• Ел мұраты
  • 12 Сәуір, 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

 «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі  шаралар кешені  туралы 

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақ­стан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Барлық деңгейдегі орталық жəне жергі­лікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары Парламенттің, Үкіметтің жəне өзге де мемлекеттік органдардың өкілет­тіктері мен жауапкершілігінің көлемін кеңейту жағдайында мемлекеттік аппараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын. 2. Қазақстан Республикасының Пар- ламентіне «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан əрі – Заң) талаптарына сəйкес Парламенттің жəне оның Палаталарының қызметін қамтамасыз ететін шараларды қабылдау ұсынылсын. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктердің қосымша көлемімен жұмысқа функционалдық дайындығына талдау мен бағалауды жедел жүргізсін жəне атқарушы ор­гандардың жаңа ұйымдық-құқықтық жағ­дайларда тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шараларды қабылдасын. Бұл жұмыстың қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Президентіне баяндасын. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тəртібімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің қарауына мыналар енгізіледі деп айқындалсын: 1) «Қазақстан Республикасының Пре­зиденті туралы», «Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы», «Қазақстан Рес­публикасының Парламенті жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңдарды Заңға сəйкес келтіруді көздейтін Конституциялық заңның жобасы; 2) «Прокуратура туралы» жаңа Қазақстан Республикасы Заңының жобасы. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп: 1) осы Жарлықтың 4-тармағында көзделген заңнамалық актілер жобаларын əзірлеуді жəне Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің қолданыстағы актілерін Заңға сəйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдасын. 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде: 1) өзге де заңнамалық актілерді Заңға сəйкес келтіруді қамтамасыз ететін шаралар қабылдасын; 2) Үкіметтің, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мəслихат­тардың актілеріне ревизия жүргізуді жəне оларды Заңға сəйкес келтіруді қамтамасыз етсін. 7. Қазақстан Республикасының Конс­титуциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, Орталық сайлау комиссиясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мем­лекеттік органдар өздері қабылдаған нор­ма­тивтік-құқықтық актілерді қайта қарау жəне Заңға сəйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдасын. 8. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның шетелдік жəне халықаралық əріптестеріне конституциялық реформаға сəйкес елдің мемлекеттік құры­лымында болған өзгерістердің мəні мен маз­мұны туралы ақпаратты жеткізуді қам­тамасыз етсін. 9. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі жəне Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 10. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 11. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бас­тап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 13 наурыз № 437

472 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз