• Ұлттану
  • 26 Қазан, 2022

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ САРҚЫЛМАС ҮН ӘЛЕМІ

Музыка – бұл адамзат мәдениетінің тағдырымен тығыз байланысты болған  және де  одан әрі дамудың сарқылмас шығармашылық әлеуетін қамтитын ерекше әлем.  Ежелгі адамдар ым-ишара, мимика, айқай, ысқырық, тақылдату арқылы білдіретін музыканың, кеңірек – тілдің пайда болуынан бұрын сөйлеу алдындағы кезең болғандығымен түсіндіріледі. Біртіндеп осы аралас ағымнан дыбыстық сөйлеу қалыптасып, музыкалық  бастамасы  сөздікпен үйлестіруге негізделген;  ал ырғақ пен әуен мағынаны есте сақтауға ықпал етті.  Неге десе, көзбен көру арнаның ақпарат алудың барлық маңыздылығына байланысты болды. Ғалымдар оның меншікті салмағын 80%-дан астам деп бағалайды, алайда оның тарих таңында айқын көрінетін  екі маңызды кемшілігі болды.  Көз тек көру саласында не бар екендігі туралы және де  қоршаған орта жеткілікті жарықтандырылған жағдайында ғана ақпарат береді.  Қараңғылық басталған кезде көру адамға ақпарат беру мүмкіндігін жоғалтады. Сондықтан  дыбыстық сөйлеу  адамдар арасындағы қарым-қатынастың негізгі жолына айналғандықтан, ақпаратты алудың оптикалық (көз көру) тәсілінің осы шектеулерін еңсерді.

Ұзақ тарихи уақыт ішінде  дыбыстық сөйлеу құдайдың құдіретіне ие болғаны   «дипломатиялық нота» өрнегінде бейнеленген.  Сөз бен музыканың бөлінбейтін бірлігі адамзат өркениетінде әсіресе «ежелгі Жапониядағы оның дипломаты шетел үкіметіне жүгініп, өз мемлекетінің хабарламасын шырқағанынан танымал.

Дыбыстық сөйлеу, яғни үн әлемі біздің алыс ата-бабаларымыздың өмірінде жетекші орын алады. Үн  кезеңнің маңыздылығы оның қоғамға қатысты қажетті, өзекті ақпаратты жеткізуіне байланысты. Неге десе, дыбыстық сөйлеу – есту мүшесі арқылы архаикалық қауымдастықтарды шоғырландырудың, әлеуметтендірудің қол жеткізілетін негізгі құралына айналады.

О кезде  естудің маңыздылығы тек ақпаратты қабылдау мен беруімен шектелмейді, өйткені  алынған  ақпарат тек белгілі күнделікті түрінде  ғана емес;  өмір сүру  үшін мұқтаж  алғашқы сезімдік, эмоционалды боялған  ақпараттық  білім ретінде қабылданды.  Демек,  мұндай ақпараттың бастапқы және негізгі көзі – бейсаналық деңгейде әрекет ететін эмоционалды энергия болды. Қазақ тілінде энергия сөзінің бірнеше синонимдері бар екені белгілі. Соның ішінде ең дәл мағынасың түсіну үшін жігер деген сөзі келеді. Психология тұрғысынан жігер – адамның түрлі қиындықтарды саналы түрде жеңе білу қабілеті. Жігерлі адам көздеген мақсатына жету үшін зор табандылық көрсете біледі. Жігерлілік әрекетінің басты мақсаты – қабылдаған шешімді орындап шығу. Адам жігері арқылы кез келген қиындықты жеңуге жол табады,  қиыншылықтарды жеңуге ұмтылады» (Жігер (психология)// Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет  https://kk.wikipedia.org/wiki/).

Дәл осындай бейсаналық деңгейде әрекет ететін эмоционалды  жігер  алғашқы адамдарда  пайда болып қалыптасады. Осындай рухани, яғни физикалық-қимылдық емес, керісінше, тұлғаның ішкі әлемінің жігері «төре күйлерінің атасы» Дәулеткерейдің  (академик А.Қ.Жұбанов) аттас  күйіне тән. Ол туралы  А.В.Затаевич  сөзбен дәл анықтап жазғаны белгілі.

Ежелгі ру-тайпаларға оралсақ,  оларды қисынды түрде қажет немесе қажет емес, пайдалы немесе зиянды деп түсінбейді. Архаикалық «бала» құстардың сайрауынан психологиялық жайлылықты неге сезінетінін, неге өз түрінің дауысына риза екенін түсінбейді;  тікелей, бейсаналық түрде сезінеді.  К.Юнг  мұндай сезімдерді  прототиптер, архетиптер немесе ұжымдық бейсаналық деп анықтайды.  Қорыта келе, сипатталған эмоционалды энергияны ұлы Дәулеткерейдің «Жігер» күйін  атақты Қали Жантілеуовтың тартылуында интернетте тыңдау мүмкін.

Қысқаша сипаттама бастапқы  кезеңде  адамдар үшін үн әлемді  дыбыстық кешен ретінде қолдану аса маңызды болғанын негіздейді. Сөздік қорының болмауы, сөйлеу мәнерінің жеткіліксіздігі  архаикалық адам белгілердің өз түрімен алмасуын орнатады.  Сенімділік, адами қатынастарын және оның осы қасиеттерін адамзат  мәдениетінің бүкіл тарихында әрдайым өзгеріссіз сақтай отырып, қызыл тіл мен сарқылмас үн әлемің қалыптастыру үшін жағдайлар жасалады.

Табыстың арқасында музыканың шығу тегі дыбыстық мағыналы кешенге,  яғни  үн әлеміне барып тіреледі. Қабылдау, атап айтқанда үн әлемің тыңдау және бейнелеудің сыртқы қолдауы болмағандықтан, бұл адам баласының маңызды күштерінің ішкі даму қабілеттерін ынталандырады.  Басқаша айтқанда,  дыбыс және оның қасиеттері туралы мағыналық жағынан біртұтас әмбебаптар   сыйымды ақпараттық код ретінде түсініктер қалыптасады.  Өмірлік практика барысында үн әлемінің сапалық айырмашылықтары сезініледі.  Мысалы, ырымдық әрекеттерде қатты, жаңға батарлық дыбыстар, суггестивті (сендіру және иландыру эмоционалды-еріктік  ықпалды таңдаусыз қабылдау)    интонациялық кешендер ірі аң аулау кезінде қауіп туралы ескерту, яғни белгі беру үшін  қолданылған.  Ал тыныш жағымды үн, тембрді жұмсақ бояуы, өлшенген ырғақ эмоционалды-жаратымды әлеуеттің өсуіне, «Біз – сезімдердің» қалыптасуына және өзара көмек пен ынтымақтастық рухының дамуына ықпал етеді.  Өйткені, тек бейбіт интонация, саз ғана руластарын өзіне тартып, оны одақтасқа айналдыра алады. Керісінше, қатал дауыспен, айқайлап агрессивті әрекеттерді қоздыру мүмкін. Бұл архаикалық дәуірдің экстремалды жағдайында күтпеген салдарларға толы, тіпті өмір мен тіршілікке тікелей қауіп төндіреді.

 

Ұлы Даланың үн әлемі

Ұлы Даланың үн әлемі оның кең байтақ жерлерін аралаған ғалымдар мен саяхатшылардың назарын ежелден өзіне аударып келеді. Табиғатың шын мәніңде түсінуге тырысқан зерттеушілер үшін ол қазақтардың өмірі мен мәдениетін көрсететін және бейнелейтін ерекше дыбыстық әлем ретінде қызығушылық тудырды. Еліміздің мұрасын өзінің туған мәдениеті тұрғысынан сипаттағандар да аз емес еді. Нәтижесінде Ұлы Даланың музыкасы деп «сырттан», бөтен қабат ретінде зерттелген осындай шешім  бойынша  ата-бабаларымыздың  сарқылмас үн әлемі туралы ұнамсыз  түсінік қалыптастырған жұмыстар да пайда болды.

Пікірлердің, көзқарастардың шашырауына қарамастан, қазақ музыкасына ғылыми көзқарас біртіндеп қалыптасады.  Түсінігі мен объективті түсіндірілуі гуманитарлық танымның түрлі салаларының зерттеулерінің арқасында мүмкін болды. Ірі ауқымда қазақ музыкасын зерттеуі үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңді (XVIII-XX ғасырдың басы) жан-жақты талдау мәдениеттанушы және өнертанушы А.И. Мұхамбетованың мақаласында көрсетілген. Зерттеуші авторлардың «басты назарына іліккен музыка аспаптары, орындаушылықтың әлеуметтік-тұрмыстық қырлары, ән жанрлары, кәсіби тұлғалардың бейнелері болды. Музыкалық тілінің өте күрделілігі мен еуропалық музыкада ешқандай теңдесі жоқ ұлттық ерекшелігіне қарай, күйлер көп назарға ұшырай қойған жоқ», – деп белгілейді.  Белгілі мәдениеттанушы және өнертанушы сол кезеңдегі жұмыстардың арасында А.Эйхгорнның, С.Г.Рыбаковтың және П.Тиховтың еңбектеріне қысқаша тоқталады. А.Эйхгорн зерттеулерінінің құндылығы «музыка аспаптарын, вокалдық орындау мәнерін сипаттайтын еңбектері мен 31 музыкалық үлгінің жазбасы ерекше көзге түседі» деп белгілейді. С.Г.Рыбаков болса, «Еділ бойы және Орта Азия халықтарының фольклорын жинаған жүзге жуық қазақ әндерін жазып алған, бірақ, өкінішке орай, олар әлі жарық көрген жоқ», екені туралы мәліметтейді. Дін қызметшісі П.Тихов бақсы ойнауының музыкалық үрдісі туралы тұңғыш мәлімет беріп, бақсылар аспабы қобызды сипаттап жазды» – деп жалғастырады А.И.Мұхамбетова.

XX ғасырдың басында қазақ музыкасы Вамбери, Р.Карутц, Э.Хорнбостель және т.б. сияқты батыс-еуропалық ғалымдардың назарына ілінеді.  Домбыраны әлем халықтарының тектес аспаптарымен салыстырмалы зерттеу үшін алғышарттар қалыптасады. Еліміздің мәдени мұрасы, оның ішінде музыка туралы да фольклор деп анықтаған қағида осы уақыт үшін ортақ үрдіс ретінде   қондырғы фольклорлық жанрларға да, айтыс, жыр, ән және күй сияқты ауызша кәсіби түрлерге де экстраполяцияланады (таратылады).  Гуманитарлық білімнің түрлі салаларында: фольклортану, филология, әдебиеттану және музыкатану ауызша музыкалық мұра жоғары жазбаша кәсіби дәстүр үшін шикізат ретінде қарапайым ретінде түсіндірілген еуропоорталықтық  шешім  бұл кезеңде  басым болды.

Уақыт өте келе ғалымдардың ұстанымдары елеулі өзгерістерге ұшырады. Бірінші кезеңге өзінің сипаты бойынша бір мағыналы емес ретінде ғылыми көзқарас шығарылды. Ұлы Даланың мәдени тарихын түсіну мүлдем басқаша, атап айтқанда - ауызша - феномен ретінде сезінуі қалыптаса бастайды. Нақты осы өзіне тән сапада, яғни ауызша мәдени қабат ретінде халқымыздың мұрасын этнограф А. В. Затаевич көрсетеді. Зерттеуші Ұлы Даланың әртүрлі аймақтарының музыкасы туралы егжей-тегжейлі мақалалардан тұратын «Қазақ халқының 1000 әні мен күйлері», «500 қазақ әндері мен күйлері» атты еңбектерін жариялады.  Ғалым қазақ туралы халық ретінде, интеллектуалдық тұрғыдан бай және ауызша шығармашылықтың әртүрлілігі мен мазмұндылығымен ерекшеленетін  ой-пікірлерің қалдырды. Белгілі ғалымның айтуынша, олардың «өмір салтындағы ерекше маңызы»әдебиет пен музыка болды.

Советтік кезеңде ауызша мәдениеттең гөрі жазбаша өркениет көбірек дамып орын алады. Себебі ҚСР-да  құрамына енген үлкен кеңес одағында мәдени саясат дәстүрлі құндылықтар мен мәдениетті,  ауызша шығармашылықты жоққа шығаруға негізделген. Жаңа әлеуметтік-мәдени құндылықтардың қалыптасуының алғашқы негізі ретінде кеңестік жазба мәдениетінің рухани өзегін құрған марксизм-ленинизм ілімі бекітілді.

Нәтижесінде Ұлы Даланың музыка әлемін талдағанда бұл кезеңде таптық және әдебиорталықтық шешімдер басым болады. Мысал ретінде   Қысқаша энциклопедияның 4-томындағы «қазақ фольклоры» атты мақаланы келтіруге болады. Онда мақал-мәтелдерден бастап, жырға дейінгі барлық жанрлардың жиынтығында қазақ ауызша мәдениетінің жалпылама шолуы беріледі. Және де таптық шешіміне сәйкес Қорқыт, Сыпыра жырау, Асан Қайғы және басқа да зияткерлік-шығармашылық қайраткерлері «фольклор  дәстүрінің әншілер мен ақындары» ретінде сипатталады.  

XVIII-XX ғасырдың басындағы Ұлы Даланың музыка әлемі туралы ғылымында бір текті, бір мағыналы емес түсінік қалыптасады. Бір жағынан, зерттеушілер қазақ музыкалық аспаптары мен түрлі жанрларды қамтитын бай музыкалық мәдениет туралы куәландыратын құнды еңбектер шығарады. Екінші жағынан, бұл кезеңде Ұлы Даланың сарқылмайтын үн әлемі тек фольклорлық игілік ретінде жарық көріп,  еліміздің асыл қазынамыз туралы тек өткеннің тарихи ескерткіші ретінде ғана ресми түсінік қалыптасады.

 Ұлы Даланың сарқылмайтын үн әлемі бір жағынан ХХ ғасырдың басында  туған ортада басым орын алады. Екінші жағынан, өз ортасының шеткі аймағы  ретінде  тіршілік етеді. Сол себепті, сандық жағынан деректану базасы көп болғанына қарамастан, қазақ музыка мәдениеті әлі де өзінің көптеген  аса маңызды түрлері бойынша танылған жоқ.

Жоғарыда айтылған XIX-шы және XX-шы ғасырлардың шегі Ұлы Даланың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өміріндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты. Қоғам мен мәдениеттің, оның ішінде үн әлемінің мақсатты өзгеруі қазақ тарихының ең ауыр кезеңімен сәйкес келді. 1920 жылдардағы ашаршылық мыңдаған қазақтардың өмірін қиды. «1945 жылға дейін халық саны жаппай төмендеді. Ұжымдастыру кезеңінде ашаршылықтан 2 миллион адам қырылды, яғни халықтың 50%. 15% бір жола Қытайға, Ауғаныстанға және де басқа елдерге қоныс аударды. Қалғандарына 37 жылды және екінші Дүниежүзілік соғысты бастарынан кешу қалды», – деп талдайды Ә. Мұхамбетова.

ХХ ғасырда қазақ халқының «дәстүрлі мәдениетінің тағдыры оның ауыр әлеуметтік тағдырына сай болды. Демографиялық кемулер, кәсіби музыканттарды қудалау мен оларды қыру, идеологиялық және таптық белгілерге керағар келетін шығармаларды орындауға тыйым салу, ең бастысы, кәсіби емес деп дәстүрлі өнердің беделін түсіру – осының барлығы дәстүрлі мәдениеттің дәрежесінің төмендеуіне (деградацияға) себеп болды. Кәсібиліктің жалғыз түрі боп жарияланған еуропаландырылған музыкалық шығармашылықтың абыройы (беделі) үстем болып, ол мемлекеттік саясат қолдауына ие болғандықтан, дәстүрлі  өнердің дарын иелері де еуропаландырылған өнерге ауа бастады».

«Алайда халық ішінде өмірді жоғарғы деңгейде түсінудің дәстүрлері ешнәрсеге қарамастан сақталып қалған». ХХ ғасырда адамға деген аянышы білдірілген жаңа шығармалар (әрине, бұрынғыдай көп емес ) туды, – деп әрі қарай жалғастырады өзінің ой-пікірлерін белгілі мәдениеттанушы және өнертанушы. Бұл жерде Ә.Мұхамбетова «Күй қайнары» еңбегіндегі авторларының  «Шығармашылығында ежелгі қобыз дәстүрлерінің дамуы толықтай аяқталған» – деген қорытындымен толық келіседі. «Сүгірдің домбыра күйлерінде қобыз музыкасының ежелгі жоқтау-сыңсу сарындары қайта жаңғырды, алайда қалған сарын-символдар әлемдегі күштердің тепе-теңдігін елемеген» өнерпаздардың күйлерінен «өз орынын таба алмады», – дейді.

«Осы уақытта ең ежелгі дүниетанымның бір қасиеті – әлеуметтік қиыншылықтардың салдарынан, халықтың аман қалып сақталуының шарты болған ішкі рулық қарым-қатынас, туыстық байланыстар этикасының жиі қолданылуы». Адамды «қандас туыстық, отбасылық байланыстарының шеңберінде көру, қазақ халқында ешқашан жоғалмай, әрдайым тұрмыстағы қарым-қатынастардың, күнделікті өмірлік тәжірибенің негізі бола отырып, үйреншікті дағдылар мен әрекеттерді реттеді. Ол әрдайым дәстүрлі дүниетанымның мейлінше жоғарғы деңгейінде үйлесім тапқан сакральді мағынасын сақтады», – деп пайымдайды. 

«Жоғарғы  діни  идеологияның төмендеуінен рулық этика дүниетаным құрылымында жетекші орын алды», – деп жалғастыра келе, зерттеуші жаңа кезеңнің көптеген әндері мен күйлерінің тақырыптарына талдау жасайды.  Атап айтқанда, олар «әкеге, анаға, атаға, әжеге, балалары мен немерелеріне арналды. Осы туындылардан адами байланыстардың жылылығының лебі еседі, әйтсе де бұл кез шығармаларында дәстүрлі өнер бейнелерінің таралып, шынайы философиялық мәселенамалардың, әлем мен адам жайлы түсініктер көлемінің таралып жоғалуын көрмеу мүмкін емес», дейді. Мысалы, Темірбек Ахметовтың «Жетім бала» күйі «30-жылдардағы жаппай орын алған әлеуметтік құбылысты көрсетті. Қоғамның әлеуметтік және көркем өмірінің шеткі аймағына (перифериясына) ығыстырылған халық музыканттары ғасырлар бойы жиналған адамгершілік пен мейірімділіктің қорын сақтады. Туыстық және рулық байланыстардағы адамның өмірін толғана отырып, олар адамдарға таптық күресте құрбандыққа әкелетін, алып машинаның бұрандасы секілді жаңа көзқарас орнатқан идеологияға қарсы тұруға көмектескен», – деп қорытындылайды. 

Жоғарыда аталған процестер дәстүрлі әлеуметтік-мәдени құрылымның  бұзылуын, яғни, деформациясын тудырды. Көп ғасырлық қазақ мәдениетінің орнына асығыс түрде жаңа музыкалық қабат, атап айтқанда: еуропалық дәстүрдің композиторлық мектебі қалыптасады. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарының ортасынан бастап қазақ музыкалық мәдениетінің шыңы ретінде ұсынылған жаңа түрлері: халық аспаптар оркестрі, хор, және опера, симфония, балет секілді жаңа жанрлар енгізілді. Бұл жағдайда Ұлы Даланың сарқылмас үн әлемі жаңа сұралған музыкалық қабатпен ығыстырылады. Кәсіби музыкалық өнер мәртебесін мемлекеттік саясат бекіткен еуропаландырылған музыкалық-шығармашылық іс-әрекет иеленеді. Сол арқылы бұрынғы Кеңес Одағының республикаларында ХХ ғасырдың ортасына дейінгі айқындаушы үрдіс басым.

Отандық ғылымның бірінші кезеңінің жетістігі – бірлескен күш-жігермен кейінгі ғылыми ізденістер үшін нақты құнды мәліметтер жинақталғаны болып табылады. Бірінші және екінші кезеңдер арасындағы шекаралық шет ХХ ғасырдың екінші жартысындағы бүкіл кеңес одағындағы «алпысыншы жылдардағылар» атауымен тарихта қалған өзіндік осьтік уақыттағы интеллигенциясының  кіші мәдениеті (субмәдениеті) анықталады.  Негізінен 1925 және 1945 жылдар аралығында дүниеге келген ұрпақтың көзқарастарын қалыптастырған тарихи контекст сталинизм, Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі дәуірі болды. Толығырақ алпысыншы жылдардағылар туралы жалпы және Қазақстандағы осы феноменнің белгілі өкілдері  туралы  мәліметтер 2-ші «Қазақ музыкалық мәдениетінің  тарихнамасы және кезеңдерге бөлу мәселесі» тарауында  беріледі. Ал мына тараушада тақырыпты жалғастырып,  екінші кезеңнің негізгі бағыттары мен үрдістеріне қысқаша шолу жалғастырайық. 

Осы кезеңдегі табыстар  туралы жетекші ғалымдардың еңбектері негіздейді.  Ең алдымен академик Ахмет Жұбановтың халықтың қалың ортасынан жиналып және ауызша материалдарға негізделіп жазылған іргелі еңбектерін атап өткен жөн. Қазақ тілінде шығарылған кітаптарында  XIX ғасыр және XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген көрнекті кәсіпқой әнші-күйшілердің өмірі мен шығармашылығы баяндалған. А. Жұбановтың дәстүрлі білімге лайықты көркем баяндау үрдісі оның мәтіндерінің сыйымдылығы мен қанықтығын қамтамасыз етеді.              

Бұл заман ғылымының маңызды бағыты — данышпан ақын мен ағартушы Абайдың ән шығармашылығын зерттеу де болып табылады. Алайда  негізінен ол орыс мәдениетінің, атап айтқанда орыс әндері мен романстардың ықпалымен сипатталған фольклорлы құбылыс деп анықталды.  Абай мұрасын,  кеңірек, Ұлы Дала қайраткерлерінің шығармашылығын терең мазмұнды және ерекше феномен ретінде, атап айтқанда: ауызша кәсіби музыка туралы түсінігі кейінірек қалыптасады. Нақты ғылыми тұрғыдан анықтау үшін жол ашқан  зерттеулерінің бірі – музыкатанушы С.Еламанованың дәстүрлі ән мәдениетіне  арналған еңбегі болды. Мұнда ауызша кәсібиліктің сырын ашу, оның мәдениеттанулық және стильдік бағыттарын сипаттауы Ұлы даланың сарқылмас үн  әлемін жалпы адамзаттық мәдениеттің әмбебап және бір мезгілде бірегей феномені ретінде түсіну үшін негіз қалады.               

Оның әмбебап бөлігі деп кеңес одағындағы негіз болып есептелген еуропалық үлгідегі композиторлық тәжірибе деген көзқарас қалыптасады. Ал бірегей бөлігі  - Орталық Азияның көшпенді әлемінің синкреттік тұтастығына және протоқазақ этноқоғамының, яғни алғы аталарымыздың  мәдениетіне негізделген Ұлы Даланың автохтонды, яғни жергілікті  феномен ретінде түсінілуі тән. Дәл осы рухани қабат әлемдік мәдени тарихында орны мен маңызын анықтай отырып,  мәдениеттанушылар мен философтар оның  «өздік болмысы» («самость») болып табылады десе, А.Сейдімбек «төлтумалық» –  самобытный деп анықтайды.

Ұзақ тарихи дамумен сипатталатын бастапқы аутентикалық, яғни қаймағы бұзылмаған негізі қазіргі уақытта да өміршеңді. Бүгінгі таңда отандық зерттеушілер қазақ музыкасын зерттеу бойынша белсенді іс-әрекет атқарады. Саз мәдениеті  ұжымдық халықтық өнерімен қатар өзіндік  ауызша кәсібилік қабатын енгізеді деген  ұстаным дәлелденді. Осылайша, Ұлы дала сарқылмас үн әлемі еліміздегі фольклорының тереңінде пайда болды және көптеген ажырамас топтарымен өзара байланысты. Бұл – сөз бен саздың тығыз өзара әрекеттесуі, трансляцияның ауызша тәсілі, жалпылық, зияткерлік-шығармашылық іс-әрекетінің жеке табиғаты, импровизациялылық, яғни суырып салмалық. Ауызша дыбыстық қабаттың мәдени-тарихи маңызы, біріншіден, онда сарқылмас үн әлемінің сакралды салттық-ғұрыптық ретіндегі музыканың әмбебап негіздемелері сақталғанында. Екіншіден, төлтумалық қазынамыздың бірізді дамуы ауызша кәсіби музыкалық тәжірибе сияқты толыққанды және аса құнды феноменнің қалыптасуына ықпал етті.   Мәдениеттанушылар мен өнертанушылар «дәстүрлі музыкасы» деп аталатын қазақ саз мәдениеті тек ұжымдық фольклор шығармашылығымен шектелмейді. Онда олар өзара үндесіп, бір-бірін музыкалық фольклор және әнші, күйші, жырау мен жыршы, ақындардың авторлық шығармаларымен бір-бірін толықтырып, байыта отырып, өзара  әрекет жасайды.

Осы кезеңде тіпті ХХ ғасырға дейін дамып келе жатқан Ұлы Даланың сарқылмас үн әлемі бай қазына ретінде орын ала бастады.  Мұндай түсінік сол кездегі астанамыз Алматыда ерекше орынға ие болды. Бір жағынан, ғылым саласындағы зерттеулер қоғамдық сананы жаңғыртуға көңіл аударылды. Қазақ мәдениетіндегі ауызша музыкалық кәсібилікті  жан-жақты қарастыруға ие болған пәнаралық  ғылыми бағыт қалыптасады. Оны ерекше өз  құндылығы бар, постмодернистік терминология бойынша  «Өзгелердің», «Басқа» («Другой») деп  негіздеуі  Е.Д.Тұрсыновтың, Б.Ж.Аманов және А.И.Мұхамбетованың, С.Ш.Аязбекованың, А. мен С. Раимбергеновтардың, Б.Ж.Қоқымбаеваның,  Г.Н.Омарованың,  Ж.Кожахметованың, және  тағы да басқа ғалымдардың  еңбектерінде егжей-тегжейлі зерттеме алған пәнаралық бағыт. Бақсы, ақындар, сал сері және жыраулар мәдени-тарихи өлшемде қазақ мәдениеті қайраткерлерінің типтерін баяндаудың басталуы Е.Д.Тұрсыновтың іргелі зерттеулерінде өз орнын тапқан. Оның еңбектерінде бақсы салттық іс-әрекетінің, сондай-ақ ақындар, жыраулар мен сал-серілердің әскери-магиялық салт-дәстүр мен әскери арғы аталарымыздың мәдениетіне байланысты бастауларының пайда болуы байқалады.

Ең  көне дәуірлерге зерттеушілер тұтас сипаты музыканың синкреттік табиғатын  көрсететін  күйші іс-әрекетінің қайнар көзін жатқызады. Оның  саласы, жалпы руханилық сияқты салттық-сиқырлы кешеннің ажырамас бөлігін құрады. «Қазіргі күнге дейін фольклорлық және кәсіби дәстүрлердің параллельді толық қанды болуы» қазақтардың музыкалық мәдениетінде процесстер мен құбылыстардың циклдік феномен екенін айқын көрсетеді.

Екінші жағынан, белгілі өкілдері тек қана ғылыми саласымен  шектелмей, сонымен қатар насихаттау жұмыстарымен де белсенді айналысады. Мүнда ең алдымен академик Р.Бердібай, аспаптанушы Б.Ш.Сарыбаев,  домбырашы әрі композитор Н.А.Тілендиев, тағы да басқаларды атап өтуге болады. Толығырақ осы ерекше уақыт және оның әйгілі қайраткерлері 2-ші тараудың  2.8 «Алтыншы кезең – қазақ мәдениетіндегі «алпысыншы жылдардағылардың» феномені» деген  тараушасында сипатталады.

Сөйтіп, ғалымдардың қарқынды ізденістері нәтижесінде жалпы түркі проблематикасына шығу жүзеге асырылады [Р.Бердібай, Б.И.Сарыбаев,  Б.И.Қарақұлов, А.И.Мұхамбетова,  Г.Н. Омарова,  Л.А.Халтаева, С.Өтеғалиева, А.Бердібай және т.б.].   Ұлы Даланың музыка әлемін, кеңірек, көркем мәдениет пен өнерің түсіну және барабар жарықтандыру үшін жаңа – көшпеліліктану – философиялық-ғылыми бағыт  үлкен маңызға ие болды. Көшіп жүру мәдениетін мақсатты түрде зерттеу көп гуманитарлық білімінің, атап айтқанда: археологияның, этнологияның, философияның, тарихтың, антропологияның, география сияқты шектес ғылымдардың міндеті.  Алайда  алғашқы рет көшпеліліктану теориясы   орыс тілінде  жазылған  «Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным казахским искусством», яғни    «Көшпенділер. Эстетика: дәстүрлі қазақ өнерімен әлемді тану» еңбегінде  көрсетілген.  Бұл  библиографиялық сирек басылымдары болған ұжымдық монографиясының тақырыбы бойынша осы жинақта жарияланған  Әсия Мұхамбетова, Болат Қарақұлов, Қанат Нұрланова  секілді ғалымдардың мақалалары, және де басқа еңбектері маңызды болғандықтан, оларға жиі көз жүгіртеміз.

Осы кезде тағы бір жаңа ғылыми бағыт қалыптаса бастаған. Атап айтқанда, Б.И.Қарақұлов еңбектерінде арнайы зерттеу тақырыбын құрастырған Ұлы Дала әншілік мәдениетіндегі жергілікті стильдер. ХХ ғасырдың 80-ші жылдары қазақ музыкасын зерттеумен айналысып, Болат Ишанбайұлының «Локальные особенности ладовой организации казахского песенного мелоса», яғни «Қазақ әншілік мелосының ладтық ұйымының жергілікті ерекшеліктері» авторефератын таптым. Бұл кандидаттық диссертацияның тақырыбы өте қызықты көрінген сон, мен ксерокөшірме жасап, бірнеше рет қайта оқыдым. Біздің ұрпағымыз о кезде консерваторияда тек  еуропалық ғылыми-ойлау дәстүрінде  музыкалық білім беру алып тәрбиеленгенбіз. Сондықтан Болат Ишанбайұлы ұсынған найман лады, адай, арғын, қыпшақ және т.б. терминдер дағдыланбаған болды. Мен осындай ерекше, үйреншікті емес терминдерге қалай қарау керектігін бірден бағдарламадым. Жат еуропалық емес терминдерді түсіну мен қабылдауға, кейінірек ежелгі грек музыкасының ладтармен салыстыру арқылы келдім. Жұртқа мәлім, фригийлық, ионийлық, дорийлық және басқа да ладтар Антикадағы аттас тайпалардан шыққан. Болат Ишанбайұлы антикалық музыкаға қатысты жасалған қорытындыларды қазақ ән мелосына экстраполяция әдісін, яғни таратудың логикалық-әдіснамалық ұстанымын қолданды.  Алайда,  сол кезде мен осындай түбегейлі ғылыми ізденістерді сөзсіз қабылдауға дайын болмадым, сондықтан олардың маңыздылығын тиісті дәрежеде бағалауға көп уақыт қажет болды.

Тәуелсіздік Қазақстан Республикасының қазіргі заман тарихы барлығына белгілі. «Желтоқсан 1986» тарихи оқиғасынан кейін Г.В.Колбиннің қысқа мерзімді басқарма кезеңі  болды. Желтоқсан 1986  аясында  «жүз», «ру» секілді сөздер ұлтшылдық, шовинизм деп қарастырылды. Өкінішке орай, бүгін де жүз, ру сияқты өзіміздің ұлттық құндылықтарымызға ойдағыдай көзқарас қалыптаспады. Негізінен саясаттанушылар оларды керексіз деп сынға алада. Шындыққа келсек, әр жүз, тіпті рулардың өздері де еліміздің мәдени ерекшеліктерін білдіреді.  Ол туралы 1993 жылы Ж.К.Қарақозова мен М.Ш.Хасановтың еңбектерінде «жүз» – халықаралық ұғым, қазақ халқы – философ және өз халқы туралы басқа да көптеген жаңалықтарды оқыдым. Бірден бірі орыс және қазақ тілдерінде алғашқы алпысыншы жылдардағылардың тыйым салынған идеяларын жалғастыратын, дамытатын жаңа басылымдар пайда бола бастады.

Өкінішке орай, Ұлы Дала  сарқылмас үн әлеміндегі жергілікті стильдерді зерттеу бағыты  Б.И.Қарақұлов бастаған ретінде жалғасын таппаған секілді. Мүмкін тәуелсіздік кезеңінің жаңа ұрпақтары, келешекте осындай маңызды және қызықты зерттеу  бағыттарда ғылыми ізденістерді жалғастырар.

Дегенмен, осы – екінші кезеңде жетекші ғалымдар Ұлы Даланың музыка мәдениеті Қазақстанда лайықты орын алуы үшін күш-жігер жұмсалды. Қарқынды ізденістер нәтижесінде  музыкатанушылар  зерттеудің екі жақты пәні ретінде анықталады, атап айтқанда: Ұлы дала сарқылмас үн әлемі және жаңа қыры – еуропалық дәстүрдің композиторлық шығармашылығы.

Перспектива ретінде анықталған үшінші кезең хронологиялық тұрғыдан  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік кезеңін қамтиды және қалыптасу сатысында қолданылады. Ол өзара байланысты екі үрдіспен сипатталады. Бір жағынан, Ұлы дала музыкасының өзіндік ерекшелік мәселелері қойылып, шешілетін қазақ интеллигенциясының ынталы ізденістері. Екінші жағынан, қабылданған «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында», «Рухани жаңғыру», Ұлы Даланың «жеті қыры» бағдарламаларына сәйкес мемлекеттік деңгейдегі жоспарлы қызмет. Осы кезең үшін ортақ платформа – ұлттық игілікті халық пен мемлекеттің қазіргі және болашақта талап етілетін жоғары құндылық ретінде қайта ойлау болып табылады.

Мұндай ой-пікірлер философтардың, филологтардың, мәдениеттанушылардың,  музыкатанушылардың еңбектерінде қарастырылады. Еліміздің ұлттық идея, халық рухы, көшпелі қоғам адамының эстетикалық мұраттары және қазақ халқының тіршілік әрекетінің басқа да маңызды жақтары сияқты күрделі мәселелерін көшпеліліктану, күйтану және тәңіріліктану тұрғысынан әзірлеуге Қанат Шыңқожақызы Нұрланова үлкен көңіл бөледі.

Ұлы дала сарқылмас үн әлемін ауызша игілік  ретінде түсіну мен түсіндіру үшін халық ортасында жиналған материалдар негізінде Асқар Оразақын құрастырған Қара өлең кітабының маңызы зор. Кіріспе сөзінде автор «қара» терминінің этимологиясын/ шығу тегі, қара өлеңнің мақал-мәтелдермен, айтыспен байланысын зерттейді.  Сол арқылы қара өлең-ауызша әдебиеттің жанры ретінде сипаттайды. Сондай-ақ, жиналған материалды  авторлық классификация бойынша  Өлең туралы өлең, Амандасу танысу өлеңі, Той, Тәлім өлең, Жер-су өлеңі, Тау өлең, Жұлдыз өлең, Дүние-ғұмыр, Елім-ай және басқа да өзекті тақырыптарға бөледі.  Бұл еңбектің біздің тақырып үшін өзектілігі  Қара өлеңді сарқылмас үн әлемінің өзгеше феномені ретінде зерттеу негізін құруымен анықталады.

Қазіргі кезде күйтану жаңа ғылыми пәнаралық бағыт белсенді дамып келеді. Филология тұрғысынан күй мәдениетің зерделеу А. Сейдімбектің еңбектеріне тән. Онда автор күй терминінің этимологиясын талдайды, аңыз – аңыздардың, яғни мифтердің вербалды/ ауызша мәтіндерін, белгілі бір күйлердің құрылу тарихын келтіреді. Атақты А. Сейдімбектің құнды ой-пікірлеріне келесі тарауларда арнайы тоқталамыз.

Тәуелсіздік кезеңіндегі сарқылмас үн әлемінің негізгі проблемаларың  әрі қарай  талдауын жалғастырып,  қазақ  музыкалық мәдениеттанудың негізін қалаушы А.И.Мұхамбетованың ғылыми қоғамдастықта кең тараған  өзекті мәселеріне көз жүгіртейік. 1. Қазақ саздың негізі мәдениеттің тәңірілік күнтізбесі (МТК)  болып табылады. Мұндай авторлық ұстанымында  қазақ дәстүрлі музыкасы дала фольклорымен ауызша кәсіби шығармашылықты барлық жанрлардың  жиынтығы ретінде көрсетіледі. 2. Қазақ рухани-мәдени тұтастығын баяндай отырып,  әнші, сал сері, күйші, ақын және жырау сияқты кәсіби қайраткерлердің мәртебесін сипаттайды. 3. Өз еңбектерінде мәдениеттанушы  көшпенді ата-бабаларымыздың рухани дәстүрі туралы сөз бен музыканың, яғни әннің, күйдің, жырдың, айтыстың бөлінбейтін синкрезисі ретінде пайымдауды негіздейді. Ал руханилық адамзат руына тән идеалды феномен болғандықтан, рухани мұра ұлттық-мәдени бірегейліктің мәнін құрайды. 4. Реттелген  тәңірілік күнтізбесі – «түрік-моңғол көшпелі халықтардың өркениетінің негізі болып табылады.

Олай болса, Ұлы Даланың музыка әлемін ғалымдар Шығыс (түрік-моңғол және түрік-иран) мәдениет түрі деп түсіндіреді. Оның рухани-дүниетанымдық негізі - тәңірілік мәдениет түрі болып табылады. Және де, Ұлы Даланың көшпенділердің үн әлемі  басты орынға ие дейді зерттеушілер.

Жоғарыда келтірілген заңдылықтар күй мәдениетінде  анағұрлым бедерлі сақталып, дамыды. Біріншіден, күй – қазақ, қырғыз көшпелі халықтардың қазынасы. Мәлімет бойынша, өзбектердегі «әуен», «музыка» мағынасында сақталған күй термині. Алайда одан басқа диқан  халықтарында күй туралы деректер жоқ. Екіншіден, Түрік-Иран саз мәдениетіне маком-мугам циклы, макоматтың ансамбль өнері тән. Батыс Қазақстан аймағында саз мәдениетінің шыңына төкпе күйлері қаланған. Күйлер мен макомат өнері арасындағы ұқсастықтар А. Мұхамбетованың талдау бойынша,  олардың арасындағы өзара байланыс тарихи, яғни күй макоматқа әсер еткенін куәландырады.  Үшіншіден, еліміздің сарқылмас үн әлемінде жеті жергілікті күй мектебі қалыптасты, олар: 1 Шығыс квинталық күйлері; 2 аралас құрылымдардың кварта бұрудағы күйлер; 3 шертпе кварталық күйлері мен «арқа» дәстүріндегі қобыз күйлер; 4 Батыс квинталық күйлері; 5 төкпе кварталық күйлері; 6 «Қаратау шертпе» және 7  «Сыр бойы» аумақтарындағы  күйлер.  

Музыкалық ғылымының, соның ішінде жаңа – музыкалық мәдениеттанудың жетістіктеріне қарамастан, әлі де өзекті мәселелер шешілмей отыр. Ұлы Даланың сарқылмас үн әлемінің заңдылықтары, яғни  фольклор  және ауызша кәсіби шығармашылық жиынтығының  ажырамас тұтастық ретінде дамуы кәсіби қабатты этномузыкология арнасында зерттеу фактісіне себепші болды.  Сол арқылы  бүкіл әлемде халықаралық феномен деп есептелетін еуропалық дәстүрдегі композиторлық практикамен тепе-теңдік негізінде ауызша кәсіби тәжірибені тереңірек зерттеп дәлелдеу – қазіргі және болашақтағы музыкалық ғылымның маңызды міндеті.

Заманауи ең атақты зерттеуші Едихан Шаймерденұлының пайымдауынша, «Адамзат тарихында айтулы құбылыс болып өтті – Жер планетасы Эволюцияның алтыншы сатысына қадам басты. Бұл ахуал барлық адамдардан өз істері үшін ғана емес, сондай-ақ сезімдері мен ойлары үшін де жауапкер болуын талап етеді», – дейді өзінің «Ақ Сарбаз» деген еңбегінде.  Автор бұл тарихи оқиғаның нақты бастауы – Желтоқсан 1986 деп,  оның мән-мағынасын  екі жақты бағалайды.  Бір жағынан, тәуелсіздік ел  болғанымыз;  екінші жағынан,  Желтоқсан 1986 бүкіл адамзат өркениеті үшін маңызды дегенді білдіреді.

Едихан Шаймерденұлы арнайы қазақ музыкасы туралы көп жазған жоқ. Алайда «Қазақ және еуропалық музыкасының жеті рухани деңгейі»  деген шағын әнгімедегі  ой-пікірлерін келесі тарауда толығырақ қарастырамыз.

Түптеп келгенде,  қысқаша мағлұмат келтірілген зерттеушілер бастапқы, негізгі деп еліміздің сарқылмас үні әлемін,  соның ішінде  күй  деп дәлелдейді.  Осы салада тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік деңгейде де көп  жұмыс істелді. Мысалы, 1000 күй антологиясы, 1000 ән антологиясы компакт-дискілер жарияланды. 

Альтернативті, яғни балама көзқарас  У.Жұмақова, С.Аязбекова зерттеушілердің ой-пікірлеріне  тән. Ғалымдар заманауи дәуірде 2 қабатқа көңіл аударады. Мәдени–тарихи өлшемдегі жаңа –  композиторлық – практиканы талдай келе, XIX ғасыр әнші, ақын және күйші жеке кәсіби шығармашылығының өркендеуімен тарихқа енсе, «XX ғасыр қазақ музыкасының жаңа бағыты – еуропалық дәстүрдің композиторлық шығармашылығының қалыптасуымен және дамуымен атап өтіледі», – дейді. – Бұл «ұлттық музыкалық мәдениеттің алдыңғы кезеңдерінен осы дәуірдің ең маңызды айырмашылықтарын және жаңалығын шоғырландырған маңызды құбылыстардың бірі», – деп қорытынды жасайды.

Қысқаша шолу  Ұлы  Даланың  сарқылмас  үн әлемі  дәйекті эволюциямен және әлеуметтік-мәдени болмыстың өзгерістерімен бейімделу сипатталатын өміршең феномен екенін көрсетеді. Бұл ретте онда жүйелі тұтастық, ауызша бастау, импровизациялық табиғат, сөз және саз музыкасының тығыз өзара іс-қимылы сияқты заңдылықтар сақталады және дамиды.  Және де шығармашылық  тек нәтиже емес, процесс ретіндегі  арқасында  халықтың мәдени жадына ауызша трансляциялауға яғни таратуға  мүмкіндік қалыптасып биік дамыды.   Осы тірі процесте қазақ, кеңірек, түрік тілінде қалыптасқан саз мәдениеті туралы түсінік көрсетілген лингвомәдени ұғымдар маңызды рөл атқарды. Бұл экзистенциалдарда көп мағыналы, бейнелік, эмоционалдық және көпмақсаттылықпен сипатталатын ұрпақтардың рухани тәжірибесі жинақталған. Олардың көпшілігі бүгінгі таңда музыкалық ғылым мен музыкалық білім берудің терминологиялық корпусын құрайды.

Өкінішке орай, саз мәдениеті ұғымдарын білім беру кеңістігінің айналымына енгізу жұмыстары тек қана басталуда. Мұны салыстырмалы тұрғыда нақтылауға болады. Мысалы еуропалық музыкалық терминологиясы ежелгі грек және латын, итальян және француз, ағылшын және неміс, орыс  тілдеріндегі ұғымдарды енгізеді. Көп тарихи уақыт бойынша созылған бұл  еуропалық ұстаным оларды халықаралық терминдер ретінде таралуына ықпалын тигізді.

Түрік терминдерін алсақ, олар өз елдерінде: қазақ, қырғыз, өзбек, түркмен, Ресей түркілерінде кең  қолданылады. Заманауи ғылыми және білім беру кеңістіктерінде Орта Азияның, кеңірек, Шығыс халықтарының зерттеушілердің бірігуімен түрік, шығыс халықтардың терминдерің кең –  әлеуметтік-ғылыми кеңістіктің халықаралық деңгейіне, соның ішінде музыкатану, мәдениеттану, эстетика, мәдениет  философиясы секілді салаларға енгізу күннің талабы болып отыр.

Ұлы Даланың негізгі  терминдері мен ұғымдарының қалыптасуы  үшін ежелгі түркі көшпелі әлемінің тіршілік ету ортасы географиялық және климаттық жағдайлары себеп болды және де  дыбыстық түсініктеріне  барып тіреледі. Музыкалық іс-әрекетінде табиғи ландшафттың акустикалық  заңдылықтары ескерілді. Дыбысты күшейту үшін күннің белгілі бір уақыты қолданылды, мысалы: «таңғы сарын» және «кешкі сарын».  Сондай-ақ тиісті  орналасуы: төбешікте, төбеде немесе тауда.  Әйгілі сазгер Ықылас (1843-1916) қыл-қобызды табиғатта бәрі үнсіз болған кезде,  яғни, күн шыққан кезде  немесе  күн батарда тартқан, сөйтіп  аспаптың дауысы алыстан естілетін болған.

Түркі халықтарының дыбыстық түсініктерінде  «звук» – «дыбыс» және «музыка», «голос»  –  дауыс»  категорияларының өздерінің арнайы терминдері бар.  Олардың бірдей жалпы ауқымын қолдану фактісі Ұлы Даладағы музыка әлемінің эволюциялық дамуын куәландырады. Көпшілігі (жыр, толғау, өлең,  үн, көк/күй және басқалары)  ежелгі түркі тектес және әйгілі Махмуд Қашқари сөздігінде (XI ғ.) кездеседі.  Терминдердің ішінде «үн»  дауысты, сөйлеуді және музыкалық дыбыстарды, резонанстық құбылыстарды, мысалы жаңғырықты білдіреді. Әр түрік халықтарында әр түрлі қолданылады: үн – өн – он.  Тува тілінде өн  дыбыс пен түсін білдіреді. Қазақ тілінде үн  – дауыс,  дыбыс шығару мағынасында сақталған.

Үн «қоңыр»  терминімен  бірге жиі қолданылады: Мұрат Әуезов Қоңыр үң» – первозвук, предшествовавший сотворению мира», – яғни  әлемнің  пайда болуына себеп болған  қоңыр үн  деп сипаттайды.  Бүгінгі  күнге дейін  «Қоңыр үнді, қара домбыра»  секілді сөз тіркестері белгілі. Қорыта келе, қазақ тіліндегі «өнер» терминінің   тувалық «үннері»  – дыбыстар,  және интонация мағынасында «үн аяны»  түркі әлемінің көркемдік жүйесінде дыбыстық сөйлеу мен музыканың, кеңірек – рухани мәдениеттің басымдығы туралы куәландырады.

Түрік арнайы терминдерің әрі қарай зерттеу бойынша, ғалымдар «үн» – «сес» сөзі синоним ретінде  бірнеше мағынада қолданылады дейді. Атап айтқанда: байбалам,  қоқан-лоқы;  белгі, дыбыс;  қазақ тілінде «сес беру» – дыбыс шығару дегенді білдіреді. Оғыз тілдерінде «дыбыс» пен «дауыс»  «сес» деп белгіленеді – сөзбе-сөз: шешен, тапқыр.  «Сес»  мазмұны мен фонетикалық құрылысы бойынша қазақтардағы  «сөз»,  басқа түрік халықтарындағы  «сөс» терминдеріне сәйкес,   жақын болып шығады, өйткені ол сөйлеу аппаратымен байланысты.

Тағы бір түрік-моңғол әлемінде кең  және көп мағыналы түрде қолданылатын  термин «сарын»: 1. табиғаттың  дыбысы, үні; 2. белгі, контур; 3. әуен, әуез, мақам, саз. Табиғат үні  мән-мағынасында  моңғол және қазақ тілдеріне тән;  моңғолдарда  улау + ай мен   мағыналарында да кездеседі.   «Сарын» термині жалпы түрік тілдерінде, жан-жақты, терең  Ж.Кожахметовамен талданылған. Ғалым жинастырып келесідей мысалдарды келтіреді:  «сарылдағаң дыбыс, үн, шуыл, ызың»;  «бір нәрсенің белгісі, ізі, нобайы». Ж.Кожахметова «бұл тұрғыда сарын – Ұлы Даланың сарқылмас үнінің «белгі жеке стильдің көрінісі ретінде түсіндірілуі мүмкін және мұндай белгі өзекті әуен, мақам,  саз бола алады» деп тұжырымдайды. Музыкатанушының  бұл ой-пікірін қазақ тіліндегі сарын сөзімен тамырлас  сарындас, сарындастық,  сарындылық  секілді  сөздер  де дәлел болып табылады.

Ж.Қожахметова ұйғыр және қазақ тілдеріндегі сарын терминіне салыстырмалы/ компаративистік  талдау жасайды. Ол екі жағдайда да сарын емделумен байланысты екенін атап өтті. Ұйғырлар үшін айырмашылығы сарынның «емдеуге арналған дәрі» екендігінде. Халқымызда ұзақ тарихи уақытқа дейін, бақсы сарыны құдіретті күш беріп адамды емдейді деген түсінік сақталған. Заманауи ғылыми ұғыммен айтқанда, музыкотерапия деген мағынада.

Халқымызда сарын  бақсылықта  қолданылған; солтүстік және шығыс облыстарында   ұзатылған қыздардың  жар-жар сарыны, беташар сарыны, қыз-сынсу сарыны секілді түрлерін біріктіреді. Сарын басқа түркі халықтарының тілінде  де кездеседі және ән поэзиясы ретінде түсіндіріледі.     

Осылайша жан-жақты зерттеп,  Ж.Қожахметова сарын ауызша кәсіби қайраткерлердің,  атап айтқанда, ақындардың  шығармаларына тән деп негіздейді. Өз ой-пікірін дәлелдеу үшін зерттеуші «сарын» және «ақын» терминдеріне салыстырмалы талдау жүргізген. Нақтырақ айтқанда, Т.Жанузаковтың сөздігінен  «сарылдап, күрілдеп дыбыс шығарған ағын» - « течение, поток, вызывающий бурлящие звуки» деген  аудармасына сүйенеді.  Және де М.Қашғари сөздігінде  «ақын»  терминіне де «нахлынувшая сель», яғни, «су тасқыны» деген мағына екенін келтіреді.     

Келтірілген мысалдар «сарын» және «ақын» сөздерінің мағыналық мәндерінің  бірегейлігін растайды және «сарындардың ақын дәстүрімен тығыз байланысын сипаттайды», - деп жалғастырады  Ж. Қожахметова.  Ақындар «ең көне – үйлену тойы мен жерлеу – салт-дәстүрлердің қатысушылары»,  деп,   сол арқылы бұл факт «Е.Тұрсыновтың ақындық институтының ежелгі концепциясын және оның сарындарын растауы» болып табылады деп қорытындылайды.   

«Сарындап айту» – әншілік-речитативті орындау формасы; оның жырлау, термелеп айту, желдіріп айту, сарындап оқу, мақамдап оқу өрнектерінің синонимі және т.б. мағыналарда өлең айту үлгілерін  келтіріп,  Ж.Қожахметова қазіргі қазақ мәдениетінде «сарын» терминінің таралуы байқалатынын белгілейді. Қазіргі уақытта «сарын» термині  ақындармен  құттықтау және арнау  түрлерінде қолданылады деп,  музыкатанушы сарынды айтыстың, жалпы ақындық  шығармашылықтың бір белгісі ретінде анықтауға негіз береді дейді.  Сонымен қатар, айтыскерлер арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың мәліметтеріне сүйене отырып, ғалым  айтыстың әуенің мақам ретінде  анықтауы басым дейді.   «Мақам» термині басқа мағынаға ие болғандықтан,  және де оның этимологиялық өрісі тек айтыстың дәмін ғана белгілеуге қарағанда кең деп,    айтыс мәдениетіндегі әуендерді сарын дегенің дұрыс көреді. 

Ж.Қожахметова жүргізген ауқымды талдауға сүйене отырып, ақын сарындарын: 1) түркі-моңғол мәдениетіне арналған жалпы тарихи-типологиялық санат ретінде; 2) әдет-ғұрыптық және ауызша-кәсіби мәдениет аясында; 3) автордың жеке шығармашылығын таңбалайтын ақын бастауының белгісі ретінде; 4) речитативті жанрларды жүзеге асыру саласы ретінде баяндайды.  5)  терминнің өз ортасында қызмет етуінің ұзақ тарихы байқалады дейді.

Түптеп келгенде,  «үн»,  «дыбыс» және «дауыс»    Ұлы Дала    сарқылмас үн әлемінің  адамзат тарихының  алғашқы – фоникалық – қезеңінің ең көне  экзистенциалары     болып табылады.   «Музыка» (шығыс халықтарында «саз»)  санатына келетін болсақ, ол екінші, меликалық кезеңіне жатады да, Ұлы Даладағы кең ауқымды терминдердің қызмет істеуі осы кезеңдердің реттілігі мен өзара байланысын көрсетеді.

Біздің авторлық көзқарасымызды С.Өтегалиеваның зерттеуі де дәлелдейді. Ғалымның пайымдауынша, «музыка» санатына әуен, саз - қазақ; күй, оханг – өзбек; саз – түрікмен; әуен – саз/соз – қазақ, түрікмен, тәжік; күй/көй – татар, өзбек секілді терминдер сәйкес. Олардың арасында қазақ, түрікмендер, тәжіктер және басқа да халықтарда кең тараған саз термині біз үшін ерекше қызығушылық тудырады.  Саз «гармония» ұғымымен байланысты,  ол әзірбайжан, татар музыкалық аспаптарының атауы болып табылады,  және де саздан, яғни балшықтан жасалған саз сырнай сияқты музыкалық аспап жасау материалын көрсетеді.  Келтірілген және басқа да факторлар, саз терминін кең-мәдени аспектіде «музыка» санатына баламалы түркі анықтамасы ретінде сипаттауға негіз болып табылады.

Саз мәдениетіне тән жалпы заңдылық - түркі халықтарының ішкі дүниетанымын білдіретін екі факторлардың болуы.  Атап айтқанда: «қозғалыс» және «көңіл көншу». Қозғалыс факторы «өмірдің оң тонусын, сыртқы әлемді белсенді игеруді білдіреді және жыр/ ыр, үн, дауыс ұғымдарына мазмұндалады. «Көңіл көншу»  деген Қ.Ш.Нұрланова ойшылдың пайымдауынша,  тұлғаның, қоғамның ажырамас   физикалық күйі, эмоционалды-интеллектуалдық, психикалық және психологиялық жайлылығы».  Көшпелі ата-бабаларымыздың   барлық назары көніл көншуіне  бағытталған.   Сөйтіп, Қанат апайымыз:  мәдениетіміздің түпкі мәні   адамның көңіл көншуі, көңіл-күйі» болып табылады, – деп түптейді. 

Көңіл көншу қуанған, шаттанған, ойшыл, әсерлі, қайғылы секілді философиялық  жағдайға дейін  тыныштық  күйлерімен байланысты   және  күй, саз анықтамаларында белгіленген.  Сөздің өзгеруі саздың эстетикалық қасиеттерін сезінуге әкеледі: жан-тәнін орайды, жұмсартады және жалтыратады. Қазақ тілінде «саз»,  «сазды», яғни, жан, әуенді; сазымен келтіріп оқу – сезімдік және мәнерлі оқу дейді. Саздың үніне  жұмсақ,  нәзік есту, психологиялық және эмоционалдық жайлылықты, рухани-жан тепе-теңдігін дамыту тән.

Қорыта келе, Ұлы Дала сазының мәдениеті 2 - фоникалық және меликалық –  дәуірлерді қамтиды.  Алғашқы  – фоникалық –  дәуір  адамның зияткерлік қабілеті дамуының эволюциясын бейнелейтін алғашқы қауымның әмбебап мифологиялық кезеңі.  Архаикалық классикалық мифтің ерекшелігі – әлемді жанды-жансыз деп бөлмей-ақ бір тұтас ретінде қабылдануы. Бастапқы мифоритуалды кешен үн, дыбыс, қоңыр үн ең көне константаларымен белгіленеді. Үн мен Өмірдің берік байланысы келесі аңыз-күйде астарлап берілген: «Бастапқыда ештеңе болған жоқ. Содан соң бір үн пайда болды. Бұл  үннен бүкіл әлем пайда болды... Сиқырлы культтерді жіберуші бақсылар, ...арғы үнді жаңғырта отырып, күн сайын әлемнің жаратылысын қайта жаңғыртады». Сөйтіп  «үн» константасы  және оның  «дыбыс»,  «сэсэн», «сөз»    синонимдері дыбыстық сөйлемді музыка мен сөздің бірлігі ретінде сипаттайды.

«Жалпыадамзаттық рухани мәдениеттің осындай бастапқы әмбебап негіздемелері Ұлы Даланың сарқылмас үн әлемі биік  дамыған. Көшпендінің қол жеткізген Ғаламның дыбыстық-есту бейнесі қазақтарда терең философиялық-эстетикалық ұғыну-түсінуі бір мезгілде сезімтал да,  пайымдаушы үн анықтамасында көрініс тапты:

Үн жинадым тыныс алуға,

Үн жинадым тыныстануға,

Үн жинадым тынысуға.

Бұл фразеологиялық халық даналығында ауызша феномен ретіндегі сөз бен саздың бастапқы мәнінде ажырамас бірлігі бейнеленген».

Келесі кезең – қос құрылымға негізделген дуалды мифология. Ол кеңістікті (үсті-асты, аспан-жер, жер-су), уақыт өлшемдері (күн-түн), түсті (ақ-қара), табиғи-жаратылыстану (өмір-өлім) және мәдени-әлеуметтік бастаманы (ер-әйел, үлкен-кіші, өзіңдікі-бөтен) сипаттайтын қарама-қарсы қос белгілерді қамтиды.

Өмірдің «дуальды ұйымын жер шарындағы бүкіл халықтардың тарихи дамуының белгілі бір кезеңіне тән жалпыға бірдей әмбебап нысан деп тану керек, басым көпшілігі оның әр түрлі іздерін сақтаған» [38; 141 б.].   «Сайыстың элементтері қазақша күрес, бәйге (ат жарыстары) сияқты ұлттық-спорттық ойындарында, қайым-айтыс немесе жар-жар  той салтында, батырлардың  жекпе-жегі әскери өнерінде  бар», – деп жазады Б. Аманов [39; 138 б.]. Дуалистік мифологияның дүниетанымдық негіздері Ұлы Дала фольклоры мен музыкасында  ұзатылған қыздардың  жар-жар, беташар, қыз-сынсу  секілді түрлерінде және  ақындардың айтыстарында  «сарын» термині ретінде бекітілген. 

Әлемді қосарлы түсіну негізінде Үстіңгі, Ортаңғы және Астыңғы әлемдерді қамтитын Дүниенің үш деңгейлі үлгісі түзілді. Әрбір әлем мен құбылыстардың әртүрлі түрлерінің арақатынасы белгіленген.  Үстіңгі – ағаштың ұшар басы, аспан, аспан шырақтары, таулардың шыңдары, өзендердің бастаулары, құстар. Ортаңғы – ағаштың діңі, алқап, тау етегі, адам мен бұғы, бұлан, жылқы және тағы басқа жануарлар. Астыңғы әлем – ағаш тамырлары, үңгір, шатқал, су, індерде мекендейтін жануарлар, балықтар. Бұл үш өлшемді қатар Уақыт түсінігінде жалғасын табады: келешек – осы шақ – өткен шақ және адам қоғамында: келер ұрпақ - қазіргі ұрпақ - ата-бабалар.

 Екілік пен үшмерлікке өту өзге де дүниетанымдық бағдарларды ресімдеу болып табылады. Яғни, бұл алғашқы саналы акт – адам өлімге сиқырлы (салттық) қарсы тұруға бағытталған рухани күш арқылы өмір сүруді жеңеді. Сол арқылы әлемнің үш өлшемді моделінде өлім емес,  Мәңгілік идеясы орнады.

Үш өлшемді әлем бойынша саяхат бақсы (baga-дан – « мәңгілік, өмір сүру) жасайды.   Термин алғашқы ұғымда емшілік – адам сырқатын тексеру деп түсінілсе, екінші жағынан   Ғарыш – мәңгілікпен  ұштасады   және олардың ажырамайтын байланыстылығын  бірлікте қарастырады».

Сондықтан қазақтар «өлім дегенді түсінбеген, көбіне «қайтыс болу» ұғымын тұтынған. Бұл – физикалық дүниеде өлген адамның «аруақтар дүниесі» деп аталатын қабаттас дүниелерге қайтып барғанын білдіреді». Мұндай  дүниеге көзқарас көшпенділердің  ұстанған «Тәңірі дін Бір Жаратушыға сенетін алғашқы монотеистік дініне тән.  Бұл дін «Құбылу заңымен таныс болатын, сол себепті көшпелілер өзінің аталасын жерлегенде оның қабіріне қымыз сеуіп, марқұмның аруағына – қайтып кел, бізге пана бол, сүйеу бол, - деп сиынған.

Мәңгілікті түсінудің  қайнар көзі дыбыс – үн, сарын, күй, саз болып табылады.   «Басқа әлемдермен бітістірушілік  үшін  үн, дыбыстық кешен қолданылады. «Адам мен әлем арасындағы байланыстырушы буын  рөлі музыкаға Ғарыш басталуының және Мәңгілік көзінің феномені ретінде беріледі. Бұл кезеңнің тарихи маңызы бізді қызықтыратын аспектіде меликалық, яғни музыкалық бастауды қалыптастыруында болып табылады.  Осы уақыттың пафосы – орта – Жер әлемін киелі кеңістік ретінде бекіту.  Ұлы Даланың, кейбір зерттеушілері  Еуразия Даласындағы көшпенділер өркениеті дейді  (ЕДКӨ – А.И.Оразбаева)  бұл  сарқылмас үн әлемінің әрі қарай  қалыптастыру кезеңі келесі тараушыда кеңірек  қарастырылады.  Монография орыс тілінде жазылып жарияланған соң,  ЕДКӨ дегені авторлық нұсқауы бойынша Цивилизация кочевников евразийских степей – ЦКЕС делінеді. 

Ұлы Даланың музыкалық әлемін қалыптастыру Орталық Азияның көшпелі мәдениетінде өтті. Эволюциялық дамумен сипатталатын бастапқы түпнұсқа феномен бүгінгі күні де өміршең болғаның қөп мағыналы «саз» экзистенциалы негіздейді. Шығыс халықтарында табиғи материал балшық, музыка және музыкалық аспап «саз» деген сөзбен белгіленеді. Мұндай сәйкестік кездейсоқ емес: балшық пластикалық, оңай өңделеді. Саздың бұл табиғи қасиеттері біздің ата-бабаларымыз адамның ішкі әлеміне әсер ететін  сарқылмас үн мәдениетіне таратылады,   саздан жасалған алғашқы қоныс аударушы туралы этимологиялық мифтердің кең таралуымен расталады. Саз тарихы материалдық және рухани бастаулардың бөлінбеуі ретінде ажырамас тұтастықты сақтайды. Кешенді талдау «саз» ұғымының мәдени бірлік пен тұтастықтың бастауына көтерілгені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

«Ортаазиялық көшпенділердің типтік бірлестігі тұтас жүйенің сақталуын ғана көрсетіп қойған жоқ. Сонымен бірге ата-бабалар өсиетін ең жоғары рухани-адамгершілік жетістік ретінде байқатады. Мұнда өтпелі, уақытша   материалдық  байлықтан гөрі мәңгі аяқталмайтын   рухани байлық жоғарғы орын алып бағаланады.  Сондықтан   мәдениет  басты   рухани мұра болып есептеледі.

Түркі-моңғол көшпенділерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапқан әлемді түсінуінде ерекше орнықтылық және сол құрылымдардың аяқталуындағы көзқарас кешені игерілген.  Бұл  нұсқада  адам - ең аз, солай бола тұра   ең көп оралым  - үлгі. Мұнда ол «құшаққа сыймас әлемнің  орталығы, оның ішіндегі адасқан  кішкене нүкте емес,  қайта аспан сияқты жоғары да кең, кең-байтақ жазық  дала сияқты болып көрсетілген».    Бірақ  ендігі далалықтар баяғы Энкиду сияқты: «Мен  құдіретпен, тағдыр тұтқасы менің қолымдағы далада туғанның талайы артық», – деп кеуде қаға алмайтын болды». 

Ұлы Даланың сарқылмас үн әлемінде  айтылғандары  көп мағыналы  «саз»  –  балшық; интонация;  әуен; гармония; сазды;  мәнерлі –  категориялары бойынша белгіленеді.    Халк сазлары  – түркімендерде халық музыкасы; сазанда(р), сазанда, сазендә (созанда, сазенде) – түркімен, өзбек, қарақалпақ, әзірбайжан, түріктерде – аспапшы, дутардағы аспаптық пьесаларды тартушы.  Сазендә триосы – азербайжан, армяндарда  тара, кеманче және дафе   аспаптарда  орындайтын  дәстүрлі вокалды-аспаптық ансамбль.      Сазгер – қазақ мәдениетіне тән  «бір адам бойынан шығарушы да, орындаушы да табылатын шығыстың  ауызша музыкалық  кәсіпқойының бейнесі. Сазгер болу үшін туынды шығарушылық, яғни суырып-салмалылық пен шығармашылық (музыкалық-поэтикалық,   орындау шеберлігі, жоғары әртістік қабілет жан-жақты қабілеттер қажет.  Бұның бәрін үйрену мүмкін емес. Тек сирек кездесетін дарындылығы бар, өнерге деген шексіз ұмтылысы бар тұлға ғана өзінің қажырлы еңбегі арқылы сазгер деген атаққа ие бола алады, саз-сырнай - қазақ музыкалық аспабы, және басқа терминдер.  Көп мағыналы «саз» термині кең таралған соң, бұл терминді түркі анықтамасы  ретінде сипаттауға негіз береді.

Қазақ ортасында саз бастапқы табиғи материал ретінде «саз сырнай» қазақ музыкалық аспабының атауында сақталған. Армяндар, әзірбайжан, ауғандарға келсек, олар да саз, саз аспабы  ағаштан жасалады.  С.Өтеғалиеваның айтуынша, қарақалпақ, түркмен,  өзбек, татар және ноғайларда  дутардағы аспаптық пьесаларды шығарушы және орындаушы «сазче»  деп  аталынады.    Бірақ  барлық  саз  аспаптарына: қазақ жетіген, хакас чатхан, белорус цимбалдары, орыс  гуслиінде  жұмсақ тембрлік бояу және динамика, яғни  үннің жай  дыбысталу күші тән. Бұл әлемнің әр түрлі халықтарының салыстырмалы материалында Ұлы Дала музыкасының үлкен қырын игеруге мүмкіндік береді.

Түркі-моңғол мәдениеті  мен славян халықтарының  саз  аспап дәстүрлерінде айырмашылық та бар. «Күйдегі әдет-ғұрыпта қалыптасқан сарындық иірімдер, әндердің интонациялық ерекшеліктері (кең тынысты ән, речитативті саз) аталмыш жанрлардың семантикасымен сабақтасын ассоциативтік байланыстарды тудырды.  Олар ақыр аяғында Сөзбен ұштасады. Өмірдің барлық бейнелері мен түсініктерін шебер жеткізген Сөз ұлттық мәдениетке, аспапты музыканың ойлау жүйесіне энергетикалық алаңдай әсер еткен айқындаушы күш болды. Бұл әсер терең және тұтас мәдениетті қамти алатындығы соншалық, тіпті, қазақ аспапты музыкасы Сөздің ерекше ақпараттық қызметін қайталай алды. Көптеген аспапта ойнау арқылы жеткізілген хабарламалар, ауызша ақпараттармен бірдей күй аңыздарында сақталды» (Аманов Б.Ж., Мұхамбетова  Ә.И.  Дәстүрлі қазақ музыкасы және ХХ ғасыр. – Астана:  Мастер По, 2013. – 332 б.).

«Садко туралы орыс қиссасындағы оның гусли атты (жетіген сияқты ішекті аспабының бір түрі) аспапта ойыны Теңіз Патшасының өзін билете алғанын жоғарыда келтірілген аңыздармен салыстырсақ, әртүрлі ұлттардың мәдениетіндегі аспапты музыканың өздігінше дамуы және де олардағы музыканттың шеберлігі мен құдіреті қандай көрініске ие болып, қалай бағаланатынын түсінуге болады. Қазақ  мәдениетінде музыканың аса бағаланатын жақтарының бірі – оның Сөз айту, «тіл біту» өнеріне жақын болуы. Көптеген домбырашылар күй  сонында «депті» - деп аяқтаулары кездейсоқтық емес, ал тыңдаушылардың күйші шеберлігіне ең жоғары бағаларының бірі – «Оның домбырасы сөйлейді» деуі.

Саз – «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің атауында көрнекті күйші және композитор Нұрғиса Тілендиевпен жазылған Ұлы Дала тұрғындарының мәдени-тарихи тамырлары туралы этногенетикалық естелігі. Өз атауын Б.Ш.Сарыбаевтың қайта жаңғыртылған домбырадағы үздік ойын шебері және ұлы композитор, дирижер, Нұрғиса Тілендиевтің туындыларын ежелгі саз сырнай музыкалық аспабының құрметіне алды. Қазақстанның музыкалық мәдениетінде өшпес із қалдырған тұлға бала кезіңен домбырада ұйреніп Дина Нұрпейісованың батасын алды.  Он үш жасында (шамамен 1937-1938 жж.) Нұрғисаға   А.Қ.Жұбанов бата ретінде  домбыра сыйлады. «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің  ұйымдастырушысы және дирижері Нұрғиса Тілендиев  өз дәуірінің белгілі тұлғасы болды. Композитордың шығармашылық іс-әрекеті  көптеген тобы үш негізгі бағыттарға шоғырланған: ән, киномузықа және «Отырар сазы» оркестріне арналған туындылар. Тұлғаның бейнесі ХХ ғасырдың 30-40-шы жылдарына дейін тірі дәстүр болған қазақ мәдениетінің қойнауында қалыптасты. Ұлы Даланың шынайы әлем қатынасы мен әсемдік сезімін сақтап қалған ортадағы тәрбие Н.Тілендиевке ұлттық  өнерпаз, сазгер  ретінде ашылуға мүмкіндік берді.

Ұлы Н.Тілендиевтің  өзі құрастырған оркестрінің   осылай  атағаны  кездейсоқ емес. Неге десе, «Отырар сазы»  дегенде терең мазмұнды  Ұлы Даланың сарқылмас үн әлемінің басты, сонымен қатар байланыс буыны ретінде саз мәдениеті туралы өз ұстанымын білдірді. 

Түптеп  келгенде, фоникалық кезеңнің архаикалық және дуальды миф-салттық кешендерін сипаттайтын шығу тегі ең көне «үн», «сарын» константтары болып табылады.

Әлемнің үш өлшемді мифологиялық бейнесіне, яғни меликалық кезеңнің бастауына «күй», «саз» категориялары  тән. 

ХХ ғасырда жаңа сұралған еуропалық үлгідегі композиторлық тәжірибе, яғни музыкалық мәдениет – қыр қалыптасады.  Сырттан келген  жазбаша, ноталанған  музыкалық мәдениеттің принципті ерекшеліктері саз мәдениетінде тұтастықты құрайтын өнер, білім  беру және ғылым мәдени  формаларына бөлініс болып табылады.  Нәтижесінде Ұлы Даланың сарқылмас үн әлемі екі қабат жалпы байланыс сәті ретінде сабақтастықты қамтиды.

Мақаламызды қорыта келе айтарымыз төмендегідей:

1) Ұлы Даланың сарқылмайтын үн  әлемін монографияның тақырыбы бойынша мәдени-тарихи өлшемде еңбектердің талдауы аймақтың барлық халықтарына тән заңдылықтарды қамтитынын көрсетеді. О дегені  екі, атап айтқанда:  автохтондық, яғни жергілікті  ауызша саз тәжірибе мен еуропалық үлгідегі композиторлық практиканың болуы. Қазақ мәдениетінде аталған қабаттар өзара толықтыру қағидаты бойынша өмір сүреді.  Олардың арасындағы арақатынас тарихи сипатқа ие және әлеуметтік-саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады.

2) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік кезеңінде алғашқы – Ұлы Даланың  ауызша суырып салмалық  саз мәдениеті  ерекше өзектілікке ие болып отыр. Оның түпкі  бейсана, яғни санасыз және саналы, эмоциялық  және логикалық бастауларын жинақтайтын өзара толықтырушы сипатындағы дыбыстық сөйлеуінің маңыздылығы болып табылады. Айтылғандарды  толығырақ келесі тарауларда  саз мәдениетінің барлық жанрларында, соның ішінде аспаптық күйлерде де байқалатыны  неғұрлым егжей-тегжейлі жарықтандырылады. Сөз бен  саздың ажырамас тұтастығы қазақ рухани мұрасының мазмұны мен мағыналық мәнін терең түсінуге ықпал ететін терминологиялық аппаратта  байқалатыны да қысқаша талданды.

3) Ұлы Даланың ауызша үн әлемінің өзектілігін және  маңыздылығын терең түсіну үшін «Қазақтың музыкалық тілі – мемлекеттік мәселе» мақаласында қойылып  шешімін  ұсынған қағидалар  өзекті. А.Мұхамбетова мен Г.Бегалинованың мақаласындағы  ой-пікірлер тараудың мазмұнына сәйкес болғандықтан, оған толығырақ тоқталғанымыз жөн.  Авторлар халқымыздың  саз өнері «халық руханиятын бойына сіңіріп оны болашаққа аманат етті» дейді. «Жүйелі ұйымдасқан оның күрделі құрылымы халықтың тарихи санасымен бірге өзгеріп өрледі».  Ұлы Даланың  ауызша үн әлемін  «мәдениеттің терең қатпарларының сақтаушысы, рухани сананың діңгегі, музыканың үздік үлгілерінің негізі, Қазақстан музыка мәдениетінің болашақта дамуының тірегі», – деп анықтайды.

Мына жерде мынадай тарихи факт еске түсіп отыр:   1950-1956 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы оркестр гастрольдік сапармен Қытай халық республикасына  барып, концерттері жоғары бағаланып, үлкен шығармашылық жеңіске жетті. Қытай жерінде өткен сондай алғашқы концерттерінің бірінде атақты Құрманғазының  «Сарыарқа» күйі орындалғанда зал толы жұрт түгелдей орындарынан түрегеліп тұрып тыңдапты. Осы жайға куә болғандардың айтуынша тыңдарман көпшілік кауымның күй басталғаннан-ақ орындарынан ұшып тұруы оны біздің ұлттық әнұранымыз екен деп түсінгендіктерінен болса керек». Міне, Ұлы Даланың ауызша  игілігінің  шыны болып табылатын күй құдіреті осындай болғаны оның үнінің, яғни тілінің ерекшеліктеріне байланыстығын дәлелдейді.

Қазақтардың бір бөлігі ана тілін білмейтіндігі құпия емес. Қоғамда  тілдік ерекшелік жағынан бөлінуі жағдайында Ұлы Даланың ауызша үн әлемінің, яғни тілдің маңыздылығы артады. Себебі «санадан тыс түйсікке тікелей әсер етуші музыканың сөзге қарағанда әсері күштірек. Сананың бұл түрі қисынды ойлаудан (логикадан) әлде қайда ерте қалыптасқан. Музыка қабылдауда тұтастық (голографизм) тән және нәтижесінде тыңдаушыда вербальді тілдегідей тілдік ерекшелік бойынша бөліну, мағынаны түсінбеушілік тумайды. Вербальді тілге қарағанда музыкалық тіл арқылы, яғни психо-эмоциялық негізде тіл табысу әлдеқайда жеңіл, образды ойлауға, сезімге тікелей бағытталғандықтан, музыкалық тілдік орта сақталған жағдайда оның белгілері санадан тыс игеріледі. Музыкалық тілдің бұл ерекшелігі қазақты, жалпы көп ұлтты Қазақстан халқын біріктіруде маңызды роль атқарары хақ».  Бірақта,  Ұлы Даланың ауызша үн әлемі, яғни  «музыка тілі қоғам мүшелеріне түсінікті болған жағдайда ғана музыка толық өз міндетін атқарады», – деп  әрі қарай өздерінің ой-пікірлерін жалғастырады.

4)  Мәдениеттанушы  А. Мұхамбетова және оның пікірлестерімен теориялық түрде қойылатын проблемалар тәжірибе түрінде де жүргізіледі. Үлгі ретінде 25 жыл бойы   ғалымдар мен жаңашыл педагогтар      Райымбергеновтердің  «Көкіл» мемлекеттік емес қазақ колледжін  келтіруге болады. Мұнда балабақшадан бастап  үздіксіз түрде мазмұнның тұжырымдамалық негізінде құрастырылған авторлық «Мұрагер» бағдарламасы қолданылады. Оның  бастамасы  қазақ (кең – түркі) саз мәдениеті  мен өнері болып табылады.  Бағдарламаның қағидаттық жаңалығы – Ұлы Даланың рухани-мәдени дәстүріне сүйенуі,  саз бен сөздің бірлігі және суырып салмалығы тән болғандықтан,  қазақстандық қоғамды топтастырудың негізі болып табылатын мемлекеттік тілдің ең терең және асыл бастарына жанасуға мүмкіндік береді.

5) Біздің пайымдауымызша, Ұлы Даланың сарқылмас үн әлемі  ана, сонымен қатар мемлекеттік тілді оның мазмұны мен сұлулығының барлық байлығында бірегей құндылық ретінде түсінуге көмектеседі. Сондықтан сөз арқылы сазға, ал  үн әлемінің көмегімен  тілдің мән-мағынасын түсінуге ұмтылу  жөн.   Өйткені, тіл  «қарым-қатынас формасы, ой алмасу құралы,   ойлау мен сананың феномені бола тұра,  «жалпы руханилықтың феномені, халықтың рухани мәдениетінің жалпы феномені».  Қазақтарда киелі рухтың ішкі іс-әрекетінің нәтижесі болып табылатын Сөз бен Саздың өзара тығыз байланысы осындай. Тіл мәдениеті – «шын шығармашылықтың, шығармашылықтың маңызды шарты».   Монография тақырыбының аясында  тілдің мағыналық мәнін терең білу мен түсіну қазақ музыкасы әлемін қабылдауға ықпал ететінін білдіреді. Керісінше,  саз әлемінің мазмұнының тереңдігін түсіну тілдің байлығы мен сарқылмауын түсінуді кеңейтеді.

Бағлан ҚОҚЫМБАЕВА,

философия ғылымдарының докторы

Зүлфия ШАВАЛИЕВА,

педагогика ғылымдарының кандидаты

541 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

AQIQAT №5

31 Мамыр, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы