• Еркін ой мінбері
  • 18 Қазан, 2018

ҚАЙМАҒЫ БҰЗЫЛМАҒАН ҚАЗЫҒҰРТ

Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген  Тұртайұлы Телғараевпен кең отырып әңгімелесудің орайы келді. Төлеген Телғараевпен арадағы сұрақ-жауап төмендегідей өрбіді. 

– Әр аймақтың өзіне тән сипаты мен ерекшеліктері болатыны белгілі. Осы тұрғыда алғанда өзіңіз басқарып отырған Қазығұрт ауданының басты ерекшеліктері жөнінде не айтар едіңіз? Халық саны, оның ұлттық құрамы, шаруашылық бағыты жайында мағлұмат берсеңіз. Биылғы жоспарларыңыз қандай? Ауданның әлеуметтік-эко­но­­микалық дамуына серпіліс беретін бағыттар ретінде қандай тірші­ліктерді атап көрсетесіз? – 2018 жылы облыспен түзілген үш жақты келісімге сәйкес 2 жобаны өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу қарастырылуда. Олар: «Қазығұрт» индустриялдық аймағында орналасқан «Көрік ШҚ» ЖШС-ның құны 285,0 млн.теңгелік «Алкогольсіз сусындар шығару» жобасы және «Ақ-ниет 5» ӨК-нің құны 125,0 млн.теңгелік «Темір бетон өнім­дері» жобасы. Ал, Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасынан тыс жалпы құны 135,0 млн.теңгелік 2 жоба іске қосылды («Қазығұрт айна» ЖШС-ның сұйық шыны өндірісі, «UNIFRUTTI GOLD» ЖШС-ның жемістер мен көкөністерді өңдеу арқылы диеталық пюрелер шығару өндірісі). Ұлттық қордан 690,3 млн. теңгеге 1 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Аудандық бюджеттен 669,6 млн. теңгеге 1 мектеп, 1 саз мектебі салынуда үшінші тоқсанда пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 2018 жылы Рес­пуб­ликалық бюджеттен 1766,4 млн. теңге­ге 2 мектептің құрылысы басталды, 2019 жылы пайдалануға беріледі. Аудандық бюджеттен 918,1 млн. теңгеге 2 мектептің құрылысы жүргі­зілуде, 2019 жылы пайдалануға беріледі. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы жол» бағдарламасы және бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы ел дамуының кепілі ретінде жан-жақты қолдау тапты. Соған орай ауданда қандай тірліктер атқарылып жатыр? – «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2017- 2018 жылы Қызылқия ауыл округі Қызылсеңгір аулында 300 орындық типтік ғимаратта Республикалық бюджеттен 725,1 млн. теңгеге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ал, Жігірген ауыл округіне қарасты Б. Құдайназаровта аудан бюджетінен 100 орындық мектептің құр­ылысы аяқталып 1 қыркүйекте лентасы қиылып бүгінде балалар оқуда. – Қазығұрт ауданы негізінен мал шаруашылығы саласымен тұрақты айналысады. Саланы өркендету бағытында жасалынып жатқан жұмыстар төңірегінде тоқталсаңыз? – Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2017 жылы ірі қара мал басы 71,8 болған болса, 2018 жылдың 7 айында ауданда 77,2 мың ірі қара мал болып, 5,4 мыңға артқан. Уақ мал мен жылқыныңда саны өскен. Аудан шаруалары мал бордақылауда қолға алған 2017 жылдың 7 айында 10,8 мың тонна ет өндірілген болса, 2018 жылдың 7 айында 13,2 мың тонна ет өндіріліп, 2,4 мың тоннаға артқан болса, сүт өнімі де 7 айында 33,4 мың тонна сүт өндіріліп, 0,2 мың тоннаға артып отыр. Ауданда асыл тұқымды мал басын көбейту жұмыстарын жүргізу бойынша «Сыбаға» бағдарламасымен аудан бойынша барлығы 8548 бас ірі қара мал алынған болса, 2018 жылы бұл көрсеткішті 450 басқа арттыру жоспарланып, бүгінгі таңға 460 ірі қара мал сатып алынды. – «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жалпы 6925 қой алынған болса 2018 жылы 1670 алыну жоспарланып, үстіміздегі жылдың 7 айында 1826 қой алынды. – «Құлан» бағдарламасы бойынша жалпы 1206 жылқы алынған болса, 2018 жылы 292 бірлікке арттыру жос­парланып, үстіміздегі жылдың 7 айында 313 жылқы алынды. – Жаңабазар ауыл округіндегі «Береке» репродукторлық шаруашылық 2017 жылы Австралиядан 192,4 млн. теңге қаржыға және Алматы облысының «Арқаралы Майбүйрек» ЖШС-нан 110 млн теңгеге 200 етті бағыттағы аналық ірі қара мал сатып алып, жалпы санын 344 басқа (аналығы-191 бас) жеткізді. – Мал бордақылау бойынша: 2017 жылы 569 бірлік бордақылау алаңдарында 10100 ірі қара мал борда­қыланған болса, 2018 жылдың 7 айында 355 бірлік мал бордақылау алаңдары ашылып, жалпы бор­дақыланып жатқан мал басы 12300-ке жеткізіліп, 4100 тонна ет өндіріледі. Соның бір айғағы Қақпақ ауыл округіндегі «Қар­қын-2030» ЖШС-гі ет өнімдерін қайта өңдеумен айналысып, осы өндірілген еттің 1000 тоннасын қайта өңдеп, шұжықтың 60 түрін шығарады. – 2016 жылы «Қайып ата» ЖШС-і 3000 бастық мал бордақылау алаңымен жұмыс жүргізген болса, 2017 жылы қосымша 2000 бастық ірі қара мал бордақылау алаңын ашып, бүгінгі таңға 5000 бас мал бордақылап 2 айналымда 2000 тонна ет өндіріледі. – «Сапа-2002» ЖШС (төрағасы Нұржан Аширов) 10 000 бас уақ мал бордақылау кешенінің құрылысын аяқтауда. Қазіргі күннің өзінде 4500 бас уақ мал басын бордақылауға қойып жұмысын бастап кетті. Сонымен қатар оңтүстік қазақ меринос қойын 4683 басқа, қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойын 3864 басқа жеткізіп, 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Шағын отбасылық сүт ферма­ларын ашу бойынша да ұдайы жұмыстар жүргізіліп келеді. 2018 жыл­дың 7 айында 94 бірлік жанұялық сүт фермалары құрылып, аудандағы жалпы 260 бірлік жанұялық сүт фермаларынан 2502 тонна сүт өндіріліп, аудан көлеміндегі 7 бірлік сүт қабылдау бекеттері арқылы «Фуд Мастер» ЖШС-не өткізілуде. 2018 жылы жоспар бойынша 56,6 мың тонна сүт өндіру көзделуде. Ау­дан халқының сүт өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру мақ­са­тында Майлыошақ елді мекенінен «Асыл бастау KZ» ЖШС-нің сүт өңдеу кә­сіп­орнының құрылысын 2019 жылы аяқтау жоспарлануда. Кәсіпорын ашылып іске қосылса 17520 тонна сүт қайта өңделетін болады. – Сонымен қатар ауыл шаруа­шылығы кооперативтерін құру бойынша бүгінгі таңға 2 дана мал сою бекеті (Жаңабазар, Агро-Даму АШӨК), 3 дана сүт қабылдау бекеті (Қаратас, Қарабау сүт, Заман АШӨК) құрылып, жұмыстар жасауда. – Ағымдағы жылы мемлекет тарапынан мал шаруашылығы саласындағы шаруаларға қолдау көрсетіліп, жалпы 547,0 млн теңге субсидия берілді. – Келешек жоспарларымыздың бас­ты бағыты ет экспортын қолға алу. Ол жұмыстар бүгіннен бастап қолға алынып отыр. Жоғарыда атап өтілгендей «Қайып ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі қара мал етінен 1440 тонна және қой етінен 300 тонна көршілес Өзбекстан Республикасына экспорттады. – Сыбайлас жемқорлық деген жау бүгінде қалың өрттей лаулап бара жатқаны жасырын емес. Осы дерттің алдын алу жұмыстары бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? – Қазақстан Республикасы Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаевтің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауының тоғызыншы бағытына сәйкес Қазығұрт ауданында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі-Жолдаудың басым бағыты» атты тақырыпта 109 жиын өткізілді және аудан әкімдігінің аппарат мәжілісіндегі күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшейту жұмыстары қаралып, тиісті тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен облысымызда алғаш рет «Адал жол – Честный путь» марафоны қолға алынып, осы марафон аясында біздің ауданымызда түрлі форматта бірқатар іс-шаралар өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Респуб­ликасының Заңына сәйкес аудан әкімі аппараты, барлық бөлімдер мен ауыл округі аппараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бекітілген. Қазығұрт ауданы әкімдігі, аза­мат­тардың құқықтарын қорғау, өтініштердің негізсіз көп сатылы қа­ра­луына және созбаландылыққа салынуына жол бермеу мақсатында өтініштерді «Тиімді шағымдар қоғамы» жобасы аясында қарап келеіміз. – Ауданда егіншілікпен қатар мал шаруашылығы қатар дамып келеді. Мал шаруашылығы саласын өркендету үшін құрама жем шығаратын цех қажет. Бұл мәселе қаншалықты шешімін тапқан? Жалпы, мал шаруашылығын жан-жақты дамыту үшін нендей шаралар атқарылуда? – Мал шаруашылығын дамыту үшін құрама жем цехтары қажет екендігі баршаға аян. Ауданымызда қазіргі таңда «Қазығұрт агро» ЖШС-де (төрағасы Ержан Көбеев), «Сапа-2002» ЖШС –де (төрағасы Нұржан Аширов) сағатына 1500 кг құрама жем шығаратын цехтар жұмыс істеуде. Сонымен қатар «Қарқын-2020» ЖШС-де (төрағасы Абдибаев Мурат), «Береке» шаруа қожалығында (төрағасы Бекжигит Төлендиев), «Самат» шаруа қожалығында (төрағасы Самат Тұрғараев) кіші құрама жем шығаратын цехтар жұмыс жасау­да. Ал, жақын арада «Айқожа» өн­дірістік кооперативінде жоғарыда атап өтілгендей сағатына 1500 кг шығаратын ірі құрама жем цехы іске қосылғалы тұр. – Биылғы, яғни 2018 жылы қазіргі заманауи технологиялық жем-шөп бағытында гидропоника өндіру қолға алынды. Ол дегеніміз сүтті бағыттағы ірі қара малдарға бидай, арпа және жүгері дақылдарын өндіріп көк балауса өндіріп беретін цехтар салуды қолға алудамыз. Бұл тәсілде аз жемнен көп калориялық көк балауса алып, сүттің өнімділігін арттыру. Аталған қуаттылығы тәулігіне 2 тонналық цехты бүгінгі таңда «Ыбрайым қажы» шаруа қожалығы іске қосып жұмыс жасауда. Алдағы уақытта бұл жүмыстар жалғасын табады. – Күн артынан күн аунап, дөң­гелеген сайын жаңа жеңістер бола­тыны белгілі. Соған сай жаңа межелер де пайда болады. Бұл ретте өткен жылдар көрсеткіштерін қа­зіргімен салыстыру қаншалықты ілгерілегенімізді паш етеді. Ендеше, ауданның әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық жағдайын салыс­тырмалы түрде айтып берсеңіз? Ауданның бүгінгі ахуалына қандай баға бересіз? – 2013 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 31114,6 млн. теңге болса, 2017 жылдың қорытындысымен 97939,7 млн. теңгені құрады. Оның ішінде: ауыл шаруашылық өнім көлемі 31641,8 теңгені құрап, 71,5 пайызға, өнеркәсіп өнім көлемі 7323,7 млн. теңгені құрап, 45,1 пайызға артты. Аудан бюджеті 2013 жылы 7748,9 млн. теңге болса, 2018 жылы 157,9 пайызға артып, 19984,2 млн. теңге өсті. Аудан бюджетінің ішкі кірісі 2013 жылмен салыстырғанда 57,9 пайызға артып, 1614,5 млн. теңгені құрады. – Қазығұрт туризм саласын да­мытуға сұранып тұрған аудан. Бұл бағытта қандай ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын білгіміз келеді. Туристік саланың дамуы қаншалықты қарқын алып отыр? – «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» жобасы аясында: «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша, «Кемеқалған» монументі аумағында қайта жаңғырту, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ысмайыл ата архитектуралық кешені аумағында демеушілер есебінен аяқ жолдарына брусчаткалар төселіп, дәретханасы мен жуыну бөлмелері қайта жөнделді, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустар орнатылды. Республика бойынша 100 киелі орындар тізіліміне Қазығұрт тауы енген. Ол жерде туристер легін арттыру мақсатында Қазығұрт ауданында жаңа туристік нысан – «Қазығұрт – Кемеқалған» туристік тарихи-мәдени кешенін салу көзделген. «Қазығұрт – кеме қалған» кешені Қазығұрт тауында орналасатын болады. Кеменің ұзындығы 120 метр, ені 30 метр, биіктігі 24 метрді құрайды, 3 қабаттан тұрады. Аталған кеменің төменгі қа­баттарында мұражай, ал, жоғарғы қабатында қонақ үй мен мейрамхана, кинозал, ең жоғарғы қабатында айналаны көру алаңшасы орналасады. Кешенге төменнен апаратын жалпы ұзындығы 2,72 шақырымдық арқан жолы, сонымен қатар келуші қонақтар мен туристерге қолайлы жағдай үшін кемеге дейінгі жалпы ұзындығы 2,4 ша­қырымды құрайтын аяқ жолдың бойын жарықтандыру мен абаттандыру және демалып тынығуа алаңшаларын ұйымдастыру қарастырылған. 7,09 км көлік жолы, 540 м² және1500 м² тұратын 2 көру алаңшаларының құрылысын салу жоспарланған. Жалпы туристік кешеннің жер те­лі­мінің аумағы 150 гектарды құ­райды. «Қазығұрт – Кемеқалған» туристік тарихи-мәдени кешенін абаттандыруды және «Кеме» ескерткішін орнату жұмыстарының эскиздік жобалары дайындалып, келісілді. Қазығұрт тауынан нысан орналасатын 4 гектар (Төлеби ау­даны), 2 гектар (Қазығұрт ауданы) жертелімдерінің құжаттары облыстық құрылыс басқармасына қайта рәсімделіп, сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасына тапсырылған. 2018 жылдың 6 айы қорытын­дысымен ауданның туристік нысандарына 1240 сырттан кіру және 12740 ішкі, жалпы 13980 туристер келген. (2017ж 6 айында 1200 сырттан кіру және 12100 ішкі, жалпы 13300 ту­ристер) «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында ауданымыздағы туристер көп келетін 4 нысанға: «Кемеқалған» монументі, Ақбура әулие кесенесі, Ысмайыл ата және Ысқақ ата архитектуралық кешендері киелі орындарына келушілерге цифрлық деңгейде ақпараттық қолдау көрсету мақсатында QR (КуАр) код тақтайшалары орнатылды. Бұл – келушіге «ON Guide» мо­бильді қосымшасы арқылы дер кезінде ақпараттық қол жетімділікті қамтамасыз ететін болады. Ауданда алдағы жылдары жаңа туристік нысандар ашылады деп күтілуде. Атап айтқанда, 2019-2020 жылдары ЖК Ж.Тұрғановтың балалар лагері, 2020-2021 жылдары ЖК Т.Мұсабаевтың балаларға арналған спорт­тық сауықтыру орталықтары іске қосылатын болады. – Үдемелі индустриалды-инно­вациялық даму бағдарламасы шеңберінде атқарылған жұмыстар жөнінде не айтар едіңіз? – Үдемелі индустриялды-инно­вациялық даму бағдарламасы аясында ауданда жалпы құны 2,6 млрд. теңгелік 7 жоба енгізіліп, 6 жоба іске асырылған, 1 жоба 2018 жылы іске қосылуы жоспарланған. Ол «Асыл бастау.КZ» ЖШС-ның құны 602,7 млн. теңгелік, 20 жұмыс орнын құрайтын «Майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май шығару» жобасы. – 2018 жылы облыспен түзілген үш жақты келісімге сәйкес 2 жобаны өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізу қарастырылуда. – Олар: «Қазығұрт» инудстриялдық аймағында орналасқан «Көрік ШҚ» ЖШС-ның құны 285,0 млн.теңгелік «Алкогольсіз сусындар шығару» жобасы және «Ақ-ниет 5» ӨК-нің құны 125,0 млн.теңгелік «Темір бетон өнімдері» жобасы. – Бүгінде кәсіпкерлік саласы табыстың қайнар көзі болып отыр. Осы салада атқарылған жұмыстар жөнінде айта кетсеңіз? – Барлық ауыл округтерінде кәсіп­керлік саласын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарла­малардың қолдау құралдары, жеңілдетілген несие шарттары түсіндіріліп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді. Кәсіпкерлік саласын дамытуға барлық қаржы ұйымдарынан 3241 тұлғаға 1803,3 млн. теңге несие берілген. Негізгі басым бағыты – ауыл шаруашылық саласы бойынша. – Сонымен қатар, 19 шағын жоба іске қосылып, 225 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, құны 135,0 млн.теңгелік 2 орта жоба іске қосылды. («Қазығұрт айна» ЖШС-ның сұй­ық шыны өндірісі, «UNIFRUTTI GOLD» ЖШС-ның жемістер мен көкө­ніс­терді өңдеу арқылы диеталық пюре­лер шығару өндірісі). – Нәтижесінде, 2018 жылдың 7 айында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 7925-ге жетіп, 109,4пайызға өскен. 11567 адам жұ­мыспен қамтылған. Олардың өндірген өнім көлемі 24963,7 млн.теңгені құрап, 265,6 млн.теңге бюджетке қосымша салық түскен. – «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бірыңғай  бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы да тоқтала кетсеңіз. – «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдар­ламасы аясында бүгінгі күнге дейін жалпы 42 жоба қолдау құрал­дарын алған болса, а.ж. 7 айында 2 жоба қосымша қолдау алып, 25 жұмыс орны ашылды. 1. Шарбұлақ ауыл округінен «Береке-Агро СТК» ӨК-не 50 гектар интенсивті алма бауы жобасына қажетті инфрақұрылым тарту мақұлданған. 2. «Қазығұрт» индустриялдық аймағындағы «Ақ-ниет-5» ӨК-не қажетті инфрақұрылым тарту мақұл­данған. – Экономикалық дамудың тағы бір көрсеткіші – құрылыс. Ауданда көптеген үйлер жөнделіп жатыр екен. Биыл қанша әлеуметтік нысан салынады? Қанша тұрғын үй салынып, қалпына келтіріледі? – Аудан аумағында бірқатар құ­рылыс нысандары жүргізілуде, атап айтқанда: Қазығұрт ауыл округі Қазығұрт ауылындағы 210 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы (404833,4 мың) және Қа­зығұрт ауылындағы 100 орындық өнер мектебі құрылыстары (436567,0 мың) жүргізілді, Сондай-ақ, Қонаев көшесі бойындағы 3 көп қабатты тұрғын үйге аудан әкімдігі, тұрғындар және жеке кәсіпкерлер арасында үш жақты миморандумға отырып жеке кәсіпкерлер есебінен 3 ғимарат қайта жөндеуден өткізілді. – 2017-2018 жылдар аралығында Қазығұрт ауылы орталығынан 16 пәтерлі 2 қабатты 4 тұрғын үй, жергі­лікті бюджет есебінен 460,4 млн. теңге құрылысы жүргізілді. Ауданның 90 жылдық мерейтойына орай, 64 отбасы тұрғын үймен қамтылатын болады. Сонымен бірге, Қазығұрт ауылы О.Жандосов көшесі бойынан жеке инвестор «Қуат Құрылыс» ЖШС-нің есебінен 2 қабатты 12 пәтерлі қызметтік тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. – Жол – экономикамыздың күре тамыры дейміз. Десек те, кей ауданда жол мәселесі күрделі күйінде қалып отыр. Ал, сіздерде бұл мәселе қан­шалықты дәрежеде шешімін тауып келеді? – Аудандық маңызы бар 25 шақы­рым 4 жолға (Қақпақ-Сырлысай, Жаңажол-Айнатас, Көктен ата кірме жолы, Ақпан-Қызылсеңгір-Атбұлақ) жалпы 745,2 млн теңге оның ішінде 2017 жылға 285,9 млн теңге, 20187 жылға өтпелі болып 459,3 млн теңге және 1 жолды (Қарабастау –Жеңіс) орта жөндеу жұмыстарына 2017 жылға 60,3 млн теңге, 2018 жылға өтпелі болып 159,7 млн теңге жалпы 220,0 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар аудандық бюджет есебінен 2018 жылға 617,96 млн теңге қаржы бөлініп жалпы ұзындығы 49,57 шақырымды құрайтын 28 көшеге орта жөндеу және 20,0 млн теңге қаржыға аудандық маңызы бар автомобиль жолдары ішкі көшелерді ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. КХ-85 «Ақжар-Рабат» облыстық маңызы бар 20-30 шақырым аралығы күрделі жөндеуден, КХ-49 «Қазығұрт-Қызылқия-Ақжар-Дербісек 0-12 шақырым және 12-30 шақырым аралығы орта жөндеуден өтуде. 2017 жылдың 8 айында Тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты­ру жоспары 1172 азаматтар болса, 1971 азаматтар жұмысқа орна­­ласып 168 пайызды құраған. 2018 жылдың 8 айында 1848 жаңа жұмыс орындары ашылып, онда 1732 аудан тұрғындары жұмыспен қамтылып отыр. Бұл дегеніңіз ауданда жұмыс­сыздар саны азайып бүгінгі таңға 5 пайызды құраса жыл соңына дейін 4,9 пайыз жоспарлануда. – Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбатты жүргізген Сабырбек ДӘНІҚҰЛҰЛЫ

702 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз