• Ұлттану
  • 14 Желтоқсан, 2021

«РЕЖИССЕР ЖАҚЫП ОМАРОВ» атты кітабының тұсаукесері өтеді

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында  2021 жылдың 17 желтоқсанында, сағат 17.00 «РЕЖИССЕР  ЖАҚЫП  ОМАРОВ»  атты кітаптың тұсаукесері өтеді. Кітап белгілі режиссер, Қаллеки театрының негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Омаров Жақып Омарұлының қазақ театр өнері мен режиссурасына қосқан тың үлесі мен өміріне арналған.

  Кітапта  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Д.Попов атындағы күміс медалінің лауреаты, ұлттық режиссураның үшінші буын өкілі Жақып Омаровтың қазақ театр өнері мен режиссурасына қосқан тың үлесі, Ақмола облыстық Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының  алғаш құрылғанынан бүгінгі күнге дейінгі тарихы, шығармашылық  ұжымның еңбек жолы, режиссер жайлы мақалалар мен сұхбаттар, әріптестері, дос-жарандары мен шәкірттері, танымал тұлғалар – Ә.Мамбетов, Қ.Жетпісбаев, Ә.Сығай, Е.Обаев, Г.Аспетова, Р.Омархановалардың режиссер жайындағы толғам-тұжырымдары жинақталған. Аталмыш еңбек  театр өнері  тарихында алғаш рет Жақып Омаровтың жеке бір шығармашылығына арналып отыр.Кітап Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының басшылығының  қолдауымен жарық көрді. Кітапты құрастырушы редактор – Өнертану ғылымдарының  магистрі, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының «Қоғаммен байланыс және маркетинг» бөлімінің меңгерушісі Асем Намазбекова. Жинақ  кәсіби  театр  өнерінің даму жолына қызығушылық танытқан  озық  ойлы оқырмандар мен сахна мехнатын жаны сүйген зерделі жас қауымға, театр артистері мен режиссерлеріне ой салар деген сенімдеміз.   

Алдын ала тіркелу үшін: +7 705 990 25 95  Ақерке Исина  

                                                                                                                               + 7 701 627 42 37  Гүлназ Асан

E-mail: kazteatr@mail.ru

1825 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз