• Ұлттану
  • 20 Тамыз, 2015

Тіршілік тылсымдары... немесе «Мәңгілік қазақ календарының» сыры

Совет-Хан   ҒАББАСОВ,
жазушы, медицина және 
педагогика ғылымдарының  
докторы

Адамзат тарихы бүгінге дейін жүйе­леніп те... реттелмеген күйі, нақтыланбай отыр. Тіршіліктегі бар екі түрлі – РУХАНИ және ТАБИҒИ – делінетін ғылым салалары да, жетілуі мен даму жолдарында анықтық аз. Әсіресе – рухани ғылымның  бұрмалаулары аса көп. Өйткені, ЕВРОПАЦЕНТРИЗМ – әлемге өз өктемдігін жүргізу үшін, рухани ғылымның көптеген салаларына қиянат жасады. Мәселен, адамзат тарихы мен тәрбие-тағылымдарына тигізген қастандықтары әліде жалғасуда. Осындай бұрмалаудың бодандығында қалған – көптеген халықтар әлі күнге дейін, ұлттық тарихы мен тәлім-тәрбиесінің (педагогика мен психология) методология – жүйе негіздерін – жасай алмай отыр.

Бүгінгі білім саласындағы пайдаланып жүрген, педагогика мен психологияның – методолгиясы мен жүйесі және негіздері – жоқ, немесе жалған болғандықтан, ұрпақ тәрбиесіндегі қателіктер көбейіп барады.  Елден ерек осы қасіретке белшесінен батқан Қазақ халқы – тегі (гені) – тарихы – тілі – дәстүрі – діні –жайындағы ақи­қаттарын анықтап ала алмай отыр.Әйтседе, тәуелсіздікпен келген соңғы жыл­дардағы... нақты ғылыми ізденістер, біраз деректердің бетін ашып жатыр... Бірін­ші, кеше ғана «Ақиқат» (2015, №4) журналында жарияланған мақаласында, профессор Уалихан Әбдібеков: « Соңғы 5-6 жылда әлемдегі тарихты адамның геномы... немесе генетикалық  әдісі бойынша зерттеуге кірісті... Зерттей келе, сол (Африкадан-Қазақстанға) қоныс аудар­­ғандардың – генотипі – біздің қазақ ата-бабаларымыздың – генімен – сәйкес келетіндігі анықталған. Екінші бір тәуелсіз дерек бойынша, С3-М217  гені осыдан 48-мың жыл бұрын... қазіргі Қазақстан аумағында пайда болған. Бұл – ген – қазақ халқының 40-пайыздан астамын құрайтыны белгілі. Халқымыздың басым бөлігінде... әмісе ұлы тайпаларымыздың барлығында бар, – деп түйіндейді. Екінші, соңғы «Қазақия» (22.04.2015) газетінде Қ. Жүсіптің – Будда қазақ па ?! – атты зерттеу мақаласында белгілі археолог Арман Умарходжиев – Непалға экспедиция ұйымдастырып – Будданың арғы тегі – сақ – екендігін ғылыми дәлелдеп, оның бүгінгі ұрпақтары шакьилерге генетикалық тес­тілеу жүргізген. Шакьилердің (сакьи) тілі мен әдет-ғұрпы және ою-өрнектері ежелгі сақтармен ұқсастығы айтылады. Үшінші, қазіргі қазақ тілінің... АЛЛА-ның үніне жақындығы, оның алғаш жаратқан тіршілік иесін – Адам – деп атауында болса, ал Адам-ата мен Хау-ананы жұмақтан шығарған жемісті – Алма – деуінен де, Қазақ халқының жер бетіндегі аса көне жұрт екені байқалады. Себебі, мынау – «Адам» және «Алма» – деген екі атау да, қазақтан басқа тілдерде айтылмайды. Төртінші, Европадағы – англосаксон – пурссак – норбег – ирлант елдерінде айтыла бастаған, арғы тектерін сақтарға тіреуінде де ерекше мәні мен мағынасы болса керек...     Осынау күрделі деректерді келтіріп отырған басты себебіміз, біраз жылдардан бері тылсыммен тілдесуші – Сайлыбай Бекболатовтың – «Мәңгі қазақ календарын» тыңдау үшін... былтыр 2014 жылы Англияға арнайы шақырып, 20-елдің ғалымдары бірауыздан мойындағандарының белгісі ретінде «сертипикат» табыстаса, ал өзіміздің республикада № 24785  «патентін» беріп мойындады. Ең ғажабы кеше ғана 28.04.2015 жылы, Кембриж университетінің «Ха­лық­аралық өмірбаян орталығы» жіберген – «мәңгі календарь» деп жазылған хрусталь белгіні ұстап қуанышқа кенелдік.
Ғалым Сайлыбай Бекболатовтың «Мәң­­гі қазақ календары» аталатын ең­бегі көп адамдарға түсінуге қиын бол­ғанымен, акмологиялық, яғни жараты­лыстану ғылымдарының тоғысуынан пайда болғанын аңғару қыйын емес. Жал­пы, әр мемлекеттің календары әр түрлі болғандықтан, дүниежүзіне ортақ кален­дарь табу аса бір келелі мәселе екені рас. Осы мәселені шешу үшін, тіпті, 1923 жылы Женевада календарь реформасына орай «халықаралық комитет» құрылғаны да белгілі. Тіпті, БҰҰ-ның қоржынына 400-ден астам... әртүр  жобалар да түскені  тарихи шындық. Бірақ күні бүгінге дейін ешбір жоба қабылданған жоқ. Ал «мәңгі қазақ күнтізбесінің» басты мақсаты – тыныштық  пен дем­алудың арақашықтығын анықтаумен қо­са, тіршіліктің соңғы күнін белгілеуге де жәрдемдесу болып табылады. Сайлыбай Бекболатов бұл жаңалығын 2009 жылы ең әуелі, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым минстірлігіне ұсынады. Минстрліктен келген жауап: « Сіздің ұсынған «Мәңгі қазақ календары» жобасы... жаратылыстану ілімдерінен басқа,  діни мәтіндері «Библия», «Құран», «мифологиялық сюжеттермен қоса, сон­дай-ақ Қазақстан тарихы мен Халық фальклорының деректеріне сүйеніп жа­салған. Әрине бұл жұмыс қызығушылық танытады, алайда, қоғамдағы тұрақталған жүйені бұзатындықтан, «күнтізбені» практикада қолдану мүмкін емес. Сондықтан, бұл жұмысты ғылыми-танымдық кітап ретінде, әуесқой аудитория үшін ұсы­нуыңызға болады, – деген төрағаның орынбасары Д. Мырзақожаның жауабы келеді. Міне, біздегі ғылыми танымның көрінісі осындай.
Әйтседе, тіршілік пен уақыт тоқ­тамақ емес. Бұл «Мәңгі қазақ календарын» айтқанда – сан-сала ғылымдардың сөзболатыны ұзақ әңгіме ?! Суреттерімен басылған үлкен кітап екенін айта отырып, республикада түсіністік болмағанымен, міне бүгін Кембриджден келген «хурус­тальді кубоктің»  бетіне жазылған – «Pro­fessor Sailybay Bekvolatov  For services to Unified, Constant Calendar»  – мойындаудың белгісін, ел-жұртымызға жария етуді жөн көрдік. Мұны Қазақ халқының адамзат мәдениетіне қосқан, аса зор жаңалығы ретінде қабылдау азаматтық парызымыз. Біткен іске ақ жол болсын...

 

348 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз