• Ел мұраты
  • 02 Маусым, 2017

Рухани жаңғыру: ұлттық құндылықты қалай түсінесіз?

Ұлжан Оспанова, әл-Фараби атындағы ҚҰ­У Шығыстану факультетінің Қы­тайтану кафедрасы Шығыстану маман­ды­ғының

1-курс магистранты

Қазақстан Республикасы Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласы аясында жақында «Сіз ұлттық құндылықты қалай түсінесіз?» тақырыбында, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шы­­ғыстану факультеті «Қызай ана» қоғамдық қорының төрағасы, қы­тай­тану кафедра меңгерушісі Н.Мұ­қаметханұлымен факуль­тетіміз­дің оқы­ту­шылары, магистранттары мен сту­дент­тердің қаты­суымен кездесу өтті. Елбасымыз Н.Назарбаев 2017 жылғы халқына Жолдауында Қазақстандағы 3-ші жаңғыру басталғанын айтты. Бұл Жол­дауда рухани жаңғыруға басым көңіл бөлінді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2-3 курс студенттері «Ұлт­тық құндылықты қалай түсінесіз?» деген та­қырыпқа слайд арқылы нақты түсініктерін, көз­қарастарын ортаға салды. Ұлттық құн­дылық – этникалық қауымдастықтың тарихи өзгешеліктері көрініс табатын рухани идеялар жиынтығы болып табылады. Олар нақты құндылығымыз: біріншіден ана тіліміз, мәдениетіміз, діліміз, тарихымыз, дінімізден тұратынын атап көрсетті. Ең бастысы, ана тіліміз болмаса, ұлт болмайды. Тіл – ұлт ретінде сақталу кепілі. Біздің қазақ тіліміз – тамыры терең, бай тіл. Рухани жаңғырудың 6 бағытын: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, еліміздің революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы деп белгілейміз. Н.Мұқаметханұлы шәкірттеріне ең басты сана ар­қылы қоғамдық болмыс адамдардың қоғамдық санасын белгілейді. Бірінші өзіндік санадан бас­тау керек. Біз кімбіз деген сұраққа жауап беруіміз керек. Сонымен қатар, әйелдің рөлінің отбасында ерекше орны бар. Себебі, алғашқы бала тәрбиесі – ана тәрбиесі. Өзіміздің ұлттық бейнемізде қалыптасқан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуіміз қажет. Ұлттық болмысымызда, бейнемізде де адасып жүргендер өте көп. Бізде діни заң әлі де әлсіз, ол болашақта қайта қаралып, алдын-алу жұмыстары жүргізіледі. Біз қазақ ұлтымызды, қазақтың өркениетін, жүрегімізде дәстүрлі дініміздің барын көрсетіп, болмысымыз қазақ, ойымыз заманауи, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруымыз қажет. Мемлекеттің немесе ұлттың рухани санасына зақым келтірсе, рухани әлемін бағындырса ұлттың не мемлекеттің жоқ болып кетуіне апаруы әбден мүмкін. Отарлық салдар да өз алдына әсерін тигізді. Орыс тілі – ақпараттық кеңістікте табиғи түрде қалыптасып кетті. Кей­біреулер орыс салттан ажырағысы кел­мейді, өйткені, құжаттардың өзі де үйреншікті ретпен жазылып, көшіре салуға да оңай. Сондықтан да, тәуелсіз мемлекетке тәуелсіздік ұлт­тың принцип құндылығы – тіл болу керек екендігін әлі де санамызға сіңірген жоқ­пыз. Сонымен қатар, советтік дәуірдің санасынан әлі арылған жоқпыз және бұған уақыт керек. Және де, Нәбижан ағайы­мыз былай дейді: өмір­лік тәжірибесі, тарихи оқи­ғалар мен өзіндік зерттеу жұмыстары бойын­­ша мысалдар келтіріп, ұлттық рухани бай мемлекеттерді атап өтіп, құнды мәліметтермен таныстырды. Елбасының «3 тұғырлы тіл» саясаты: мемлекеттік тіл – ана тілімізді және ағылшын тілін жақсы меңгеруіміз керек. Ағылшын тілі – халықаралық қатынас тілі. Ең маңыздысы елбасымыз айтып кеткендей – ұлттық рухани жаңғыру. Шыны керек, қоғамда біраз рухани бәсеңдеу құбылысы байқалды. Сол үшін рухани сілкініс, серпіліс қажет. Ол ең алдымен рухани құндылықты анықтап, ұлт рухын сақтау керек деп белгіледі. Сонымен қатар, тәжірибелі ұстаздарымыз – Нұрхалық, Ержан ағайларымыз да біздің Қазақ Ұлттық университетіміз ең алғаш гу­манитарлық бағытта қазақтың ұлт­тық құндылықтарының барлық базасын қалыптастырған алғашқы уни­верситет екендігін және кемел адам болудың алғаш жолдары оқу орнымызда қалыптасатынын атап көрсетті. Осы университетке лайық елдің болашағын ойлап, қандай үлес қоса аламыз және осының қамында ұйқысыз таң атыруға уайымдауымыз қажет. Үлкен армандарымызды алдыға қойсақ, мақсатымыз табиғи түрде орындалады. Жоғарыда айтылған тәжірибелі ұс­таздарымыз негізгі ойын қазақ жастарына жеткізе алды және жастарымыз өз алдына қорытынды жасап, алдына мақсат қояды деген үміттеміз. Сондықтан, біздің басты мақсатымыз – ұлттық санасы берік, күшті, мемлекеттік санасы мықты, ұлттық құндылықтарды сақтайтын мемлекет, сонымен қатар бәсекеге қабілетті халықаралық аренада өз орны бар мемлекетті қалыптастыру. Ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейту. Білімді көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет болғандықтан, қазақ елі ойға кемел, білімді, жігерлі, келешегі жарқын болуға үлесімізді қосуымыз қажет.

611 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз