• Ел мұраты
  • 22 Қыркүйек, 2021

«АҚИҚАТТЫҢ» БОЛАШАҒЫ АЛДА ДЕП БІЛЕМІН

 

Ғарифолла  ЕСІМ, академик, абайтанушы, экс-сенатор,

 «Ақиқат» журналының 1990 жылдардағы қызметкері

«Ақиқат» қоғамдық-саяси журналы – тәуелсіздік алған алғашқы жылдары қазақ қоғамына үлкен ықпал еткен басылым. Бас редактор Камал Смайылов келгеннен бастап журнал бетінде сол уақыттың ең күрделі әрі өзекті мәселелері туралы өткір мақалалар жариялана бастады.

Белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері саяси, экономикалық,  мәдени, рухани өмірге терең талдаулар жасап отырды. Жұрт «Ақиқатты» оқитын болды. «Ақиқатта» айтылған ойлар мен пікірлермен санасатын болды. Басылымда жарияланған материалдар жоғары мектеп студенттері үшін өте қажетті қосымша құралға айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өтпелі қоғамның өзекті мәселелері мен келешектің мақсат-міндеттері айқындалып, журнал бетінен көрініс тапты. 1989-1997 жылдары «Ақиқат» қоғамдық-саяси журналына тең келетін басылым болған жоқ.

Қазір де журнал осы дәстүрді жалғастырып келеді, басшылыққа жас буын келді, журналдың жаңа тынысы ашылды. «Ақиқаттың» болашағы алда деп білемін. «Ақиқат» қоғамдық-саяси журналының 100 жылдық мерейтойы құтты болсын! Журнал ұжымы мен оқырмандарына сәттілік тілеймін!   

[1]

 


[1]          

 

1693 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз