• Заманхат
  • 26 Мамыр, 2023

«БАБАЛАР ТАРИХЫ» ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлының есімі қалың оқырманға жақсы таныс.  Ол тынымсыз ізденістің арқасында  қаншама танымдық-тағылымдық мәні мол кітаптар жазып келеді. 
Қазіргі таңда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде болашақ білікті мамандарға дәріс береді.  Тәлім алған шәкірттері республикамыздың көптеген жоғары оқу орындарында қызмет атқарады. 
Оқырмандарға жол тартқан құнды еңбектің еншілес авторы Тамара Әлібек те – жарты ғасыр бойы жоғары оқу орындарында ұстаздық еткен білікті ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Оның жарық көрген монографиялары, оқу құралдары және ғылыми мақалалары  ғылыми шығармашылық бағыттағы жастардың  таным көкжиегін кеңейткен рухани дүниелеріне айналды. Назарларыңызға ұсынылып отырған монография – ғалымдардың Солтүстік Қазақстан мен Батыс-Сібір өлкесінің ортағасырлық тарихын көп жылдық зерттеу жұмысының нақты нәтижесі. 
Жалпы, кітап білім ордаларындағы жастарға, өлкетанушыларға және  өскелең ұрпаққа арналған. Тілі жатық, деректер мен дәйектерге бай. Көрнекті тұлғалардың өмір жолдары көпшілікке ғибрат.

Айша ТӨРЕМҰРАТҚЫЗЫ 
 

909 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз