- Тарих толқынында
- 26 Қыркүйек, 2024
«ҚАЗАҚША QUIZ» облыстық зияткерлік сайысы
25 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «ҚАЗАҚША QUIZ» облыстық зияткерлік сайысы өткізілді.
Зияткерлік сайысқа М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ұжымынан «MAHAMBET jastary», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ұжымынан «Жәңгір хан ұрпақтары», Орал қаласының мектепке дейінге ұйымдарының қызметкерлерінен «BEST», Орал қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдерінен "Ақ тау", кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдерінен «Жалын», «Сұңқар» құрма командалары қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттің негізін құраушы жастардың бойына ұлттық идеяны қалыптастыру, зияткерлік сайысы арқылы жас педагогтерді ұжымда жұмыс жасау, зияткерлік әлеуетін көтеру, талантты, білімді жас мамандарды қолдаудың бағытында ұйымдастырылды.
Ұлтымыздың рухани байлығы ана тіліміз арқылы ұлттық идеологияны жастар санасына сіңдіру, ұлттық құндылықтар негізінде тәрбелеу елдің ертеңі үшін маңызды қадамдардың бірі болмақ. Осы тұрғыдан келсек, ұлттық идея, ұлттық және елдік, мемлекетшілдік, тұтастық, ар-иман сынды құндылықтардың маңызын жас ұрпақ санасына сіңіріп, қалыптастыратын педагогтар екені ақиқат. Бұл жолда елдік сезімі мен рухани күш-жігері жалынды жас педагогтардың қоғамның дамуына қосар үлесі зор.
Байқау «сұрақ-жауап», «таныс әуен», «кино», «суреттер сөйлейді», «көзқарас», «тілім-тынысым», «бәс» сынды жеті бөлімнен тұрды.
Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ұжымынан құралған «MAHAMBET jastary», екінші орынды Орал қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдерінен құралған «Ақ тау» командалары иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталса, қалған командаларға да алғыс хаттар табысталып, естелік сыйлықтар берілді.
Рафхат Халелов
Суреттерді түсірген
Рафхат Халелов
2166 рет
көрсетілді0
пікір