• Ұлттану
  • 21 Мамыр, 2012

Ақпараттық қауіпсіздіктің даму ерекшеліктері

Ұлттық деңгейде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көптеген элементтерінің бірі ретінде мемлекеттің біртұтас ақпараттық жүйесін дамыту, яғни, әлеуметтік және экономикалық қызметтердің жаңа формаларының қалыптасуына әсер ететін ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды жасап, дамыту, ақпараттық технологиялардың жаһандануы кезіндегі ақпарат пен ақпараттық жүйелерді қорғау маңызды болып табылады. Біздің ұлттық мүддеміз – қазіргі жаһандану заманында жұтылып қалмай, керісінше экономикасы әлеуетті, мәдениеті мен салт-дәстүрі берік қалыптасқан, әлемнің жан-жақты дамыған 50 елінің қатарына кіру. Қазіргі жағдайда, әлемдік ақпараттық орталық құру жаһандық даму факторына айналды, ал, ақпараттың өзі мемлекеттің маңызды стратегиялық ресурсы болды. Бұл ұлттық қорғаныс негіздерін, геосаяси бәсекелестік сипаты мен мемлекеттің қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін де жаңартады. Өте үлкен және біркелкі қоныстанған иелікті, шашыраңқы орналасқан өндіріс пен көліктік инфоқұрылымы даму үстіндегі Қазақстан үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) дамыту ерекше маңызға ие. АКТ-ның дамуынсыз және оның экономика, саясат, қоғам­дық саладағы өзгерістерін есептеусіз тиімді ішкі трансформацияда қарқынды өзгеретін сыртқы жағ­дайларға бейімделуі де еш мүмкін емес Ақ­парат феноменін сараптай келе, латынның «іhdormatіo» сөзінен шыққан «информация» сөзінің этимологиясына назар аудару қажет. Бұл сөз танысу, түсіну дегенді білдіреді. Бұл категория философияда көне заманнан бері ескерілсе, қазіргі кезде барлық ғылымдарда да қолданылады. «Информация» феномені биліктің, саяси басқарудың, саяси жүйелерді реттеу механизмінің мәнін тереңірек ашатын саяси ғылымның да негізгі түсініктерінің бірі болып табылады. Ақпарат феноменін оқып білу ұзақ уақыттан бері жалғасып келеді. Ақпарат түсінігін зерттеудегі маңызды кезең оны ақпарат және гибернетика тұрғысынан қарастыру кезінде туды. Жеке алғанда, Н.Финер ақпарат санын таңдау және кері интрологиямен салыстырды, «ақпарат» түсінігін заттар немесе энергия сыны сияқты табиғатты іргелі сипаттау қатарына қосты. Осылайша ақпарат түсінігі таңдау түсінігімен және белгісіз ахуалды анықтаумен тығыз байланыста болды. Ақпарат пен басқарудың жаңа теориялары дамуына байланысты, жаңашыл «информация» терминінің өзара байланыспаған трактовкалары шықты. Соған қарамастан, олардың барлы­ғы ортақ элементтерге ие; мысалы, ақпа­рат күрделілік, жинақылық, ұйымдық, құры­лымдық, әралуандық қасиеттермен байла­нысқан. Ақпарат саны түсінігінің ерекше форма­лары – типологиялық, динамикалық, ком­бинаторлық, алгоритмдік болуы және ақпарат теорияларын белсенді қолдану мынаны дәлелдеді: ақпаратты талқылаудағы белгісіздік түсінігінің айырмашылық түсінігіне қарағанда, маңызы аздау. У.Эшбидің «Введение в кибернетику» атты еңбегінде байланыстар процесі әралуандықтың берілуі түрінде жіктелді, ал, басқару процесі әралуандықты шектеу түрінде жіктелетінін айтқан ұстанымы қызығушылық тудырады. Түсінікті бұлай тұжырымдау бұрын белгіленген ақпарат дефиницияларына сәйкес келді. Бұл тұжырым әралуандыққа, ерекшелікке негізделген. Бірақ, ақпарат пен әралуандықты ажырата білу қажет. А. Урсул әралуандылық айырмашылығы оның бейнеден бөлінбейтіндігінде деп көрсеткен. Бұн­дай ақпараттық көрсеткішті белгілі бір объектісі бар объект деп түсіну бейне түсінігімен тығыз байланыстығын дәлелдейді. Осылайша, кең мағынадағы ақпарат – шындықтың бірнеше түрлілігі көрінісінің нәтижесі. Бұл тұста В.Г. Афасев: «Ақпарат – көрініс нәтижесі немесе білім ғана емес, ол хабарлама, мәлімет, яғни, тұтынушысы бар білім. Тек тұтынушымен бірлесе жұмыс істеу арқылы ғана, білім, хабарлама мәлімет сипатына енеді, яғни, ақпарат пайда болады. Бұл – жүйе арқылы жиналып, сақталып, өңделіп, беріліп және пайдаланылатын білім түрі. Және де, кез-келген емес, өзін-өзі басқаратын жүйе қолданылады. Білім сондағы реттеу, басқару негізі ретінде жұмсалатын ақпарат сапасына айналады. Ақпарат тек басқару бар жерде ғана жүзеге асады» деп тұжырымдайды. Әрине, ақпарат басқарумен тығыз байланысты. Осы көзқарасты негізге алып, ақпаратты жағдайдың белгісіздігін азайтатын қоғамдық іскерлік әралуандығының көрінісі ретінде анықтауға болады. Британдық зерттеуші Т.Стаунер табиғаттағы ақпараттық процестерді түсінудегі ақпаратты анықтайтын қасиеттерді бөліп көрсетті. «Құралдар мен машиналар еңбекпен жасалған болса да, мәні бойынша заттанған ақпарат және ақпаратты капитал сияқты жинауға немесе болашақта пайдалану үшін сақтауға болады... Постиндустриалды қоғамда ұлттық ақпараттық ресурстар оның негізгі экономикалық бағалылығын көрсеткен және ең үлкен, қуатты байлық көзі саналған... Материалдық құндылықтар алмасуы бәсекеге, ал, ақпараттық алмасу бірлесіп әрекет жасауға алып келеді. Сонымен, ақпарат өкінбей-ақ бөлісуге болатын ресурс. Ақпаратты қолданудың басқа арнайы белгісі ақпаратты пайдалануда қарама-қарсы нәтиже береді, яғни, ол адам білімін арттырып, қоршаған ортадағы жинақылықты көтеріп, энтропияны азайтады». «Ақпарат» түсінігі пайда болуымен «ақпараттық кеңістік», «кибернетикалық кеңістік», «ионосфра» түсініктерін анықтау қажеттілігі туды. Кеңейтілген қоғамдық-саяси тұжырымға сәйкес, «ақпараттық кеңістік» («кибернетикалық кеңістік», «ионосфра») – бұлар бүгінгі таңдағы басты рөлді атқаратын ақпараттық коммуникациялар деп атасақ болады. Осы орайда, қысқаша түрде ақпа­раттық жағдайдың белгісіздігін төмендететін қоғамдық-саяси әралуандық көріністі анықтауды ұсынуға болады. Бұл анықтама өзіне ақпараттың неғұрлым ортақ және басты белгілерін жинақтаған. Жаһандану процесінің дамуы елдегі экономикалық факторлармен қатар, ақпараттану процесіне, әлемдік ақпараттық кеңістікке ену жағдайларына тікелей қатысты екені мәлім. Ұлттық рухты, ұлттық патриотизмді қалыптастыруда, дәріптеуде ақпараттық кеңістігіміздің, оған қатысушы субьектілер – мемлекеттік құрылымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың рөлі де ерекше болмақ. Сондықтан, Республика Президенті Көлік және коммуникация министрлігіне ақпа­раттық қауіпсіздікті күшейту, оның ішінде, отандық ақпараттық ресурстарды дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды, бірінші кезекте сандық және спутниктік технологияларды енгізу, мәдениет, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды, тілдерді және мемлекеттік тілде шығатын бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлуді тапсырды. Б. Анапияева, Абай Атындағы ҚазҰПУ-дің магистратура және PhD докторантура институтының саясаттану мамандығының магистранты

383 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз