• Ел мұраты
  • 29 Қаңтар, 2024

«Vape»-ке әуестік азаяр емес

Қандай жағдайда жасалғаны беймәлім бұл құрылғының шикілігі де осы жерден басталады. Содан болар, бағасы да арзан. Оқушылардың қалтасы көтеретіндей-ақ, санасын жаулап, денсаулығын білдіртпей бүлдіре береді. Аккумулятор қызып тұрғанда канцерогенді заттардың мөлшері көбейеді. Аккумулятордың жарылып кету ықтималдығы да бар дейді мамандар. 
Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, уытты химикаттардың біріне диацетил жатады. Ол хош иістендіргіштердің 75 пайызында болады. Тамақ өнеркәсібінде пайдаланатыны мәлім. Дегенмен, ұзақ уақыт бойы ішке енген бұл химикат өкпеде туындайтын қабыну процестеріне әкеліп соғады. Тыныс жолдары тарылып, тыртықтар пайда бола бастайды. Уытты химиялық заттардың кері әсері көп. Мәселен, пропиленгликоль ағзада жиналып, аллергиялық реакцияларды қоздырады. Бауыр мен бүйрекке зиян тигізеді. Пропиленгликоль мен глицерин ыдырағаннан кейін акролеин мен формальдегид қалады. Акролеин көздің шырышты қабығына әсер етсе, формальдегид жүйке жүйесіне салмақ түсіреді; никотин қатерлі ісік ауруына әкеліп соғады; құрамында никотині бар буды көп жұту адамның жүрегінің айнуына, басының айналуына әкеледі; ас қорыту жүйесі, ішек-асқазан жолының жұмысы бұзылады. 
Гигиена сақталмаған жағдайда, бір вейпті бірнеше адам қолданар болса, гепатит, туберкулез сияқты ауруға душар болады. Жүкті әйелдердің, аллергиямен ауыратындардың және кәмелеттік жасқа толмаған балалардың вейп шегуі өте қауіпті. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұйымы хош иістендіргіштерді қолданбауға кеңес береді. Жарнамасына да тыйым салу қажеттілігін атап өтті. 

Бүгінде әлемдегі 25 мемлекетте вейпке ресми түрде тыйым салынды. 2023 жылы қазан айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті никотині бар өнімдерге қатысты техникалық регламентті әзірледі. Оған сәйкес, Қазақстан нарығына ашық түрдегі электронды тұтыну жүйелерін, ауыстырылатын контейнерлер мен ашық түрдегі никотинді, сондай-ақ никотинсіз сұйықтық құюға арналған ыдыстарды шығаруға жол берілмейді. Мәлімдемеде «Қазақстан нарығына бір рет пайдаланылатын электронды темекі шығаруға жол берілмейді» делінген. Бұдан бөлек, электронды тұтыну жүйелері мен сұйықтықтарды қаптамасыз айналымға шығаруға тыйым салынады. 21 жасқа толмағандарға электронды тұтыну жүйелері мен сұйықтықтар сатылмайды. 
Алматыда балалар кардиохирургиясының негізін қалаушы, жоғары санаттағы кардиохирург Гүлжан Сәрсенбаева электронды темекінің зияны жайлы талдап берді: «Электронды шылым ең алдымен ауыз қуысына енеді. Сәйкесінше, бу адам ағзасындағы тыныс алу жолдарын зақымдайды. Адам темекіге тәуелділікке бой ұрған соң, оны шекпесе ашуланшақ болады. Жүрек-қан тамырларына әсер етеді. Шырышты қабаттар қабынып, созылмалы ауруларға жетелейді. Ауру белгілері бірден байқала қоймайды. Араға ұзақ уақыт салмай көктем, күз мезгілдерінде шылымға әуес адамдарда бронхит асқына бастайды. Оған шылымның құрамындағы түрлі химиялық заттың әсерінен бронх демікпесі, аллергия сынды түрлі ауру қосылады. Ашық дереккөздер электронды темекінің құрамына енетін тек 2 затты көрсетеді: глицерин және полипропилен химиялық қоспасы. Токсиндер басқа компонент болғанымен, коммерциялық құпия ретінде қала береді. Никотин мөлшері аз болғанымен, оның орнын хошиістендіргіштер, майлар толтырып тұрғанын ескеру қажет».
Осылайша, дәрігер мамандар электронды темекі құрамында психобелсенді заттар, ауыр металдар бар екенін ескертеді. Алайда,Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының 2019 жылғы зерттеуіне сәйкес, 11 жастан 15 жасқа дейінгі электронды темекі шегетін жасөспірімдер саны 3 есе, ал қыздар арасында 2 есе артқан.
Ауырып ем іздеп жүргенше, ауырмайтын жол іздейік, ағайын. 

Бағдат Сұлтанқызы
 

1217 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз