- Тарих толқынында
- 17 Шілде, 2024
АУЫЛ ТОЙЫ – ЕЛ МЕРЕЙІ
Қасқат ауылына 100 жыл толды
Жуырда Ресейдің Омбы жерінде Қасқат ауылының 100 жыл толуына орай үлкен мерекелік іс-шара өтті. Мерейтойлық басқосуға ауыл тұрғындары, алыс-жақыннан келген құрметті қонақтармен қатар Қазақстан Республикасынан арнайы келген тұлғалар келді.
Қасқат ауылы – баршамыз үшін қастерлі мекен. Өйткені мұнда көптеген қазақ отбасылары түтін түтетіп, шаңырақ құрған, ұрпақ өрбіткен. Олардың арасында бүгінде есімі елге белгілі азаматтар аз емес. Атап айтқанда, Қазақстандағы «ГРК Инжиниринг» ЖШС басшысы Біржан Мәдиев, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Республикалық ветеринариялық зертханасының директоры Ератыр Мадьяров, Ресейдегі қазақстандық этномәдениетті сақтау және дамыту жөніндегі коммерциялық емес ұйымдар одағы атқару комитетінің төрағасы Гавдылрахым Әлібеков, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімінің командирі Буан Буранбаев, Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының әкімі Рахат Смағұлов және тағы басқалар.
Бұл күні мерекелік күнге орай ыстық ықылас пен алғысқа толы сөздер айтылды, дәстүрлі рәсімдер өткізілді. Мол дастарханда ұлттық тағамдар қойылды. Дәстүр мен тарихи жадыны сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Көптеген безендірілген стендтердің ішінде ауыл тарихынан сыр шертетін суреттер қойылды.
Қонақтар өздерінің кіші отандарына жылы лебіздерін білдіріп, қазақтың дәстүрлі сыйлықтарын ұсынды.
– Мен Қасқат ауылының тумасымын. Қазіргі таңда Петропавлда тұрамын. Ауылыма ерекше құрметпен қараймын. Іс-шараның жоғары деңгейде өткеніне қуаныштымын. Мұндай мерейтойларды алдағы уақытта атап өтеміз деп ойлаймын» деді Ербатыр Мадьяров
Әркімнің туған ауылының өркендеуіне қосқан үлесін тағы да атап өтіп, Исілкөл ауданының басшысы Юрий Бахтин Омбы облысы губернаторының алғыс хаттарын табыс етті. Сондай-ақ тұрғындар мен қонақтар Омбы облысының заң шығарушы жиналысының, Омбы облысының Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігінің, Исілкөл ауданының әкімшілігінің алғыс хаттарымен марапатталды. Мерекелік бағдарлама аясында «Қазақша күрестен» сайыс өтті.
Іс-шара В.В.Радул атындағы Мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды. Онда Қазақстанның Петропавл қаласынан және Омбы облысындағы «Мөлдір» Сібір қазақ мәдениеті орталығының әртістері өнер көрсетті.
Қасқыр САҒЫМБАЕВ
1071 рет
көрсетілді0
пікір