• Ұлттану
  • 21 Қаңтар, 2015

Қытайда қазақ кәсіпкері ұлы ақын Абайдың балалық шағы туралы анимациялық фильм түсіруде

Қытайдың Үрімші қаласында қазақ кәсіпкері Ғұсман Қажытай басшылық ететін «Абай жолы» анимациялық компаниясы «Абайдың балалық шағы» атты көп бөлімді анимациялық фильм түсіріп жатыр, деп хабарланған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында.

Жоба авторларының сөзіне қарағанда, фильмді түсірудегі басты мақсаты - өскелең ұрпақтың өз халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылығын арттырып, олардың бойларында қазақ әдебиетіне мақтаныш сезімдері мен құрметті қалыптастыру.

2014 жылдың басында қолға алынған жобаға сәйкес анимациялық фильм 104 бөлімнен тұрады. Қазіргі уақытта олардың екі сериясы дайын. Мультфильмнің түсірілімі үш жыл ішінде бітеді деп күтілуде. Сонымен қатар жоба авторлары толықметражды мультфильм түсіруді жоспарлап отыр.

inform.kz

386 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз