• Еркін ой мінбері
  • 26 Қаңтар, 2023

Құқық бұзушылықтың алдын алу жайы талқыланды

Жуырда «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша әскери қызметшілермен кездесу өтті, - деп хабарлайды Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы, әскери фототілші Думан Жұмашұлы. Думанның айтуынша, аталған іс-шара Приозерск гарнизонының әскери полициясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімше бастығы әділет капитаны Н.Мухамед және 06708 әскери бөлімінің басшылығының қатысуымен барлық әскери санаттағы әскери қызметшілердің арасында әр түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тәртіпке бас иген құл болмайды» тақырыбы бойынша өткізілген екен. Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің баптары мен жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтарға қылмыстық және әкімшілік жазалау шаралары түсіндіріліпті.

- Кездесу барысында әскери полиция өкілдері жеке командирлер мен құқық қорғау қызметтерінің профилактикалық жұмыс туралы есептерін тыңдады.  Сонымен қатар әскери нысандардың лаңкестіктен қорғануға қатысты проблемалық мәселелерін қарады. Іс-шара қорытындысы бойынша әскери ортадағы қоғамға қарсы көріністерге профилактикалық әсер етудің қосымша әдістері әзірленіп, мемлекеттік насихат, діни институттармен қарым-қатынас, мемлекеттік шекараны қорғау және әскери қызметшілердің құқықтарын әлеуметтік салада қорғау мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берілді, - деп атап өтті Думан Жұмашұлы.

Өз тілшімізден

1336 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз