• Ұлттану
  • 26 Қаңтар, 2015

Отын бағасы төмендесе де әуе билетінің құны өзгермейді

Қазақстанда авиа отын бағасы төмендеді. Алайда әуе билетінің құны қаз-қалпында қала бермек. Бұл туралы "Астана" арнасына "Air Аstana" әуе компаниясының өкілі Тілек Әбдірахманов хабарлады.

Айтуынша авиаотын құны әуе билеті бағасының үштен бір бөлігін құрайды. Яғни компанияның шығындары толықтай өтелмейді. Сондықтан авиа керосиннің төмендеген бағасы бірнеше ай бойы тұрақтанып тұрса ғана, компания тарифтерді қайта қарайтын болады - деді ұлттық әуе тасымалдаушы компания өкілі.

Елімізде авиа отынмен қатар жанармай бағасы да төмендеді.

Мәселен, Алматыда бірқатар жанармай құю станциялары АИ-92 бензинінің бағасын 105 теңгеге дейін түсірді.

Бұндай жағдай ресей рублі бағамының өзгеруімен байланысты болуы мүмкін деп жазады дереккөз. Бензин бағасының арзандауы өзге қалаларда да байқалған.

Мәселен "Отырар.kz" порталының дерегінше, Шымкентте АИ-92 маркалы бензин 109-дан 107 теңгеге дейін төмендеді. Қызылордада дәл осы маркалы жанармай 108 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, жуырда энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин біздегі жанармай бағасы ресейлік нарықтағы өзгерістерге орай, ай сайын реттелетінін айтқан болатын.

Еске салсақ, Қазақстанда жанармай бағасы соңғы рет 2014 жылдың желтоқсанында арзандады.

nur.kz

252 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз