• Тарих толқынында
  • 22 Қараша, 2018

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сай  қолға  алынған «Ұлт Жоспары – бес институттық реформаны»  жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» 80-қадамына байланысты және Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілмек. Жүйені енгізу кейінге шегерілгенімен, МӘМС туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде.   

Медициналық сақтандыру – халық денсаулығын қорғау жүйесі. Дамыған елдердің көпшілігі оны денсаулық сақтау саласында қолданып, нәтижесін көріп отыр. Мұнда арнайы қорға жиналған қаражат есебінен тегін медициналық көмек алуға болады. Мысалы, Германия, Франция, Голландия, Швейцария, Бельгия елдерінде бұл жүйе бұрыннан бар. Дамыған іргелі елдерде науқастардың дертін ерте кезден анықтауға баса мән беріледі. Ол үшін көпшілік арнайы медициналық тексеруден өткізіліп отырады. Арнайы медициналық тексерістен өту аурулардың асқынып кетпеуінің алдын алады. Біздің еліміздегі жүйе де Еуропа елдерінде қалыптасқан озық тәжірибеге сүйене отырып әзірленген. Міндетті медициналық сақтан-дыруды екіге бөліп қарастыруға болады, оның біріншісі – негізгі сақтандыру түрі. Бұл сақтандыру түріне мемлекеттік бюджеттен тегін көрсетілетін медициналық қызметтер кіреді. Ол еліміздің барлық азаматтарына қолжетімді болады. Мемлекет өз міндетіне медициналық қызметтердің бірнеше түрін алады. Мысалы, жедел жәрдем қызметін, санитарлық авиация-ны, әлеуметтік маңызы бар ауруларға ем көрсетуді, төтенше жағдайда көмек көрсетуді және алдын алу шараларына қатысты екпелерді өз міндетіне алады. Ал, екінші түрі – міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында қаржыландырылатын сақтандыру. Бұл негізгі сақтандыруға кірмеген басқа да медициналық қызметтер түрін қамтитын сақтандыру болады деп көзделуде. Оған амбулаторлық-емханалық көмектер, ауруханада жатып емделу, жоғары технологиялық көмектер кіреді. Сақтандырудың осы түрі міндетті сақтандыру жүйесіне тіркелген азаматтар үшін қолжетімді болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарға 2020 жылға дейін амбулаторлық-емханалық қызметті бюджет есебінен тегін көрсету де қарастырылған. Сондай-ақ, заңға сәйкес азаматтар жеке басына арналған, өз қаражаты негізінде немесе жұмыс берушінің қаражатына жасалатын сақтандыру түрлерін де жасай алады. МӘМС-ды енгізумен ішкі жалпы өнімнен денсаулық сақтауға жұмсалатын жалпы шығын пайызы өседі, бұл медициналық қызметтердің жоғары сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Мемлекет заңға сәйкес халықтың бірнеше топтары үшін үлкен жеңілдік-тер жасауда. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады, оның ішінде 12-сі – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы. Яғни, қорға салатын қаражаты жоқ жандарға мемлекет ақша төлейді. Мысалы, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар мен ҰОС ардагерлері және мүгедектерге мемлекет тарапынан төлемдер жасалады. Сонымен қатар, жұмыссыз жүкті әйелдер мен зейнеткерлер және жұмыссыз ретінде тіркелген, т.б. азаматтарға да жеңілдіктер қарастырылған. Айта кету керек, МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі қорға төленетін жарна көлеміне тәуелді емес. Ең бастысы, жарна уақытылы әрі үнемі төленіп тұрса болғаны. Бір жағынан осы жүйе арқылы жекеменшік ауруханалар мен мемлекеттік ауруханалар арасында бәсекелестік орнайтыны рас. Себебі, медициналық сақтандыруы бар азамат медициналық мекемені таңдай алады. Тек сол мекеме МӘМС жүйесінде жұмыс жасауы қажет. Осы арқылы жекеменшік ауруханалардың қызмет көрсетуі қалай болса, өзіне емделушілердің келуі үшін мемлекеттік ауруханалар да қызмет сапасын арттыратын болады. Сақтандырудың жеке адамға пайдасына келсек, ҚР аумағында Сіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық көмекті, емхананың шығыстарын толығымен Қор өтейді. Екіншіден, әр азамат ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатылады. Үшіншіден, елдің кез келген дәріханасында ұсынатын, құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған дәрілік заттардың тізбесіне толық қолжетімділік (Қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген). Төртіншіден, ӘлМСҚ-да Сіздің пайдаңызға аударылған салымдар және медициналық ұйымдарда Сізге көрсетілген қызметтер туралы ай сайынғы ақпаратты алу мүмкіндігі. Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе немесе МӘМС қатысушысы ретінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қор арқылы өз құқықтарыңызды және мүдделеріңізді қорғай аласыз. Балалар үшін 18 жасқа дейін мемлекет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына салымдар енгізеді. Екіншіден, егер Сіз жұмыс істемесеңіз және 3 жасқа дейінгі баланы күтумен айналыссаңыз, онда мемлекет сол кезеңге Сіз үшін де міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлеуді жүзеге асырады. Басқа жағдайларда медициналық көмек алу мүмкіндігін сақтап қалу үшін Сізге: а) Тұрғылықты орын бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңыз қажет. Ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз мәртебесін аласыз және бұл жағдайда мемлекет белгіленген уақыт ішінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін салымдар төлеу бойынша міндеттемені өз мойнына алады. б) Салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелесіз және Сіз мәлімдеген табыстың немесе табыс болмаған жағдайда 2 минимальді еңбекақы төлемінің 5%-ы көлемінде салымдар жасауға болады. в) Егер Сізге алдындағы екі нұсқалар жарамаса, онда Сізге өз бетінше екінші деңгейдегі банктер арқылы төменгі еңбекақы төлемінің 5%-ы көлемінде Медициналық сақтандыру қорына салымдар жасауға болады. Жұмыс істеу кезеңінде азаматтан алынған табыстан аударады, ал, жұмыс жоқ кезеңде немесе ТЕТ 5%-ы көлемінде өз бетінше аударады немесе тұрғылықты орны бойынша Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде хабарласуға тиіс. Бұл жағдайда оның орнына жарналарды мемлекет аударады. Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 2-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ, оралмандар, егер басқасы қолданыстағы заңмен көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей құқықтарды қолданады және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде міндеттемелерді атқарады. Еңбекші мигранттарға медициналық көмек мемлекетаралық келісімдер шеңберінде көрсетіледі. Мысалы, Еуразиялық кеңістіктің бес елінің (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Белорус) аумағында жедел және шұғыл медициналық көмек тегін негізде көрсетіледі. Егер мұндай келісімдер болмаса, онда еңбекші мигранттар ҚМС шеңберінде және ортаға қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмек алады. Статистикалық деректер бойынша, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың саны ҚР-да қазіргі таңда 500 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл халық санаты 2020 жылға дейін, жоспарлық госпитализациялау, яғни адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнбейтін жағдайлардан басқа барлық медициналық қызмет пакетін алады. Сонымен қатар, аталған халық санатына мүмкіндік ұсынылады: а) Тұрғылықты орын бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңыз қажет, ол жерде сіздің біліктілігіңіз бен жұмыс тәжірибеңізге сәйкес жұмысқа орналасу нұсқаларын ұсынады. Егер ұсынылған нұсқалар жарамаса, онда Сіз жұмыссыз мәртебесін аласыз және бұл жағдайда мемлекет белгіленген уақыт ішінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына Сіз үшін салымдар төлеу бойынша міндеттемені өз мойнына алады. АИТВ-инфекциясымен байланыс-ты, әлеуметтік-маңызды аурулардың тізіміне кіретін медициналық қызметтермен қамтамасыз ету, тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі шеңберінде ұсынылады және сақтандыру пакетінің кеңеюіне байланысты Қорға беріледі. Айта кетерлігі, міндетті сақтандыру бойынша шипажайлық-курорттық емделу көзделмеген. Бірақ, ӘлМС шеңберінде, сақтандыру қаражаты есебінен бірқатар аурулар (инсульт, инфаркт, онкология, трансплантология) бойынша оңалту көмегін кеңейту болжануда. Қазақстанның медициналық сақтандыру қорымен аумақтық белгісі бойынша шарт жасаған медициналық ұйымдар туралы ақпарат алу. Медициналық сақтандыру қорының ресми порталында ӘлМСҚ-пен келісімшарт жасаған медициналық ұйымдардың тізбесі орналасады, сондай-ақ, қордың ақпараттық қызметтерінде ақпарат алуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жағдайында, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған конкурсқа жұмыскерлерінің саны, техникалық жабдықталу және медициналық көмек ұйымының құрылымы белгіленген төменгі талаптарға (стандарттарға) сәйкес келетін медициналық ұйымдар ғана қатыса алады. Конкурсты тек сапалы медициналық қызмет көрсеткендер ғана жеңіске жете алады. Ал, ауылдық денсаулық сақтауға қатысты болса, онда оларға жалғыз қызметтерді жеткізушілер ретінде, ӘлМСҚ, ұсынылатын медициналық көмектің сапасын жыл сайын арттыру талаптарын қояды. 2018 жылдан бастап ауруханалар мен емханаларда техникалық қайта жабдықтау мүмкіндігі пайда болады, өйткені, осы жылдан бастап Қор амортизациялық аударымдарға қаражат бөледі. Төртіншіден, қолданыстағы ақпараттық жүйе бүгінгі таңда қабылдауға EGOV, медициналық ұйымдардың өз порталдары арқылы жазылуға мүмкіндік береді. МӘлМС енгізу сәтіне қарай барлық ұйымдардың МӘлМС-тің АТ-жүйелеріне рұқсаты болуы тиіс. Мемлекет қазіргі кезде халыққа ұсынылатын тегін дәрілік заттардың тізімін анықтады. МӘлМС пакеті шеңберінде осы тізбе тек сақталып қана қоймай, сондай-ақ, бірқатар позициялар бойынша кеңейтіледі және жақсартылады. Медициналық сақтандыру қоры тек Қазақстан Республикасында көрсетілген медициналық қызметтерге ғана төлейді. Медициналық сақтандыру қорынан сақтандыру салымдарының аударылуы туралы ақпаратты автоматты түрде жеке электрондық поштаңызға алуға болады немесе жеке мәліметтеріңізді көрсете отырып, Қорға ресми түрде сұрау жібере аласыз. Егер ғаламторға кіруге мүмкіндігіңіз болмаса, онда Медициналық сақтандыру қорындағы салымдар туралы Сіз бекітілген емханаға, МЗТО, ХҚҚО, аумақтық жұмыспен қамту орталықтарына хабарласып білуге болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына жататындарға 2020 жылға дейін жоспарлық госпитализациялаудан басқа медициналық көмектің барлық пакеті ұсынылады. Жұмыс орнын ауыстыру кезінде, жаңа жұмысқа ауысқанға дейін үзіліс болса, ұсынылатын нормалар бойынша соңғы салым жасалған айдан бастап 3 айдың ішінде МӘлМС-те медициналық көмекке құқық сақталады, сонымен бірге 3 айға жасалатын салымдарды төлеу міндеттемесі (қарыз) сақталады. Жеке зертханаға жүгінген кезде медициналық сақтандыру қоры зертхананың қызметтерін тікелей төлемейді. Бірақ, егер зертхананың емханамен жасалған келісімшарты болса, ал, емхананың медициналық сақтандыру қорымен жасалған шарты болса, олар тегін болады. Егер Сіз жұмыскер болсаңыз, онда заңнамаға сәйкес жұмыс беруші ай сайын, келесі есепті айдың 15-жұлдызынан кешіктірмей Сізге есептелген (ұсталған) және аударылған салымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметті ұсынуға міндетті. Сондай-ақ, бұл ақпаратты Қордың бөлімшелерінен, МЗТО, ХҚҚО, e-gov порталында және Сіз бекітілген емханаларда тексеруге болады. Медициналық сақтандыру қорына салымды аударған сәттен бастап адам МӘлМС жүйесінде сақтандырылған болып есептеледі. Ерікті медициналық сақтандыру жойылмайды. МӘлМС пакетіне кірмейтін бөлек медициналық қызмет түрлері ҚМС арқылы төлене алады, мысалы, ересектерге арналған стоматология, зиянды өндірістерде жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін міндетті мерзімді қаралу, шипажайлық-курорттық емдеулер және т.б. Барлығы жеке адамның немесе кәсіпорынның қалауы мен қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Жеке адам немесе кәсіпорын (ұжымдық шарт негізінде) МӘлМС пакетінде қызметтерді қосарланбайтын ҚМС қызметтер пакетін таңдай алады. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтарды тең дәрежеде пайдаланады және міндеттерді атқарады. Заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын 12 әлеуметтік жағынан осал санатты шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жарналар мемлекет төлемейді. Сонымен қатар, министрлік «ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша және әлеуметтік-еңбек саласы» бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын 12 әлеуметтік жағынан осал санатты шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қорға жарналарды мемлекеттің төлеуі туралы ұсыныстар енгізуде. Сонымен қатар, Заңның 3-бабының 2-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылатынын атап өту керек. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ТМККК ұсынуға қатысты, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 88-бабының 5-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулары болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар. «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдiктер әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiнде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты мiндеткерлiкте болады. Осыған байланысты, ҚР аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР азаматтарымен әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiндегі тең ахуалын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасының тұжырымдамасы арқылы, ұқсастығына қарай, ҚР азаматтарымен қатар оларға ТМККК алуда тең құқық беру ұсынылады. Шұғыл жағдайлар кезінде кез келген медициналық ұйымдарға тіркеусіз немесе жолдамасыз хабарласуға болады. МӘлМС пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының барлық аумағында, аумақтық тиістілігі мен меншік нысанына тәуелсіз ұсынылады. Сонымен бірге жалғыз шарт медициналық ұйымның Медициналық сақтандыру қорымен жасалған келісімшарты болып табылады. Мамандардың айтуынша, сақтандырудың ең тиімді тұсы – адамдардың өз денсаулығына жауапкершілігі артады. Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты, дегенмен мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген жағдайларды, ұтымды және жақсы мүмкіндіктерді жасап отыр. Ендігі жерде бұл мәселеге мемлекет және жұмыс беруші де белсенді араласпақ. Мысалы, сақтандыру жарналарын азаматтарға жұмыс беруші мекемелер төлеп отырады, ал, жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдар үшін жарна мемлекеттен аударылады. Сондай-ақ, еңбеккер азаматтар өз жалақыларынан мақсатты салымдар аударады. Бұл жүйе халықтың барлық топтары үшін медициналық және дәрі-дәрмектік көмектің тең көлемі мен сапасын қамтамасыз етеді. Қормен келісімшартқа отырған емдеу мекемелеріне қаражат бөлгенде сапалы қызмет пен азаматтардың қанағаттану деңгейі есепке алынады. Осы арқылы денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығы артып, жұмыс нәтижесі жақсарып, медициналық қызмет сапасы мен денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілеттілігі артады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында білікті дәрігерлер көбейіп, медицина қызметкерлерінің жалақысы артады. Дәрі-дәрмекпен, амбулаторлық көмекпен қамту көлемі өсіп, диспансерлік есептегі науқастар үшін бөлінетін тегін дәрі-дәрмек босатуда арадағы делдалдар жоғалып, науқас үшін қолайлы жағдай туындайды. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жұртшылықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін де шешуі тиіс. Бүгінде мемлекет кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде 40-тан астам ауру түрі бойынша 200-ден астам дәріні тегін береді. Ал, бұл препараттардың дәріханаларға түсуі, оның тиісті адамдарға жетуі күрмеулі мәселеге айналғалы қашан?! Алдымен тендер жарияланып, оны белгілі бір компания ұтқанша, диспансерлік есепте тұрған халық дәрі-дәрмегін күтумен сарғаяды. Ал, сақтандыру қоры дәріханалармен ешқандай делдалсыз, тікелей келісімшарт жасасуды қарастырып отыр. Мұндай тәсіл арқылы жұртшылық дәрілік препараттармен уақытылы қамтамасыз етіліп қана қоймай, дәріні таңдау мүмкіндігіне ие болады. Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін емханалардағы ұзынсонар кезек жойылады дейді мамандар. Емделушілердің барлығы алдын-ала тіркелгендіктен, кезек күтіп тұруға еш негіз болмайды. Қорыта айтқанда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мемлекет үшін ғана емес, қарапайым халықтың мүддесі үшін де қажет. МӘМС жүйесіне кірудің басты шарты – емханаға тіркелу. Емхана – бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйым. Бұл жалпы тәжірибелік дәрігердің, учаскелік дәрігерлердің және салалық дәрігерлердің қабылдауы, зерттеу, ем-шара алу, медициналық тексерулер, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, балалар патронажы және жүкті әйелдерді қабылдау, үйге дәрігерді шақыру және «Ауруханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы стационарға емделуге жіберу. Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымына тіркеу бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық мекемені еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрғылықты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жері бойынша іске асырылады. Бір мезетте бірнеше емханаға тіркелуге болмайды. Былайша айтқанда, аумақтық принцип сақталуы тиіс. Сондықтан, әркім өзіне ыңғайлы, барып-келуге қолайлы емдеу мекемесін таңдағаны жөн. Ол азаматтардың тұрғылықты жеріне, жұмысына немесе оқу орнына жақын орналасқан емхана болуы әбден мүмкін. Емхананың жақын орналасуы Сізге және Сіздің учаскелік дәрігеріңізге ыңғайлы. Үйге шақырған кезде ол Сізге уақтылы және сапалы көмек көрсете алады. Емханада сіз туралы мәліметтер «Тұрғындарды тіркеу регистрі» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Сондай-ақ, азамат тек бір емханада ғана тіркеле алатынын білуі керек және бір уақытта бірнеше емханада тіркелуі мүмкін емес. Азаматтардың өздері өтініштерімен келіп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымына тіркелу кезінде, бұдан бұрын бекітілген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарынан автоматты түрде шығару «Тұрғындарды тіркеу регистрі» порталының мәліметтер базасы арқылы іске асырылады. Азамат дәрігерді және емхананы еркін таңдау кезінде емханаға тіркелу бір жылда бір рет қана іске асырылады. Емханаға тіркелу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу үшін өте маңызды. Өйткені, емхана арқылы денсаулық сақтау жүйесіне болашақ сақтандырылған азаматтарға сақтандыру медицинасының пакеті шеңберінде медициналық қызметтер алуға жол ашылады. Тіркеу барысында еліміздің әрбір тұрғыны өзінің алғашқы медициналық көмек ұйымына жататынын ғана емес, өз санаты – жалдамалы жұмысшы, жеке кәсіпкер, ресми түрде табысы жоқ өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат немесе еш жерде тіркелмеген жұмыссыз азамат екенін айтуы керек. Ертеңгі күні сақтандыру статусын және қажетті медициналық көмек алу кезінде қиындықтар туындамас үшін, осының бәрін қазіргі кезде анықтап алған маңызды.

Дина ИМАМБАЕВА

 

535 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз