• Еркін ой мінбері
  • 01 Ақпан, 2016

Кім кінәлі де, күнәлі?

ИгенИгілік ӘЙМЕН,
жазушы

«Осы... жайыма-ақ, тыныш-ақ жү­рейін­ші», – дейсің ғой. «Әбден күйдің! – өр­теніп, жанып, күлің төгілердей боп та жүрсің! – енді нең қалып та еді?!.» Е-е-е, «деу» бар да, оның орындалуы бар емес пе. Жоқ, олай істей алмас екенсің; о баста қалай жаратылып едің – солай боп қала берер екенсің.


«Неге – неліктен бұлайша зар құсып отырсың?..»
Ия, баспа-басылымдардың көп бол­ғаны жақсы, – ғанибет. Жан-дү­ни­еңе азық, рухани сусын. Адамзатты тәрбиелейтін – дүниені түзейтін де түгелдейтін – әдебиет және күнделікті әрқалай ақпарат құралдары. Ал, қазіргі баспа-басылымдар (қазақы да жартылай қазақпай) осы міндеттерін-парыздарын дұрыс өтей алып жүр ме екен?..
«Аманат» халықаралық әдеби жорналы жарық көргенде бір қуандық; Роллан Сейсенбаев мырзаға мың рахметімізді жаудырдық. Жалпы, жорналдың ұстанған бағыт-бағдары – жақсы да дұрыс еді. Безендірілуінің (дизайн) өзі – өзіндік – ұнамды да тартымды. Сонымен...
Әрнәрсеге бір себеп; бүгінгі қиямети әңгімемізді «Аманаттан» бастауымыздың бір себебі: жорналдың 2013 жылғы № 1 нөмірі ойда-жоқта қолымызға қайта түсе қалғаны. Діңкәлап, тар бөлмеде қамалып, аспандағы аймен араздасып та жатқан келеңсіз кезіміз еді – «оу, көл-көсір дүниелер баршылық екен ғой, қой, мұны түгелінен оқып-тоқып шығалық» деп шештік. Сөйтіп, жорналды әрлі-берлі аударыстырып алып, мазмұнына шұқшия қарап шығып, ең әуелімнен, «аттары алыс-алыстардан андағайлап тұрған үш затқа тоқталып алайық» дедік.
Әнуар Әлімжанов – «Трон Рудаки». Юрий Мамлеев – «Толстой и Бог». Евгений Березин – «Одинадцать имен святого Яссави». Хо-о-ош, сонымен... 
Бұлар, негізінен – танымдық дүниелер екен. Олай болса, «ғылыми» деуге де келеді. Алдын-ала айтып алсақ: бұлардың алдыңғы екеуі – концепциясы немесе түбірлі-түйіндері мүлдем де келіспеген дүниелер екен; ал, үшіншісі – бір сөзбен жеткізгенде – нағыз шедевр!..
«Трон Рудаки» – танымдық эссе. Рудакиді – оның өлмес дүниелерін көпшілік бәріміз де білеміз. Өзі де – өлең-жырлары да аңызға айналып кеткен. Жазушы Ә. Әлімжанов марқұм осынау шығармасында сол аңызды – тіптен де «аңқытып-ақ» жіберген екен! Онысына қарсы да емеспіз-ау, бірақ, «бір нәрсе?..» Бір нәрсеміз – әлгі айтқан концепция. Осынау көлемі шағын болса да «эпикалық» деуге тұрарлық шығармадағы жазушы концепциясы: «арабтар келді де – зороастризм дініндегі тәжік-парсы һәм тұран-түрік халықтарының бар байлықтары тоналынып, мәдениеттері жойылды...»
Енді, жазушының түйінді өз сөзін (вердиктін) келтірелік: «Он (Рудаки) стоял у разрушенных стен дворца великого города – последнего убежища зороастризма – религий предков... Здесь насмерть столкнулись две религий и погибли гениальные творения художников – сынов тюрков и согдийцев. Наместники арабского халифа почти двести лет подряд лукаво одаривали подарками правителей этого города – чтобы они открыли ворота... Потом арабы разрушили город, сожгли библиотеку, растащили золото. И теперь лишь шумит ветер да змеи ползают среди величественных обломков каменных дворцов...»  
Ал, шығарманың бастау тұсындағы жазушының мына сөздері тіптен де «албас­ты» басқандық: «И жить бы городу магов много тысячелетий, если бы... Если бы тростниковые  стрелы согдианцев, столь страшные для полчищ Кира, Дара и Искандера, не оказались столь бессильными против пришельцев из страны мертвого моря. Не числом своим, не смелостью и бесстрашием победили пришельцы. Вместе с ними пришел ислам. Непонятная, странная, жестокая религия, отрицавшая веру в силу огня. Именем неведемого аллаха она карала тех, кто мог воссоздавать человеческий облик в красках и одухотворять его. Только строки из корана, только узоры, только небесной синью – символом человеческого горя и счастья можно было украшать дворцы и города. Менялись религия и вера...»
Байқадыңыздар ғой – «семсердің қайда-қайда сермелгенін!?.»
...Егер де, жазушы осынау ойсыз да орашолақ сөздерін алып тастағанда – «онсыз да жамалып-жапсырылып, қыстырылып тұрған сөздер ғой» – әңгіме өз басындық, жап-жақсы-ақ боп шығар еді. Әттең-ай, амал қанша... Оу, «религий предкові» (біз де отқа табынғанбыз ғой кезінде) не, «наместники арабского халифы» не, «шумит ветер да пол­зают змеийі» не, «сынов тюрков и согдийцев» (братьев?) не??? Шынтуайтында, «араб» деп – Мұхаммед пайғамбар – үм­беттері мегзеліп тұрмапты ма? Құдайдың соңғы пайғамбары... Құдайдың өзі де қосақталып кетпеді ме?..
Бір сөзімізде айтқан едік қой – қайталасақ: «Шығарма Құдай жолымен тексерілгенде ғана барып шынайы шығады» деп... Жазушының – концепциясының түп қателігі неде? Сонда: «Жазушы – атеист болған; ары кетсе – отқа табынушылықта қалған; бар ғұмыры – «Құдайсыз» қып-қызыл советтің кезінде өтіп, соның өкілеттілігінде жүрген...» Мұндай шектен шыққан имансыздық сөздерді төл басылымында жариялап отырған редактор «кімді – неге» үйретпекші болған?.. (Тағы бір түсініксіздігі: «Мың бір түннен» де бұрын пайда болған «Кәлилә мен Димнә» осы шығармада – Рудакиге телініп кетіпті. Мұны да редактор мырза қалайша байқамаған?..) 
Юрий Мамлеев. «Толстой и Бог». Мәссаған! Мына, атының өзі – адам шошырлық көрінер емес пе!?. (Басқа бір ат қойып – сырғытып-сусытса да болар ма еді?..)
Юрамыз, арыстан шалдан – ИДОЛ жасап алған (Арыстан шал сұранбаған болса да). Жоқ, «идолыңыз» жолда қалар, Құдайдың шапанын кигізіп жіберген... Содан кейінгі ерекше бір ескертіп өтеріміз: Юра – Индиядан шыққан «веда» ілімінің, оның көсемі Махаршидің құлына айналып кеткен де біткен. Веданың керек жерін алып, керек емесін қажет етпеуді тіптен де ойламаған. Ойлай алмас та еді – бүкіл «эпикалық жырының» тұла бойында Толстой мен Веданы егіздің сыңарындай етіп, бір бүтін қылған...
Қараңыз: «Толстой пишет: «Бог есть в самом себе... то духовное начало, которое я сознаю своим и которое я признаю во всем живом». Здесь ключевое слово – «своим». Толстой преодолевает дуализм между душой и Богом. И именно это характерно для адвайты-веданты (Махарши). Дальше пишет: «Моя душа не есть что-то божественное, а есть сам БОГ». Толстой совершенно точно пишет о том, что в этом состояний – в этом вечном «Я» не может быть ни зла, ни смерти. И тогда с полным правом можно сказать: «Смерть, где твое жало? Ад, где твоя победа?!»
Көрдіңіздер ме, қалай-қалай сілтейді-ә, сабазың!? Толстой бейбақтан Құдай жасағаны былай, енді, соңындағы сойқани сөздерімен – өзі де бір құдайшаға айналып келе жатқандай ма?..
Толстой  айтса,  қандай оймен – мағына­мен, контекстпен айтты екен?.. Жүз жылдар өт­кенде дүниеге келер Юрокқа аманаттамаған болар – «айналайын, жарқыным, мені Құ­дайға айналдыршы!» деп... 
Юраның өз сөзі әрі вердикті: «Познайте, что в действительности вы есть бесконечное чистое Бытие, абсолютное Я». «Узнайте, кто вы есть, и оставайтесь самим собой, Атманом, свободным  от рождения, смерти и возвращения».
Біз өз сөзімізбен түсінік берсек: «Мы­на, уақытша жалғанның өзінде, Сіз «шек­сізсіз», «абсолют Менсіз», «Атмансыз» (Веда), туғаннан еркінсіз, өлім де жоқ, анау жаққа қайту да жоқ. Себебі, Сіз – ҚҰДАЙСЫЗ ғой!..» 
Юроктың мына төмендегі «ұлыәуи-ұлағатты» сөздерін комментарийсіз-ақ ұсы­налық: 
«Наконец, христианство как религия распространяет свое спасительное воздействие на широкие человеческие массы...»
«Чехов сказал: «Вот умрет Толстой – и все пойдет к черту». Так оно и получилось...»
«Предложил же Николай 2 европейским державам заключить договор о веч­ном мире и ненападений. (???) Если бы такой договор был заключен – удалось бы избежать и первой и второй мировой войны... (???) Толстой был максималист, но не разрушитель. Его критика государства была основано не на революционных идеях, а на идеях такого преображения человечества, при котором государство станет ненужным...» (?..)
Айрықша  ескертіп  өтеріміз: осы екі автор да мына шығармаларында Құдайды, бас­қаны айтқандарымен, бір де бір мәрте О дүние, Жұмақ, Тозақ, Сайтан, Періште жайында сөз қозғамайды (Ия, «Ад, где твоя по­беда?!» деген жерде ғана бір рет айтылады – кекесін, менсінбеушілік райда). Ойларына келгенін ортасынан ойып алады да, жөңки береді...
«Ия, марқұм Әлімжанов та,  Мамлеев те, Толстой да, редактор мырза Сейсенбаев та сөзсіз күнәһарларға айналған...»
Келесі кезегімізде, жоғарыда әңгімеле­гендей көңіл құлазытар, төбеңді тұман тұмшалатар, жайсыз жағдаяттардан кейін – жан жадыратар жарық дүниеге енелік.
Евгений Березиков. «Одинадцать имен святого Яссави».
Аса құнды таными да ғылыми еңбекті оқып отырып, алай да олай толқиды екенсің, ыстық сезімнен көзіңе жас үйірілгенін байқамай да қалар екенсің...
Жалпы, Евгенийді оқығанда байқарың да сезерің: «Жастайынан Шығысты, Исламды зерттеп өскен, Құранды қастер тұтқан, Суфизмнің құпиясын жете танып білген үлкен білімдар да ілімдар жан». Тыңдап көрелік:
«Как указывает святая книга мусульман Коран, у Аллаха тысяча и одно имя (біздердің кейбіри шолақилар «99» деп жүргеніндей емес), у пророка Мухаммеда – шестьсот, у святого Ахмада Яссави из Туркестана – одинадцать имен».
«Движение суфиев встретило яростное сопротивление со стороны официальных служителей ислама. Их особенно раздражало намерение суфиев слиться душевно с Богом, то есть стать его тождеством. Так, в 921 году был казнен суфийский шейх Хусейн Ибн Мансур».
 «Посвящая в таинство «зикира» своих учеников, шейх Юсуф Хамадани наставлял их: «В каждый произносимый текст Корана пророк  Мухаммед вкладывал особую значимость, которая и позволяла молящемуся духовно приближаться к Аллаху».
«Ахмад Яссави размышляет о том, каким должен быть боголюбивый человек, настоящий суфий и шейх: «Тот есть истинный шейх, кто, получив подаяние, отдает его достойным того и бедным. Если же полученное он употребляет для себя, то будет это подобно падали, пожираемой псами».
«Ахмад Яссави считал, что в груди человека существет пять куполообразных отделений – «гумбазов». Первое из них называется «калб», то есть душа, и помещается на два пальца ниже левого соска. Второе  именуется «рух», то есть дух, и находится на два пальца ниже правого соска. Третье помещается над первым и называется «сир», то есть тайна. Четвертое – над третьим и называется «хафи», то есть скрытое. Пятое – между четвертым и вторым и называется «ихфа», то есть сокровенное. Это указывает на то, что Ахмад Яссави весь духовный мир вместил в своей груди и «общался» с Высшим Духом природы – Аллахом».
Мавзолейді сүйіне де сүйсіне сипаттаған ұзақ әңгімесінен бір-екі ауыз:
«Мавзолей Ахмада Яссави можно сравнить разве что с двумя подобными гигантами – пирамидой Хеопса в Египте и мавзолеем Мумтаз Ханум (Тадж Махал) в Индий.
Казан был отлит неподалеку от города Туркестана в Карнак мастером Абд-Ал- Азизом ибн Шарафутдином из Тавриза. Сплав, который был использован при литье этого котла, включал в себя семь металлов: железо, цинк, свинец, олово, медь, серебро, золото. Весом – две тонны».
...Енді,  Евгенийдің  әңгімесінің соңын­дағы жүрек атқақтатар, жан-дүниеңді толқытар да тербетер, сонысымен қатар, нә­зік бір тылсым сезімдерге бөлер мына лұғатты сөздеріне қараңыздаршы:
«После благословенной молитьбы я про­шел в усыпальницу, где под саркофагом находится прах святого, приложил руку к надгробию и испытал огромной силы прилив чудотворной энергий. (!!!) Я уверен, что это же испытает каждый, кто с благородной целью посетит город Туркестан и прикоснется к гробнице святого Ахмада Яссави, известного в народе под именем Хазрата Султана (Әзіреті Сұлтан), что в переводе значит Султан всех святых! (!!!)
«Мың да бір шүкір! – бар рахмет те, рахым да Бір Алла тағаланың өзінен саған – Евгений Березиков!» дегеннен басқа сөзіміз жоқ... Редактор Ролланға да – бұл тұста басқа амалымыз жоқ – рахметімізді бағыштаймыз.
Жылжып та сырғып, «Аманат» жорна­лының осынау нөміріндегі басқа да дүниелерге келелік. Көркем проза қарын аштырды. Бір ғана Русаковтың бір жарым беттік элегиясы өз дәрежесінде. Ия, «Құрбандық» деген әңгіме аздап ұнағандай. Идеясы, концепциясы бар – солғын. Мүйіздері қарағайдай-қарағайдай шетел классиктері қайран қалдырды – «түк ұқсам бұйырмасын!..» Поэзияны – Шашубай мен Жансүгіровті есептемегенде – Саратовтық жап-жас қан­дас қызымыз Сағидаш Зұлқарнаева мен мар­құм Мұқатай Жылқыайдаров көтеріп тұр. «Жетісулықтардыкі» – ауылнай әләуләйлар. Эсседе – Рауль Мир-Хайдаров пен «Попов-Евтушенко» жақсы ұнады. Саяси темаға келсек – Елеусин Сагиндиков дегеннің «В рай – с «2050» деген мақаласы «трагикомедия!?.» Жағымпаздықтың да шегі болса керек-ті-ау... Адамның бетінде кішкене де болса қытық болуы тиіс қой?.. 
Аралас тілді «Аманат» жорналының – басылымының осынау нөміріне «қанша» деген баға қойсақ болар-ды-ау? Азды-көпті қояр да ма едік, бірақ, жоғарыдағы  марқұм Ә. Әлімжанов пен әнеу біреудің «қоңырсығынан» немесе «ашықтан-ашық арандатуынан» кейін – «баға» қоймақ түгілі – шоңқиып та шұнтиып отырып қалдық!.. «Оу, редактор мырза! Қарамайсыз ба, жан-жағыңызға – не істегенсіз?!. Сіз жау­ап бересіз ғой – халықтың алдында – Құ­дайдың  алдында! – өзіңіздің арыңыздың алдында?.. Жоқ, әлде, Сізге керегі осы да сол ма еді?!.» Қалай дегенде де, осы жорнал алдыңғы қатарлы басылымдардың бірі болып саналып келген. «Саналып келген» деуіміз – бүгіндері жорнал жабылып қалған...
Таза   қазақы   гәзіттер жайында  дәл қа­зір аузымызды ашқымыз келмейді-ақ. Қы­зы­ғынан-шыжығы көп... Ия, «Ана тілі», «Түркістан» басылымдары өз-өз дәрежелерінде. «Ана тілінің» 2015 жылғы 5-10 қарашадағы нөмірінде бас директор һәм төраға редактор  Жұмабек Кенжалиннің «Жансерік» деген мақаласы осы біз көтеріп отырған мәселені қозғапты. «Еліміз өткен ғасырдың сонау 90-шы жылдары Егемендік алған кездері соған ең бірінші болып алақайлап қуанған да, бүкіл әлемге жар салған да менің әріптестерім еді. Сол бір аумалы-төкпелі кезеңдерде мемлекетшілдік сананы орнықтыруға, Қазақ Елінің өткен тарихын таразылауға, еліміздегі халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығай­туға бірден-бір үлес қосқан да ұлт басылымдары болатын!» деп жақсы пікір айтады. Бұл тұстағы оның билік тарапынан қа­зақ  газеттеріне деген  көзқарастың сәл-пәл болса атүстілігін тілге тиек етуі де орынды. «Жас Алаш» гәзітінің 10 қараша 2015 жылғы нөмірін қарап шықтық. Ғаббас Қабышев пен Әмірхан Меңдекенің мақалалары өзекті де өткір!.. 
Ия, қарапайым оқырманға жұмыс жасаған да дұрыс, бірақ, баспа-басылымның міндеті де мақсаты – ТҰҒЫРЫ – «мейлінше жоғарыда!» болуы тиіс. Стратегиялық, глобальдық мақсаттарды көздеулері – МАКСИМАЛИСТ болулары шарт!.. Осыдан үш-төрт жыл бұрын «Төртінші билік» деген гәзіт дүниеге келді. Қарасақ – төбесіне: «Жаз­басаң – саған серт, баспасам – маған серт!» деп баттитып та быттитып қойыпты. Кім де болса қызығады ғой. Содан, әй-бір, сынайық кеп – «іштен шыққан шұбар жыландарымызды»!.. Е-е-е, кешігіп қалыппыз – ол сөз: Әншейін, «тойға немқұрай шақыра салғандай» ғана бірдеме екен ғой. Ия, ондай-ондай гәзіттер алғашқысында өткір де өзекті мәселелерді жариялайды екен, сосын, кішкене нықталып алған соң, «тендерге» қарай ойысады. 
Шымқалада кезінде «Қызық гәзіт», «Махаббат» деген-дегендей гәзіттер қара­пайымнан да қарапайым оқырмандарын кәмпит-пішинә бергендей алдаушы еді. Енді, «Жемқорлық-қорлық» деген гәзіт – Әссәнди деген әйдік әзбике (кезінде Көктәнди деген көкезу қыржықтан пәлеге қалып едік!) пайда болыпты. Қырып бара жатыр дейді... 
Бір  білгір айтушылардың сөзіне қара­ғанда – қазір Қазақияда: «77» жорнал, «777» гәзіт, «999» жазғыштар мүшесі, одан да көп жорналшылар бар дейді. Қаншалықты өтірік-шын – қажеті шамалы; қаншамасы қазақ тілді, қаншамасы басқа тілді – ол да маңызды емес; қазіргі бізге (баршамызға) қажеттісі де маңыздысы: КІМ – «баспа-басылымдар, редакторлар, жорналшылар» (әрине, бұл жерде, «қазақилар») – НЕ ойлап жүр? Немесе, КІМ – КІМДІ алдап жүр?.. «Адамнан жасырғанды – Құдайдан жасыра алмайсың». Адамнан да ұдайы  жасырып бағуың екіталай – ақыры бір артың ашылады. Сол үшін де айтылған: «Бұ дүниенікі – о дүниеге кетпес» деп. Істеген жақсылығың я жамандығың осы дүниеде-ақ белгілі боп қалады, ал, анау дүниеде түпкілікті мөрленіп хатталады...
Ия, «жақсы» бар; жақсылар жоғалғанда – сонда барып толық ақырзаман орнайды. Біздікі «жаманыңды айт, жақсыңды кім әкетер» ғой. Жақсының бірі – «Ақиқат» жорналы. Қай жағынан алып қарасаң да – таза Құдайшыл жолмен жүріп келе жатқан осы басылым... «Дін, Діл, Тіл, Ұлт» – міне, жорналдың сөлі де нәрі, бары да бәрі ОСЫ! Бұдан артық не болуы мүмкін? Не керек?!. Ең бастысы, мұндағы дүниелер (жүз пайыз) – таза да текті – жүректен шыққан. «Қалайша?..» дерсіздер. Журнал бір тынбастан, бас алмастан, жер-жерден «авторларын» іздестіріп отырады, – бір жерде бес жасар баланың үні жарқ ете қалса, соны табанда іздеп тауып, сөйлесіп, жүрек лүпілін де алаңын халыққа жеткізгенше асығады. Қазір, көпшілік халық «Ақиқат» жорналына басы-бүтін ауған...
Шымкентте «Әділет» гәзіті – Захардин Қыстаубаев мырза жақсы жұмыс жасауда. Тәуекел, Қасым хандардың бас сардары – Алатау батырдың 400 жылдығын әспеттеді. Бір де бір басылым қолдамады... Жалпы, Алатау батыр кім еді? Бір күндік жекпе-жекте бірінен кейін бірінің – жоңғар-қалмақтың сегіз мықтысының басын алған қазақтың асқан батыр сардары!..
Қарағандыда «Қасым» жорналы – Серік Сағынтай өз ісіне адалдығын көрсетіп келеді...
Біз, осы ғұмырымызда «шынайы Құдай­шыл» бір баспа редакторын көріппіз – оның өзі бұл күндері жоқ. Біздерге «әбден разы» болып, анау жаққа «сол разышылығын» арқалап кетіп қалған: Есенбай Дүйсенбайұлы. Міне, бұл да бір – Һәкім атамыздың «Единицасы» еді...
Баспа-басылым туралы айтқан соң, оны жарнамалап-таратушы туралы да бір ауыз сөз. Астанада Мейрамгүл деген қазақтың нағыз патриотка келіншегі гәзіт сататын дүңгіршекте істейді. («Встреча»-«Гүлжан» және «Артем» астаналық жабық базарының маңында). Жай ғана сатушы емес, қазақы гәзіт-жорналдарды тереңінен насихаттаушы. Сонау тәуелсіздік алған жылдарымызда «Азат» гәзітін төбесінде жалаулатып, көше-көше, базарларды кезген. Сол үшін де талай-талай құқай-сұқайларыңызды басынан өткерген. Бірақ, ешуақытта алған бетінен қайтпаған. Мейрамгүлдің бір ерекшелігі – гәзіт-жорналдардағы өткір де өзекті материалдарды оқып, көріп-біліп отырады. Сосын, соны оқырмандарына түсіндіріп, жол сілтейді. Астанадағы қазақы оқырмандардың бәрі де осы екі киоскінің – Мейрамгүлдің маңында...
Айтушылардан естуімізше – хұкімет: «Жуық арада баспа-басылымдарды «еркін жүзерге» жібермекші көрінеді. Бұл да дұрыс екен дедік. Халықтың ақшасын жосықсыз шаша бергенше – «болатыны болсын, болмайтыны бордай тозсын!». Бәлкім, «кімнің – кім, ненің – не» екендігі анықталар да...
Көп айтқың-ақ келеді – айта бергің де келмейді...
Біз, бүгінгі әңгімемізде – барша баспа-басылымдарға баға беріп немесе шолу жасап жатуды мақсұт тұтпадық. Ол – мүмкін де емес. «Бір» нәрседен («Аманат» жорналынан) – «бірнеше я көп нәрселерді» туындатып-ұғындыруды көздедік. Қазақ «ымға» түсінген халық қой. «Ымға түсінбеген – дымға түсінбеген».
Сонымен... ой түбі. Ол анық – ой түбі ешқашанда жеткізбейді. Бірақ, белгілі бір ойдың ең болмағанда бел-белесіне шығарға болады ғой. Мысалы, көзбен көріп, қолмен ұстап тұрған барды – бардай, ал, жоқты – жоқтай етіп айтып-жазу. Турасында, шынды – шындай етіп (жын ұрғандай етіп емес) көрсету. (Шындық – Құдайдың бір аты). Егер де, өзің соқыр болсаң, үлгі алар, жүгінер, өткен аталарың бар емес пе. Берідегінің өзінде Абай-һәкім атаң тұрмапты ма – қасқиып та қарауылдап!.. Қайран да қайран, әруақтар! – Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан... Мемлекеттік қызметінен тыс, қазақтың кітәбі мен гәзітінің жолында жан-шырылдап, басы-қасында жүрген Сұлтанбек Қожанұлы... Тіптен, күні кеше, «41-45» тің қанасалаты қызып жатқанда Мәскеудің төрінде – бүкіл орыс-совет шовинист-зиялыларының алдында «қазақ» деген халық бар, «қазақ тілі» деген ұлы тіл бар!» деп айдай әлемге арыстанша айбарланатын Бауыржан Момышұлы... Жымысқы да жалмауыз Хрущевтың артын қыстырып та пыстырып жіберетін Жұмабек Тәшен... Жұбандар, Сафуандар, «Желтоқсан жастары»... Құдайым-ау, қасқиып та көсіліп жатқан ескі қара жол – даңғыл жолымыз бар ғой! Неғып «сартша сырт айналдық»!? Неге – неліктен өтірікші, көзбояушы, ләппайшыл, жағымпаз-жылтың, сатқын-саудашыл болып алдық?! Тілсіз – Ұлт жоқ. Сол тілінің жолында саналы түрде құрбандыққа барған әруақтарды – рухтарын қалайша белден басып, басынан аттап жүре берер болып алдық?!.
Абай-һәкім ата: «СӨЗ ТҮЗЕЛДІ» деді. Өзі айтып тұрса да, «мен түзедім» демеді, жалпы қазаққа (сөз түсінерлеріне) қарата – «сөзің түзелді» деді. Неткен мағына – мән! Көтермелеп, көпшік қойып, қыранын қиянға ұшырар құсбегіше қомдап тұр ғой! Тіптен, «әлеммен теңелдің» деп әспеттеп те тұрған жоқ па?.. Ал, одан кейінгі сөзі: «Ей, қазағым, сен де енді түзел» – бұл енді, анығы: «қара да қоңыр қазағына деген күмәні басым сияқты ма...» Сонда, бұл өзі – «қолыңа ұстатып, ауызыңа салып бергенге ие бола алмаушылық» болып шықпай ма? Бүгінгі күнімізге қарасақ – солай боп та тұр-ау-ә?..
Қазақ-ата айтады емес пе: «Әңгіме – Сөз тыңдамағаннан без!» деп. Қайбір де нәрсе секілді, әңгіме – сөз де екі түрлі болады. Бірі – жәй, бәлдір-шәлдүр әңгіме-сөз; екіншісі – мағыналы да мәнді әңгіме-сөз. Біздер қай жолмен кеттік екен сонда?..
«XIX-ыншы ғасыр» – шын мәнінде орыстардың алтын ғасыры болды. Бұғаудан босанып, құрсаудан құтылып, бір көтеріліп қалды. Ненің құдіреті? Сөздің – «Пушкиндердің»... «Шынды – шын, өтірікті – өтірік» деп бір-ақ кесетін «Белинский» деген алмас қылыштары болды. «Сөз» (шынайы сөз) – кітап, жорнал, гәзіт – орыстың бүкіл даласын, орман-тоғайын кезді, жазда арбамен, қыста шанамен...
Абай-һәкім ата – жалғызсырап қалды. («Мыңмен жалғыз алыстым...»; «Моласындай бақсының – жалғыз қалдым тап шыным»). Жарайды, кешегі қызыл қырғындағыны түсінелік-ақ, ал, бүгінімізге – еркін күніміздегі керенау-кердеңдігімізге не жорық?!. Ия-ия... «балық басынан...» немесе «бұлақ басынан...» дейтін де сөз бар ғой; бірақ, олай болмай тұрса не істеуіміз керек? «Құйрығынан немесе аяғынан басына қарай тазаруымыз керек» емес пе? Әркім – өзіне жауап беруі керек емес пе: «Мен – кіммін, қандаймын? Не істеп жүрмін?» деп. Үлкен кітапта айтылады емес пе: «Бір теріс тірліктің жасалынып жатқанын көрсең – тоқтат, жөнге келтір; оған шамаң келмесе – айт, теріс екендігін; оған да мүмкіндігің жетпесе – іштей сол теріс тірлікті бар жан-дүниеңмен жек көр; сонда ғана мұсылмандық парызыңнан құтыласың» деп. 
Біз, бүгінгі әңгімемізді кімге-неге айтып отырмыз? Естеріңізден шығармаңыздар – баспа-басылымдарға, оның тетігін де түтігін ұстағандарға. Баспа-басылым – дүниеәуи құрал. Бекерге айтылмайды ғой: «Төртінші билік» деп. Тағы да қазақ атаң айтып кеткен жоқ па: «Бас кеспек болса да – тіл кеспек жоқ»; «Сөзі өлгеннің – өзі өлген»; «Таяқ – еттен, Сөз – сүйектен өтеді»; «Сөзі жетім – ел жетім»...
Біз пақыр-пенде, бір жетімек-жүгірмек сөзімізде айтып-құсқан да екенбіз: «Қайбір істі болмасын: байыбына жетіп, түбін төңкеріп, түгелдеп істемеген соң – харам! Мысалы, жазушы болсаң – шабытың шарықтап, түрткілеп, тыным таптырмай тескілеп бара жатса – мың беттік, тіптен он мың беттік он жүз роман жаз! – егер де кәдеге асса, тұрса? Әйтпегендейде, жұрттың да өзіңнің де сорың! Қасиетті қағаз-қаламға обал; одан асқан жауапсыздық, ұятсыздық жоқ!!!» деп те. Бұл сөзіміз – тек жазушыларға ғана емес, барша қағаз-қалам ұстаған ағайындарымызға – бүгінгі баспа-басылымдарға да арналып тұрмапты ма?.. Біреулер айтар: «Қағаз-қалам не тәйірі, құны бес-он теңге; алтын-күміс, мұнайымызды айтсаңшы – суша ағып кетіп жатқан» деп. Жоқ, алтын-күміс, мұнайыңыздан – қағаз-қаламның құны қымбат! Себебі, қағаз-қалам – «СӨЗ». Әрине, әлбетте, ШЫНАЙЫ – ТӘУЕЛСІЗ СӨЗ! Ал, белгілі: Шынайы тәуелсіз сөз – Құдіреті шексіз жаратқан жалғыз Иенің басты аттарының бірі. 
...Жалпы, бүгінгі ойымыз шашыраңқы шыққандай ма? «Бір ойды – бір ой қоз­ғай­ды...» Сондықтан да шығар, бірден – бірге ауытқып, ауып, шашыраңқы түгілі – шашылып та жайрап жатқандығымыз рас та болса керек-ті (Бұлдыр тұман, боз қырау – құсыңды көк көрмессің...). Ол жағынан айыпқа бұйырмассыздар. Көркем дүние жазып отырған жоқпыз ғой. Мән-мәндірін түсінсеңіз – қабылдасаңыз бопты дә.
Сөз соңында, тағы да бір шашыраңқы ой:
Нағыз жорналшы – нағыз жаңалық­шыл, ешкім көріп білмеген, қай қиыр­қияндарда, қай қуыс түкпірлерде қиыла менмұндалап жатқан асыл-затты я қайғы-қасіретті бірінші боп көріп, тек­серіп, түгелдеп, халыққа бірінші боп жеткізе білген жорналшы; немесе ол – «сексен сегізінші аспанды» аша білген жорналшы! Бір сөзбен қайырғанда, ол – елінің һәм ұлтының № 1 патриоты!!!

 

311 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз