• Ел мұраты
  • 29 Қазан, 2021

Адам дағдарысы: Иван Бунин

Иван Бунин: «Мы не купцы с базара» – дейді. Қазақшаласақ «Біз базар судагерлері емеспіз». Сонда ол нені саудаға салуда. Өмір бәрібір базар. Сірә, ар саудасы болса керек. Бірақ, ар саудалана ма? Саудаланады, егер сіз дінсіз болсаңыз. Әлемде қаншама ел бар, мемлекет бар. Соның бәрінде кілем сатылады, ол әшекей әрі тұрмыс бұйымы. Ал ар мәселесі қалай, ол үшін Иван Буниннің айтуынша мешітке бас сұқ. Ойлан. Әр нәрсенің нарқын біл. Мешітттің базар еместігін түсін. Адамдардың көп баратын жері – базар. Мешітке де адамдар көп баруда. Айырмашылығы бар ма? Бар, бірақ оны анықтау осал шаруа емес. Тұрмыс үшін базар жақын. Арды ойласақ – дін қажет. Арсыз адамның діншіл болғаны қауіпті. Дін – рухани тазалық, Иван Бунин түсінігінде исламды, ол: 

Развернися, воостань –

И восстанет Ислам, – деген.  

Дін тазалығына да талғам қажет. Діннің тарихи түрлері көп. Ал, асқақ идеяны аспандатқан Алланың сүйікті құлы, елшісі Мұхаммед пайғамбар дін тазалығының символы. Тазалық сыры – құпия. Таза болу тек тән тазалығы ғана емес, тазалықтың құпия белгілері бар, соны Иван Бунин білген, сезген қалай десек те орынды.

И он сказал: Девиз мой страшен.

Он – тайна тайн: Элиф. Лам. Мим.

Элиф. Лам. Мим? Но эти знаки

Темны, как путь в загробном мраке:

Сокрыл их тайну Мохаммед...

Молчи, молчи! – сказал он строго, ­– 

Нет в мире Бога, кроме Бога.

Құдай жалғыз, Мұхаммед оның елшісі, бұл мұсылмандық қағида. Осы мәселеге Иван Бунин ақын ретінде келген. Құпияның құпиясын кім білген, ешкім де емес, оның белгілері: Әліп, Ләм, Мим.

Осы үш сөзді түсіндірмек болғандар жеткілікті, бірақ олардың адамдарға құпиясы ашылар ма екен? Жалпы жаратылыстың құпиясы болмаса, ол жаратылыс па? Құпиясы болмаса, қолдан адам жасап алмаушы ма едік баяғыда. Дінсіздер мұндай іспен әрекеттенуде, бұл құпияның құпиясына қол сұғу. Ондай жағдайлардың қайда бастайтыны белгілі, оны қысқаша ақырзаман нышандары деп тоқталайық. Себебі ақырзаман дегеннің не екенін кім білген.

Құпия дегеннен шығады, бүгінгі күннің әңгімесі коронавирус қайғысы. Емі жоқ дүлей бірдеме. Дәрігерлер коронавируспен ауырып жазылғандар ағзасында осы індетке қарсы ем боларлық «антиденелер» бар деп айтуда.  Сонда ойланып қалдым, біздің дәрігерлер деп жүргеніміз адамның бойындағы орасан зор қуат көзін пайдаланушылар ма деп. Себебі, коронавируспен емдеп тұрған (әрине, дәрігерлер өкпені тазалап, үрлеп әуреленіп, содан нәтиже шығарып жатқандары шындық) адамның өзі. Індетке шалдыққан адам ағзасында қалыптасатын «антиденелер», ол адамның өзінің өзіне жасаған емі емес пе? Хакім Абай айтқандай, ауруды берген құдай, ауыртқан құдай емес. Құдай адамға қандай індет болмасын, соның емін қоса берген. Ғалымдар айтуда, кейбір адамдарды мұндай індеттер ала алмайды екен, себебі оның ағзасында індетке қарсы «антиденелер» бар. Оны берген Жаратушы, олай болмаса күллі адам баласы індеттен қырылып қалу қаупі бар. Жаратылыста ондай жаппай қыру бағдарламасы жоқ, керісінше сақтап қалу бағдарламасы барға ұқсайды.

Ертеде ағылшын жерінде оба болып, халық жаппай қырыла бастағанда, кейбі­реулерді індет алмаған, себебі олардың ағзасында қарсы ем болған. Қазір де солай кейбір адамдарды коронавирус ала алмайды екен.

Ақын – жаратылыстың жаршысы, бірақ жаратылыс сыры – құпия. Ол адамзаттың азығы. Сыры ашылып қалған жаратылыстың несі сән. Жаралған жаратылыс бізге өз құпиясын сақтай отырып енген. Сонда оны құпиялы жаратылыс дейміз. Ақын осы мәселені баяндаған.

***

Иван Бунин «Проклят тот, кто велений Корана не слышит» – деген. Қазақ тіліне аударсақ, «Құранның аяттарын кім естімесе, оны қарғыс атсын». Мен «велений» дегенді аяттар деген мағынаға сыйғыздым, себебі біз Құранның аяттарын естиміз.

Ақын ауыр айтқан. Ол орыс халқының қаламгері. Қазақ ақыны айтса, оншама таң қалмас та едік. Тілі, діні бөлек елдің адамы, осылайша кесіп айтқанда, әрине құлаққа тосын естіліп, ойға қаласың. Ақын ойын жалпақ түсінікке салсақ, Құран аяттарын естімегендерді қарғыс атсын болып шығады. Сірә, ақын Құранды, оның қасиеттерін біле тұра қарсы шыққандарды қарғыс атсын деген болуы керек. Құранға саналы түрде қарсылық жасау әрекеттерін басылым беттерінен естіп қаламыз. Иә, оларды ақын айтқандай қарғыс атсын!

***

P.S. Иван Бунин кім? Ол орыс поэзиясының классигі, 1870 жылы туған, 1953 жылы Парижде дүние салған. Нобель сыйлығының Ресейден шыққан тұңғыш иегері.

Иван Бунин еріккеннен өлең жазып, өзін әуре-сарсаңға салған жан емес. Оны қинаған тақырып – адам дағдарысы. Әрине, дағдарыс себептері жеткілікті, бірақ адамның дағдарысы дінге тіреле береді. Дінсіздік дағдарысты туғызатын – жағдай. Адам өзіне-өзі ие, өз тағдыры өз қолында сияқты көрінуі мүмкін. Бұл адамның адасуы. Ескексіз қайық секілді күйді кешетінін тоқ адам қайдан білсін. Адам тағдыры жаратылыстың құпиясы. Рас. Адам өз еркім өзімде деген өр санамен ғұмыр кешкенде, өзін ғана емес әріптестеріне, жақын туыстарына жара сала күн кешпек. Жара деген дінсіз адамның аузынан шығатын сөзі, түсінігі, ұғымы. Мұсылман қазақ «әліптің артын бақ» дейді. Кім мұндай ұстанымды елей бермек. Адам табиғатынан базаршыл келеді. Базар бар өмірдің қызығына айналғанда адам дағдарысы басталмақ. Ненің болсын емі, адамның өз бойында. Адам өзін тексеруі қажет. Ол түйсік, сезім, санасын сарапқа салуға ынталы болса, мәселе айқындалады. Адам дағдарыстан шығуға мүмкіндік алмақ. Иван Бунин – адам дағдарысын  зерттеумен біржола айналысқан ойшыл. Дін ойшылдықтың дәні, соны ақын сезген, білген, «Ислам» деген өлеңдер топтамасын жарыққа шығарған.

Ғарифолла ЕСІМ

 

932 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

AQIQAT №11

30 Қараша, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы