• Тарих толқынында
  • 28 Қыркүйек, 2023

Томиристен алтын ордаға дейін...

Тарих – сыры терең, қатпары мол дүние. Оның тереңіне бойлаған сайын жаңа мәліметтер табылып, бұрынғы оқығаның мен тоқығаныңды қайта бағамдап, жаңа ізденіс арнасына түсетінің белгілі. Әрбір дерек тың беткейге жол ашып, дәуірлер мен ғасырлар алмасып, тоғысқан тұстардағы, сондай-ақ есте жоқ ескі замандардағы ұлы тұлғалар өміріне үңілгенде таң-тамаша қалатын кездерің де болады. 

1.Тарихтың атасы аталған грек Геродоттың жазғанына сәйкес, Томирис – массагеттердің патшайымы. Массагеттер – қазақтың төртқара (қара масақ), масақ пен құттықадамнан тұратын масқар мен кете рулары. Үшеуінде де шаңырақтың «крест» таңбасы бар. «Томирис» фильмінде б.д.д. 530 ж. парсы патшасы II Кир Ұлы Даланы жаулаймын деп келіп, Әмудария бойындағы шайқаста массагеттерден жеңіліп қаза тапты. Б.д.д. 519 жылы парсы патшасы I Дарий де келіпті. Томиристің бұйрығымен Шырақ батыр жол көрсетемін деп парсыларды Қарақұм шөлінде адастырыпты, парсы армиясы сусыз, тамақсыз әлсіреп, отандарына үдере қашқан екен. 2542 жыл өтсе де, төртқаралар бүгін де осы Қарақұмның қасындағы Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында өмір сүреді. Кетелер мен масқарлар да осы аймақта, алыс емес. Әйтсе де, ұзаққа созылған құрғақшылық замандарында, біраз далалықтар жер шарының басқа жақтарына көшіп кеткендері деректерден мәлім.
2. Біздің дәуірімізге дейінгі 3000 жылы шамасында мың жылдық құрғақшылық басталды. Құрғақшылықтың әсері алпауыт Тұранды ыдыратып, көптеген далалықтар туған жерімен қоштасқан... В.Демкин, У.Соловьева, Т.Демкина, А.Борисов «Палеоэкология Восточноевропейской Степи в эпохи неолита и бронзы» атты мақаласында: «Около 5000 лет назад началась аридизация (иссушение) климата, продолжавшаяся на протяжении тысячелетия. Около 4000 лет назад в восточноевропейских степях возник самый масштабный палеоэкологический кризис за последние 6000 лет (Сб. Проблемы ямной культ.ист. обл. – О. 2006). Археолог Н.Л.Моргунова: «...в течение XX – XVIII вв. до н.э. в Поволжье и Приуралье происходили бурные события, связанные с переселением» (Археология Оренбуржья. – С.68) деп жазады. Металлургия зерттеушісі, тарихшы Е.Н.Черных және т.б. жазғандай, б.д.д. 1900 жылдар шамасында Оңтүстік Орал-Қазақстан аймағы орталығы болған металл өндірген көшпелілердің Чукоткадан Парсы шығанағына дейін созылған алып империя­сы құлайды, ол біздің Тұран. Көш. Қош. Ұлы Тұран халқының біразы отанынан кетіпті, білім-ғылым-технология, нәтижелі іс, рухани құндылықтарға үйрететін Арқайымдай университеттер жойылып, жол көрсететін абыздарсыз қалдық. Дала халқы табандылығынан айырылу, жасампаздық деңгейі түсу, мыңдаған жылдар адамзаттың Алтын ғасырын орнатып, басқарып келген Тұран жерінде қараңғылық дәуірі басталыпты.
Үндістанға жеткен тамалар «Самхта Ригведада»: «3900 лет назад высохла река жизни Сарасвати (Қарасу Ати, Атиль, Еділ, Итиль), до того бывшая полноводной» десе, «Ригведада»: «...О, Всемогущий, помоги людям племени тама народа кушика!» дейді. Үнділер бұрында қазақты «кушика» депті, арабтар «кашек», қытайлар қыпшақты - «куше» деген. 
Иранға (Парсы) көшкендер Зороастр (Жарастыр) пайғамбардың сөзімен «Авестада» із қалдырады: «мен тама тайпасынан...» деп. Лондондық профессор Мэри Бойс: «Зороастр – Еділ өзенінен шығыс далаларда туған» дейді (Зороастрийцы. Верования и обычаи). 
Анадолыда кетелер өте қуатты «Кете» империясын құрады – б.д.д. 1800 жылдан б.д.д. 1180 жылдарына дейін өмір сүрген. Тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаевтің «Хеттская империя и наше племя кете» атты мақаласы Интернетте бар. Кипр со замандарда «Алашия» аталған, бұл ертедегі карталарда бар.
Иә, масқардың құттықадамы (кутии) Шумерге (қазіргі Ирак) жеткен – Ырғыздан 3520 км қашыққа. Олар 91 жыл Шумерді басқарыпты, сол уақытта жазылған мәтіндер әлі де сақталған. «История Древнего Мира. Ранняя Древность» кітабынан көбірек ақпарат алуға болады: кутийлердің соңғы ханы Тириган (Төрехан), оны жеңген шумерліктің аты деректерде Утуген хал деп жазылған – Өтеген хан ғой. Шумерліктердің түркі тілі – Тұран құлап, орталықпен байланыс үзілген соң Шумерде семит тілдерімен алмастырылыпты.
3.«Масақ» атауын еуропалық деректерде «моск» деген. Әнет кетені – «анты» дейді. Енді тарихшы Ю.Н.Дроздовтың «Моски, русы и Московское государство» атты кітабына қарайық. Автор берген деректерден түйін: «Москова» атауы екі сөзден тұрады. «Моск» – сол қаланы салған халықтың аты және «ова» сөзі – «тайпа», «халық». Мысалы, шетел деректеріне зер салсақ, Р.Маффеи 1506 жылы: «Моски были потомками роксаланав». Ю.Н. Дроздов: «Скифо-сарматские или аланские (алшын) племена появились в лесной полосе Восточной Европы не позднее II тысячелетия до н.э. Разговаривали на тюркском языке. В середине IX века на Русь проникли варяги-русы. Русы первоначально были тюркоязычным народом… со временем вынуждены были перейти на славянский язык… Поскольку они были доминирующим народом, по их этнониму этот язык стал называться русским… единый русский народ окончательно сформировался к концу XVII века в рамках централизованного государства, которое стало именоваться Россией» деп жазады. «Роксаланы» сөзін кітаптарда дерек қалдырған гректер «арыгсалшын» (лесные алшыны) сөзінен шығарыпты (Ю.Н.Дроздов). Гректерде «ш» әрпі болмаған. 
Москтардың физикалық түрі туралы граф Карлейл: «они красивы, глаза у них обыкновенно серые, цвет лица немного смуглый». П.Иовт 1525 жылы: «Московиты. Глаза у них серые, они ездят верхом и весьма искусно пускают стрелы даже и тогда, когда бегут и враг у них сзади» деп жазған. «Масақ» сөзінің мағынасы «жебе ұшы» екенін білеміз. С.Герберштейн: «Есть и такие, которые объясняют это название смуглостью (foscus, braun-schwarz)». Москтардың антропологиясын «южносредиземноморский европеидный» дейді – итальян, испандардың түрлері бұған ұқсас, палеолингвист Марио Алинеи «Этруски были тюрками» деген кітабын 2013 жылы шығарды, ол Римді қалаған этрусктер түркітілді болғаны туралы. Испанияда да сарматтар қоныстанған, Солтүстік Африкаға өтіп, жаңа мемлекеттер құрғандары тарихта бар. Бүгінгі масқар, төртқара ерлерінің 70%-ы С.Герберштейннің «braun-swarz» дегеніндей «қара-торы». Иә, көнеден ағайынды Әзірбайжанда «Масқұт» облысы бар, башқұрт, татар ағайындарымыздың «Масягут» фамилиялары мен ауылдары бар. Төртқараның көп ғасырлар бойы жазғы жайлаулары болған Еділге құятын Ұлы Ырғыз бен Бала Ырғыз өзендерінен Мәскеуге бір мың шақырым. 
Бүгінгі тарихшылар «анты Сарматии есть одно из основных племен, составивших русский народ» дейді. Бұл – әнет кете. VI ғасырда Прокопий Кесарийский: «у антов образ жизни как у массагетов, светлые и не рыжие, сохраняют гуннский нрав» деген.
4.Далалықтардың «орыс» тармағы. Ибн Фадлан: «Я видел русов, они белокуры, краснолицы» деген. Бүгінгі қазақтың арасында да кездесетін түр. Шежірелерге қарасаң, біраз тайпаларда «орыс» атты тармақтар бар. Мұхтар Мағауин Алаш жүйесінде іргелес халықтар есімімен үйлес атты тармақтар бар екенін, «тіпті орыс та бар – орыс және құнан-орыс... ешқайсысы да кірме, бөтен тұқым саналмайды. Бәрі де әлмисақтан бергі байырғы қазақ» деп жазады. Бірнеше тайпаларымызда осы тармақ болғасын тек бір-екі мысал келтірейік. Суан тайпасы туралы Уикипедияда: «Албан, Суан, Дулат үшеуі бірге туған. Майқы би мен Домалақ ананың балалары. Суаннан төрт ата, соның бірі Мұрат. Мұрат балаларының бірі Орыс» делінген. «Алаш айнасы» сайтына шыққан «Тарақты шежіресінде»: «Тарақтының он екі атасы Қармыстың бір ұлы Апай, Апайдың бір руы Орыс» деп жазылған. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы бидің» заманын тарихшы Ж.Артықбаев кемінде неолит немесе энеолит десе, профессор М.Бойс «Йима (Майқы) заманы – тас ғасыры (палеолит)» дейді. Тарақты руы – Орта жүздің ноқта ағасы, «тарақ» – Майқының таңбасы. Осы екі мысал да орыс тармағының қазақтың байырғы руларының қатарында болғанын көрсетеді. Скиф-сармат уақытын алсақ, тарихшылар «аорсы родственны сако-массагетам в составе сарматов Приволжско-Приуральского региона» дейді. К.Ф.Смирнов «аорсы в бассейне Илека» (бұ жерде табында да тармағы бар және Майқы шежіреде, тарақ таңбасы бар) дейді және антикалық тарихшы, географ Страбон, т.б. осы тектес ақпарат береді. Жалпы деректерге қарағанда, адамзаттың көптеген халықтары, бәрі болмаса да, алғашқы 20-30 шақты ру-тайпалардан таралған секілді. Далалық қазақ осы тұжырымның айғағы, неге десеңіз: 1930 жылдарға шейін рулық жүйесін экономикалық формасында да сақтады, алғашқы рулардың түрін – коллективизацияға дейін сақтады. Жер шарының әр жақтарына көшкен қандастарымыздың көбісі уақыт өте басқа халықтарға негіз болған, сіңген де тілдерін алмастырған.
5. Неліктен түркітілді қуатты халық-тайпалар Русьте басқа тілге көшті? Кешегі Кеңес мемлекетінің 74 жылында (1917 – 1991жж.) ұлтымыздың тең жартысы ата тілден айырылды, себебі неде? Жауап – өзіміздің емес, өзге мемлекеттің ішінде отар болған соң туған тілді жоғалта бастадық, ол мемлекеттің мақсаты жалғыз мемлекетқұрушы ұлттың тілін қалдыру болды. Кеңес мемлекетінде 74 жылда 200 тілдің жартысы жойылды, ал тағы 70жыл болғанда қазақ тілі де 100% жойылатын еді. Отарлық қақпанына түсудің себебі, қазақта, жалпы түркі халықтарында ішкі бірлік жоғалды, ертеде білім-ғылым-технология-прогресс – жасампаздыққа, нәтижеге ұмтылысты басқарған абыздарымыз Тұранмен бірге жоқ болды – рухани жетімдікке ұшыраған топтар сыртқы алаяқтардың ықпалына ұшырады. Батырларың көп болса да, көсемсіз ел тарыдай шашылады. Көсемдерге абыздар асыл-тура жол көрсетпесе – көсемдер де қараңғыда адасады... Азат халық болғың келсе бірлігіңді сақта, мемлекетіңді қуатта, ата құндылықтарына сай өмір сүр, білім, ғылым, технология, мәдениет, экономика, қорғаныс жағынан ешкімнен артта болма! Тұран қағаны абыз Майқы айтқандай, хандарың әділ болсын, халқың табанды болсын – қара жермен де кеме жүргізеді... Абыздарымыз Ұлы Даладан кеткесін әділдік те, табандылық та кеми бастады... 
Русь Алтын Орда заманында түркітілді конфедерацияның мүшесі болды. Бірақ батыс еуропалықтармен бәсекелестікте әскери майданында беріспесе де, Русь батыс еуропалықтардан діни, мәдени, идеологиялық, ғылыми, технологиялық, экономикалық майдандарында жеңіліп, «көрінбейтін отар» қақпанына түсіп қалды, билік тобының санасы бәсекелестердің ықпалына түсіп, солардың жоспарларын орындауға айналды, алғашқы түркі тілінен және ежелгі тарихи санасынан 80%-ға айырылды... 
Ежелгі түркітілді бұлғарлар қалай өзге тілге көшкені туралы көбісі біледі: әуелі Борис ханы католикшілерге қосылды, сосын халқы, дінмен бірге тілден айырылу, римдіктер мен византиялықтардың текетірестері, алмастырудан-алмастыру, православие, т.б. Тарих – сана, мән-мағыналардың майданы, соғысы, тарихқа арналған әдебиет пен оқулықтардың астары терең, салыстыра білсең ғана ақиқатқа жақындайсың. Профессор Ю.Н.Дроздов та өзінің кітабында Русьтегі күрделі жағдайларды ымдап, астарлап көрсетеді. Біз де тек «XVII ғасырдың соңғы жылдары» дегеніне тоқталайық. 
6. Масақтардың Московиядағы билігі Иван IV Грозный патша өлгенімен аяқталды. XVII ғасырдың басында «я отрок Божий!» (мен Құдайдың баласымын) деген орыс халқы сол ғасырдың соңғы жылдарында басыбайлыққа (құлдық) көшуге мәжбүр болды. Орта Азия түркілері болса, Л.Н.Гумилев айтқандай, VIII ғасырға дейін, арабтар келгенше, «құл» ұғымын білмеген: «...у слова «гул» было другое значение» дейді Лев Гумилев. «Құл» сөзінде «Құдіреттің ұлы» деген мағына болыпты. Иә, Грекияда құлдық үш мың жыл «гүлденесе», римдіктерде екі мың бес жүз жылға созылса, Ресейде 1861 жылға дейін санасақ – үш жүз жылға да толмайды. Себебі, құлдық заңына (крепостное право) ғасырлар бойы МАСАҚТАР кедергі болды. Міне, Ю.Н.Дроздовтың «Моски, русы и Московское государство» кітабынан оқиық: «Все (!!!) правители государства Московского как минимум до Ивана IV Грозного включительно были москами... Моски с распространением власти Золотой Орды получили ее поддержку. В то время в зоне влияния Золотой Орды без ее поддержки возвыситься и расширить свои владения не мог ни один народ. Со временем моски основывают свое государство, которое получает название по их этнониму – Московия». Москваның негізін қалады деп саналатын, жылнамаларда – Гюрги аталатын (ресми оқулықтарда – Юрий Долгорукий) масақ екенін білуге тиіспіз.     
Иә, Алтын Орда стратегиясының мақсаты түсінікті: барлық халықтар өз жерінде тұра берсін, орманды жақта күшті орталық орнасын деп, Масақ оба қонысын таңдаған. Киев, Паскова (біраз деректерде Псковты солай атайды), Новгород шекараға жақын – орталық әрірек болу керек, күн бататын жақтан басқыншылар келіп қалса деген ой. Енді масаққа оралсақ... 
Иван IV Грозный (1530 – 1584 жж.) патшаны 1584 жылы, елу үш жасында улап өлтіріпті. XVII ғасырдың жылнамасында: «царю дали отраву» делінген. Деректер көп, мақсат – мемлекетті басқа жолға бұру. XX ғасырда сүйектерін зерттеген мамандардың түйіні: «царь был отравлен «коктейлем» из мышьяка и ртути». Бұл патшаның туғанда берілген аты Тит (Тет), мағынасы – «Тәңірдей ет!» (Как Бог поступай). Осы сөзден «титан» (тит небесный), «тетен» (равняйся на Бога) сөздері шыққан. Енді патшалыққа Борис Годунов келеді, бүлік басталады. Академик Ф.И.Успенский (1845 – 1928) «Восточный вопрос, ближневосточная политика России с половины XV века» атты монографиясында жазады: «Иезуиты организовали Смутное время в Москве... ввели во власть Романовых (Roman) – ставленников папы римского. Крепостное право, его введением ломали хребет и волю русскому народу» (б.37). «Иезуиты создали миф о злодее Иване Грозном» дейді Мұрад Аджи «Дыхание Армагеддона» кітабында. «Из-за сопротивления Грозного внешней экспансии... Казань разрушили они, – деп түйіндейді Мұрад Аджи, – «т.к. она больше всего мешала иезуитам».
Масақтар Мәскеу билігінен кеткен соң бүкіл оқиғаны тізбелеп айтпай-ақ қояйық, тек бір-екі мысал. XVII ғасырда ескі дінін қорғаған Боярыня Морозованы аштықпен өлтіріпті, протопоп Аввакумды отқа жаққан. XVIII ғасырда II Екатерина (үйленгенше неміс принцессасы София) мемлекетқұрушы орыс халқының крепостной құлдыққа ұшырағандарының санын 90%-ға жеткізіпті. Сол ғасырдың басында I Петр патшаның уақытында дворяндардың балаларын жаппай неміс, француз, ағылшын тәрбиешілердің оқытуы, Ресей тарихын немістер жазуы басталды. Жалған жазды. Туған халқының тарихын бұрмалауға қарсы шыққан патриоттарды аяусыз жазалады: академик Михаил Ломоносовты Елизавета патшайым заманында дарға асу үкімі шықты, бір жылға жақын жазаны күткен ғалым, үкімді өзгерткен соң босатылды. (В.Жигловтың «За что Ломоносов был приговорен к смертной казни?» мақаласын қараңыз). 
7.«Масақ оба» – «Қазақ оба» қасиетті атауының баламасы. Ю.Н.Дроздов өзінің кітабында: «...в подлиннике «Москова», а не «Москва»... в турецком Москова, в румынском Москова, в финском Москова... Кучково!.. Создается впечатление, что это было первоначальное название, либо предшествующее названию «Моска» или «Москва», либо паралельное с ним... В Ипатьевской летописи под 1176 г. есть сообщение о том, что сын Юрия Долгорукого заболел, и ему пришлось остановиться в Кучкове: «…до Кучкова, рекше до Москвы», в переводе на современный русский язык означает «…до Кучкова, т.е. до Москвы». Значит, оба эти названия относились к одному и тому же поселению» деп жазған. Ю.Н.Дроздов жергілікті халық XV ғасырға дейін қаланы «Кучково» – «славянская форма прежнего названия» дейді. Қазір де қаланың кей жерлерін халық «Кучково» атайды. Иә, ғалым бұл атаудың түпнұсқасын (оригиналын) да білетінін көрсетті. Кітабының бір жерінде автор бүгінгі орыс сөздерін үнді сөздерімен салыстырады. Соның ішінде «кушика» сөзі. Үнділік «Ригведада» «кушика» сөзінің мағынасы – «қазақ»... Көне мәтіндерде әр сөздің кемінде үш мән-мағынасы болды: қарапайым, образды және сырлы. Жанама аттарды пайдалану далалықтар арасында бүгінге жетті. 
Ашылып жатқан ақиқаттар мәселенің екі жағын паш етіп жатыр. Бір жағынан, аталарымыз алып болған, абыз болған. Екінші жағынан, кейінгі замандарда ұсақталу үрдісі бой алды. Тарихи тығырықтан жол іздеу туралы сөз бөлек. 

Төреғали ҚАЗИЕВ, 
зерттеуші-жазушы 
Ақтөбе-Астана

 

5283 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

AQIQAT №8

26 Тамыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы