• Еркін ой мінбері
  • 01 Қараша, 2023

«Қаһарман ұлт» жобасы аясында қала жастары арасында патриоттық челлендж бастау алды

Ұрпағымыздың кеудесінде азаматтық намысы бар,білімді,туған елін,жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе,бар назарды ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет.Себебі тәрбие тал бесіктен екені ықылым заманнан белгілі қағида.Еңкейген жасты ес білер шағында патриоттық сезіммен тәрбиелесек,ұлт болашағының жарқын боларына сеніміміз мол. Ұлттық педагогиканы мұрат тұтқан Ш.Әленұлы «Педагогика кітабында»: «Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беру керек» деген еді.Ендеше, «Сабақтан тыс тәрбие процесіндегі патриоттық сезімді қалай оятамыз?» деген заңды сұрақ туындайды.Осы орайда,Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Қаһарман ұлт» жобасы аясында қала жастары арасында патриоттық челлендж бастау алған болатын.Челлендж талабы бойынша қала жастары өздеріне ұнаған кез-келген патриоттық өлеңді оқи отырып,өзгелерге де жолдай алады.Тұлғаның патриоттық құндылықтарын көтеретін рухты өлеңдер өміршеңдігімен тарихта қалған ұлы тұлғалардың шығармаларынан үзінді ретінде алынуда.Қала жастары арасында үлкен қызығушылық тудырған челлендж әлі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді.Челленджге Қ.И Сәтбаев атындағы техникалық университеттің аға оқытушыларынан бастап,Қастеев атындағы өнер мұражайының қызметкерлері,сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының студенттері мен колледж студенттері қатысуда.«Қаһарман ұлт»жобасының басты мақсаты– жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, елін сүйетін патриот тұлғаны қалыптастыру.Бүгінгі таңда патриотизм  қоғамдық, мемлекеттік, мәдени, рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Олай болса, патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбиенің барлық бағытынан көрініс табуы керек.Ендеше,сіз де патриоттық челленджді #АлматықаласыҚоғамдықдамубасқармасы және #Қаһарманұлт хештегтері арқылы өз әлеуметтік желіңізде жариялай аласыз.Сәттілік,жас патриот!

 

2777 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз