұлттану
  • 15 Қаңтар, 2015

Қазақстанда көлік бағасы Ресеймен теңесуі мүмкін

Қазақстанда көлік бағасы Ресеймен теңесуі мүмкін, - деп хабарлайды "Колеса" ресурсы. Astana Group компаниясының басшысы Нұрлан Смағұловтың пікірінше, отандық көлік нарығы осы жылдың жартысына дейін Ресей рублі девальвациясының ықпалында болады. Сондықтан, қазақстандық автобизнеске бұл сынаққа төтеп беру үшін сатып алушыларға көрші елдегімен бірдей жағдай жасау керек.

Бұл орайда, Смағұлов қазіргі уақытта ЕАЭО автонарығындағы жағдайды тұрақтандыру бағытында және Одақ аясында көліктердің бағасын теңестіру бойынша Hyundai компаниясымен бірге жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ал ресейлік автодилерлер бағаны біршама өсірген. Десе де, бұдан көрші елге көлік алмаққа барған қазақстандықтар қатары азаяр емес. Өйткені Ресейдегі баға Қазақстандағы бағадан әлі де әлдеқайда арзан болып тұр. "Колеса" порталының мәліметінше, ресейлік нарықта Toyota компаниясының барлық модельдері шамамен 20 пайызға қымбаттаған. Көрші елде көлік салондарында қозғалтқыш көлемі 2,5 литр болатын Camry седандарының құны 21 620 доллардан басталады. Ал, Қазақстанда олардың орташа бағасы - 30 800 доллар. Жапон брендтерімен қатар, АвтоВАЗ бен УАЗ да тауар құнын арттырған. Ертеңнен, 15 қаңтардан бастап Lada автокөліктерінің бағасы 9 пайызға өседі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда Ресейден және Беларусьтен әкелінетін автокөліктерді қосылған құн салығыалып тасталған талап кәсіпкерлік мақсатты көздемейтін жеке тұлғаларға ғана қатысты екені хабарланған болатын. Жаңа тәртіптер 2015 жылы 1 қаңтардан бастап Еуразия экономикалық одағы мен Кеден одағының техникалық регламентінің "Дөңгелекті көлік құралының қауіпсіздігі туралы" келісімшартымен бірге бір уақытта күшіне енді.

tengrinews.kz

219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз