• Еркін ой мінбері
  • 31 Шілде, 2021

Сарбаздар атыс жаттығуында ептіліктерін жетілдірді

Приозерск гарнизонындағы әскери бөлімнің жеке құрамы қатарын толықтырған сарбаздар атыс даярлығының жоспарына сәйкес АК-74 қаруынан оқ ату жаттығуын өткізді.

Атыс жаттығуының мақсаты сарбаздардың машығын жетілдіріп, дағдыларын шыңдау болып табылады.

Жаттығу алдында жеке құрам қауіпсіздік ережелерін қайталап, қаруды бөлшектеп, қайта жинау іс-қимылдарын орындап, атыс алаңында оқ атуды орындады. Медициналық көмек көрсету сабақтарына қатысты. Бұдан өзге сарбаздар әскердің күнделікті дене даярлығы, мемлекеттік құқықтық даярлық сабақтарына да қатысып, әскери өмірдің қыр-сырын үйреніп, дағдылануда.

Бұл сарбаздардың әскери бөлімдегі бірінші атыс жаттығуы емес. Сондықтан олар қарудан атуда үздік нәтижелер көрсете білді.   

  • Алғашқы күндері қаруды ұстап, одан ату қобалжытқаны рас. Дегенмен, уақыт өте келе тәжірибе мен машықтанудың нәтижесінде, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеміз, - деді үздік нәтиже көрсеткен ефрейтор Бекзат Амалбек.

Сарбаздар бір жыл бойы тек АК-74 автоматынан оқ атуды орындап қана қоймай, басқа да қару түрлерін зерделейді. Әскердің, тәртіпке бағынудың, Отанды қорғаудың барлық қыр-сырын үйреніп, нағыз жігіттік мектептен өтеді.

  • Бүгінгі атыста сарбаздар алғашқы кезбен салыстырғанда машықтанғанын, ептілік пайда болғанын, жүрексінудің сейілгенін көрсетті. Осылайша, бір жыл ішінде дәлдікті, көздеуді, нақтылықты біліп қана қоймай, тәртіпке, ережеге, саптық даярлықты үйренеді, - деді нұсқаушы сержант Айбек Күртібаев.

Әскери бөлімде мерзімді қызметтегі сарбаздармен өткізілетін барлық шарада санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатынын айта кеткен жөн.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы

                                             Думан Құрманғалиев

                                                                                             

3149 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз