• Ел мұраты
  • 03 Сәуір, 2015

Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес халықтық реформа Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың партияның XVI съезінде сөйлеген сөзі

Қымбатты қазақстандықтар! 
Құрметті делегаттар мен съезд қонақтары! Бар­шаңызды съезд жұмысының басталуымен құттықтаймын. Сіздер байтақ Қазақстанның барлық аймақ­тарын қамтитын 850 мың партия мүшесінің атынан келіп отырсыздар. Мен барша партиялас серіктеріме еліміздің гүлденуі мен өсіп-өркендеуі үшін төгілген өлшеусіз тер мен ортақ патриоттық еңбек­теріңіз үшін зор риза­шы­лығымды білдіре­мін. Алдымызда еліміз үшін тағы бір тағдырлы, тарихи белес тұр. Қазақстан хал­қы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бас­тамасы халықтың тарапынан қызу қолдау тапты. Санаулы күнде маған бұл мәселеге қатысты мыңдаған хат келіп түсті. Құзырлы органдар бұл бастаманы еліміздің заңдарына сәйкес деп тапты. 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы менің Жарлығым хал­қымыздың бастамасына жауап болды. Бұл – Ота­нымызды, бейбітшілік пен келісімді ны­­­­­­ғай­тудағы   біздің бағы­тымызды жалғас­ты­ру­ға жалпыха­лықтық ұмтылыс пен бірліктің дәлелі. 
Құрметті қазақстандықтар! 


Тәуелсіздік жылдары ішінде біз Ұлы жолды жүріп өттік. Біздің еліміз әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына енді. ІЖӨ 20 есе өсіп, 2014 жылы жан басына шаққанда 13 мың долларды құрады. Бүгінде біз «Қа­зақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты – әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына енуге қол жеткізу жолында жұмыс жүргізудеміз. Өткен 4 жылда 2011 жылдың сайлау науқаны барысында мен айтқан барлық міндеттерге қол жеткізілді. Бірін­шіден, ІЖӨ көлемі орта есеппен жыл сайын 5,7 пайызға өсіп отырды. Үдемелі индус­триялық-инно­вациялық даму­дың бі­рін­ші бесжылдық жоспары аяқталды. Екіншіден, аграрлық сектор даму үшін қуат­ты серпін алды. Үшіншіден, инфра­құрылымдық салаларда үлкен өзге­рістер болды. Төртіншіден, шағын және орта бизнес дамып келеді. Бесін­шіден, Қазақстан әлеуметтік жаңғыру жолына бет бұрды. 2010 жылдан бері халықтың табыстары 43 пайызға, ал айлық еңбекақы 130 мың теңгеге жақындап, 64 пайызға өсті. Мемлекеттік әлеуметтік жәр­дем­ақылар мөл­шері 1,4 есеге, ең төменгі зейнетақы 1,8 есеге өсті. Алтыншыдан, 4 жыл ішінде ауқымды әкімшілік реформа жүргізілді. Мемлекеттік аппарат реформаланып, Үкіметтің функция­ларының 60 пайызы министрліктер мен әкімдіктер деңгейіне беріл­ді. Министрліктер саны 17-ден 12-ге дейін оң­тайландырылды. 9 агенттік қыс­қартылып, ко­ми­­теттер ретінде министрліктер құрамына беріл­ді. Аудандық маңыздағы қалалар әкім­дерінің, сондай-ақ селолық әкімдердің сайлан­балылығы енгізілді. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде терең реформалар жүруде. Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қатаң күрес жүргізілуде. Конфессияаралық келісім мен тыныш­тықтың арқаулық негізі ретінде мем­лекеттің зайыр­лылық сипаты нығайтылды. Жетін­шіден, елдің халықаралық беделі ны­ғайып келеді. Бүтіндей алғанда, біз жоспар­ланғандардың бәріне қол жеткіздік! Алға қарай қарышты қадам жасалды! Бұл барша­мыздың ортақ жеңіс маршымыз! Қазіргі уақытта әлемдегі ахуал күрделілене түсуде. Әлемдік ры­­нок­тарда энергия көздері мен металл баға­ларының құлдырауы экономи­калық тәуе­кел­­дерді күрт ұлғайтып жіберді. Барлық дерлік мемлекеттер елеулі геосаяси және экономикалық сын-қатерлерді бастан өткеруде. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты Қазақстанның экономикалық тәуе­келдерге қояр тосқауылы болды. Ол, бірін­шіден, инфрақұрылымдық да­мудың мем­ле­кеттік бағдарламасы аясында эконо­­ми­калық ауытқушылыққа қарсы іс-қимыл шараларынан, екіншіден, индустрияландыру бағы­тының екін­­­ші бес жылдығын одан әрі жал­ғастырудан тұ­рады. Сондай-ақ, әлеу­меттік саясат та айқын белгіленді. Қатаң бюджеттік саясат пен үнем мемлекеттің әлеуметтік мін­­дет­темелеріне өз­геріс енгізбейді. Сонымен бірге, жаһандық сын-қатерлер мен тәуекел­дер­дің тереңдігі сондай, ол әр мем­лекеттің тұрақтылығы мен табыс­ты­лығын сынаққа салады. Сондықтан да біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр. Біріншіден, сыртқы фактор­лардың мемлекет құры­лысына ықпалының теріс сценарийіне жол бер­меу. Екіншіден, дамудың қол жеткізілген қарқынын сақтау. Үшіншіден, одан әрі даму үшін жағ­дайлар жасау. Төртіншіден, әлемнің 30 дамыған мемле­кетіне қарай алға жылжуды жалғастыру. Біздің мемлекеттілігіміздің ауқымды сын-қатерлеріне қалыптан тыс және күшті жауап беру қажет. Бір орында тұруға болмайды. Өз табыстарымызды ар­қау етіп өзіміздің мемлекет­тілігімізді дамыту үшін біздің алға қарай қозғалуымыз керек. Сондықтан да мен бес инс­титуттық реформаны алға тартамын. Бірін­ші – Эконо­микалық бағ­дарламаларды сапалы жүзе­ге асыруды және мемлекеттік қызметтерді ұсы­нуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы, кәсіби және автономиялы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру. Бүгінде әкімшілік мем­лекеттік қызметтің саяси деңгейге тәуелді екенін көрмеу мүмкін емес. Бұл, тіпті, ешқандай саясатсыз кәсіби басқару қажет болған кездің өзінде де шешімдер қабылдауды саясаттандырады. Мемлекеттік ап­паратта белгілі бір қам­қоршының айналасында команда қалып­тасады. Мұндай патронат жемқорлық үшін жағдайлар туғы­зады, тамыр-таныстықты туындатады, ка­дрлық әлеуетті төмендетеді. Сонымен бір­ге, еңбекке ақы төлеудің төмендігінен мемлекеттік қызмет тартымсыз күйінде қалуда. Көбіне-көп мемлекеттік қызмет­шілерде айқын мансаптық келешек жоқ, ал қызметте жоғарылау сол баяғы қамқор­шыларға байланысты. Мен маңызды мемле­кеттік бағдарламалар мен жобалардың түрлі деңгейлердегі жекелеген шенеуніктердің білік­сіздігінен «зардап шегіп» жатқанын біле­мін. Сондықтан мемлекеттік қызмет­шілер корпусын кәсіби және автономиялы етіп жасау маңызды міндет болып табылады. Сайлаулар, министрлердің, әкімдер мен өзге де басшы­лардың ауысуы әкімшілік мемлекеттік қызметке әсер етпеуі тиіс. Ағымдағы позициялылықтан мемле­кеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу қажет. Әрбір басшы төменнен бастап барлық басқару сатыларынан өтуі тиіс. Мем­ле­кеттік қызметшілерге, олардың басқару үдері­сіне қосқан үлесінің нәтижелілігі бойынша еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу қажет. Олардың қызметтері мен экономикада қол жеткізген табыстарының әр жылдағы нәти­желері бойынша саяси қызметшілер үшін бонустар және әкімшілік қызметшілер үшін сыйақылар төлеуді қарастыру қажет. Жақсы жұмыс істесе – бонус алады. Жаман жұмыс істесе, экономикада өсу және нәти­желері жоқ болса – тиісінше, еңбек­ақысы да төмендейді. Бүгінде мемлекеттік қызмет­шілерге талантты кандидаттарды, соның ішінде жеке сектордан да, іздеудің жаңа арналарын ашатын уақыт келді. Белгілі бір лауазымдарға шетелдік менед­жерлерді тарту орынды болмақ. Тілді біл­меу де, азаматтық та бұл орайда кедергі болуға тиіс емес. Көптеген табысты елдер осылай жасайды. Мемлекеттік қызметке қабылдау үшін біліктілік талаптары қатаңдатылуы тиіс. Барлық деңгейлердегі мемлекеттік қызметшілерді то­лық аттестаттаудан өткізу қажет. Меритократия қағидаттарын қорғау және сыбайлас жемқор­лыққа жол бермеу бойынша жүйелі жұмысты жолға қою маңызды. Ол үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жеке дербес бөлімшені құру қажет. Меритократия тек мемлекеттік аппарат үшін ғана емес, сонымен бірге, соттарды, құқық қорғау органдарын, ұлттық компаниялар мен холдингтерді қоса алғанда, бүкіл мемлекеттік сектор үшін де жалпыға бірдей қағидатқа айналуы тиіс. Бізге Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды әзірлеу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңға өзгерістер енгізу қажет болады. Мемлекетке қызмет ету біздің қоғамымыздың бірлігін нығайту үшін негіз болуы тиіс. Мемлекеттік қызмет этностық қатыстылығына қарамастан, меритократия қағидаттары негізінде өзін өзі көрсетуге бірдей мүмкіндіктер беретін әділетті қазақстандық қоғамның түпбейнесіне айналуы керек. Екінші – Меншік құқығына кепілдік бере­тін, кәсіпкерлік қызмет үшін, келісім­шарт­тық міндеттемелерді қорғау үшін жағдай жасайтын, түптеп келгенде экономикалық өсім үшін негіз болатын заңның үстемдігін қамта­масыз ету. Бүгінде сот жүйесінің әлсіз буыны – судьялар корпусы арасындағы сыбайлас жем­қор­лық көріністеріне жиі-жиі соқтырып жата­тын судьяларды іріктеу, судьяларға қойы­ла­тын біліктілік талаптарының тиімсіздігі. Судьялар корпорациямен меңіреу тұмша­ланбауы тиіс және қоғамдық сыннан тыс болмауы керек. Ашықтық – судьялар қатарындағы жемқор­лықтан емдейтін дәрі. Ішкі істер орган­дарының жұмысы да қоғам үшін мөл­дір емес. Полиция қоғамның өзіне деген сенімін арттыратындай етіп жұмыс істеуі керек. Бүгінде азаматтар жол инспекциясы офи­церінің жол қозғалысы ере­жесін бұзғаны үшін әкімге немесе министрге айыппұл салатынына онша сене қоймайды. Бұл ретте АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысына қатысты таяуда болған мысалды келтіруге болады. Джон Керриге өз үйінің алдындағы қарды тазартпағаны үшін айып­пұл салынды. Сон­дықтан полицияның мәртебесі мен оның азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет. Құқық қорғау органдарының мөлдірлігін, ақпа­раттық технологияларды дамыту, патруль­дік қызметті бейнетіркеушілермен жабдықтау бойынша шаралар дестесін қалып­тастыру керек. Полицияға кәсіби және психо­логиялық іріктеудің жаңа жүйесін енгізіп, полицей­лердің өздерінің біліктіліктерін тұрақ­ты түрде арттырып және растап отыруын қам­тамасыз ету маңызды. Судьяларға қойы­латын біліктілік талаптарын қатайту қажет. Судьялар корпу­сындағы орыннан үміткер кандидаттың нотариуста, полицияда немесе заңгерлік ЖОО-да емес, сот жүйесінде бес жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс. Кандидаттар негізгі жұмы­сынан босатылған негізде және бір жылдан кем емес мерзімде соттарда өтетін сот тағылымдамасы үшін шарт ретінде қатаң тестілік іріктеуден өтуі тиіс. Кез келген жоғары тұрған судья төменгі соттарда жұмыс істеп көруі керек. Сол сияқты қызметін жаңа бастаған судьялар үшін ұзақтығы бір жылдан кем емес сынақ мерзімін енгізу де маңызды, оны табысты өткеннен кейін олардың үздіктері судья­лыққа сайланады. Шетелдік және отандық инвес­торлар қазақстандық әділ соттың адал­дығына сенімді болуы тиіс. Оған деген сенім­ді арттыру үшін инвестициялық дауларды қарауға шетелдік судьяларды тартып, мұндай дауларды шетелдік және халық­аралық соттардың үздік стандарттары бойынша қарау қажет. Айрықша мәселе – елдің Қарулы Күштерін жаңғырту. Олар заманауи, жұмылғыш, кәсіби болуы тиіс. Кәсібилік және озық қару-жарақпен, сондай-ақ, техникамен жарақтандыру есебінен ар­мияның жауынгерлік қабілетін арттыруды қамтама­сыз ету керек. Үшінші – Индустрияландыру және әртараптандыруға негізделген эконо­ми­калық өсім. Кәсіби мемлекеттік қызмет және заңның үстемдігі орта тапты жедел қалып­тастыру үшін экономикалық рефор­малардың кешенін жүзеге асыруға жағ­дай жасайды. Сапалы өсім мен экономиканы әртараптандыруға қол жеткізу үшін біз индус­трияландыру бағдар­ламасын жүзеге асы­рудамыз. Ол уақ­тылы және мейлінше қажет шара болып табылады. Индустрияландыру – экономиканың құралы ғана емес, сонымен бірге, мемлекет дамуының және орта тапты қалыптастырудың маңызды факторы. Дегенмен, индустрияландыру мен өңдеу секторы әзірге экономикалық өсімнің нағыз қозғаушысы бола алған жоқ. Үкімет онымен айналысуы тиіс. Ауыл шаруашы­лығын мемле­кеттік қолдау жүйесінде де қиғаштықтар бар. Аграрлық секторға бюджеттен қосымша құны төмен сала өнімдері өндірісін субсидиялауға қомақты қаржы бөлінеді. Оның үстіне, ауыл өндірушілері салық төлемейді десе де болады. Бүгінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу секторын жаңа кешенді бағдарламалар негізінде дамыту маңызды. Бұл орайда, қайта өңдеу салаларында трансұлттық компания­лардың қатысуымен шамамен 10 ірі жобаны жүзеге асыруға кірісу қажет. Индустрияландыру, сонымен қатар, шағын және орта бизнес арқылы жұмыс орындарын құру мен елдің экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталып отыр. Қазір кедендік ресімдеулер көп уақыт алады, тариф саясаты күрделі және шым-шытырық болып табылады, тарифтік емес кедергілер әлемдік тәжірибеге кереғар келеді. Еуразиялық одақ аясында тариф саясатын оң­тайландыру бойынша ауқымды жұмыс жүр­гізу қажет. Болашақтағы басты міндет эконо­ми­калық даму серпінін қамтамасыз ету болып отыр. Жұмыстың қорытындылары экономиканы әртараптандыру есебінен жаңа 3-4 экс­порттық өнімдердің туындауы болуы тиіс. Ша­ғын және орта сервистік кәсіпорындар са­ла­сындағы даму шешуші бағыт болып табылады. Туризмді дамытудың жаңа бағдар­ла­ма­сын қабылдаған жөн. Бұл – артық еңбек ресурстарын ауылды жерлерге тартудың ма­ңызды мәселесі. Бізде урбанизация әлсіз. Ха­лықтың 43 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Қа­зақстанның интеграциялық саясаты барысында ел экономикасының әлем­дік шаруа­шы­лық байланыстарға тартылуын кеңейту үшін құрал­дар қалыптастырылды. Алматыда қаржы орта­лығын құру үдерісі жоғары серпінділік алуы тиіс. Бұл жерде Алматының арнайы мәртебесін заңнамалық бекіту маңызды. Төр­тінші – Болашағы біртұтас ұлт. Біз өзіміздің тұрақтылық және келі­сім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Қазақстан Конституциясы нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азамат­тың құқықтық теңдігіне кепілдік береді. Сонымен қатар, қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет. Ол азаматтық қағи­датына негізделуі тиіс. Барлық азаматтар құ­қық­тың бір көлемін пайдалануы, жауапкер­шіліктің бір жүгін арқалауы және тең мүм­кіндікке қолже­тімділікті иеленуі керек. Мәңгілік Ел идея­сы арқауындағы жұмыл­дырушы құн­дылықтар – азаматтық теңдік; еңбек­сүйгіштік; адалдық; оқымыс­тылық пен білімді қастер тұту; зайырлы ел – тағаттылық елі. Осындай жағдайда аза­маттық орнықты және табысты мемле­кеттің ең сенімді іргетасы болады. Мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауап­кершілік жүктеледі. Қазақтар Жаңа Қазақ­станның болмысын қалыптастыруда барша ұлыстарды ұйыс­тырушы рөлге ие. Бұл – қазақтың ұлттық сипатын сақтап, дамытудың және еліміздің қазақы болмысын нығайтудың басты факторы. Тілдердің үштұғырлығын – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін дамыту – қоғамды топтас­тырудың, оның бәсекеге қабілеттілігі өсімінің кепілі. Қазақстанның барлық азаматтары үшін қандай да бір өзге­шеліктер мен шектеулерсіз тиімді әлеуметтік лифттерді қамтамасыз ету қажет. Біздің басты мақсатымыз – қазақ­стан­дықтар жаңа жал­пыұлттық құнды­лықтарды – құқық­тың үстем­дігін, мем­лекеттік дәстүр­лерді, қазақ­стандық құн­­ды­лықтарды – өзде­рінің этностық мінез-құлық мо­­дель­дерінен жоғары қоюлары керек. Бар­лық қазақстандықтар үшін қазақ­стан­дықтың бойында азиялықтың да, еу­ро­па­лық­тың да озық сапаларын шынайы сүзгі­ден өт­кі­зетін еуразиялық идеясы бірік­тіруші болып табылады. Орта тап қа­зақ­стандық ұлт­тың негізі, кәсіби мемлекеттік аппарат қа­лып­тас­ты­рудың қайнар көзі ре­тінде қарас­тырылуы тиіс. Бұл – заң үстем­дігіне барынша мүдделі және мемлекеттің халық пен елдегі тұрақ­тылыққа есептілігінің қозғаушы күші. Сон­дық­тан нақ кең көлемді орта тап ұлттық біртектілікті қалып­­тастырудың өзегі болып табылады. Мем­лекеттің аса маңызды құжатында ресім­делген Мәңгілік Ел идеясы жалпы­азаматтық құнды­лықтар жүйесі ретінде көрінуі тиіс. Мектептерде бүкілқазақстандық «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын оқыту бағдарламасына енгізу қажет. Біздің елімізде 17 конфессияның өкілдері бейбітшілік пен келісімде тату-тәтті тұрып жатыр. Олардың ішіндегі аса ірілері – ислам, православие және протестанттық. Қазақстан аума­ғында тарихи қалыптасқан Ханафит исламы ұстамдылығымен және төзімділігімен, ислам құндылықтарын парасатты түсін­діруімен ерек­ше­ленеді. Қазақстандағы тегі славян тұрғын­дарының көп бөлігіне тән православие басты мәселе ретінде адамның ар-ұяты мен адамгер­шілік таңдауын, ізгілік пен аяушылықты қояды. Соңғы жылдары Қазақ­станда протес­танттық шіркеуге барушылар қатары өскені байқалады. Протес­танттық табысты және өнімді еңбекті, ұқып­тылық құндылықтары мен қайырымды істерді адам өмірінің өзегі ретінде қарас­тырады. Осылайша, әр діннің өз қасиеті бар. Олар қашанда қазақстан­дықтарды біріктіріп, бейбіт­шілік пен келісім, қоғам мен экономиканы дамыту, мемлекетті нығайту ісіне қызмет етуі тиіс. Бесінші – Транспарентті және есеп беруші мемлекет. Қазақстан қоғамы өзгерістерге кезең-кезеңмен бейім­деліп келеді. Бұл – бізге ішкі қарама-қайшы­лықтардың ушығуға ұрынбай, саяси тұрақ­ты­лықты нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды фактор. Көптеген елдердің тәжі­рибесі «әуелі – күшті мемлекет және экономика, содан кейін саясат» қағидатын бұзу апаттарға алып келіп, қоғамды «сындыратынын» көрсетіп отыр. Біреулерінде саяси режім­дерді бұзу орын алып, басқаларында экономика қирап, жанжалдар және тіпті, азамат соғыстары пайда болады. Біз мұны түрлі елдердің тарихтарынан жақсы білеміз және бүгін көптеген мемлекеттерден көзбе-көз көріп отырмыз. Әлемнің түрлі өңір­леріндегі соңғы азамат соғыстары мен қанды жанжалдар тізбегі ойластырылмаған және жеделдетілген демократияландыру мем­ле­кеттің тұрақтылығына кепілдік бер­мей­тінін және табысты экономикалық жаң­ғыртуды қам­тамасыз етпейтінін көрсе­тіп берді. Саяси мә­дениетсіз сайлаудың салдарын көптеген елдер­дің қазіргі ахуалынан бағамдауға болады. Соң­ғы жылдары кейбір елдердің азаматтары еңбек етуді ұмытты. Наразылық шерулері сәнге айналды. Адамдары митингке шығуға күн­делікті жұмысқа барғандай асығатын болды. Сол үшін оларға арандатушылар жалақы төлейтін болды. Сайлау жұртты біріктіретін емес, бауырларды бөлетін, ағайынды араздастырып, өзара қару кезендіретін болды. Кө­шедегі қара­байыр саясатшылдық пен тек сайлаудан сайлауға дейін өмір сүру ақылды елдің жолы емес. Елге қызмет ету үшін емес, мансап үшін билікке ұмтылу да абырой әпер­мейді. Осы орайда ұлы Абайдың қара сөз­дерін еске түсіремін. Ол үшінші қара сөзінде былай дейді: «Үш жылға болыс сайланады. Әуелгі жылы «Сені біз сайламадық па» деп елдің бұл­данғанымен күн өтеді. Екінші жылы кандидатпен аңдысып күн өтеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап қалып, тағы болыс болып қалуға болар ма екен деп күн өтеді. Енді несі қалды?». Сайлау – әншейін сайлау өткізу үшін емес, елді бірлікке шақырып, жұртты еңбекке ұйыту үшін болса, ғанибет. Сондықтан жоғарыда айтылып кеткен төрт мақсатты орындап, содан кейін саяси мәселелерге көшкен жөн. Бұл жолды дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Бес инс­титуттық реформалар – ел дәл осындай ізді­лікпен өтуі тиіс бес қадам. Тек осындай жағ­дайда ғана біздің реформаларымыз тиімді болады, ал қоғам мен мемлекет біртұтас және тұрақты болады. Нақ осындай жолдан барлық табысты мемлекеттер өткен. Біріншіден, мем­лекеттік органдар басшыларының есептілігі тәжірибесін кеңейткен жөн. Екіншіден, шешім қабылдау үдерісінің мөлдірлігін қамтамасыз ету керек. «Ашық үкімет» тетігі арқылы азаматтар барлық деңгейдегі мемлекеттік орган­дардың шешім қабылдау үдерістеріне бел­сенді тартылуы тиіс. Бұл үшін жасау және қабылдау алда тұрған көпшілік ақпа­раттарға қолжетімділік туралы жаңа заң осыған негіз болады. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту маңызды. Үшін­шіден, азаматтық бюджеттендіруді енгізген жөн. Әңгіме азаматтық қоғам өкілдерінің өңір­лердегі бюджет қаржысын бөлуге қатысуы туралы болып отыр. Төртіншіден, шағым жасау жүйесін нығайту маңызды. Заңнамада азамат­тардың мемлекеттік қыз­мет­шілердің іс-қимы­лына шағым жасауына мүмкіндіктер ке­ңей­тілген болуы керек. Бесіншіден, қоғамда өзін өзі реттеуді кеңінен енгізуді қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік органдар жауапкершілігі аймағын әлеуметтік маңызды мемлекеттік қыз­мет көрсетулер, олардың дайындығына орай азаматтық қоғам институттарына байланысты өкілет­тіктерді бере отырып, кезең-кезеңмен қыс­қарту керек. Осы бес бағыт бойынша оң нәти­же­лерге қол жеткізілуімен жергілікті ат­қарушы органдардың жаңа сайлау жүйесі туралы  мәселені шешуге болады. Билік өкілет­тік­терін біздің дәстүрлерімізді есепке ала отырып Президенттен Парламентке және Үкіметке қайта бөлуді көздейтін конституциялық реформа кезең-кезеңімен жүргізілетін болуы тиіс. Осы бес реформа жинала келіп, Қазақстан мемлекет­тілігін нығайту мен әлемдегі дамыған 30 елдің қа­тарына ену үшін жағдайлар жасайды. Бұл – «2050-Стратегиясын» орындауға бас­тар жол. Бес институттық реформаның әрқай­сысы – ел үшін орасан зор сын-қатер және үлкен жұмыс. Мұндай реформалар тек билік пен халықтың мықты ерік-жігерімен ғана қамта­масыз етіле алады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырға­нындай, күшті мемлекет, дамыған және либералды қоғам қалыптасуы үшін елдің алға қарай 40-50 жыл бойы тұрақты қозғалысы қажет. Ұсынылып отыр­ған шаралар қоғамдық қаты­настар жүйесін түбегейлі өзгертеді. Оларды жүргізу үшін мен Президент жанынан Жаңғырту жөнін­дегі ұлттық комиссия құруды ұсына­мын. Ол бүкіл реформалар кешенін жүзеге асыруды үйлестіретін болады. Осылайша, біздің алдағы жылдардағы ең өзекті мақсатымыз – осы бес халықтық реформаны іске қосып, кезең-кезеңі­мен жүзеге асыру. 
Қымбатты қазақ­стан­дықтар! 
Бірнеше күн ішін­де мен еліміздің азаматтарынан, еңбек ұжымда­рынан, білім беру мекеме­лерінен, қоғамдық бірлестіктерден кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді қолдау және менің кандидатурамды осы сайлауға ұсыну туралы өтініш білдірген орасан көп хаттар мен үндеулер алдым. Менің Қазақстан мен қазақстан­дық­тардың игілігі жолындағы еңбегіме жоғары баға берген баршаңызға зор рахмет! Өз халқың­ның осындай сеніміне ие болудан артық марапат жоқ. Бүгін съезд мінберінен менің атыма жылы сөздер айтқан баршаға шын көңілден ризамын. Мен алдағы сайлауға «Нұр Отан» партиясынан прези­дент­тікке кандидат ретінде түсуге өзімнің келісімімді беретінім туралы мәлімдеймін. Мен сіздерді, менің серіктестерім – нұротан­дық­­тарды, барлық қазақстандық­тарды тағы да топтасып, жеңіске жетуге шақырамын! Біздің ортақ рухани күшіміз бен жоғары мақсатымыз: Мәң­гілік Ел! Ол біздің ХХІ ға­сыр­дағы дамуымызды прогресс қуатымен толтыратын болады. 
Қым­батты отандастар! 
Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қай­рат керек болса, оны баянды ету үшін одан да зор қажыр-қайрат керек. Кейінгі ұрпаққа кемел Қазақстанды табыстау – бәрімізге ортақ па­рыз. Біз әлемдегі ең мықты 50 елдің сапына еркін қосылып, енді ең қуатты 30 елмен иық ті­рестіру жолына түстік. Біздің ашық аспан астында ештеңеге теңгермейтін бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан! Бізге ХХI ғасырда бағдар болатын бір ғана стратегия бар, ол – «Қазақстан-2050»! Баршамызды ерен істерге жетелейтін бір ғана ұлы мақсат бар, ол – Мәңгілік Ел! Осы жолда күллі халқымызды біріктіруге, мақсаты­мызды орындауға жұмыл­дыратын «Нұр Отан» партиясы! Қасиетті Отанымызды нұрландыра түсу үшін бір тудың түбіне жиналып, жарқын болашаққа бірге қадам ба­сайық! Біз қашанда біргеміз! Алға, Нұр Отан! Алға, Қазақстан!

8 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Қазақстан халқы Ассамблеясының «Нұр Отан» партиясы XVI съезінің Н. Ә. Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат етіп ұсыну жөніндегі шешімін қолдау туралы Үндеуі
Келесі мақала МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУІ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

AQIQAT №8

29 Тамыз, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы