• Ұлттану
  • 30 Тамыз, 2022

ДІН МЕН ҒЫЛЫМ БІР-БІРІНЕ ЖАТ ЕМЕС

Нұрхалық Абдырақын

Алла Тағала: «Сені жоқтан бар етіп жараттым да Мен жасырындым, сен  енді ізгі амалыңмен бойыңнан Мені көрсет!»

Ұлы Жаратушының бір есімі Әл-Ғалим (Білуші). Барлық нәрсені білуге құдіреті жетеді. Болғанды және болатынды біледі. /1, 9/ Сондықтан да мұсылман ғалымдары қанша терең білімді болса да «барлығын анық білуші Алла» деп айтуды ұмытпаған. Ғылымның қайнар көзі адамның санасы.

Адам баласына сана беруші Алла. Адам баласы бес сезім мүшесімен сезіп, көріп білген соң сана қалыптасып, түйсініп, ой түйеді.

Батыс философы Фома Аквинский дін мен ғылымды ымыраластырған. Альберт Эйнштейн өз дәрісінде: дінсіз ғылымды балдақсыз ақсаққа, ал ғылымсыз дінді таяқсыз соқырға теңеп, діннің ғылымға, ғылымның дінге еш зияны жоқтығын және бірінсіз-бірі нәтижесіз екені туралы айтқан. Орта ғасырдағы надандық салдарынан инквизиция кезінде христин діндарлары ғылымға теріс қараған. Ислам астрономиясын қолдаушы Н.Коперник, Г.Галилей сынды ірі ғалымдарды қудалады. Ислам ғылымы Еуропаға келген соң ғана шындықтың беті ашылып, ғылымды мойындалған. Кез келген ғалым әдеп, иман негіздері, ар-ұятты біуі керек.\2,24-26\

Басымыздың тәжі, көзіміздің нұры болған пайғамбарымыз Мұхaммед Мұстaфa (с.ғ.у.) білім жайында: «Ішінде кішкене болса да білімі (aқиқaты) жоқ aдaм қaңырaп бос қaлғaн ескі үй сияқты». Сондықтaн міндетті түрде білім aл және оны бaсқaлaрғa үйрет, оны шынaйы түсін, білімсіз бұл дүниеден өтпе. Аллa Тaғaлa топaс, білімсіздерді кешірмейді. Аллa Тaғaлa білімді тәрк еткен құлын жек көреді. Білім бaрлық жaқсылық aтaулының бaсы, білімсіздік бaрлық жaмaндықтың қaйнaр көзі. Дін дұшпандары орта ғасырдағы ислам ғұламаларының ұшан-теңіз ғылыми жетістігін ұрлап, одан кейінгі ұрпақты адастыру үшін өте жіңішке жерден сына қағып, дін мен ғылымды бөліп тастады. Сөзімізді таратсақ:

Пайғамбарымыз (Илаһи билік 23 жыл) және оның төрт халифатының (Ижма 622-651) 29 жылдан соң, 661-750 жылдарда Уммия билігі үстемдік етті. Осы кезден кейінгі бүкіл әлемдік ғылым араб тілінде сөйледі. Араб әлемінде атақты ғалым-ғұламалар шықты. Ислaм химия ғaлымы Жәбір ибн Хaййaн (Алгебра пәнінің атасы), Арaб медицинa aтaсы Әбубәкір aр-Рaзи, дaнышпaн ойшыл, ғалым әл-Қинди, ортаазиялық атақты энциклопедист ғалым Әбу райхан Әл-Бируни. Әлеуметтaну ғылымының негізін сaлушы ибн Хaлдун, физикa ғaлымы әл-Хaсaн ибн әл-Һәйсaм, aтaқты дәрігер Абдулaтиф әл-Бaғдaди. Аристотельдің кітaбын түсіндіруші ибн Рушд. Әбу Нaсыр әл-Фaрaби және бүкіл Түркі дүниесінен шыққaн дәрігерлердің ұстaзы Әбу Әли ибн Синa (медцина ғылымының атасы), ойшыл ақын, философ, асқан математик Омар ибн Ибрагим әл-Хайям. Бейбaрыс сұлтaнның жеке дәрігері ибн Нәфис, атақты ғалым математик және астроном Мұхаммед әл-Хорезми. Ахмет Игүнеки, Мaхмұд Қaшқaри, Жүсіп Бaлaсaғұн, Астроном ғалым Ұлықбектер ғылымның шамын жақты.

Ақыл адамзатқа Алланы тану үшін берілген нығмет, міне, сол нығмет арқылы ғылым жасаймыз. Бізге жан беруші де жан алушы Алла Тағала.  Бізге жан салғанда Өзінің хикмет сырларын сіңірген. Ақылы бар адам айналасына ақыл көзімен қараса немесе өз тәніне зейін қойса Алланың ғылымын анық көрер еді, амал нешік!!!

Исаак Ньютонның шіркеуді ширк келтіру деп түсінгені ғылым тарихынан белгілі. Әл-Фараби мен ибн Сина еңбектеріне сүйеніп, Еуропа елдеріне ғылым жайған ағылшын тақуасы Роджер Бэкон өз кезінде шіркеудің надан істеріне наразы болған, ислам ғылымының шындығын айтқан. Ортағасырлық еуропалық ғалымдар өз еңбектерін көбіне-көп арап, ғұламаларының ғылыми мұраларын тану, соған ізбасар болу арқылы жазып, ғылымды дамытқаны туралы шын сөз Британияда шыққан көп томдық ғылым тарихының әлемдік энциклопедиясында  ашық айтылған. \2,24-26\ Астрономиялық аспаптар, ойыс айна (линза), телескоп жасау, обсерватория салу ісі де ислам елдерінен алынған үлгілер. Ғылым тарихын білетіндер әлбетте мойындайды. Ғылымдағы адасушылық пен қате түсінік әлемдегі барлық ғылым сәулесінің басы ежелгі Грекия, одан Еуропа деп білу. Фалес, Пифагор, Платон сынды көрнекті ірі ғалымдардың шыққан тегі грек болғанымен, білім терген, ғылым үйренген жері ескі Шумер (б.д.д.4-3 мыңжылдық) жері болғандықтан, олардың ғылымы Шығыс ғылымының жалғасы екендігін Фарабитанушы ғұлама Ақжан әл-Машани дәл айтқан. \2,24-26\ Ертедегі грек ғалымдарының есімін, білімін Еуропа елдері ислам арқылы таныған. Сондықатан да Р.Бодлей: «Қазіргі батыс мәдениеті ренессанска, ренессанс исламға қарыздар», - деген \2,24-26\.      

Уотт Монтгомери «Исламның ортағасырлық Еуропаға ықпалы» атты еңбегінде: Пайғамбар мисуагы әлемге тіс жуатын щетканы сыйлады. Сүннет көйлегі пижамаға айналды, ғұсыл тазалықты, дәрет төсекке аяқты жуып жатуды үйретті, жұмаға дайындалып сақал-мұрт, шаш, тырнақты алу жеке гигиена мен мәдениетті үйретті. Бұрынғы төсекке де жүн шекпендерімен құлай беретін жаман әдеттерінен айырылып, төрт мезгілге қарай киім киетін болды, биттен құтылды, тамақты фарфор ыдыспен ішетін болды, кептірілген балық жейтін еуропалықтар жеңіл сорпа, қою тамақ, тәтті тағам жеуді әдетке айналдырды. Араб цифры, компас, қағаз жасайтын құрылғылар Еуропаға келді, солай жаппай сауаттанды.  Зайтүн,  інжір, банан, жүзім, құрма, шие жемістері келді,  егінді үнемдеп суғару үшін шағын арықтар қазды, Гиттар алғаш Испанияда Кодрова халифатында пайда болды. Сәулет өнері дамыды, медицинаға жаңа серпін берді.

Пaйғaмбaрымыз aйтты: «Білім іздеу – ер-әйел мұсылмaндaрғa пaрыз, білім aлудa Аллa Тaғaлaғa сүйену керек. Сондa ғaнa ол сағaн шынaйы білім болып сіңеді. Білім пaйдaлы және пaйдaсыз білім болып екіге бөлінеді. Білімді тірліктің тірегі ету керек. Пaйдaлы білім сені бaқытқa жеткізеді, aл пaйдaсыз білім сені құрдымғa әкетеді.

Ғылым екі түрлі: адам туғаннан өлгенше еш айырыла алмайтын Алланы тану – ілім, бұл барлық адамға парыз ілім. Екіншісі нан жеу үшін керекті ғылым. Мұнда бір мамандықты біреу меңгерсе, барлық адамның мойнынан түсетін ілім. «Дін ғылымның атасы», - деп сыршыл ақын Мұқағали бекер жырлаған жоқ.

Адам қанша ғалым, көріпкел болса да өзінің қай күні өлетінін білмейді. Кім кішкене қара құмырсқаны қолдан жасап, жан сала алады. Алла Тағала бізді жақсы көргені соншалық, көзімізге айналамыздағы метофизалық әлемді (періште, жын-шайтан, аруақ т.б) көрмейтін етіп жаратқан, көрсек жүрегіміз жарылып кетеді. Дін – әрбір адам баласына, ақыл иесіне өз қалауы бойынша, дүние және ақыретте нағыз бақытқа жеткізетін илаһи жүйе. Алла Тағала адамзатқа Пайғамбарлар мен кітаптар арқылы тура жолды нұсқап, ғылымын үйретіп отырған. Айталық: Ибраһим (а.с) Кағбаны саларда көгершін мен өрмекшіні жібереді. Өрмекші торынан құрылыс сызбасын, архитектурасын үйренсе, көгершін жұмыртқасын жарғанда балшық жасауды үйренген. Мұса (а.с) Пайғамбарға химия (алтын жасауды) үйреткен, сонымен бірге өсімдіктану (ботаника) ғылымын үйретіп, дәрі шөпті шипа еткен. Дәуіт (а.с) Пайғамбарға теміршілікті меңгертіп, физика, химия ғылымын үйретті. Иса (а.с) Пайғамбарға медицинаны үйретті. Туыла сала алапесті емдеді. Негізінде жіберілген діндердің барлығы Исламға келіп тіреледі. Бұл иләһи діндер кейіннен негізгі қалпын жойғандықтан, Алла тағала Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) арқылы ақиқат діндердің ең соңғысы әрі ең кемелі Ислам дінін түсірді \3.6\.  

PS: Ғылым діннің бөлінбес бір бөлшегі. Нәпсісін тыңдаған жан, шексіз еркіндікке кеткен адам адасады, исламның шектеуі осы ғана. /5/  Адамзақта пайдалы кез-келген ғылым діннің бір жетістігі. Біз дін дұшпандарының дін мен ғылымды бөліп қарастырғанын және екеуін қарама-қарсы қойғанын білуге міндеттіміз. Дін мен ғылымды тең меңгерген мұхит тәрізді терең адамдар болады, оларды көргенде тереңіне шамаң жеткенше сүңгігің келеді, ал шалшық судай таяз адамдар да болады, олар үстімді былғап кетпесе екен деп аттап кеткің келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Алланың 99 ғажайы есімі» / Сәдуақас Ерматұлы Ерматов. (орыс тілінен аударған) «Мерей» баспасы, –  Алматы, 2006 жыл

2.Ғылым іздеуді адамның адамдық борышы санаған. Мақсат Алпысбес. / «Аңыз адам» журналы, 24-26 беттер.

3.Хасен Арыкан;  Түрік тілінен ауд: А.Кешкилов. Бейнелі Мұхтасар ҒЫЛЫМХАЛ (Ханафи мәзхабы бойынша негізгі діни мағұлматтар).–Алматы: Алтын парақ, 2017.-188 бет. (ҚРМәдениет және спорт министрлігі дін істері комитеті және ҚР Мұсылмандар діни басқармасы бекіткен)

4.Құран кәрім. (Араб тілінен қазақша түсіндірмелі  аударма  жасаған).  Әкімханов  Асқар Болатбекұлы, Анарбаев Нұрлан Сайлауұлы. –   Алматы, «Көкжиек» баспасы. 2015. -624 бет. 

5. «Дaнaлықтың дәйегі» / қытай тілінен ауд. -Н.Абдырақын. – Алматы: Қазақ университеті, 2017 жыл

6.Иман негіздері. Сейтбеков Смайыл. ЖШС РПБК «Дәуір» – Алматы, 2011 жыл.

1471 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз