• Ел мұраты
  • 30 Сәуір, 2022

ЗАҢ МЕН ЗАҢ ҚЫЗМЕТІ – АТҚАРУШЫ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Сәуле САПАРАЛИЕВА,

ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, әділет аға кеңесшісі, заң ғылымдарының кандидаты

Мемлекеттік құрылымның дұ-рыс механизмнен жұмыс атқаруы қолданыстағы заңы мен заң қызметін атқарушы мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Демократиялық елдердің тұжырымдамасы да осы негізге ежелден үндейді. Заң күллі қоғамның бұлжымас ережесі мен тәртіп тенденциясы. Сондықтан оны мемлекеттік негізде күшейтіп, зерделеп, қоғам игілігінің жолына ыңғайлы ету осы саладағы мамандардың үлкен жауапкершілігі.

Бұл тұрғыда біздің Ата Заң өкілдері осы жайттардың әлемдік стандарттар негізінде қалыптасып, маман даярлау ісін жолға қойып келеді. Әр саланың дамуына ғылыми тұжырым концепциясы мен тұрағы керегі мәлім. Осы тұрығыда Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы №15 Жарлығына сәйкес құқық қорғау органдары академиясы білім беру мазмұнын және білім беру процесін ұйымдастыруды дербес айқындайтын ерекше мәртебесі бар ұйым болып қабылдау бекітілді. Аталмыш жарлық негізінде құқық қорғау саласының кәсіби біліктілік деңгейін арттыру амалдары жедел тағлымдық сипатта жүзеге асуы үшін келесі міндеттер жүктелген:

– құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрғандардың кәсіби деңгейін арттыру;

– құқық қорғау органдарына қызметке алғаш рет тұрған адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлау;

– құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жүргізу;

– жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру.

Адам құқығын қорғау азаматтық қоғамның ең алғашқы алғышарты. Бұны кәсіби маманданған деңгейде жүргізіп ісін дамыту үшін біліктіліктің сын көтеруі бірінші талап. Осы орайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімді іске асыруды академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты жүзеге асырады. Бұл институт құрылымына енетін оқу бөлімдері мен пәндік кафедралар:

– Оқу-әдістемелік жұмыс басқармасы;

– Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы;

– Жалпы құқықтық пәндер кафедрасы;

– Арнайы заң пәндері кафедрасы.

Арнайы ғылыми негізде маман даярлау мақсатындағы оқу процесін дәрежелілігі 93%-ды құрайтын жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асыруда. Сонымен қатар, оқытушылардың көпшілігі құқық қорғау органдарында практикалық жұмыс тәжірибесіне ие. Профессор оқытушылар құрамына жүктелген міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін қажетті тәжірибе мен кәсіби әлеуетке және ие. Институт Академия базасында, басқа ЖОО-дарда, сондай-ақ шетелде өткізілетін конференцияларды, семинарларды, тренингтерді, дөңгелек үстелдерді ұйымдастырады және оларға тұрақты қатысады. Жыл сайын академия оқытушылары жетекші жоғары оқу орындарында және құқық қорғау органдарының базасында тағылымдамадан өткізіп тұрады. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін институт оқытушылары 38 ғылыми еңбек жариялады. 135 - тен астам ғылыми мақалалар жариялады. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіміне енгізілмеген зияткерлік меншік құқығын тіркеу туралы 20 куәлік алды.

Білім беру процесін жүзеге асыратын ғимарат базалары соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен қамтылған. Алаңсыз білім алып, заң саласының майталманы болуға барлық жағдайлар өз дәрежесінде жасақталып келеді. Оқу аудиториялары проекторлармен, интерактивті тақ-талармен және панельдермен жаб-дықталған. Оқу пәндері көрнекі материалдарымен безендірілген. Институт маман-дандырылған аудиторияларды қамтиды. Олар: лингафондық кабинет, криминалистикалық кабинет, білім алушылар үшін жұмыс аймағы қарастырылған.

Оқу процесіне тәжірибеге бағыт-талған білім беру бағдарламалары енгізілуде. Академия өз қызметінде білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) жоғары бағасына ие болды және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру желісі бойынша білім беру бағдарламаларын 5 жылға аккредиттеуден өтті. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру магистратура мен докторантурада білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады:

– «Құқықтану» (дайындық бағыты - Бизнес, басқару және құқық);

– «Құқық қорғау қызметі» (дайындық бағыты-Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс).

Білім үздіксіз ізденістің нәтижесінде ғана өз жемісін беретін құндылық. Сондықтан оны үнемі жетілдіру сала бойына тереңдетіп оқыту әрқашан дамуға апарар бірінші бағыттағы жол. Осы ықпалды орайдың аясында академияда магистратурада кадрларды даярлау екі бағыт бойынша жүзеге асырылып келеді. Олардың алғашқысы «ғылыми-педагогикалық», оқу мерзімі екі жылды құраса, екіншісі оқу мерзімі бір жылдан тұратын «бейіндік» бағыт бойынша. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қашықтықтан «бейіндік» бағыт магистратурада оқыту енгізілді. Оқу аяқталғаннан кейін магистранттарға «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі» (құқық қорғау қызметі) немесе «заң ғылымдарының магистрі» (Құқықтану) дәрежелері беріледі және мемлекеттік үлгідегі тиісті дипломдар табысталады.

Оқу орны қазіргі уақытта док-торантурада да кадрлар даярлауға көшті. 3 жыл оқу мерзімімен ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша жүзеге асырылып келеді.  Докторантураның білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD) дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогикалық және кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған. Ағымдағы жылы алғашқы іріктеуді жүзеге асыру жоспарлануда. «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша «бейіндік» докторантураға, оның ішінде «ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» докторы дәрежесі қашықтықтан оқу форматы арқылы жүзеге асырылады. Оқыту мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен өтеусіз негізде атқарылады.

Заң саласындағы білімнің сапасы мемлекеттің қоғамдық келбетінің айқын көрінісі. Сондықтан бұл деңгейдегі оқуға жасалатын жағдайлардың да сапалы болуы шарт. Білім іздеушілердің рухани, материалдық жағдайларын да мемлекет тарапы ескерусіз қалдырмауда. Алаңсыз білім алып, елге қызметтің жарқын үлгісіне мейлінше жол ашып келеді, бұл тұрғыда академияда оқу білім алушылар үшін соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақысының 70% мөлшерінде стипендия және сыныптық шені немесе арнайы қызметі үшін қосымша ақы алып жүр. Бұдан өзге еңбек сіңірген жылдарының оқу кезеңі жеңілдікті шарттармен есептеледі. Академияға түскенге дейін соңғы атқарған лауазымына сәйкес кезекті арнаулы атақтар, сыныптық шен, біліктілік сыныбын алуға құқылы болады.

Осы мүмкіндіктерді еңсеріп елдің құқықтық әлеуетінің негізін қалауға ниеттенген 144 құқық қорғау органдарының  қызметкері академияда дәл қазір білім алуда. Магистратурада – 114 адам, докторантурада – 30 адам білім жолында.

Академия құрылған сәттен бастап (2015 жылдан 2021 жылға дейін) институт құқық қорғау органдарының 237 қызметкерін дайындады. Бұл оқу орынынан түлеп ұшқан түлектердің 141-і прокуратурада, 46-ы ішкі істер органдарында, 31-і экономикалық мониторинг қызметінде және 16-сы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында қажырлы еңбегін атқаруда.

Бітірген түлектердің барлығы қазіргі таңда ел игілігі үшін қызмет етіп жатқанын тілге тиек еттік. Осындай сападағы кадрлар дайындау орны мемлекет мүддесі үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынып келеді. Біздің оқу орны алаңсыз білім алушылардың зияткерлік зейініне оны заңды уәкілеттілігі жоғары ғылыми атақтарымен де куәландырып отырады. Бұл бағытта институт академияның PhD докторы дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық өзінің жеке дипломын беруді де ұйымдастырады.

Институтта бірнеше қоғамдық әлеуметтік жобалар іске асырылып келеді. Мәселен, «мәртебелі мейман» жобасы – білім алушылардың жетекші ғалымдармен, мемлекеттік қайраткерлермен, құқық қорғау органдарының басшыларымен Қазақстан Республикасының ғылымы, саясаты, заңнамасы және құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері бойынша кездесулерін өткізіп жүр. «Мәдениет университеті» жобасы - білім алушылардың қазіргі заманғы мәдениеттің әртүрлі құбылыстары (этикет, өнер, отбасылық өмір және тұрмыс мәдениеті) туралы білім кешенін қалыптастыруға және тиісті жалпы мәдени құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған оқу курсын атқаруда. «Әлеуметтік жобалар мектебі» - қызметінің бағыттары балалар үйлерінің, жасөспірімдер үйлерінің, аналар үйлерінің тәрбиеленушілеріне психологиялық көмек көрсету және құқықтық кеңес беру қызметтерін қоғамдық негізде жүзеге асыруда.

Академиялық теориялық білім алумен қатар қоғамдық әлеуметтік жобалардан, академия аясындағы акциялардан тыс қалмау жан жақты дамудың азаматтық қоғам форматына жол тартудың нұсқамасын ұсынады. Оқытушылар мен білім алушылар Жеңіс күні қарсаңында майдангер ардагерлер мен тыл еңбеккерлері үшін «Ардагерлерге құрмет!» акциясын тұрақты түрде жүзеге асырып тұрады. Барлығы игілігі икемді істер. Заң салтанат құрған қоғамның қамына атқарылған амалдар желісі. Бастысы білімге негізделген кадрлар оларды дайындайтын орталықтың мемлекет мүддесіне қалтқысыз қызмет қылатын түлектері жыл сайын артуда.

Заң салтанат құратын елдер қашан да әлемдік прогрестің алдында жүреді. Оны жасақтайтын азаматтық қоғам. Ал азаматқа қоғам қажеттілігі үшін ең алдымен қызмет ететін құрал заңнама. Заңның мінсіз адам өмірін қауіпсіз, жайлы етуі үлкен кемелдікті қажет етеді. Заң саласында қоғамның сұранысын қанағаттандыратын кемелдік принципіне жету үшін сол саланың білікті мамандарының потенциалы мен білім қазынасы ортайлануы шарт. Осы жолда мемлекет мүддесіне сай ықпалдастық жасалуы үшін ғылыми тұрғыда тұжырымдалған концепциялардың қоғам игілігіне қызмет етуі кезек күттірмейтін істер. Қастерлі конституцияның жолында қызмет қылатын мамандарды даярлау орынының бұл тұрғыда бәсі биік. Ел үшін жасалған істердің барлығы қайырлы. Осы қайырлы қимылдардың алдын институттың арқалап жүргені қуантады.

 

284 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз