• Тарих толқынында
  • 10 Маусым, 2022

«ЖҮЗ» ҰҒЫМЫНАН АРЫЛЫП, «ОРДА» СӨЗІНЕ ОРАЛАЙЫҚ

Болатбек НӘСЕНОВ,

тарих ғылымдарының докторы, экономика ғылымдарының кандидаты,  профессор

Кезінде «Свобода слова» газетінің «Свой путь» жобасында  автор Марлен Зимановтың «А были ли жузы?» атты (2012 жылдың наурыз айы болар) мақаласы  жарияланған еді. Осы тақырыпқа үн қосып, өз ойымды мақала етіп жазған едім. Алайда, республиканың көптеген қазақ-орыс тілді газет-журналдары жарияламады. Содан кейін «Дат» газетінің тілшісі «Жұқамыр Шөке» деген бүркеме атпен «Қазақта жүз болмаған» деген мақаламды 2010 жылы 25 тамызда жариялады. Бұл мақаламды қолдаған көптеген адамдар телефон шалып, пікірлерін білдіріп жатты. Өздері жазуға: «Фактілеріміз жоқ. Біз архивтерде болған емеспіз. Сіз көптеген архивтерге барған адамсыз. Жазсаңызшы» деген уәж айтты. 
Осы тақырып туралы жазғанымды ешбір газет-журнал баспайтынын білдім де әрі қарай жалғаған жоқ едім. Таяуда Президенттің атына да жазып жібердім. Бірақ жауап жоқ. Осы мақаламды Марлен Зиманов деген автор оқығанға ұқсайды. Өйткені оның мақаласында мынадай пікір бар:

«Но несмотря на всю живость обсуждения, жузология так и не стала наукой. И совсем не случайно отказ профессиональных историков по тематики происхождения жузов. Еще бы не отказались. У жузологии не существует объекта исследования. Не установлен даже самый первый основопологающий факт, поскольку время появления жузов так и не выяснено, а за отсутствием объекта у жузологии нет и предмета научного изучения...Предметом ее околонаучного обсуждения является фольклор. Чтобы убедиться в этом, достаточно того факта, что жузов нет ни в исторических документах, ни в казахских эпосах, ни в одной казахской исторической песне».

Міне, бұл автордың айтып отырғаны шындық. Өздеріңіз бұған көз жеткізу үшін ХІХ және ХХ ғасырдың басында Қазан, Санкт-Петербург қалаларында басылған кітаптарды оқысаңыздар оларда «жүз» деген сөз кездеспейді. Бұл еңбектер қайтадан басылған кезде 1946 жылдардан кейін Кеңес өкіметінде шовинизм күшейген шақта «жүз» деген сөз пайда болды. Коммунизм идеологтарына «жүз» деген сөз ұнағанға ұқсайды. Жоғарыдан нұсқау болған болу керек, ертедегі редакторлар «орда» деген сөзді «жүз» деп түзеткен. Тіпті «Қазақ совет энциклопедиясы» да аямай-ақ «жүз» деген сөзді кіргізген. Адамның күлкісі келетін жағдайға дейін жеткізген. «Абылай хан, Әбілхайыр заманындағы ұлы жырауларымыздың аузынан «орда» деген сөзді жұлып алып тастап, «жүз» деген сөзді пайдаланған. Енді «жүз» деген сөздің қайдан шыққанын айту мүмкін де емес болар. Бірақ менің жорамалдауым бойынша, Тәуке ханның кезінде Үш Орда «жүздік» сарбаздарды беріп тұрған. Сарбаз деген сөзді айтпаса да түсінікті деп: «Үлкен Орда пәлен «жүздік» берді, Орта Орда пәлен жүздік берді, Кіші Орда пәлен жүздік берді» деген сөз тарихқа кірді.

Осы сөзді ХІХ ғасырдың аяғында, ХХ ғасырдың басында Ресей тарихшылары зерттеді. Олар «орда» мен «жүздік» дегенді салыстыра келе оның «жүздік» дегені Ресей үшін пайдалы екенін біліп, сол сөзді қазақтардың санасына сыналап кіргізуді бастағанға ұқсайды. Ал сұлтандар мен болыстардың губернаторға, канцлерге, императорға жазған хаттарында бұл сөз кездеспейді.

Егер «жүз» деген сөз Қазақ Ордасында болған болса, онда неге қазақтың тарихын зерттеуші Ресей тарихшылары, жазушылары: Рычков, Левшин, Вельяминов-Зернов, губернатор К.К.Крафт, Алекторов, Чулочников және тағы басқалары «жүз» деген сөзді жазбаларында қолданбаған. Мен осы аталған тарихшылардың кітаптарымен таныстым. Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында басылған түпнұсқа көшірмелерін Сант-Петербургтің мемлекеттік кітапханасынан сатып алдым. Оларды қазақшаға аударып, кітаптарымда пайдаландым. Осы аталған авторлардың кітаптарында да бірде-біреуінде «жүз» деген сөз кездескен жоқ. Ал біздің тарихшылар, жазушылардың 1945 жылдардан кейінгі аудармаларында «орда» деген сөз «жүз» деп түзетілген. Тіпті, кейбір ғалымдар газет-журналдарға мақала бергенде архивтен алған деректердегі «орда» деген сөзді өз қолдарымен «жүз» деп түзеткен. Неге?

Осы «жүз» дегеннің Кеңес өкіметіне пайдасы тие бастаған болуы мүмкін. Ұлттық мәселеде коммунистік идеологияға шовинистер пайдалануды жөн көргенге ұқсайды. Сондықтан Кеңес өкіметі кезінде «жүз» деген сөз тарихшылардың, жазушылардың кітаптарында жиі кездесе бастады. Өзіміздің қазақтар Кеңес шовинистерінің аузына сөз салып: «Қазақта мемлекет болған жоқ. Олар жүзге бөлініп, қырқысып өмір сүрді» деген идеологияны ойлап шығарса керек.

Басқадай ешбір себеп жоқ. Үш арыстың әкелері етіп көрсетушілер бар. Ол тіпті де қисынға келмейді. Деректер де жоқ. Ерте заманда «жүз» болса неге дәлелдей алмайды? Неге  Дулатидан бастап, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Тәуке хан, Әбілхайыр хан, Абылай хан, т.б. сұлтандар мен болыстардың Ресей патшалығымен, губернаторларымен, канцлермен жазысқан хаттарында «орда» деп жазылған?

Бұл тақырыпты осы уақытқа дейін ешкім көтерген емес. Себебі өте ауыр. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін «жүзге» бөліну өршіп бара жатқан сияқты. Қазақ халқы басым орналасқан жерлерде байқалады. Ал «Орданы» орнына қайтарсақ, одан зиян көрмейміз. Ол бұрынғы қазақтың үш мемлекеті. Біздің ертедегі шежірешілеріміз (ХІХ-ғасырдан бері) атақты ғалымдар: Тынышбаев, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, тағы басқа да ұлы адамдар жазып кеткен шежірелерді жаңғырту, олардың айтқанына өзгеріс енгізу оңай емес.

Бүгінгі күнгі тарихшылар, журналистер, жазушылар, т.б. менің бұл ұсынысыма қарсы шығып, өз білгендерінше мені қаралап, талай жанға бататын сөздер айтып сынауы мүмкін. Мен оған бір-ақ ауыз сөзбен жауап беремін. Ол: «Аталған даналар, ғалымдардың айтқаны сол замандағы халық аузындағы ұғымдар арқылы жазылған. Керей – Жәнібек, Тәуекел – Тәуке хандардың заманында «жүз» деген болды ма? Жоқ па?» – деген сұрақтарға ойланбауы мүмкін.

Ол заманда архив дегенді білмеуі де ықтимал. Күллі қазақ жерін аралау мүмкіндігі де болған жоқ. Қай жерде қандай рулардың қоныстанғандарын толығымен зерттей алмады. Сол себепті Үш Орданы рулар негізінде құрылды деп шежірелеріндегідей беріп келді (Мен де кітаптарымда солай бердім, бірақ ол қате). Біз осы күнге дейін солай қабылдадық.

Ал шындығында Керей хан мен Жәнібек хандардың кезінде құрылған Ордалар нақты рулар негізінде құрылған жоқ. Екі ханның жанына оларға таяу тұрған рулар қосылды. Қазақ даласында бір рудың адамдары 4-5 жерде бөлініп тұрған заман болатын. Мысалы, қыпшақтар, қоңыраттар тек қазақ емес, басқа ұлттың ішіне де сіңіп кетті де, қазақ болмай қалды. Ал арғындар, наймандар, 12 ата бай ұлы, жалайырлар қазақ елінің оңтүстігінде де, батысында да басым болды.

Сондықтан Ордалар нақты рулар негізінде құрылған жоқ. Әр Ордада күллі қазақтың барлық рулары көршілестік тәсілмен араласты. Арғынның, Қоңыраттың, Наймандардың 30%-ы. Керей хан құрған төңірекке жиналған. Сөйтіп сол заманның өзінде де Үлкен Орданың тең жартысы үш рудың өкілдері болды.

Үш Орданың тамыры бір. Арнаулы бір рулар негізінде емес, көршілес рулар негізінде аралас-құралас болды деп есептеймін. Ал енді Керей, Жәнібек хандар заманынан ХХ ғасырдың 40 жылдарына дейінгі қиссаларда, даналардың асыл сөздерінде (Жүсіп Хас Қажыб Баласағуни (шамамен 1020 ж. туған), Махмуд Қашқари (XVI ғ.), Ахмед Иугінеки (ХІІ ғ.), Асан Қайғы (XV ғасыр), Қазтуған жырау (1420 ж.), Шалкиіз жырау (1465-1560 жж.), Доспанбет жырау (1490-1523 жж.), Жиембет жырау (XVII ғ.), Бұқар жырау (1668-1781 жж.), Ақтамберді жырау (1675-1768 жж.), Үмбетей жырау (1706-1778 жж.), Қаблиса жырау (1733-1824 жж.), Шал ақын (1746-1819 жж.), Дулат (1808-1871 жж.) ертегі-сықақтарында; патшалардың, хандардың ірі елдермен жазысқан хаттарына шолу жасайық.

Баласағұн «орданы» да, «жүзді» де білмеген. Ол кезде қазақ халқының рулары әр жерде өз мемлекеттерін құрған. Бұл атамыз қай рудан шықты, оны айту да мүмкін болмас. Ал нақыл сөзін халықты басқарам дегендерге арнап былай депті:

Баянды ұзақ бектік құрам десеңіз,

Төрт шартты орында, түгенделер есеңіз.

Бірінші – тіл: ақ сөйле, айт ашығын,

Екінші – заң: ұстан адал асылын!

Үшінші – елге ашық, сақи бол;

Жанашыр бол, жұртпен мәңгі бақи бол!

Төртінші – керек қуат, қайсарлық,

Жаудың мойын иіп, тегіс жайпарлық!

Ахмед Иугінеки:

Кішіпейіл жанды Аллаһ көтерер,

Тәкаппарды төмендетіп қор етер,

Құдай ғана шын ұлы, ұлықсынба!

 Ашу, кек оты тұтанып жалындаса,

Биязылық суын шашып, ол атты өшір.

Асан Қайғы (XV-ғ.):

Мінезі жаман адамға,

Енді қайтып жуыспа,

Тәуір көрген кісіңмен

Жалған айтып суыспа.

Міне, осыған ұқсас тамаша ақыл сөздер барлық жыраулардың аузынан шыққан. Бірде-біреуі «орда», «жүз» деген сөздерді айтқан емес.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих және Рашиди» атты еңбегінде аудармашылар Кеңес өкіметі кезіндегі психологиядан аса алмай, бірнеше жерде «орда» деген сөзді «жүз» деп беріпті. Оған аудармашылар жауапты. Дулати атамыздың кітабы туралы былай депті: «Тарих және Рашиди»-дің авторы Моғолистанның халқының ішінде кераиттар және арғындарды ХІІІ ғасырдағы деректерге сүйеніп, Орта Ордаға жатқызады. Олардың эмирлері Моғолдың бірнеше ханына көмектесті.

Үлкен және Орта Орданың руларының болғандығы туралы жазбаша табылған деректер және археологияның деректерін салыстырғанда олардың түйіскен жерлері Түркістан, Қаңлы, Қыпшақ, Арғын, Дулат, Қоңырат, Жалайырдың өкілдері оңтүстік Қазақстан және Шығыстың Дешті қыпшақтары 200 мыңдай адамы Жетісуға қазақ ханы Керей және Жәнібекке жиналды. Ірі саяси одаққа айналды».

Міне, Дулатидың кітаптарында да «жүз» деген сөз жоқ. Аудармашылар ескі әдетпен өздері де байқамай «орда» дегенді «жүз» деп бір-екі жеріне қосып жіберіпті. Бұл өрескел қателікті түзету қажет.

Санкт-Петербург университетінің профессоры Чулочников А.Г. «Ертедегі қазақ ордасының орыстармен қарым қатынасының XV ғасырдың аяғынан XVIII ғасырдың басына дейінгі тарихы» атты  очеркінде былай деген: «Первые указания на сношения Московского государства с Казахской Ордою находится в «Описи царского архива 1575-1584 гг., где мы узнаем: ящик 38».

Міне, бұл жерде де «орда» деген. Жүзді білмеген. Әрі қарай былай дейді: ...«Действительно это было время, когда Казачий кочевой союз, возглавляемый ханом Бурундуком, уже господствовал в Дешти-Кипчаке, т.е. на значительном пространстве степей от Среднего Урала до среднего течения р. Сыр-Дарьи; а впереди рисовались еще более блестящие перспективы, когда давно уже являвшийся фактически хозяином положения всей Казачьей Орды, хан Касым сбросивший с себя последние остатки былой зависимости от владений Могулистана». Өздеріңіз көріп отырғандай осыдан 500 жыл бұрында «жүз» деген сөзді ешкім білмеген. «Орда» деп сөйлеген.

Дулатидың еңбегін (1499-1551жж.) Тәуекел хан, Тәуке ханның Ресей патшалығымен жазысқан хаттарын (1594, 1628, 1690 жылдардағы) Қайып хан, Әбілхайыр хан, Абылай ханның, Төле би, Қазыбек бидің хаттарын зерттегенде бірде-бір жерде «жүз» деген сөз кездескен емес.

Мұрағаттардағы сақталған хаттарда 1457-1800 жылдар аралығында бірде-бір арабша, ескі славян тілдерінде жазылған хаттарда «жүз» деген сөзді көрген жоқпын. Мен Мәскеудің Ерте дәуірдегі архивінен Тәуекел ханның Мәскеу патшалығымен жазысқан хаттар таптым. Сондай-ақ Тәуке хан, Қайып хандардың хаттарының фотокөшірмелерін алдым. Алайда олардың хаттарында, сондай-ақ Мәскеуден келген жауап хаттарда да «жүз» деген сөз кездеспеді.

Мәскеу, Омбы, Орынбор, Алматының архивтерінде мыңдаған хаттарды қолмен көшірдім. Жүздеген хаттардың көшірмесін алдым (т.11, 12. «Абылай хан»). Ол хаттарға Ресей патшасы, губернаторлар, канцлер, император, мыңдаған генералдар жауап беріпті. Онда да «жүз» деген сөз жоқ. Ол Ресейдің жаңа ғана қарым-қатынас жасай бастаған кездері деп айтуға да болмайды. 250 жыл бойы ешкім ауызға алмаған сөз. Барлық хаттарда «орда» деген сөз бар. Ол мемлекет деген мағына береді.

Керей хан мен Жәнібек хандардың кезінде қазақтың рулары өз еріктерімен «ордаға» қосыла бастады. Керей ханның жанында «Үлкен Орда», ал Жәнібек сұлтанның маңайына Орта және Кіші Орда құрылды.

Осы «орда» туралы Ресейдің ірі тарихшысы, Санкт-Петербургтің университетінің профессоры Чулочников А.Г. Ресейдің көптеген архивтерінде болып (оның ішінде су тасқынынан, өрттен жойылып кеткен архивтердің де құжаттары бар. – Б.Н.), Қазақ елі туралы өте көп құжаттарды біздерге жеткізген. Мысалы (қор 427, тізім 1, іс 4): Профессор Чулочников А.Г. считает: «Что в Казачьей орде были всегда два хана, один в Большой, а другой в Средней и Меньшей Ордах. ... Мы твердо сможем отнести к первым казахским ханам Большой Орды Имаша хана, сына его Рустема и одновременно с последним действовавшего Абдуллу, как раз к тому смутному и тяжелому для казак-киргизского народа периоду, который наступил в его жизни сейчас же после смерти хана Касима (около 1518-1520 гг.).

О Меньшей Орде Чулочников А.Г. сообщает архивные данные: ...Так как не имели в своем распоряжении таких опорных пунктов для своей власти вне родов, какими располагали например, Средняя и Большая Орда, базировавшиеся в этом случае одна на Туркестан, а другая на Ташкент. Но факт ее существования в течение всей остальной половины XVI века подтверждается рядом и других данных».

Бұл құжаттарда да «жүз» деген сөз туралы ештеңе айтылмайды. Міне, мыңдаған басқа да хаттарда осылайша «орда»-ның болғанын дәлелдейді. Ал Керей хан мен Жәнібек сұлтаннан бұрын қазақтың әр руы жеке-жеке мемлекет дәрежесінде өмір сүрді. Ол кезде рулардың басы бірікпеген кезде «жүз» деген сөздер тіпті де болған емес. Профессор Чулочников А.Г.: «...Қазачьи Орды были первоначальными политическими организациями, лишь временный и очень непрочно соединившимся в одно государственное целое».

...В самом деле и в настоящее время мы не оставляем без внимания того примечательного факта, что первые известия о казак-киргизах, которые сохранили нам древние восточные авторы, застают их организованными  в две кочевые общины, далеко не всегда умеющие примирить свои взаимно-сталкивающиеся интересы. Одна эта Орда Гирея, другая – Джанибека, обе вместе сначала данники и вассалы сильного своего соседа и покровителя хана Могулистанского, они группируются где-то около теперешнего Семиречья и долины реки «Чу».

Жоғарыда айтылғандай, екі ұлы ханның басшылығымен екі Орда құрылды. Олар біртіндеп аса қуатты күшке айналған екен. Бұл нені аңғартады? Сол заманда да ешқандай «жүз» деген сөздің қарасы да болмағанын дәлелдейді.

Әрі қарай профессор мынаны есімізге салады:

«Проходят десятилетия и в самом конце того же XV-в, когда о них появились первые исторические сведения. Эти две Орды, возглавляемые сыновьями прежних ханов Бурундуком, считавшимся старшим и Касимом не протестующим его первенства».

Бұл хаттан белгілі болып отырғандай, «Үлкен Орданың» өкілі Бұрындық хан (Керей ханның ұлы), оның хан болуына қарсылық көрсетпей, қызғанбай, әкесі Жәнібектің тәрбиесін алған әдепті, ақылды Қасым сұлтан Орта және Кіші Орданың өкілі. Міне тағы да «жүз» деген сөз еш жерде жоқ.

Тәуекел ханның 1594 жылы жазған хатында мынадай депті (кор 122 тізім 1 іс 5 1594ж.): «Приезд к царю Федору Иоанновичу Киргиз-кайсацкой орды от царя Тевкеля (Тәуекел. Б.Н.).

Қайып хан (1716ж.) Петр 1-ге жазған хатында (кор 122 тізім 1 іс 3, 1716 ж., Российский государственный архив древних актов): ... вся Казачья Орда всегда будут готовы».

1718 жылы 10 желтоқсанда Қазан губерниясы кеңсесі, Қазаннан жіберілген Уфимцев Федор Жилин – қырғыз-қайсақтан Қайып ханның өкілі (17 беттің сырты) былай депті: «...Біздің мұсылман ордалары алла тағаланың құдыретімен толығымен сақталған. Өткен замандарда орыстармен мұсылмандардың сауда адамдары тату қарым-қатынас жасап келді. Өз бастарының қамын ғана ойлап арамдық жасағандарда болды. Олар екі Орданың ортасында ақымақтардың ісін жасады».

Сондай-ақ Әбілхайыр хан Ресей императорына, канцлерге, Орынбордың генерал-губернаторына жазған хаттарында («Әбілхайыр хан», І, ІІ, ІІІ том кітаптарымды оқыңыздар. – Б.Н.) ешбір жерінде «жүз» деген сөздерді жазбаған. Ресей империясының сыртқы істер министрлігінің сыртқы істер саясаты архивінен жүздеген хаттардың мәтінін толығымен қолмен көшіріп алдым. Соның бір-екеуін мысалға келтірейін.

Әбілхайырдың мына хатына көңіл аударайық: (қор 122, тізім 1, іс 1, 1732 ж. Ресей империясы сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат архиві):

«...По неже киргись-кайсацкая Орда Государыни разделена на три части, а именно: Большая, Средняя, Малая Орда.

Большая Орда кочует за Бухарами в дальнем расстоянии Киренеевъ, Малая Орда не съезжается. У них особливый. Средняя Орда кочует около Тобольска с ханами. У них Шемяки ханъ, Докочень ханъ, двое салтанов: Барак салтанъ да Абулмаметъ салтанъ, а в Малой Орде один Абулхайыр хан да двое султанов: зять его батыр Махомет салтан, да сын его Нурали салтан, городов у них никаких нет. И вся Орда киргись-кайсацкая кочевня: а довольствуется скотомъ.

Ал, Абылай ханның Ресейдің Генерал-губернаторларына, канцлерге, императорға, Қытайдың императорына т.б. жазған хаттарына да тоқтайын (қор 1 тізім 1 іс 76 Архив внешней политики Министерства иностранных дел Российской Империи):

стр.189 Оренбургский губернатор задает вопрос Абылай хану (передаю как в архиве без изменений Б.Н.) том 1 стр.158:

стр.188 секретно №51. Подано Марта 28 дня 1959г.

Промеморіе.

Из Оренбургской губернской канцелярій по секретной экспедиции господину Брегадиру Фонфрауендорфу какова отъ присланных Союза Средней Орды от Аблая Салтана с письмомъ Его старшина с их детей Мамыка да Базара о китайских обстоятельствахъ.

Ежели иногда у них (китайцев) с Россиею война быть случится в таком случае они киргисцы, которой стороне прилежать будутъ. Токмо на то от него Аблай салтана сказано имъ, что онъ съ его Ордою в тогдашнемъ случае и к российской и къ китайской сторонам помогать не будетъ, но в собственной только осторожности пребудетъ (но и то речь употреблена под виду для одного дабы тое китайскую сторону не озлобить).

Төле би де «жүз» деген сөзді естімей кеткен. Ал біздің тарихшылар, жазушылар, тағы басқа да мамандар кітаптарында Төле би атамыздың аузынан шыққан сөз етіп «орда» деген сөздің орнына «жүз» деп ауыздарын толтырып-ақ айтады. Бірде еліміздің ірі тұлғасының аузымен Төле би айтқан: «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» деп бір өтірікті айтқызды. Оны басқа тұлғалар әр жерде қайталап: «Әйтеке би», «Қазыбек би» айтты деп халықты алдауда.

Ал Төле би туралы Мәскеу архивінде бірнеше хат бар. Соның бірінде былай депті (Ресей Империясы сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат архивінде қор 122 тізім 1 іс 3, 1743 жылы 22 қыркүйек – 1744 жылы 24 маусым):

4. Мансұр (Орынбор губерниясынан Генерал-губернаторы жіберген, 107-108 беттері) осында болған кезде келесі айда Түркістанға Үлкен Орданың аса қадырлысының қадырлы қайсағы Төле би келді. Оны Ташкентте халық ханнан жоғары санап тек сонымен мәселелерін шешті. Ол Әбілмәмет ханмен кездесуге келді. Онымен кездескен кезде Төле би оған ақыл берді. Ол: «Қайсақтар Ресей мемлекетінен қалмасын. Сонымен бірге болыңдар» деді. Ресейдің қоластына Кіші және Орта Орда ғана емес Үлкен Орданың да болғанын қалаймын».

Міне, Әбілхайыр хан, Абылай хан, Төле билердің, оларға жазған Ресей Империясының Императоры, Канцлері, Генерал-губернаторлары, Генерал-полковниктері де «орда», Орда деп жазды.

Егерде «жүз» деген сөздер болса сол кезде Петр 1 ден бастап оны іле жөнелер еді. Олар қазақтарға бас көтертпей: «Сендерде мемлекет жоқ, жүзге бөлініп жүрген жансыңдар» – дер еді. Олай айта алған жоқ. Әр орда өздерін бастары біріккенге дейін жеке-жеке ордамыз, мемлекетпіз – деді. Ресей мемлекеті мойындады.

Мәскеуде Ресей Империясы сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат архивінде Қазыбек бидің де бірнеше хаты жатыр. Сонда да «жүз» деген сөздер жоқ. Қазыбек би атамыздың бір хатына тоқталайын (Архивтегі хаттың мәтінін өзгертпей, түзетпей сол қалпында бердім. Б.Н.):

(1763 год, фонд 122 опись 1 дело 3  Архив внешней политики Министерства иностранных дел Российской Империи, стр.3 об – 6 об.):

«...Ибо во ономъ роду имеетца самосильнейший Кара-кесецкой улусъ, над которымъ ныне власть имеетъ старшина (стр.3 об) Казыбек Би всего в Средней Орде за главного судью почитается к которому как самъ Абулмаметъ ханъ такъ Аблай с протчихъ улусахъ совету всегда и почти каждого, но приезжаетъ и без его согласия ничего знатного и не предпринимаютъ...»

Міне бұл хатта және Қазыбек бидің Императордың Генералдарына берген жауаптарында тек қана «орда» деген, ал «жүз» дегенді ешкімнің білмейтіні белгілі болып тұр.

Осылайша Х ғасырдан ХІХ ғасырлар аралығында ешбір хаттарда, поэмаларда, ақындардың жырында, ертегілерде, аңыздарда (К.К.Крафтың «Қырғыздардың ертегілері және сықақтары», – «Абылай хан»  3 томынан, «Әбілхайыр хан» атты кітабымның 3 томында) т.б. жағдайларда «жүз» деген сөз кездеспейді.

Ал ХХ ғасырдың орта тұсынан бастап шежірешілердің кітаптарында да бірен-саран жерде кездесті. Ал ХХ ғасырда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жоғарыдағы аталған даналарымыздың хаттарын, әңгімелерін, жырларын, ертегілерді баспаханадан басып шығарғанда түзетулер енгізіп, «орда» деген сөзді барлық жерде «жүзге» ауыстырған. Оған кінәлілер авторлардың өзі ме? Әлде жоғарыдан түскен талапты орындау үшін бе? Ол жағын айту қиын.

ХІХ ғасырдағы қазақ елінде хандықты жойғаннан кейін Ресей Империясы осы озбырлығын дәлелдеу үшін «қазақта мемлекет болған жоқ. Олар жүзге  бөлініп өмір бойы қырқысып өмір сүрді» – деген идеологияны біздің халқымыздың миына құюды бастаса керек еді. Бірақ ол кезде де жазған хаттарында «жүз» деген сөздер кездеспейді.

Мысалы Кенесары хан мен Жанғожа батыр заманындағы хаттарға көңіл бөлейік. Онда да «жүз» деген сөз жоқ.

Кенесары туралы  Император, Канцлер, Генерал-губернатор, жүздеген Генерал-полковниктердің хаттарына үңілсек те бұл сөзді таба алмаймыз.

Енді Кенесарының заманындағы бірнеше хатты архивте жазылған түрінде берейік: (фонд 374 опись 1 дело 251, Алматы, Республикалық архив): 9 августа 1839 года

Его Высокоблагородію господину

Просящему Должность пограничного

начальника Сибирскихъ киргизовъ

Полковнику и Кавалеру Лады-женскому Ахуна Омской Магометанской мечети и Средней Киргизской Орды Шарифа Абдрахиловъ.

Міне әлі де «орда» деген сөз жойылған жоқ. «Жүз» ішке кірген жоқ.

Ал 1867 жылдан кейін Ресей 100% қазақ жерін иеленді. Нағыз колонияға айналдық. Сол кездегі Губернаторлар мен аға сұлтандардың, болыс-билердің хаттарына да көңіл аударайық.

Алматыда республикалық архивте мынадай хат бар:

(фонд 15 опись 2 дело 22) Дело о недовольстве среди киргизского населенія в связи с введением нового административного устройства (4 мая 1870 года 21 сентября 1870 года на 27 листах)

Дело

о встречным в Акмолинской области некоторых

недоумений по примененію к киргизскому населенію

правил по управленію Магометанскіми духовными

делами въ степных областяхъ

с 1870 года округи назывались уездами, а названіе волостей стали по другому.

Военно-исторический архив (фонд 990 опись 1 дело 789) г. Москва «Записка без подписи, краткие замечания о киргиз-кайсаках» и «Изложение киргиз-кайсацких законов издревле ими соблюдаемых, сочиненное популярным советником Путинцевым. ХІХв.».

(стр.1) Киргиз-кайсаки Средней Орды кочующіе на границах Сибирскихъ линій, находятся все въ подданстве нашемъ, со временемъ они дадут намъ помощь, но не более как 2000 человек, из прочих же, обитающихъ въ Большой и Средней Ордахъ, из коихъ первые кочуютъ около Бухары и Ташкеніи, а последніи по обширным степям между Россиею, Бухарею, Ташкеніи и Китаем, хотя некоторые и называются верноподданными нашими, но сіе имя вовсе не свойственно.

Ерте замандағы хаттарда кездеспеген сөздер ХІХ ғасырдың екінші жартысында жазыла бастады деген ұғым туады. Мысалы біздің тарихшылар, жазушылар, т.б. мамандар Бұхар жырау, Үмбетей жыраулардың арабша қарпымен жазылған жазбаларын көздерімен көрді ма? Меніңше жоқ. Ал ауызша бірден-бірге жеткен жазбаша нұсқалары алғашқы рет пайда болған ХІХ ғасырдағы кітаптарда «жүз» деген сөздер бар ма еді? Менің ойымша жоқ болатын.

Ертегілерде, айтыстарда латын әрпімен жазылған ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың бас кезіндегі кітаптарда да «жүз» деген сөз кездеспейді. Сол себепті бұл сөз Совет өкіметі кезінде басталған, бертін келе өршіген.

Құнанбай атамыздың ісі туралы тергеушілердің хаттамаларын оқығанда «орда» деген сөз мүлде көрінбей кетті. Өйткені Орынбор және Сібір губернаторларына болыстар аға сұлтандар арқылы бағынатын болды. Мына хатқа токталайық:

 (фонд 3 опись 3 дело 3649, Омский Облархив):

Омбының Град полициясына Қарқаралы сыртқы Округының бұрынғы аға сұлтаны, Хорунжи Өскенбаев Құнанбайдың түсіндірмесі «Омбы Град полициясы маған Сібір қырғыздарының шекаралық басқармасының 2 мамырдағы №303 жарлығын жариялады».

31 мая 1855 г. № 1548. Омск. «Донесение отъ отдаче Хорунжаго Кунанбая Ускембаева на поручительство.

Его Высокопревосходительству господину

Генералъ-Губернатору Западной Сибири

Исправляющий должность Военного Губернатора, господину Генералъ-Майору Фонъ-Фридрихъ получив предложение Вашего Высокопревосходительства, отъ 13 октября прошлаго 1854 года за №1360, объ отдаче Хорунжаго Кунанбая Ускенбаева на  поручительство въ место его кочевья, если только лучшие  изъ его одноаульцевъ под таковое поручительство его примутъ.

От 19 того же октября предложение объ этом областному правленію, которое отъ 3 ноября донесло, что оно передало Ускенбаева для отправленія в Каркаралинскій приказъ – Советнику от киргизъ Валиханову (Шоқан Уалиханов Б.Н.), который изъявил на то согласіе, и поручился, что Ускенбаев отправившись из Омска прибудетъ прямо в Каркаралинский приказ.

Міне, көріп отырсыздар, Құнанбаев атамыздың заманында халық Орда деген сөзді ұмыта бастады. Патша өкіметі бірде-бір хатта Үлкен, Орда, Кіші Орда деген сөздерді қолданған жоқ. «Жүз» деген сөз де естілген жоқ.  

Абай атамызға жала жауып жазған арыздарға көңіл бөлейік. Алматыдағы Қазақстан мемлекеттік архивіндегі мына істермен танысайық (фонд 64 опись 1 дело 1430 «Дело жалоба киргиз Ирканбека Бактобаева, Дюсенбая Худайбердина и Даута Аркабаева о противозаконных действияхъ Волостного управителя Ибрагима Кунанбаева и киргизъ этим Исбая Уркумбаева, Абланбая Чимабаева и других о разграблении аула их Кунанбаевымъ и переписка по этим вопросам (14 мая 1883г. – 30 ноября 1886г. на 58 листах):

«...Бывший Уездный Начальник Измайловъ, во избежание этихъ неурядицъ, предложилъ обществу Конуръ-Кокче-Тобуклинский волости избрать въ Управители человека посторонней волости, а именно Ибрагима Кунанбаева известного, какъ ему, такъ и всемъ знавшимъ его за человека крайне распорядительного, умного и честного...»

27 апреля 1883 года Бурабаевъ в прошеніи на имя следователя Новоселова (у которого находилось въ производстве это дело) заявилъ, что все объяснения его противъ Кунанбаева суть вымышленныя, а потому просил следователя отобрать отъ него формальный допрос въ подтверждение этого прошенія и войти съ представленіемъ о прекращеніи этого дела, причемъ присовокупилъ, что онъ лично никогда ничего не имелъ противъ Кунанбаева.

...При донесении отъ 31 августа 1884 года за №276, это дело въ Областное Правленіе.

Областное Правленіе, находя, что жалобы киргиза Бурабаева на Кунанбаева и Аюбаева возникли въ следствие личнаго неудовольствія Бурабаева к Кунанбаеву и Акбаеву за отобранную у него сенокосную местность, которая, по показанию его была возвращена ему, а также принимая во вниманіе, что все обвиненія, приводится Бурабаевымъ противъ Кунанбаева основаны на слухахъ, непроверенныхъ Бурабаевымъ и оказавшихся ложными, определило: следствіе по этому делу прекратить и Кунанбаева и Аюбаева къ ответственности не привлекать, о чемъ и объявить имъ чрезъ Семипалатинского уездного начальника.

Бұл хаттарда, Құнанбай және Абай даналарымыздың жауаптарында, куәлардың хатында, Губернатордың жарлықтарында «орда» деген сөздер бір жолата жоғалды. Ол нені айтады? Ол патша өкіметі: «Қазақтарда мемлекет болған жоқ. Олардың Ордалары да құрыды. Енді ол жөнінде сөз қозғамаңдар!» – деп дауыстап айта бастады.

Патша үкіметі әлі де сақтық жасап, батыл шабуылға кірісе алмады. Сөйтіп «жүз» деген сөздің мағынасын зерттеді. Тәуке ханның кезінде ордалар «жүздік» сарбаздар беріп тұрғанын білді. Сол «жүздікті» «жүз» деп Орданың орнына түсінбеген болып, әдейі шатастырған болды. Оған сұлтандар мән бермей, өз хаттарында, жиындарда халықтың бойына «жүз» деген сөзді сіңіре бастады. Ол Ресейліктерге ғана емес, сұлтандардың өздеріне де пайдалы болғанға ұқсайды. Сөйтіп сұлтандар Санкт-Петербургке осы «жүзді» сыйға тартқанға ұқсайды.

Міне, осылайша Керей – Жәнібек, Тәуекел – Тәуке, Қайып хандар заманынан соңғы хандық жойылғанға дейінгі хаттарды мысалға келтірдік. Бірде-бір хатта «жүз» деген сөз болған жоқ. Барлығында «орда» деп аталғандыған дәлелдейді.

Менің ойымша, Патша өкіметінің хандықты жою себептерін ақтау мақсатымен ойлап шығарған саясаты.

Алғашқы кезде: «Қазақтарда мемлекет болған жоқ. Олар «жүз»-ге бөлініп өмір бойы бірімен-бірі қырқысып өтті. Оларды біздер тоқтаттық. Біз бастарын біріктірдік» деді. «Жүз» деген сөздің саясатқа сай екенін сезіп, оны қазақ  еліне әртүрлі әдістермен енгізген. Бірақ патша заманында «жүз» деген сөзді көп қолданған жоқ.

Ал біздің қазақтың кейбір интеллигенттері ол сөзді іліп алып өз шығармаларында, поэмаларында, қара сөздерінде «жүз» деген сөзді ертеде пайдаланған деп өтірікке жол берді.

Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев бастаған ақындарымыздың өлеңдеріне де «орда» деген сөзді «жүз»-бен ауыстарған сол замандағы тарихшы-жазушыларымыз болар деген ойдамын.

Мен ертегілердің, «батырлар» жырының латын әрпімен жазылған нұсқаларын 1952-1954 жылдары оқығанмын. Бірде-бірінде «жүз» деген сөздер болған жоқ. Ал 1960 жылдардан бері баспадан шыққан сол батырлар жырында «жүз» деген сөздер пайда болды.Менің ойымша, оны ойлап шығарған өзіміздің қазақ идеологтары. Ресейге жағыну үшін жасалған.Бүгінде тарихшылар, жазушылар, ақындар «орда» деген сөзді ұмытты. Ауыздарына «жүз» тез түседі. Осы қажеті жоқ, ешбір мағына бермейтін терминді шығармаларына кіргізіп жіберді. Жастарымыздың сана-сезімін әрі қарай уландырудамыз. Сондықтан «Жүз»-ді ұмытайық.

Қорыта келгенде, бұл аса ауыр тақырыпты ғалымдарымыз терең зерттегендері дұрыс. Мен өз зерттеуім бойынша, 28 томдық энциклопедиялық қазақ халқының тарихы туралы кітаптардың авторы ретінде «жүз» деген сөз ешқандай мағына бермейтін сөз деп есептеймін. Жүзге бөліну Отанымыздың бірлігіне қауіп төндіреді. Ал «Орда» ру негізінде құрылмаған. Мен анау орданың, мына орданың азаматымын деп айту қате. Өйткені аталарымыз Үш Орданың ішінде де болған. Барлық рулар Үш Орданың ішінде белсенді өмір сүрген. Осы үш мемлекет бірігіп бір күшті қуатты мемлекет болдық. «Жүз» дегенді айта беріп, Ресей шовинистерінің аузына  сөз салмайық.

Алла бұйыртса,  бірлік болса, біртұтас мемлекеттігімізден  айырылмаймыз. Патша өкіметі кезінде құрып кеткен мемлекетімізді Ермеков ағамыз бастаған  «Алаш» партиясының данышпандары қайтадан тірілтті. Бұл мемлекетті ешқандай президент орнатқан жоқ. Соңғы рет Абылай хан заманында  шекаралар болды. Оған куәгер Мәскеудің Сыртқы істер министрлігінің архивіндегі Ресейдің императоры Екатерина екіншінің  мына сөзі дәлел болады: «Қырғыз-қайсақтардың шекарасын аттаушы болмаңдар. Үлкен жанжал болады  (Оренбургтің Генерал-губернаторына  хаты)».

Сөзімнің түйіні мынау: «Жүз» емес, «Орда» жасасын!

2875 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз