• Тарих толқынында
  • 21 Желтоқсан, 2017

Жиырма жылдан кейін. «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы

Назым САМЕТ, «Ақиқат» қоғамдық-саяси журна­лының штаттан тыс тілшісі

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кітапханасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде қараша айының 10-күні «Н.На­зарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық көрме жобасын ұсынды. Іс-шара «Қазақстан Республикасы тұң­ғыш Президентінің» және «Тәуелсіздік күні» айтулы мерекелеріне орай ұйымдастырылды. Алматы қаласында өткен шара барысында еліміздің бас қаласы – Елордамыз Астанаға көшірілген сәтінен бастап, 20 жылды қамтитын Мемлекет басшысының Жеке архиві (мұрағат), Жеке кітапханасы және Музейі қорының зерттеу нәтижелері мен материалдары қалың көпшілік назарына ұсынылды. Көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімінен басталған көрме-жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің Тәуелсіз Қазақстан тағдырындағы рөлін мұрағат құжаттары мен жәдігерлер арқылы жүйелі түрде кеңінен көрсету. Көрменің ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Пре­зи­денті кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек сынды беделді азаматтар қатысты. Көрермендер назарына Елбасы кітапханасының архив, кітап, музей қорларының материал­дары ұсы­нылды. Олар­дың қатарында шет мем­­лекет және үкімет басшыларының Н.Ә.Назар­баев­қа тарту еткен жоғары мемлекет наградалары, Қасиетті Құ­ран­ның бірегей жинақтары, мемлекет басшылары тарту еткен қолтаңбалық кітаптар, сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевтың әлем тілдеріне ауда­рылған еңбектері бар. Көрме негізгі төрт бөлімнен тұрады: «Көш­­басшы жолы» бөлімі ҚР тұң­ғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір ке­зеңдерінен сыр шертеді. Ұлттық Көш­басшымыздың жолы рухани сананың дәуірі мен шығуы мазмұнын білдіретін тарихи үдерістер мен оқиғаларды сипаттау арқылы көрсетіледі. Қазақстан Пре­зидентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы еліміздің Тәуелсіздігінің негізгі бағыттарын айқындаған басты тарихи таңдау болды. «Көшбасшы феномені» бөлімі Қа­зақстан Республикасының негізін қалаған, жаһандық кеңістікте тұрақтылық пен қауіп­сіздіктің жаңа идеяларын енгізген Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік құрылым тұжырымдамасының қалыптасуы мен дамуы тарихына жетелейді. Көшбасшы феномені Семей ядролық полигонының жабылуынан бастап мемлекет астанасын ауыстыру идеясын жүзеге асыруға дейінгі тарихи маңызы бар шешімдер мен бастамалар арқылы көрініс тапқан. «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» бөлімінде Көшбасшының және Қазақстан халқының жаһандық үдерістердің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосқан үлесін тану белгісі ретінде ұсынылған Елбасының жоғары мемлекеттік наградалары баяндалады. «Әлем қадірлеген Елбасы» бөлімінде Қазақстан Республикасының қарқынды сыртқы саясаты көрсетіледі. Бұл – әлем­дік деңгейдегі саясаткер, Қазақстан Рес­­­публикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биік беделінің нәтижесі. Еліміздің көп векторлы сыртқы саясаты дипломатиялық сыйлықтар, жеке жазбалар, мұрағаттық материалдар ар­қылы көрсетілген. Әрбір қауіп-қатер мен түсінбеушілікпен азат, бейбіт әлемді қалыптастырудағы Н.Ә.Назарбаевтың сіңірген еңбегін та­ны­ған шетелдік мемлекет және үкімет басшыларының жеке құрметі көрінеді. Экскурсиялар балабақша тәрбие­лену­шілері, оқушылар мен студенттер іспетті түрлі жас санатындағы аудитория мүше­леріне арналды. «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көш­пелі ғылыми-білім беру және мә­­дени-ағартушылық көрме жобасы аясында «Ғылыми-білім беру қызметіндегі ин­но­вациялық жұмыс түрлері» (Қа­зақ­­стан Рес­публикасының тұңғыш Пре­зи­денті кітапханасының жұ­мыс тәжірибесінен) семинары өткі­зілді. Екі күнге жалғасқан семинар барысында музей педагогикасының, жобалық жұмыстардың, қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруы шеңберіндегі білім беру және мәдени-ағартушылық мекемелері арасындағы өзара қарым-қатынасының өзекті мәселелері талқыланды. Ал, се­ми­нардың екінші бөлімі 11 қараша сағат 15.00-де Қазақ ұлттық аграрлық уни­верситетінде жалғасын тапты. Сонымен бірге, кешкі сағат 19.00-де Республика сарайында Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көш­пелі көрме жобасының ашылуына орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің есептік концерті өтті. Концерт қо­нақтары ұлттық патриотизм сезімін оятатын рухты ән­дерді тыңдап, құлақ құрышын қан­дырды. «Н.Назарбаев: дәуір, тұл­ға, қоғам» көрмесі 2018 жылдың 14 қаң­тарына дейін жұмыс жасайды.

Тәуелсіздік тұғырын нық орнатқан Қазақстанның тарихи жылдар бары­сын­дағы атқарған еңбектері, жеткен жетіс­тіктері ұланғайыр. Соның ашық та айқын дәлелі – бүгінгі жаңа Астананың кемел келбеті. Астана әлемдегі ең танымал және құрметке лайық қала мәртебесін иеленіп, бүгінде жаһандық деңгейдегі маңызды шешімдер қабылданатын алдыңғы қатар­лы ғылыми және мәдени орталыққа айналды. Халықаралық, ұлттық маңызы бар шешімдерді қабылдауда сындарлы саясатымен еліміздің гүлденуіне үлесін қосқан басты тұлға Елбасының стратегиялық жобаларын, елеулі еңбектерін, рухани құн­дылықтарды дәріптеу, насихаттау мақ­сатында 10-16 қараша аралығында түрлі шаралар өткізілді. Мәселен, Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік орталық музейінде 11 қараша күні «Қазақстан Рес­публикасының тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшы феномені» халықаралық ғылыми-тә­жі­рибелік кон­ференциясымен басталып, «Рухани сананы жаңғыртудағы му­зейдің, ар­хивтің, кітапхананың рөлі» ғылыми-тәжірибелік семинары және «Рухани сананы жаңғырту: кі­тапхана және архив қызметтерінің өзекті мәселелері» дөңгелек үстелімен жалғасын тапты. Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­гикалық университетінде және Қазақ ұлт­тық аграрлық университетінде 13 қа­раша күні «Қазақстан жолы: «Мәңгілік Ел» семинар-тренингі өткізілді. Семинар-тренинг білім беру және мәдени-ағартушылық саласында жастармен жұмыс жасаудың жаңа технологияларын меңгеруге көмектесетін оңтайлы құрал. Семинар-тренинг Қазақстан Респуб­ликасының тұңғыш Президенті кітап­ханасындағы білім беру жобасының құрамдық бөлігі. Ол «Мәңгілік Ел» ұлт­тық идеясының аясында құрылып, «Көшбасшы әлемі» моделін, Мемлекет бас­шысының саясат пен басқарудағы оң тәжірибесін ашып қана қоймай, қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған Қа­зақстан Республикасының тұңғыш Пре­­зиденті Н.Назарбаевтың тұлғалық қырларын көрсетті. Алматы қаласының жоғары оқу орындарында жоспарланған ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық ауқымды шара­­ларының қатарында 14 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Рухани жаңғыру: жастар көзқарасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жастар тарапынан елі­міздің дамуына арналған жаңа жобалар туралы сөз қозғалды. Еркін пікір алмасу негізінде құралған ғылыми-тә­жірибелік конференция­сында университет оқытушылары мен студенттер қауымы өз ойларын ортаға салды. 16 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық көрме жобасы аясында «Әлем Көшбасшы көзімен» кітап көрмесінің тұсаукесері және Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Елбасы залының ашылуы болып өтті. Шараға ҚР Президенті Кеңсесі бас­ты­­ғының орынбасары, саяси ғылым­да­рының кандидаты Бақытжан Темірболат, Қазақстан Республикасының тұңғыш Пре­зиденті кітапханасы директорының орын­басары Әмірхан Рахымжанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов және өзге де қоғам қайраткерлері қатысты. Елбасы кітапханасының ұйымдас­ты­руымен өткен «Назарбаев моделі» ғылыми конференциясында Әмірхан Рахымжанов модераторлық етті. Конференция барысында Қазақстан Республикасының Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты Алматы қаласындағы кең­­сесінің басшысы, тарих ғылымдарының кан­дидаты Асқар Нұрша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті фило­софия және саясаттану факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор Әлия Масалимова, «Альтернатива» аналитикалық зерттеулер орталығының директоры, саяси ғы­лымдарының кандидаты Андрей Чеботарев баяндама жасады. Аталмыш іс-шара аясында қонақтар «Әлем таныған Көшбасшы» кітап көрмесімен танысты. Көрмеге Н.Ә.Назарбаевтың әлемнің бірнеше тілдерінде жарық көрген кітаптары ұсынылды. Сонымен қатар, Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған шетелдік және отандық автор­лардың әлемнің бірнеше тілдерінде жа­рық көрген кітаптары ұсынылған «Әлем қадірлеген Елбасы» кітап көрмесі ұйым­дастырылды.

Елбасы кітапханасы жобаларының іс-шараларына Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының басшылары, ғалым­дар, саясаттанушылар, т.б. қатысты. Ал­матыдағы екі ай аралығындағы жұмыс­тың көшпелі жобасы аясында сарапшылар қауымдастығы, ғалымдар, мәдениет және білім беру салалары мамандарының кездесулері өткізілді. Оңтүстік астанамыздың тұрғындары мен қонақтары көрме күндері тақырыптық және шолу экскурсияларын тыңдап, Елбасы кітапханасы қызметінің бағыттарымен жан-жақты таныса алды.

Жалғасын  тапқан  жақсы  іс

«Дін – иманның ай­насы, рухани та­за­лықтың діңгегі». Қазан айының 24-інде Ө.Жолдасбеков атын­­дағы студенттер сарайында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі бас­қармасының қол­дауымен «Өнер қы­рандары» театрының «Заман-ай 2» қойы­лымы өтті. Екін­ші рет өнер­сүй­ер қауымның назарына ұсы­­нылған қойы­лым­ның жастар тәр­биесіндегі, теріс ағымдардың белең алуын болдырмаудағы, діни бағыт-бағдар берудегі маңызы зор. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» деген. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында да Елбасы: «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек» – деп, діннің маңыздылығына баса назар аударады. Елде діни алауыздықты ушықтырмау, радикалды ағымдардың таралуына жол бермеу, экстремизм мен терроризмнің алдын алу сынды мәселелер ұлтымыз үшін өзекті. Мұны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әр Жолдауында, стратегиялық бағдарламаларында орындалуға тиіс тапсырма, қашан да маңызын жоғалтпаған мәселе ретінде күн тәртібіне қояды. Айдар Рақымжанұлы, Дін істері жөніндегі басқарма басшысы: «Бұ­ған дейін, 2016 жылы Дін істері бас­қармасының қолдауымен «Өнер қырандары» театрының «Заман-ай» қойылымы көпшіліктің назарына ұсынылып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы маңызды іс-шаралардың бірін сомдаған болатын. Бұл жолғы қойылымның ерекшелігі: ол түрлі конференциялар, лекциялар, дөңгелек үстелдерге қарағанда әсерлі. Себебі, ащы шындықты сахнада әзілмен жеткізсе, санаға тез қонымды болады. Оған театр кейіп­керлері де жақсы машықтанған. Рухани тәрбие беру – осы өнер адамдарының да міндеті екендігін ескеру қажет. Ерекше атап кететін қойылымдардың бірі: жатақханадағы студенттердің оқиғасы суреттелетін көрініс. Оқиға желісі бойынша, бірінші курс студенті интернет арқылы діни білім алып, қателікке ұрынады. Осы тұста достары оны жат ағымның жетегінде кетуден аман алып, дұрыс жол таңдауға көмектеседі. Осындай  қоғамдағы түрлі  жайттарды ескере отырып, жастарды дұрыс жолға шақырып отырмыз. Мақсат – ата-анаға құрмет, үлкенді сыйлау, патриоттық сезімді ояту», – деді. Күллі әлемнің саяси, әлеуметтік, эко­­­номикалық, мәдени және рухани жағ­­дайына ықпал етіп отыр­ған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер, діни фундаментализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа немесе мемлекетке ғана емес, әлемге ортақ мәселеге айналған. Дінге байланысты экстремизм мен террорлық іс-әрекеттер, басқа ағымға түсу таяуда ғана пайда болған құбылыс емес. Оның тарихи тамыры тереңде жатыр. Қазіргі таңда діни көзқарастардың бұрмалануы салдарынан дінді саяси, ғылыми, адами тұрғыда зерттеудің ма­ңызы артуда. Діннің дұрыс бағытынан алшақтамау, адам өміріне қауіп төндіретін лаңкестік іс-қимылдарға бармау туралы ресми конференция, жиындар өткізіледі. Одан бөлек мәдениет ошақтарында қызмет ететін өнер майталмандары ұрпақ, ұлт санасындағы діни сауаттылықты арттыру мақсатында өз үлестерін қосуда. Тәлім-тәрбиені, әлемдік мәселелердің шешімін әзіл-қалжыңмен жеткізе білу, сахнада сан түрлі кейіптер арқылы сомдаудың өзі өнер. Он жылдан аса тарихы бар «Өнер қырандары» Т.Жүр­генов атындағы өнер академиясының түлек­терінен құралған. Театр қызықты әзіл-сы­қақтармен қатар, пародия жанрындағы қойылымдармен де ерекшеленеді. Ал, дәл бүгінгі «Заман-ай 2» қойылымы «Дін», «Адам тағдыры» мен «Ұрпақ тәрбиесі» сынды санаға ой салатын өмірлік тақырыптарға арналды. Өнер қырандарының белді мүшесі Серікбаев Мадиярдың айтуынша: «Күлкінің көкесін көрсететін театр ұжымы халықты ду-ду­ман шаттыққа бөлеуден өздері де ләззат алады. Өйткені, олар үшін халықтың аман-саулығынан, шат-шадыман көңілінен асқан бақыт жоқ» екен. Кеш соңы әуезді әнге ұласып, Нұрбек қа­жы Есмағанбет театр ұжы­мына табыс­тар, шығармашылық жолында өсіп-өркендеу тілеп, халыққа ізгі ықыласын білдірді.

«Ән салсаң,  Әсеттей сал..!»

Дәстүрлі ән өнерінен дәм татып, қазақ даласының көгінде әуелеген әндердің құдіретін сезінгіңіз келсе, Әсетті тыңдаңыз. Рухани құндылықтарымыздың мәрмәр тастары бабалардың даналығында, дәстүр-салтымыздың сырында, мәдениетіміздің жоғары мектебі – музыкалық өнерде жатыр. Алматы қала­сындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында әнші, ақын, сазгер Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ән салсаң, Әсеттей сал..!» атты 3 актілі музыкалық қойылым болып өтті. Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, өмі­рінің соңына дейін өнер жолында аянбай тер төгіп, жан-жақтылығы мен табанды еңбекқорлығының арқасында өнерде із қалдырған қазақтың суырыпсалма ақыны әрі әнші-композитор Әсет Най­манбайұлының дара жолын жаңғырту шараның негізгі мақсатына айналды. Әсет ақынның Ырысжан, Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмбет ақындармен және Мәлике қызбен айтысын, «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Перизат», «Үш жетім қыз», «Нұғман-Нағым», «Мәлік-Дарай», «Жәмсап», «Кешубай» атты қисса-дастандарын, «Жас жігіт надандықпен алданады», «Өсиетнамада», «Сеніспей уағдалы серттен қайтпа», «Жақсы әйел», «Жасболат кісі-ақ едің алшақтаған», «Қарақұрсақ Күшік болысқа» және «Төртқұл Ақболаттың биі Кәріпке айтқаны», «Ақырғы сөз», «Жас шама» т.б. шығармаларының өміршеңдігін осынау кеш дәлелдеп тұрғандай. Мұндай қойылым театрда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Кеш барысында «Алатау» театрының белді әртістері мен Әсет рөлін сомдаған «Мен қазақпын» мега жобасының финалисі, халықаралық және республикалық кон­курстардың лауреаты Сәулежан Тақ­зияның орындауындағы қойылымды тамашалай алды. Дәстүрлі өнер тарихындағы тұңғыш мюзиклдың басты ерекшелігі Әсеттің әндері, айтыстары, қисса-дастандары топтас­тырылып, халыққа бір қойылымның аясында ұсынылып отыр. Сондай-ақ, қойылымда әнші-композитордың өмірі мен шығармашылығы, әндерінің шығу тарихы тегіс баяндалды. Сахна шымылдығы «Халқым!.. Қайда барсам да елімнен сый көремін. Сол үшін әлім жеткенше аянған емеспін. Барымды елім үшін жұмсап өтсем, арманым не?..» дейтін Әсеттің өз сөзімен ашылып, кәусар өнерге сусап келген көрерменнің көңілін бірден баурап алды. Оқиға әрі қарай тарихымыздағы «Қоянды», «Қарқара» жәрмеңкелерін көр­­сету арқылы хал­қымыздың қа­зыналы бай мұ­расын, ұлттық ойындарын, таным-тарихымыздан сыр шертетін дәстүрлі өнерін Әсет өмірімен сабақтастыра суреттейді. Кез-келген қазақы жиын-тойдың шұрайын келтіретін бұқа тартыс, күрес, ақындар айтысы сияқты бәсі биік ұлттық өнеріміз бен дәстүрлеріміз қойылымда кеңінен көрініс тапқан. Берікжан ҚАСЫМОВ, қойылымның сценарий авторы әрі режиссері: «Қандай өнердің болсын, ең негізгі бағалаушысы – халық пен уақыт. Әсеттің өнері, Әсеттің әлемі – қазақ рухани мұрасының жауһар мұрасы. Бір бойына бірнеше өнер қатар дарыған дарынның бүкіл болмысын осы қойылымға сыйдыруға тырыстық. Әсет шығармашылығы арқылы халқымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпын, өлмес өнерін насихаттауға күш салдық. Базарбек Атығаев деген бауырымыздың идеясынан бастау алған бұл қойылымды өз деңгейінде көрерменге жеткізу үшін көп күш салдық. Әсеттің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін үш көркем әдеби кітапты, төрт деректі туындыны оқыдым. Себебі қанша, жерден көркем дүние болса да шынайы тарихтан алшақ кетуге болмайды. Жан-жақты зерттеп-зерделеп, тарихи жағына да көбірек көңіл бөлдік. Халықтың мұң-мұқтажы, арман тілегі Әсет шығармашылығынан тыс қалмаған. Мәселен, тарихтағы Әсет пен Ырысжан айтысы – ақындар айтысының шоқтығы биік, аса көркем үлгілерінің бірі. Мұнда халық өмірінің ауыр жағдайы мен ел билеушілердің зорлық-зомбылығы жұмбақ-жауап түрінде әсерлі сипатталған.Құрылғанына бірер жылдың айналасы болған жас театрымыздың аталған жанр­дағы тырнақалды туындысы көрермен көңілінен шыққанына қуаныштымыз. Барлық рөлдерді алып шыққан театрдың 30-дан астам дәстүрлі әншісі өздерін сан қырынан көрсете білді. Зал іші лық толып, көрерменнің қойылым соңына дейін тапжылмай тамашалағаны еңбегіміздің жемісі деп білем. Алдағы уақытта бұл бастаманы әрі қарай жетілдіріп, кенжелеп қалған мюзикл жанрын жандандырсақ деген ниетіміз бар», – дейді. Үш бөлімге созылған музыкалық қойылымда Әсет Найманбайұлының рөлін халықаралық байқаулардың жеңімпазы, дәстүрлі әнші Сәулежан Тақзия сомдады. Оқиға желісіне орай қойылым да Әсеттің өз орындауында әйгілі үш әні шырқалды. Әсіресе, Әсеттің «Мақпалы» әуелеп сала бергенде, ән сүйер қауым ықыласын жасыра алмай, қошеметін жаудырды. Көпшілікке кеңінен танымал бұл әннің шығу тарихы ерекше. Жансұп дейтін жігіт моңғолдың Мақпал деген қызына ғашық болса керек. Қыз да Жансұпты ұнатып қалған екен. Бірақ. екеуінің де ата-анасы оларға батасын бермеген көрінеді. Жансұп осы қайғы-мұңын Әсетке айтыпты. «Мақпал» әні осылай дүниеге келген көрінеді. Бұл ән елге кеңінен тараған соң, қыздың да, жігіттің де ата-аналары балаларының тілегін орындап, баталарын берген екен. Осылайша екі ғашық мұратына жетіпті. Әсерлі кеште көрерменді әсем әнімен тербеген Әділжан Шомбалов, Айсәуле Қайрғазина, Сандуғаш Мүбаракқызы, Шаттық Уатқан, Рауан Әбілбаев, Нариман Әбдірахманов, Азат Дулатұлы, Ай­нұр Жұмақадыр, Нәсіпжан Басшыбай, Ма­рал Мұхамметқалиева сынды дәстүрлі ән орындаушылары көпшілікті Әсет пен Әміре, Ақан мен Біржан салған шалқар көштің сарқылмайтынына сендірді («Егемен Қазақстан» сілтейді).

Әуезов ауданындағы мәдени іс-шаралар

Еліміздің әрбір аймағында Тұңғыш Президент күніне арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. 24 қараша «Сары-Арқа» кинотеатрының алаңқайында, Әуезов ауданы әкім­дігінің және Мем­ле­кеттік жастар саясаты фондысының бір­лесе ұйым­дас­тыруымен «Менің Тұң­ғыш Прези­дентім» тақырыбында мере­келік концерт ұйымдастырылды. Концертке шығар­машылық ұйымдар, өнерлі клубтар қатысты. Айтулы күнде сахна тө­рінде дарынды жастар, музыкалық топ­тар көңіл көтеретін әндер орындап, би би­леп, мерекелік кештің қызықты өтуіне ат­салысты. Ольга МИРАМОВА (13 жас, биші): «Мерекелік кеш жастар тарапынан Елбасыға арналған құрметтің, өзіндік алғыс айтудың бір көрінісі. Біз ән салып, би билеп, халықтың көңілін көтеріп, позитив сый­лағымыз келеді» – деді. Концерттік бағдарламадан бөлек, қа­ла тұрғындарының назарына қолөнер бұйымдары, суреттер, мүсіндер мен өнер ше­бер­­ханаларының жас бүлдіршіндерінің қолынан туған туындылары ұсынылды. Алматы қаласындағы көрікті ау­дан­дардың бірі Әуезов ауданының басшы­лығымен ұйымдастырылған «Менің Тұң­ғыш Президентім!» іс-шарасының басты ерекшелігі (фотоинсталляциялық) Елбасының еліміздің жастарымен түскен суреттері, қас-қағым сәттері фото көрме ретінде қойылды. Фо­то көрме «Менің Президентім» деп аталды. Биыл Әуезов ауданы Елбасы күніне арналған мерекелік іс-шаралар, жастар ара­­­сындағы конкурстар мен «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының аясында театр қойы­лымдары мен т.б. көптеген мәдени шараларды өткізді. Солардың бірі, 17 қараша күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Болашаққа бастар жол: Рухани жаңғыру» – «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» та­қы­рыбындағы жоғары оқу орындарындағы жас ғалымдар арасында өткізілген ғылыми жо­балар конкурсы. Университет ғимаратында «Рухани жаңғыру» аясында жастардың шығармашылығын бағалау үшін өткізілген конференцияға Алматы және Алматы облысынан үздік қатысушылар іріктеліп алын­ды. Конкурс мақсаты: бүгінгі қоғамда әлеу­меттік жобалардың маңызын таныту, жас­тардың әлеуметтік біртұтастылығы мен жауап­кершілігін арттыру. Байқау барысында мы­надай тапсырмалар жүктелді. – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Бо­ла­­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа­ласын оқып, талдау; – жастардың білім дәрежесін, дарын­дылығын ескере отырып, шығарма­шы­лық қабілетін арттыру; – студент-жастарды ғылыми-зерттеу жобалары арқылы ұлттық құнды­лық­­тарды, біртұтастылықты, рухани бай­лықты дәріптеуге шақыру; – оқу бағдарламасынан тыс ой өрі­сін дамыту, білім көкжиегін кеңейту мақ­сатында өткізілетін ғылыми жобалар са­нын көбейту. Байқау аталған нұсқалардың бір бағыты бойынша ғана жүргізілді. Байқау шарты бойынша, 30 колледжден 35 топ (Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша) таңдалған тақырыпқа сай әлеуметтік ма­ңызы бар жобаларды ұсынулары қажет. Жо­баның талқыланып, таңдалуына бар-жоғы 5 сағат берілген. Ал, байқау басталмас бұрын, әлеуметтік ғылыми-зерттеу жобалардың маңызы туралы тренингтер өткізілді. 29 қараша күні, сағат 15.00-де Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Н.И.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында ҚР тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Шарада Қазақстан эстрада жұлдыздары мен аудан өнер­паздары өз өнерлерін ортаға салды. «Елбасы – елдің тірегі». Ұлт көшбасшысының құр­метіне арналған мемлекеттік маңызы бар шаралар еліміздің әрбір аудан, аймақтарында қарқынды түрде өткізілуде. Ендеше, сіздерді мемлекетіміздің өркендеу жолындағы ұйымдастырылатын мәдени шараларға шақырамыз!

Музыка мерекесі  алматылықтарды қуантты

«Өнерлі өрге шығар» демекші, жуырда Алматы қа­ла­сында дарынды бала­лар­дың қатысуымен «Балалар Әлем ырғағында» атты Қазақстан жастарының ІІ шығармашылық Фес­тивалінің финалы өтті. Іріктеу ке­зеңінде 2000 ба­ла­ның ішінен 18-і ғана таң­далған. Шараның өз ерек­шеліктері де бар. Шал­ғайдағы елді-ме­кен­дерде тұратын дарынды балаларға басымдық танытылып, қолдау көр­сетілді. Жобаның негізгі мақ­саты жас орын­даушылардың ішінен ең үздіктерін таңдап, өнер жолында гүлденуіне, шығармашылық әлеуетін іске асыруға жәрдемдесу. Іс-шараға Қазақстан Рес­публикасының Мәдениет және Спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі Ұлттық Комиссиясы, Алматы қаласының Әкімшілігі, Алматыдағы ЮНЕСКО Клас­терлік Бюросы қолдау көрсетті. Қазақстан көпұлтты әрі өзге ұлт өкіл­дерімен достығы жарасқан мемлекет бол­ғандықтан, жобаның ауқымы кең, форматы өзгеше сипатта өтті. Фестиваль ұлттар ара­сындағы мәдениетті жақындастырудың, еркін пікір алмасудың, жастарды ын­таландырудың көрінісі. Қазақстан жас­тарының екінші шығармашылық Фестивалі Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүшелігіне, Қазақстан Рес­публикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жө­ніндегі Ұлттық Комиссиясына 25-жыл толуына орай және ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының 70-жылдығына, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2013-2022 ж.ж. мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық он жылдығына байланысты және Алматы қаласы Жас­тар жылының аясында өткізілді. Жобаның серіктестері қатарында: «Total E&P Kazakhstan», «TengizChevroil», «AirAstana», «Caspian Project Supply Company» компаниялары, «Soho bar-concert & meat» мейрамханасы, «Grand Tien Shan Hotel» қонақ үйі болды. Жобаның бас ақпараттық серіктесі - «Алматы» Телеарнасы болса, шараның кең көлемде таралуына көмек көрсеткендер: «КТК» телеарнасы, «Classic», «Русское Радио Азия» және «Ретро FM» радиолары, «Tengri News» және «Massaget.kz» ақпараттық порталдары. 12 мен 17 жас аралығындағы 2000 қаты­сушылардың басым көпшілігі қызықты видео өтінімдерін жіберген. Музыкалық, хореографиялық өнердегі алдыңғы қатарлы мамандардан тұратын әділ-қазылар алқасына таңдау жасау оңай болған жоқ. Ереже бойынша финалға 18 адам таңдалуы қажет еді, алайда өнерлі қатысушылардың көптігінен 24-і финалға жолдама алды. Олардың ішінде Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарынан, Астана, Алматы, Атырау, Балхаш, Орал, Өскемен және Семей қалаларынан келген 7 әнші, 9 музыкант және 8 биші балалар бар. Концерт Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А.В.Беляков бастаған атақты Алматы қаласы Әкімінің Эстрадалық-симфониялық оркестрінің музыкалық сүйемелдеуімен өтті. Таң­далған музыкалық бағыттары бойынша финалисттердің барлығына шеберлік сағаттары, арнайы тренингтер өткізіліп, мәдени бағдарламаға қатысуға шақыртылды. Аз ғана уақыт аралығында жас орындаушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, достасып үлгерді. «Балалар Әлем ырғағында» екінші шығармашылық Фестивалінің басты ерекшелігі – ол жаңа достардың табысатын татулық пен достастық алаңы. Георгий Югай, қазылар алқасының мүшесі: – Әрине, әр баланың дарыны ерекше.  Кей­біреулері ысылған. Бас­қасы сахнаға жаңа шы­ғып жатқаны бар. Байқау алғаш өткізілген кезде қазылар алқасы облыстарға барып іріктеу кезендерін өткізген болатын. Алай­да, осы жылы өті­ніштерді ғаламтор арқылы онлайн түрде қабылдапты. Байқауға қатысуға ұсыныстар үш ай ішінде қабылданған екен. Енді, міне, іріктеу кезеңі өтуде. Ұйымдастырушылар алыс аймақтағы ауылдарға ерекше көңіл бөліп отыр. Бақытгүл Көбеева, ЮНЕСКО Клу­бының маманы: – Алматы мен Астана  үлкен қалалар болғандықтан, мүмкіндіктер көп. Басқа  ауылдарда, елді мекендерде орналасқан балалар мұндай мүмкіндік бар екенін біле бермейді, ақпарат уақытында жетпейді. Біздің мақсатымыз шеттен келген дарынды балаларды шығару, оларға осындай үлкен мүмкіндіктер бар екенін көрсету. Елі­міз­де мұндай байқау ұйымдастыру туралы ұсы­нысты ЮНЕСКО клубы айтқан. Оны тұңғыш Президент қоры  қолдап, осылайша іске асып жатыр. Ал, қорытынды, марапаттау кеші елі­міздегі еңселі өнер ошақтарының бірі – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық опера және балет театрында өтті. Қалыптасқан дәстүр бойынша, елі­міздің атақты жұлдыздары – Аида Аю­пова, «Mezzo», «Алаш Ұлы» және «KeshYou» топтары балаларға қолдау көр­сетті. «Балалар Әлем ырғағында» Қа­зақстан жастарының ІІ шығармашылық Фес­тивалінің Жеңімпаздарының қатарында Әзімбаев Мейірбек, Аружан Бақытқызы, Ғұмар Сұлтанбек, Темірбекова Әйгерім, Қадылбекова Ажар, Мәділ Айым, Тұр­сын­алиева Ажар, Мәділ Гүлім есімдері аталды. Фестивальдің жеңімпаздары Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде болатын Елбасының «Рухани Жаңғыру» атты жобасының таныстырылымында өнер көрсетеді. Өткен жылдарға назар аударсақ, «Балалар Әлем ырғағында» атты жастардың бірінші шығармашылық Фестивалі 2015 жылы ЮНЕСКО-ның 70-жылдығын тойлау аясында ұйымдастырылған болатын. ЮНЕСКО-ның қатысу бағдарламасының қолдауы арқасында еліміздің 1500 дарынды таланттарын қамтыды. Нәтижесінде шалғай аймақтардан келген төрт финалист ары қарай кәсіби білімін алу үшін еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде мемлекеттік грант иегерлері атанды.

Мәнді  кездесу

Медеу ауданы әкімінің бастамасымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазақстан» қонақ үйі, «Grand Ballroom» банкет залында Мектеп түлектерінің форумы өтті. 2016 жылы Медеу ауданының 80 жылдығына орай, аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Мен өз мектебіммен мақтанамын» акциясы өткізілген. Акция Медеу ауданындағы мектеп оқушылары мен осы аудандағы мектептерді тәмәмдаған айтулы ел азаматтарымен кездесу ұйым­дастыруға мұрындық болды. Форум алғашқы рет 2016 жылы өткен. Форумның басты мақсаты – еліміздің түрлі саласында қызмет етіп жүрген Медеу ауданының бір­неше жылдар бұрынғы мектеп түлектері мен оқушылар арасында танымдық байланыс орнату. Дәл осындай кездесулер арқылы жастар аға буынның өмірлік тәжірибесінен өнеге алады. Ұйым­дас­тырушылардың айтуынша, «мектеп бітіргеннен кейін, табысқа қол жет­кізіп, кәсіби тұр­ғы­да жетіліп, биік дә­ре­желерге жеткен қоғам қай­рат­кер­ле­рінің өмірлік жолы қазіргі жастарға үлгі болады». Форумға Қа­зақ­стандық танымал және табыс­ты кәсіпкерлер, мемлекеттік қыз­­­меткерлер, депутаттар, дәрігерлер, мәдениет және өнер қайраткерлері, адвокаттар, құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп директорлары, ата-аналар және т.б. қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында – Медеу ауданының әкімі Жылқыбаев Ержан Жұматұлы, «ҚР Еңбек Ері», Алматы қаласының құрметті азаматы, ҚР білім ардагері Миразова Аягүл Төреқызы, композитор, пианист, Халықаралық сайыстардың лауреаты, № 159 гимназияның түлегі Абдысағын Рахат-би Төлегенұлы, тележүргізуші, актриса, № 12 гимназияның түлегі Веронская Майя Владимировна және т.б.болды. «Медеу ауданы – Алматы қаласының тарихи орталығы.Мұн­да дәстүрлер са­бақ­тастығы өте жақ­сы сақталған. Ауданымызда сонау 1920-30 жылдардан бері құрылған мектептер бар. Мысалы № 12 гимназия, № 28 лицей-мектебі, № 56, №35, №4 мектеп гимназиялары мен жалпы білім беретін № 52 мектеп. Сонымен қатар, 20 жыл ғана қызмет етіп жатқан мектептер де баршылық», – деді Ме­деу ауданының әкімі Ержан Жылқыбаев. Тек тәуелсіздік жылдар аралығында Ме­деу ауданындағы мектептерден 30000-нан астам түлек шыққан. Алғашқы форумнан кейін жаңа мектеп алаңдары салынып, ескілері жөндеуден өткізілді. Жалпы сомасы 43 млн. 56 мың теңге жұмсалған. Акт залдары жа­ңартылып, мектеп жиһаздары, компьютерлер, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған. Оған жалпы сомасы 5 млн. астам теңге бөлінген. «Ұрпақтар сабақтастығы» акциясы аясында аудан аумағында жалпы саны 74 кездесу өтіп, 6000-нан астам оқушы қатысқан. Алғашқы форум қо­рытындысы бойынша, 2017 жылдың қаңтар айында түлектер сайты құрылды. Сайт­та әр жылғы тү­лектер туралы деректер, өткізілген акциялар мен шаралар, демеушілер мен қайырымдылық қорлары туралы ақпараттар берілген. Сонымен қатар, түлектермен байланыс орнатылып, білім саласындағы бастамаларға қатысты ұсыныстар талқыланып, мектептермен тығыз қарым-қатынас жүргізілуде. Қазіргі таңда сайттың қаралымы да жо­ғары. Күнделікті сайтқа 2000 адам кіріп, белсенділік танытуда. Алдағы уақытта ауданның әр мек­тебінде түлектер кеңесінің жұ­мы­сын ұйымдастыру, «Ұрпақтар са­бақ­тастығы» бағдарламасы аясында мектеп оқушыларымен кездесу, кәсіптік бағдар беру және тәрбие жұмысын жүргізу үшін аудан мектептерінің түлектерін, бизнес, мемлекеттік құрылымдар мен ғылым, мәдениет өкілдерін белсенді қатыстыру көзделді. Ал, 2017 жылдың қа­зан айынан бастап, 2018 жылдың қазан айына дейін түлектермен кездесулердің кес­тесін бекіту жоспарлануда. Медеу ауданы мектептерінің ең үздік түлектері туралы кітап шығару, әр түрлі мамандық өкіл­дерінің қызметі туралы объективті көзқарас қалыптастыру мақсатында өн­дірістік мекемелерге, жекеменшік фирмалар мен басқа да құры­лымдарға бару арқылы оқушыларға бағыт-бағдар беру жоспарда бар.

762 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз