• Ұлттану
  • 21 Мамыр, 2012

Құран туралы ақиқат

1. Құран сөзі қандай мағына береді? Оқу дегенді білдіреді. 2. Құранның алғаш түскен жері? Меккедегі Хира үңгірі. 3. Құранның алғаш түскен түні? Қадір түні. 4. Құран кімнің сөзі? Аллаһтың сөзі. 5. Құранды әкелген періште? Жәбірейіл (ғ.с) періштесі. 6. Құранды алғаш оқыған адам? Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у) 7. Құранды қорғайтын кім? Аллаһ. 8. Құранда Құранның өзін басқаша қандай атаулармен атаған? Әл-Фурқаан, Әл-Китаб, Әл-Зикр,Әл-Нұр, Әл-Худа. 9. Құранның Меккеде түскен сүрелердің саны нешеу? 86. 10. Мединеде түскен сүрелердің саны нешеу? 28. 11. Құран неше жүзден (бөлімнен) тұрады? 30. 12. Құранда қанша сүре бар? 114. 13. Құран қанша рүкуден (параграфтан) тұрады? 540. 14. Құранда қанша аят бар? 6666. 15. Құранда Аллаһ сөзі қанша рет қайталанған? 2698. 16. Құрандағы аяттар қанша түрге бөлінеді? 10. 17. Құранның ең алғашқы хафызы (жатқа білетін адам) кім? A) Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у) 18. Пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у) дүниеден озған кезде қанша хафыз болған? 22. 19. Құранда Намаз туралы қанша рет айтылған? 700 рет. 20. Құранда пайғамбарымыз Мұхаммад (с.а.у) Ахмед деген атпен аталған ба? Иә, Сафф сүресі, 6-аятта. 21. Пайғамбарымыздың аты Құранда қанша рет жазылған? Мұхаммад есімі (с.а.у) – 4 рет, Ахмед(с.а.у) – 1 рет жазылған.

944 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз