• Заманхат
  • 21 Қараша, 2018

Бастауыш мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі этнопедагогиканың рөлі

Халқымыз тәуелсіздікке қол-жеткізісімен, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруге жан-жақты кірісуі уақыт талабымен тұспа-тұс келгені даусыз. Адам үшін ең бірінші-білім емес, тәрбие десек, артық айтқандық болмас. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» – деп әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтін негізгі категорияның бірі– тәрбие. Жас ұрпақ тәрбиесі Қазақстанның егемендік алып тәуелсіздік жағ-дайына ие болғанда өз мемлекеттігін қалыптастыруға байланысты бала тәрбиесін қайта қарау маңызды міндеттердің бірі болып отыр. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің өзімізде, біздің бабаларымызда осы жерді мекен етеді. Егер, біз өзіміздің елімізді, өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, осы жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әрбір талшыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендіктен рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін атап көрсетті. Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі халықтың береке-бірлігінде, ынтымақ-ықыласында, елдігімен-ерлігінде екендігіне еш-кімнің дауы бола қоймас. Қазақ-стандық патриотизм қоғамды топтастырудың жетекші факторы болып қала береді. Мемлекетіміздің беріктігімен күш-қуат өміршеңдігі де оның ұлан байтағына, біртұтастығына, Отанды сүюге, патриотизмге байланысты. Жас ұрпақтың, оның ішінде төменгі сынып оқушыларының төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклормен тығыз байланысты. Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі – бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Халқымыздың отансүйгіштік, патриоттық туралы ұлттық мұрасының даму тарихына үңілетін болсақ, ХV-ХVII ғасыр-лардағы Асан қайғыдан бастаған, Ақтамберді, Доспамбет, Шалкиіз, Махамбет т.б. ақын-жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік ой-пікірлерінен көреміз. Жалпы, ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерде халықтық педагогика құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы көрнекті ағартушы-педагогтардың, соның ішінде Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсаринның, М.Жұмабаевтың және т.б. маңызды ой пікірлері, отансүйгіштік, патриоттық туралы қағидалары қазіргі кезде өз жалғасын табуда. Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи-этникалық мұрасын, ұлтының әдет-ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтанышын туғызуға оқушыларды жастайынан тәрбиелеп бастауыш мектеп саласымен айнылысатын педагогтардың міндеті болмақ. Патриотизмнің құрамдас бөлі-гі болып табылатын маңызды элементтердің бірі – рух немесе ұлттық патриотизм өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде қалыптастырылуы тиіс. Патриотизм өзінің шыққан тегінің бірлігі мен орталықтығы, туған жеріне, тіліне, өскен ортасына, мінез – құлқына, психологиялы және этнографиялы ерекшеліктеріне тән ерекше тарихи ұлттық дәстүрмен тығыз байланысты.Ұлттық сезімдерді патриотизм арасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу және оларды міндетті түрде бала санасына сіңіре білу қажет. Рухани тәрбие, моральдық ұстаным, Отанын, халқын, елін сыйлауға тәрбиелеу, оқыту жүйесінің басты мақсаты болып келген. Халқымыздың аса бай тарихы ерлік, азаматтық дәстүрлерді жалғастыуды керек етеді. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ата-баба салты, сыйластық, жомарттық, азаматтық және батырлық қасиеттер бүгінгі жас ұрпаққа ауадай қажет. Отанын сүйген, өз елінің болашағын ойлаған біліктіде білімді жас мамандар қазіргідей шетелге қашпай өз елінің түтінін түтетіп жүрер еді.Отаншылдық, патриоттық тәрбиенің көмескіленуінен әлгіндей әрекеттер кеңінен етек алуда. Отаншылдық, ел- жұртын сүю, азаматтық борышын атқаруға арқа болатын халықтық рухани құндылықтың бірі – ар-намыс. Бұл борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш. Осы тұрғыдан алғанда ар-намыс қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік -психологиялық ерекшелік болмысы және ол азаматтың елін, жерін сүюге отандық ойлау жүйесінің негізі болмақ. Сондықтан баланың жасынан ар намысын қалыптастыру үшін халықтық ертегілердегі ер-азамат бейнесін сомдап, үлгі етіп, мақтанышын, ерлігін мадақтап тәрбиелеудің маңызы зор. Дәстүрлі қазақ эпосы-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып, ғасырдан-ғасырға ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра болып жетіп отыр.Елін, жерін қорғаған батырларды мадақтап жырға қосу арқылы халық жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттілікке, ұлтжандылыққа үйретуге тырысқан. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалауда жаңа педагогикалық парадигмалардың ішінде гуманистік парадигма тұлғалық-бағдарлы дамыту тұжырымдамасын қолдайтын бірден бір бағыт болып табылады. Бұл бағыт бойынша жас ұрпақтың гуманистік көзқарасын қалыптастыру шараларының күтетін нәтижесі тәрбие әрекеттерінің жалпыадамзаттық табиғатпен үйле-сімділігін қамтамасыз ету бүгінгі педагогикалық қауымдастықтың ал-дында тұрған басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің гуманистік сипатын ашатын рухани құндылықтар ұлттық мәдениетпен ұштасқанда ғана жас ұрпақтың гуманистік көзқарасын қалыптастыру мүмкін болатындығы Қ.Бөлеевтің, Ж.Наурызбай, С. Ұзақбаева және К.Ж.Қожахметованың қазақ этнопедагогикасының мето-дологиялық негіздері бойынша жазған ғылыми еңбектерінде жан -жақты зерттелсе де оның жалпы орта білім беру жүйесінде қолданылу аясының зерттелуі жеткіліксіз болып отыр. Сол сияқты отансүйгіштікке тәрбиелейтін мақал-мәтелдердің алатын орны өз алдына бір төбе, оның жас балалар үшін пайдасымен атқаратын рөлі зор. Мысалы, «Ит туған жеріне», «Өз елім өрен төсегім» т.б. мән-мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнісін түсіндіре отырып, бала тәрбиесінде кең пайдалануымыз керек. Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі. «Адамзат ұрпағымен мың жасайды» – дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Бүкіл әлемдік өркениетте үлкен орын алатын, ғұлама Абу Насыр әл-Фараби «Тәрбиесіз білім қауіпті», – деген болатын. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты – әрбір тұлғаны жан-жақты жарасымды етіп тәрбиелеу. Олай болса, келешек ұрпаққа білім-ғылым нәрін егумен қатар, өз халқымыздың тағлымдарын үйретудің мәні зор. Ұлттық ойындардың да балаға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Бәйге аттың озып келуі баланы батылдық пен өзектілікке, шапшаңдылыққа, ептілікке тәрбие-лейді. Жастайынан ат құлағында ойнайтын қазақ баласы үшін бәйге ертеңгі әскери мектептің бір сынағы іспеттес. Қазақтың баланы жасы жетіге келгенде атқа мінгізіп, үзеңгіні ұстау, ел болуға, өз ісіне жауапты болуға меңзегені де жақсы дәстүр. Бұл жерде баланы жетіге келгенде мектепке баруыда, оң-солын танудағы алғашқы қадамыда кездей соқтық емес. Жалпы, кез келген адам соғыс іс-әрекетінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани тұрғыдан дайын болу керек. Араға бірнеше жылдар салып ел арасында үнемі мақтанышпен айтылып жүрген қазақ халқының рухына жақын, санамызда жатталып қалған Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстанымның» әнінің ресми түрде еліміздің әнұраны болуы халқымыздың мәртебесін көтеріп, Отаншылдық, патриоттық сезімімізді тербеп, серпілтіп бастады. Осыған орай, мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеуге қатыс-ты ғылыми-педагогикалық әдебиет-термен ғұлама ғалымдардың тарихи-философиялық еңбектеріне сүйене отырып, біз бастауыш мектеп оқушыларын бүлдіршін кезінен бас-тап рухани патритоизмге тәрбиелеу керек деп ойымды тұжырымдаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер: Қожахметова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. – Алматы, 1993ж. Н.Назарбаевтың « Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясатының басты мақсаты » атты Қазақстан халқына жолдауы// Егемен Қазақстан, 27. 01. 2011 ж. Л. Сейдахметов Оқушының патриоттық тәрбиесін қалыптастыру « Қазақстан мектебі » 2011 ж. Қазақстан Республикасын-дағы Білім туралы заңнама. Буртовой И.Д., Әбдіғалиева, Балтабаева Ж. Бастауыш класс оқушыларының оқу икемділігі мен машығын қалыптастыру. Алматы: Мектеп. 1987-52 б. С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова «Этнопедагогика» Астана 2007ж.

Нұржамал Телходжаева, педагогика ғылымының магистрі

Түркістан облысы, Жетісай қаласы

728 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз