• Ел мұраты
  • 29 Қаңтар, 2024

Жаһандану және адам тағдыры

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ, 
философ-публицист

 

1 тезис: ЖАҺАНДАНУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
 

Қарапайым тілмен айтсақ, бұл түсінік Жер шары және Адамзат ұғымының бірлігін білдіреді. Қазіргі ғылым алыс жақын космосты зерттей келе, өздерінің шамасы жеткен космос әлемінде Жер шарына ұқсас, тіршіліктің пайда болуына қолайлы қандай да бір планетаны таппады. Егер ондай планеталар табылып, адамзаттың ол жақта да тіршілік етуіне мүмкіндігі бар екені ғылымда белгіленсе, онда адамзат бүгінде «Жер бетіндегі жаһандану» мәселесін емес, «Космостық деңгейдегі жаһандану» не болмаса «космостану» мәселесін көтере бастайтын еді...
Әзірге «космостану» ілімі бар, ал «космостық жаһандану» деген мәселе жоқ. Себебі, біз білетін космоста Жер шарындай планета табылмады. Бірақ, космос әлемі шексіз болатындықтан, «космостық жаһандану» сұрағы адамзат санасында үнемі өзекті болып тұра береді... Теориялық тұрғыда мұны жоққа шығаратын ешбір негіз жоқ, болмайды да. Сондықтан, адамзат ғылым көкжиегін кеңейте отырып, шексіз космостан «екінші Жерді» табу үмітін ешқашан үзбейді...
 

2 тезис: ЖАҺАНДАНУДЫҢ ЖЕРГЕ ТҮСУІ
 

Ендеше, қазіргі біз қолданып жүрген «жаһандану» түсінігі тек қана Жер бетіндегі өмірге ғана қатысты мәселе. Өкінішті, әрине... Бірақ, мойындамасқа болмайды, өйткені Жер шары адамзаттың ортақ үйі. Сондықтан «Өзіміз тұрып жатқан үй қандай болуы керек, онда тұратын адамдар қандай болуы керек?» деген сұрақты біз қаласақ та, қаламасақ та үнемі  қоямыз, қоймай қала алмаймыз. Бұл адамзат алдында тұратын мәңгілік сұрақ болып табылады..
Сұрақ өте өзекті, себебі, біріншіден – сұрақтың астарында сан түрлі болып келетін адамзат қауымының «өмір сүруі, не сүрмеуі» мәселесі үнемі сақталып тұрады. Мысалы, адамзатты тек «адамзаттық» сұрақтар ғана емес, жер бетіндегі түкпір-түкпірлерде өмір сүріп жатқан халықтардың, олардың тағдыры, тілі мен мәдениеті, тұрмысы мен денсаулығы және т.б. сұрақтар – барша адамзатты толғандыруға тиіс. Осылай болуы тиіс, әрі заңды. Өйткені, ортақ үйміз Жер шарының өзі өмір сүру мүмкіндіктері жағынан бірыңғай емес. Оның бір-біріне ұқсамайтын географиялық аймақтары бар: бірі – мамыражай, бірі – қатал... Сондықтан, адамдардың өз жерлеріндегі өмір сүру ережелері де өзгеше болып келеді... Мысалы, кейбір аймақтардың адамзаттың өміріне қауіптілігі соншалық, ол жердегі халықтың өмірін де, өзін де «күнделікті ерлікке парапар өмір кешуде» деп бағалауға да болады! Оның үстіне, қазіргі жаһандану заманында ондай қауіпті аймақтарды және нүктелерді адамдардың өздері қолдан жасап жатыр десе болады. Мысалы, бүгіндегі Ресей мен Украина мемлекеттері арасындағы жүріп жатқан соғысты айтсақ – адамдардың жердегі тозақты қалайша өздері жасайтынының куәсі бола аламыз. 
 

3 тезис: СЕН БАСҚАСЫҢ, МЕН БАСҚАМЫН 

Жер шарының ерекшеліктеріне сай, адамзаттың өзі де біртекті болып қалыптаспаған – біреулер оны Құдайдың осылай жаратқаны дейді, біреулер – бұл эволюциялық дамудың нәтижесінде пайда болған табиғи ерекшелік дейді... Қалай болса да, мейлі діни қалыпта, мейлі ғылыми нұсқада болсын біз Адамзаттың, ең әуелі, нәсілдік бөлініске ие болып қалыптасқанын бүгінгінің де факто ақиқаты деп мойындау­ымыз керек және оның да өз тарихы бар екенін мойындап, оны есте ұстауымыз қажет. Бір замандарда осындай «нәсілдік бөлініс» адамзатқа үлкен қауіп саналып, өзара соғыстарды тудырған еді. Мысалы, африкалық нәсілдің жаппай құлдық саудаға салынуы, еуропалықтардың американдық үндістерді жаппай қырғынға ұшыратуы – адамзат тарихындағы болған оқиғалар. Одан кейінгі кезеңде де адамзат «ұлттық бөлініске» ие бола отырып, әрбір ұлт өз тілін, өз мәдениетін қалыптастыра отырып, өздері өмір сүретін ареалды игеру тәжірибесін жасап шыққан. Мысалы, қазіргі біздің алып Еуразия даласында өмір сүрген номадтар мал шаруашылығының ең үздік үлгісін жасай алған. Соның бел ортасында біздің қазақ халқымыз тұр десек болады! Ендеше, бұл кеңістікте қазақ халқы тек «қазақ» болып қана өмір сүре алады, өзгелері тек «қазақтану» арқылы ғана десек – шындық.
 

4 тезис: ҚҰДАЙЛАРДЫҢ МЕКЕНІ

Адамзат ешқашан «мен өзім пайда болдым» демейді.  Оны қалай айтсын, егер оның көретіні үздіксіз «жаратылыс» болса: адам баласы туады, адам баласы өледі – затқа айналады... «Ендеше, – дейді де адам – «Туатынды туатын кім?» деген мәңгілік жауабы жоқ сұрақты қояды өзіне. Сұрақ қойылды, енді оған жауап та болуы тиіс. Бұл – міндет, бұл – сана мен ақыл табиғаты. Сөйтіп, тарихи дамуы барысында адамзат Ұлы Жаратушыны мойындады – онысы дін болып шықты. Бірақ, адамзаттың өзі, жоғарыда айтып өткендей, әртүрлі болғандықтан – енді «діндік бөліністі» ойлап тапты. Бекерден бекер ойлап таба салған жоқ, өйткені, бұл «бөлініс» әртүрлі халықтардың «мемлекет құру» не болмаса «мемлекеттенуі» кезеңдерімен сәйкес келетіндіктен пайда болды. Шынында да, тарих көрсеткендей, халықты мемлекетке біріктіру тек «ұлттық негізде» жүзеге аспайды екен. Мемлекет өз аумағындағы бар халықты бір дін төңірегінде топтастыра отырып та мемлекеттігін іске асыра алады екен. Бірақ, адамзатқа тән әртектілік пен өзгешілік қашанда «ыдыратушы» күшке ие болғандықтан, – адамзат өз тарихында «діни бөлініске» келді. Сол себепті тарихын «ізі қалған аса ірі діни соғыстармен» өрнектеп отырған. Бұл үрдіс бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Адамзат одан айныған жоқ – діндер адамзатқа тән салт дәстүрлерді жуып шайып, бәрін «Бір Жаратушы қалпына» келтіруге ұмтылуда. Ерікті не еріксіз түрде. Яғни, бұл жерде әркімге де «Құдайдың мекені» өз үйінің төрінен болғаны керек. Ал ол Құдайға ұнай ма, ұнамай ма – ол оны қызықтырмайды!

5 тезис: СЕНІҢ АҚЫЛЫҢ САҒАН, МЕНІҢ АҚЫЛЫМ МАҒАН

Адамзат бөлінісі мәдениет, руханият деңгейінде орын алды. Бұл ғасырлардан – ғасырларға ұласатын алапат рухани күш ретінде жалғасып келді де, адамзат әбден толысқан шағында «рухани құндылықтар» түрінде көрініс тапқан ерекше әлемге айналды. Жалпы, Руханият – Құдайдың жердегі көлеңкесі. Бірақ ол әр ұлт тілінен, салт дәстүрінен, шаруашылық тәсілінен, дүниетанымынан, ділі мен дінінен көрініс табатындықтан, осы руханиятқа ие болған әр халық та «Құдай көлеңкесінің» аясында тұр деуге болады... Яғни, бар халықтардың Құдай алдындағы дәрежесі де тең, мәртебесі де тең – үлкені мен кішісі жоқ! Бұлардың бәрі әр қилы болса да, өмір сүруге қақылы. Қайсыбіріне жасалған қиянат – Құдайға жасалған қиянат. Бұл қазіргі замандағы адамзаттың «өмір сүру формуласы».
Міне, осындай жалпы дүниетаныммен адамзат ХХІ ғасырға аяқ басты.
Енді, жаңа мыңжылдықта адамзат жаһандану мәселесіне жаңа көзқараспен келуді үйренге тиіс. Ондағы басты принциптер мынау:
– Жер шары адамзаттың ортақ үйі, Ортақ үй – Жер шарын қорғауға, табиғатын сақтауға, экологияны ластауға қарсы жұмылып күресуі керек.
– Жер шарында өмір сүруші адамзат – мына шексіз космостағы жалғыз ғана саналы тіршілік иесі. Адамзат нәсілге, ұлттарға бөлінсе де, оның бір ғана аты бар, ол – АДАМ. Яғни, барлық адамның өмір сүру құқы бірдей.
– Жер бетінде пайда болған барлық тілдер, барлық мәдениет үлгілері – бүкіл адамзаттың ортақ құндылығы. Олар жойылмауы керек, жойылып бара жатқанын сақтау керек, жойылғанын ескерткіш ретінде қастерлеу керек.
–Адамзат өзара құрмет пен сыйластықпен өмір сүріп, бейбітшілікті сақтауы керек.
Бұл ережелер қазіргі адамзат үшін ең басты шарт және өмір сүрудің бұлжымас қағидалары болып табылады. Ол ережені адамзат мызғымас заң ретінде қабылдап алған. Ол заңды бұзуға ешкімнің адамгершілік тұрғыда, адамзаттық деңгейде қақы жоқ.
 

6 тезис: ЖАҺАНДАНУДЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІ ЖАҚТАРЫ 

Жаһанданудың объективті және субъективті себептерін айтпаса болмайды.
Жаһандану – болмай қоймайтын құбылыс. Оған барлық елдер табиғи түрде араласады әрі ұмтылады. Бұл – объективті процесс. Мәселен: 
– Біріншіден, әлемде ғылым мен технологияда көш бастап отырған елдер бар. Олар адамзаттың қазіргі дамуының басты бағыттарын, соның ішінде – экономикалық дамуын айқындап отырушы елдер;
– Екіншіден, адамзаттың ойлап тапқан ғылымы мен технологиясын жемісті қолданып отырған елдер бар. Ол елдерді «адамзаттың тұрмыстық және басқа қажеттерін өтеп отырған елдер, «яғни, адамзаттың бал арасы» дейтін елдер;
– Үшіншіден, ғылым мен технологияны ұқсата алмай, өз елдерін асырай алмай отырған елдер бар. Ол елдерді нарық заңына сай «тұтынушы ел» деуге болады. Олардың өзін екіге бөліп қараймыз: бірі табиғи қазба байлығы мол, бірақ, оны игеруге, өңдеп технологиялық тауар деңгейіне жеткізуге қабілетсіз елдер болса, екіншісіне не табиғи байлығы жоқ, не ғылымы мен технологиясы дамымаған елдерді жатқызамыз. Мысалы, қазіргі адамзаттың ғылыми технологиясы көшін бастап отырған елдерге Еуропа елдерінің көшбасшыларын, АҚШ, Жапония, «Азияның кіші барыстары» елдерін айтуға болар еді. Олар Әлемдік Жалпы Өнімнің өте жоғары пайызын өндіреді;
– Төртіншіден, әлемдік технология жетістіктерінен нәтиже шығарған Қытай сияқты елдерді айтамыз. Олар, әуелі, технологияны көшіру арқылы экономикалық өрлеуге қол жеткізді. Енді, технологиямен бірге өздерінің ғылыми қуатын да арттырып, ғаламдық жаңалықтарды ойлап табуда;
– Бесіншіден, өздерінің қазба байлықтарын сатумен күн көріп отырған елдер тұр. Өкінішке қарай, тәуелсіздік алғаннан кейін, біздің елде «Үлкен технологиялық секіріс» жасау мүмкіндігі көрші Қытай мүмкіншілігінен жоғары еді. Бірақ біз оны дұрыс қолдана алмадық. Елдің орасан зор капиталы шағын ғана клептократиялық топтың жеке мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалып кетті...
Субъективті жағдайға келер болсақ, онда олай деп «Жаһанданудан әрбір халықтың қашуы» дегенді айтуға болады. Неге?
Себебі, әрбір халық уникалды, қайталанбас адамзаттық құндылық. Сондықтан, ондағы әрбір адам – сол құндылықтың тасымалдаушысы, өкілі. Ендеше, ол құндылықтардың әрқайсысының жаһандануға жұтылып кетпей, өз бетінше дербес өмір сүруге қақы бар. Ол оның «өмір сүру құқы» ретінде халықаралық заңдармен қорғалады. Бірақ, әрбір халықтың мәдениеті дербес бола отырып, объективті жаһандану процесінің әсерімен мәдени тұрғыда түрлене береді. Бірақ, бұл түрлену халықтың болмыстық тұтастығына зиянын тигізбейтіндей болуы керек. Болмаса, біз түрлі-түсті адамзаттық мәдениеттен ажырап қалар едік...
Ал, «түрлі-түсті адамзаттық мәдениет» қазіргі замандағы адамзаттық дамудың, адамдар арасындағы өзара сыйластық пен құрметтің, мәдениеттіліктің, татулық пен бебітшіліктің қайнар көзі болып табылады. (Егер олай болмаса, «өзара сыйласу, өзара құрмет» деген қайдан шығады?). Бірақ, өкінішке қарай, 

 

1920 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз