• Ел мұраты
  • 30 Тамыз, 2022

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ДА ЖЕТІСТІККЕ БАСТАЙ АЛАДЫ

Медицина мамандығында білім алатын студенттер үшін оқу оқып, терең білім алу маңызды. Өйткені науқастың өмірі дәрігердің білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты. Студенттік өмір білім жинауға бағытталған ерекше уақыт әрі есте қаларлық жарқын кезең. Бұл дәрістер, семинарлар мен емтихандар кезеңі ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі көрсетуге және өз қабілеттерін толық ашуға, мансап пен жеке өмірді құруға мүмкіндік береді. Осының бәрінде жетістікке жету үшін студенттерге өмірде белгілі бір баланс қажет. Өкінішке орай, тепе-теңдікке жету  барлығының қолынан келе бермейді. Негізгі себеп – қарқынды оқу кестесі. Коронавирустық пандемия әсерінен қашықтан оқытуға көшуге байланысты студенттердің бос уақыты көбейді. Бұл жерде студенттердің бос уақытын әртүрлі тәсілдермен пайдаланатындығын ескеру қажет, біз барлық студенттердің күнделікті жұмысының тиімділігі мен пайдалылығы туралы айта алмаймыз. Мысалы, біздің зерттеуіміздің басқа нәтижелері әлеуметтік желілерге қосылу, интернет-серфинг, зиянды әдеттер: темекі шегу және құмар ойындарға тәуелділік сияқты жаман әдеттердің өсуін көрсетеді. Жалпы тенденциялардың ішінде  әлеуметтенуді тоқтату, оқу процесінде электронды құрылғыларға кететін уақыттың ұлғаюын атап өтуге болады. Артықшылықтары бар, көптеген студент күніне 4-5 ретке дейін жиі тамақтана бастады, өйткені күннің біршама уақытында тамаққа қолжетімділік бар.

Өмірдің маңызды бөлігі – физикалық белсенділік. Онлайн оқуда әртүрлі қозғалыс күрт қысқарды (гиподинамия), ал бұл, өз кезегінде студенттердің денсаулығынан көрініс бере бастайды. Студенттер көп уақытты компьютер немесе смартфон экранына қарап өткізуге мәжбүр болды.

Зерттеуде, ең алдымен, онлайн режимінде оқуға ауысқаннан кейін медициналық студенттердің білім сапасын анықтағымыз келді, өйткені сапалы білім болмаған кезде жеке өмір мен өзін-өзі дамыту туралы айту мүмкін емес. Білім сапасын бағалау үшін студенттердің бағасына назар аудардық, өйткені бұл білімнің тікелей немесе жанама көрсеткіші. Бірінші сұрақ: «онлайн оқытуға ауысқаннан кейін сіздің бағаларыңыз қалай өзгерді?» Зерттеу әдісі – сауалнама, әлеуметтік сауалнама.

Қатысушылар саны-205 адам.

Олардың көпшілігі, 151 студент (74.0%) «өзгеріссіз» нұсқасын таңдады, 31 студент (15.2%) жақсарғанын және 22 студент (10.8%)офлайн оқумен салыстырғанда бағалардың төмендегенін байқады. Бұл бізге қашықтан оқыту кезінде үлгерімде проблемалар жоқ екенін айтады және бұл бізге онлайн білім берудің өзін-өзі дамыту тұрғысынан барлық артықшылықтарын қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар алынған білімнің сапасы туралы білу үшін біз тағы бір сұрақ қостық: «Сіз онлайн режимінде оқу кезінде алған біліміңізді офлайн режимімен салыстырғанда қалай бағалайсыз?» Сауалнамаға қатысқан 205 студенттің 95-і (46.6%) «төмендеу» нұсқасын, 88 студент (43.1%) «өзгеріссіз» нұсқасын және 21 студент (10.3%) «жақсарды» деген нұсқасын таңдады. Сондай-ақ олар академиялық үлгерімді бағалаудың соңғы критерийі студенттердің сабаққа қатысуын шешті, өйткені қашықтан оқыту кезінде техникалық проблемалар пайда болуы мүмкін және бұл білімге қатты әсер етеді. Біз келесі сұрақты: «Онлайн режимінде оқу кезінде сабаққа қатыспадыңыз ба?»  деп қойдық. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі, 166 студент (81.4%) сабаққа қатыспауды жоққа шығарды, ал 38 студент (18.6%) сабаққа қатыспайтындықтарын мәлімдеді. Келесі сұрақ: «Онлайн оқу кезінде бос уақытыңыз офлайн режимімен салыстырғанда артты ма?» болды. 137 студент (67.2%) растады, ал 67 студенттің жауабы (32.8%) өзгеріссіз. Бос уақыттың пайда болуымен көптеген студент өздерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін толық емес жұмыс істей бастады. Ақшаға деген қажеттілікті өзін-өзі дамытуға ынталандыру ретінде қарастыруға болады. Студенттердің кейбір қосымша жұмыстары болашақ мамандыққа байланысты «Онлайн формат оқу кезінде табыс жасауға мүмкіндік болды ма?» деген сауал қойылды. 114 студент (55,9%) қосымша табыс таба алғанын айтты, ал 90 студент (44,1%) қосымша табыс табу мүмкіндігі болмағанын атап көрсетті. «Бос  уақытыңызды қалай пайдаланасыз?» деген сұраққа респонденттердің едәуір бөлігі, яғни 92 студент (55.4%) «Кітап оқу» опциясын таңдаса, 74 студент (44.6%) «өз мақсаттарына жету үшін пайдалану» опциясын таңдады және 63 студент (38%) «жұмыс» опциясын таңдады, қалғандары «Мен туыстарыммен көп уақыт өткіземін», «Спортпен айналысамын», «Фильмдер көремін» және т.б. деген жауаппен шектелді.  Қосымша ғылыми жобалармен және ғылыми салада өзін-өзі дамытумен айналысатын студенттер де бар. Қашықтықтан оқытудың олар үшін пайдасы зор болды. 205-тен 30 студент (14.7%) өздерін ғылымда сынап көрді. Олар өз жобаларын қорғады, пікірталас өткізді және әртүрлі тақырыптарды талқылады, ғылыми конференцияларға қатысты. Біздің зерттеуіміздегі соңғы сұрағы былайша өрілді: «Қашықтан оқыту кезінде оқудан басқа сіздің жеке өміріңізде қандай да бір өзгерістер болды ма?». 205 студенттің 115-і (56,4%) оң жауап берді. Кейбіреулер спортпен шұғылдана бастағанын айтса, көбісі отбасын құрғанын, түрлі музыкалық аспаптарда ойнауды үйренгенін, қайырымдылықпен айналысқанын, көптеген қатысушылар туыстарымен қарым-қатынасы жақсарғанын айтты. Пандемия басқа қалаларда тұратын студенттерге отбасының жылуын сезінуге, туыстарының жанында болуға мүмкіндік берді.

Қорытындылай келе, онлайн оқыту көптеген ҚР-ның Медицина студенттеріне жағымды әсер етті. Практикалық дағдылар медицинада шешуші рөл атқаратыны сөзсіз, бірақ айта кету қажет, студенттер жақсы оқып, түрлі мүмкіндіктерді пайдалана алды. Қашықтан оқыту кезінде алынған білім мен тәжірибе медицина студенттерінің үлкен жетістіктері мен кәсіпқойлығына  әкеледі деп үміттенеміз.

Ш.САУЫТҚАНОВ, 

З.АБЖЕТОВА

С.Ж.Асфендияров

атындағы ҰМУ АҚ

 интерн-дәрігерлері

804 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

AQIQAT №9

28 Қыркүйек, 2023

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы