- Мақала
- 30 Қыркүйек, 2024
Ішкі істер органы: Киім және киімдегі арнайы белгілер тарихы
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен арнаулы ограндардың тарихы сол саланың мамандары мен оған маман даярлайтын ЖОО оқу орындарының ғалымдарына етене таныс болғанмен, қалың көпшілікке беймәлім. Олардың қалыптасу тарихынан бөлек киімдері мен киімдеріндегі арнайы белгілердің де тарихы терең. Бұл туралы «Ақиқат» журналының тұрақты авторы Елеужан Елемесұлы мұқият зерттеп жазып шығыпты. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен ішкі істер органдарының киім үлгісіндегі ерекше белгілерге оқырман бей-жай қарамайды деген оймен жариялап отырмыз.
Ішкі істер органдарының тарихы Қазақстан тарихының бір бөлігін құрайды. Ішкі істер органдарының арнайы нысандағы киім үлгісінің тарихын сөз еткенде, әскерилердің киім үлгісіне тоқталмай өтуге болмайды. Өйткені қазіргі полиция қызметкерлерінің киім үлгісінің шығу тегі өткен ғасырлармен, сол кезеңдерге тән әскери киім үлгілермен тікелей астасып жатыр. Түп бастауы Ресей империясындағы әскерге барып тіреледі.
Көшпелі өмір салтын ұстанған Қазақ елі ХҮІІІ ғасырдан Ресей империясының боданында болды. «Патриархалдық Ресейді ұлы державаға айналдырған – оның әскері мен флоты» дейтін қанатты сөз бар. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда орыс ақсүйектері түгелге дерлік әскери кәсіби білім алған. Олардың арасынан Ресейді әлемге танытқан әдеби-мәдени қайраткерлер шыққан. Ендеше Ресейдің озық ойлы саяси элитасын қалыптастырған да солар екенін ескерсек, сол уақыттардың өзінде-ақ әскери қызметтің ұлт үшін, мемлекет үшін үлкен маңызды болғаны анық байқалады.
С.Шектібаев «Генерал шенді қазақтар» атты материалында Ресей әскери державасының көркеюіне үлесін қосқан бірқатар қазақтан шыққан азаматтарға тоқталады. Тарих деректері қазақтардың тұрақты әскери қызметке араласуын сонау XVI ғасырға жетелейді екен. Сол заманда Иван Грозный мен оның ұлы Федор Ивановичтің қабылдауында болып, полк басқарған, полк басшысы «воевод» міндетін атқарған Құл-Мұхамед пен Ораз-Мұхамед сұлтандардың есімі бізге Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» роман-диалогиясынан жақсы таныс. Қазіргі тілмен айтқанда, олардың әскери дәрежесі «полковник» шенімен шамалас болған. Қазақтың алғашқы кәсіби әскери сардары атағын алған кіші жүз қазағы Серғазы Қайыпханов 1788-1790 жылдары орыс-швед соғысына қатысып, осы шайқастардағы ерлігі үшін секунд-майор шеніне ие болған. Ресей патшалығы әскерінің құрамында әскери шен алған офицер мен генерал болғандардың ішінде кіші жүздің атақты ханы Әбілқайырдың ұрпақтары – билеуші сұлтан полковник Ахмет Жантөрин мен Мұхаметқали Таукин, әскери старшындар (казак әскери бөлімшелерінде обер-офицер шені армия подполковнигі атағына тең болатын) – ханның немерелері Қаратай Нұралиев пен Шынғали Орманов, Әбілқайыр ханның шөбересі Арслан Жантөрин сұлтан, сол сияқты хан ұрпақтары Жүсіп Нұралиев, Ермұхаммед (Елекей) Қасымов, Медетқали Шоқиндер (Чукин) болды. Әскери старшын атағын алғандардың қатарында Ыбырай Алтынсариннің тәрбиешісі, қыпшақ руын басқарған Балғожа би Жаңбыршин де бар. Генерал шенін алғаш алған қазақ Әбілқайыр ханның шөбересі Жәңгір хан Бөкеев болды. Бұл атақ оған 1840 жылдың 1 желтоқсаны күні берілген деседі. Генералдың оқалы погонын кіші жүздің батыс бөлігін билеген Баймағамбет Айшуақов та таққан. 1832 жылы Ресейдің Александр ленталы алтын медалімен, 1837 жылы «Әулие Станислав», 1846 жылы алмаспен кемерленген «Әулие Анна» ордендерімен марапатталған. 1836 жылы әскери старшина, 1839 жылы полковник, 1847 жылы генерал-майор шенін алды. Ол 1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысқандардың бірі болатын. Жәңгір ханның баласы Ғұбайдолла Жәңгіров те 1894 жылы Ресейдің атты әскери кавалерия генералы жоғары әскери атағын алған жалғыз қазақ болды. Ол 1877-1878 жылдары орыс-түрік соғысына қатысқан, 1868 жылы – полковник, 1878 жылы – генерал-майор, 1888 жылы –генерал-лейтенант атағын алған. Ғ.Жәңгіров әскери қызметін кавалерия генералы шенінде аяқтаған, ол бүгінгі армия генералы немесе әскери маршал шеніне тең атақ.
Кавалерия генералы Ғұбайдолла Жәңгіров (1840-1909 жж.)
Қазақтың әскери кадрлары негізінен Орынбордағы кадет корпусында даярланған. Бұл оқу орнын әр кезеңде бітірген қазақтардың арасында Жәңгір Айшуақов, Мұхамедсалық Бабажанов, Ахметкерей және Азаматкерей Баймұхамедовтер, Арслан Бөкейханов, Шәңгерей Бөкеевтердің аты-жөні кездеседі. Орта жүзден де тамаша офицерлер көп шыққан. Мұрағат деректеріне сүйенсек, ХІХ ғасырдың ортасында орта жүздің әкімшілік-командалық билігінде екі полковник, алты подполковник, жеті майор, үш есаул, үш штабскапитан, жеті поручик, сегіз жүзбасы, 20-дан аса хорунжий қызмет атқарғанын көреміз. Осылардың ішінде Абылай ханның немересі, Көкшетау, Құсмұрын және Аманқарағай округінің сұлтаны, полковник Шыңғыс Уәлихановтың орны ерекше. Ал оның ұлы Шоқан – тарихқа аты белгілі ғалым, қазақ ағартушыларының негізін салушылардың бірі болғандығы баршаға мәлім. Екінші полковник – Есім ханның ұрпағы, Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңыр Құлжа Құдаймендин. Сондай-ақ, Сұлтанғазы Болат Уәлиханов туралы да дерек көп, ол тіпті генерал-майор атағына дейін көтерілген деген мәліметтер бар.
Ұлы жүзде полковник атағын албан руының аға сұлтаны Тезек төре Нұралиев иемденген. Ол қоқандықтармен болған ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін «Батырлығы үшін» деген жазуы бар «алтын қылышпен» марапатталған.
Жәңгір хан Бөкеев
Сонымен, ХІХ ғасырда Ресей армиясында қазақтан шыққан бір кавалерия генералы, үш генерал-майор, алты полковник, басқа да көптеген әскери шенділер қызмет еткенін көруге болады. Арнаулы білімді қазақ офицерлерінің бірі Молданияз Бекімов туралы да бүгінде білетіндер аз. Ол этнограф, фольклоршы, аудармашы ретінде де белгілі. 1895-1902 жыл аралығында Орал қаласындағы реалдық әскер училищесінде оқыған. 1902 жылы 28 тамызда өз еркімен әскери қызметке сұранған М.Бекімовті бұратаналар (Ресей боданында болған халық өкілдерін осылай атаған) қатарында Қазан жаяу әскер юнкерлері училищесіне қабылдайды. Училищені 1905 жылы подпоручик шенімен тәмамдаған ол 6-Либава жаяу әскер полкында, 130-Херсон жаяу әскер полкында, 8-Закаспий атқыштар полкында және 1-Ташкент резерв батальонында кіші командир (1905-06 жж.), Түркістан әскери округі штабында офицер (1906-08), 1-Түркістан атқыштар батальонында командирлік қызметте (1908-10), Жаркент қаласындағы 21-Түркістан полкында рота командирі (1910-14 ж.) қызметтерін атқарған. М.Бекімов 1909 жылы поручик, 1913 жылы штабс-капитан атағын алған.
І Дүниежүзілік соғысқа қатысып, көрсеткен ерліктері үшін 4-дәрежелі «Әулие Анна», 4-дәрежелі «Әулие Владимир» ордендерімен және «Ақ сұңқар» («Белый орел») орденінің ленталы қола медалымен наградталды. 1916 жыл дүрбелеңі тұсында Молданияз Қытайға ауған қырғыз босқындарына көмек комитетінің жұмысына қызу атсалысқан. 1917 жылы желтоқсан айында 2-Жалпықазақ съезінде Уақытша Ұлт кеңесінің (Алашорда) мүшелігіне кандидат болып сайланыпты. Міне, осындай белгілі бір әскери атағы бар әскери қызметшілерге тоқталу арқылы ішкі істер органдарының арнайы киім нысанының (погондар мен айырым белгілерінің) енгізілу тарихын арнайы қарастырғанды жөн көрдік. Өйткені арнайы киім нысанының тарихы ішкі істер органдарының бастан өткізген реформалар тарихының белгілі бір бөлігін құрайды.
Арнайы нысандағы киім үлгілері алдымен әскерилерге енгізілді. Әскери істің құрамдас бөлігі ретіндегі әскерилердің күнделікті киіп жүретін арнайы нысандағы киімі сол қоғамның материалдық мәдениетінің ажырамас маңызды көрінісі. Өйткені әскерилердің киімі сол кезеңдегі бір-бірімен тығыз байланыста болған ғылым мен техниканың озық жетістіктерін, сондай-ақ әлеуметтік, ұлттық, экономикалық және саяси доктриналарды бейнелейді.
Ресей армиясында погондар мен айырым белгілерін енгізу тарихы 1732 жылдан бастау алады.
Молданияз Бекімов
Әскери қызметшілердің киім нысанында көрсетілген міндетті элементтері оның әскери атағын ғана білдіріп қоймайды, сондай-ақ қарулы күштердің қай тегі мен түріне (атты әскер, жаяу әскер, артелерия, т.б.) жататынын айқындауға да мүмкіндік берген.
Дара басшылық мәселелерін шешу үшін әскери киім нысанында айырым белгілер тұрақты болмаған, уақыт озған сайын ұдайы өзгеріп отырған. Айырым белгілерінің дамуына қоғамның әлеуметтік құрылымының, әскери істің, техниканың және өндірістің дамуы, сондай-ақ алыс-жақын көрші халықтардың түрлі қатынастары мен өзара байланыстары әсер етпей қойған жоқ. Бұл да әскери қызметшілердің айырым белгілерінде көрініс тапты. Әскери қызметшілердің айырым белгілері армия тарихын да, отандық ішкі істер органдарының тарихын да зерттеудің маңызды аспектісі болып табылады дейтініміз сондықтан.
1732 жылы орыс армиясында алғаш рет енгізілген погондар тек шекпеннің не күртенің (орыс тілінде – «кафтан») сол жақ иығына тігілген, онысы жүннен жасалған. Погондардың бастапқы қолданудағы мәні – портупеяның, патрон салатын сөмкенің бауы (белбеуі) сырғып кетуден сақтау үшін әрі иыққа асатын мылтықтың тозуынан мундирді қорғау үшін ойлап табылған. Әуелден қаруды иыққа ілерде «Иыққа!» («На плечо!») пәрмені орындалатын. Бұл жағдайда погон тек біреу (бір иықта) болуы мүмкін – сол жақта (оқ-дәрі сөмкесі оң жақта, мылтық сол иықта).
Ал теңізшілерге келсек, олар оқ-дәрі сөмкесін алып жүрмейтін, сондықтан әлемнің көптеген флоттарында погондар қолданылмады, ал олардың лауазымы немесе дәрежесі жеңдегі «нашивкалармен» айқындалды.
Бастапқыда Ресей армиясының жабдықталуын жақсарту мәселелерімен айналысатын арнайы әскери комиссияның ұсынысы бойынша погондар далалық жаяу әскер полктары үшін енгізілген1. Олардың әрқайсысының өзіндік погон түсі болды. Жүз жылға жуық, 1827 жылға дейін, погондар, ең алдымен, жауынгердің белгілі бір полкке немесе бөлімге жататындығын әйгілейтін белгі болды. Ол кездегі погондар, одан кейін пайда болған эполеттер әскери қызметшілердің әскери атағы мен қызметтік жағдайын әлі анықтамай тұрған кез еді.
1741 жылы патша сарайында қызмет еткен 1-лейб компания әскери қызметшілеріне алтын жіппен әдіптеліп өрілген эполеттер енгізілді2. Олар екі иыққа тағылып, арнайы киім нысанын безендіру ретінде қызмет етті, сонымен қатар ол жауынгердің патша сарайына қарасты әскери бөліміне жататындығын әйгіледі. Кейіннен эполеттер ұзақ уақыт бойы тек офицерлер мен генералдар үшін ғана негізгі иық белгілеріне айналды.
III Петр (1762 ж. бірінші жартысы) Ресей тағында аз уақыт қана отырса да орыс әскерлерінің киіміне айтарлықтай өзгеріс енгізіп үлгерді3 . Басты үлгі ретінде прусс армиясының әскери киімі (формасы) алынды. Оның толығымен погондарға да қатысы бар болды. Мушкетерлер мен гвардиялық жаяу әскер полктерінің сарбаздары мен офицерлері, сондай-ақ гренадерлік батальондар қабат-қабат күрделі тоқылған ұзындығы 3/4 аршын (ұзындығы 71,12 см. ескі орыс өлшемі) құрайтын жүннен жасалған иық төсемінің орнына аксельбанттарды таға бастады. Аксельбант тек жүнді күртенің (кафтанның) оң иығына бекітілді. Ол жағадан шынтаққа дейін созылды, алайда бұндай әдемі зат қозғалыс кезінде қолайсыздық тудырды. Көп ұзамай аксельбанттар біртіндеп эполеттерге ұқсайтын погондармен алмастырыла бастады. Олар сол жақ иыққа тағылып, иық бауларынан, иықтың шетіндегі сымнан құралды. Бір полктің сарбаздары мен офицерлерінің погондары бірдей пішінге ие болды, тек айырмашылығы – соңғыларында күрделі өрнектермен кестеленді.
XVIII ғасырдың 80 жылдары түрлі-түсті погондар егерьлік қорық корпустарына, атты әскер полктеріне және артиллерияға енгізілді4.
Кейбір полктерде (негізінен кирасир полкі) сарбаздар мен офицерлер аксельбанттарды оң жаққа, ал погондарды сол иыққа тағып жүрді.
Полктердің әрқайсысына арналған погондардың пішіні, өлшемі, түсі және кию ережелерін олардың шеф-бастықтары, кейде погондарда форманы безендірудің қосымша құралын көрген полк командирлерінің өздері анықтады. Нәтижесінде погондарды жасау үшін қымбат материалдар, кесте, щеткалар қолданылды және олардың өздері көбінесе өте күрделі пішінге ие болды.
Орыс әскерлерінің киіміне елеулі өзгеріс 1802-1807 жылдар аралығында жасалды. Жарты ғасырға жуық әскери киім өзгеріссіз қалды. Сонымен қатар, сарбаздар мен унтер-офицерлер үшін – погондар, ал офицерлер мен генералдар үшін – эполеттер енгізіліп, бұлар бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін еш өзгермеді.
1802 жылдың басында гренадерлерге, мушкетерлер мен гвардиялық жаяу әскер полктеріне, жаяу артиллерияға, саперлар мен басқа да бөлімдерге арналған біркелкі погондар бекітілді5. Бұл әскерлерде қарапайым матадан жасалған погондар мундир мен шинелдің екі иығына да тағылды. Погондардың шет-жеңі мундирге (шинелге) тігілді де жағасындағы түймеге бекітілді. Әр полкте әскери бөлім белгілеген погондардың өзіндік түсі болды. Офицер погонының сарбаздар погонынан айырмашылығы, оның шеттері алтын немесе күміс түсті галунмен қапталды.
1807 жылы генералдар мен офицерлер үшін эполеттер енгізілді, бұл оларды әскери қызметшілердің қалған бөлігінен ерекшелендіретін ең жарқын белгі болды6. Погондар мен эполеттерде дивизиялардың (полктердің) немесе басқа әскери құрылымға берілген бригадалардың нөмірлері немесе бөлімдер атауларының бас әріптері, вензельдер әртүрлі түрде тігіле бастады. Осы уақытта қабылданған үлгідегі сарбаздар мен унтер-офицерлерге арналған погондар енгізілді7.
1812 жылғы бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында тұрақты әскерлерде погондарды кию қалыпқа айналды. Ерекшелік тек уландар мен гусарларда болды. Олар эполеттерді, сондай-ақ арнайы солар үшін жасалған сары немесе ақ жгуттарды да тағып жүрді.
Погондар мен эполеттер әскери киімнің маңызды және ажырамас бөлігіне айналғанымен, олар әлі де қазіргі мағынадағы айырмашылық белгілер емес, тек жауынгердің белгілі бір полкке немесе әскери қызметшілер санатына жататындығын көрсетті.
Әскери атақтар әртүрлі тіккен кестелермен немесе арнайы офицерлер белгісімен анықталды. Осылайша 1808 жылы бұрын белгіленген көлемі екі есеге кішірейтілген офицерлік белгілер, прапорщиктерге – толықтай күміс; подпоручтерге – алтын жиегі бар күміс; поручиктерге – алтын бүркіті бар күміс; капитандарға – күміс бүркіті бар алтын және т.б. офицерлік белгілер бекітілді.
1827 жылы қаңтарда офицерлердің эполеттерінде құйылған жұлдыздар пайда болды (алтын эполеттерде – күміс, ал күмісте – алтын): прапорщиктерде – біреу; подпоручиктерде, майорлар мен генерал-майорларда – екеу; поручиктерде, подполковниктер мен генерал-лейтенанттарда – үшеу; штабс-капитандарда – төртеуден болды. Капитандар, полковниктер және толық генералдар жұлдызсыз эполет таққан8. Сол кезден бастап офицерлердің қызметтік дәрежесін және олардың бағыныштылығын сол эполеттері арқылы нақты анықтауға болатын болды. 1843 жылы төменгі дәрежелі атақтарды ажырату мақсатында погондарға нашивкалар бекітілді: фельдфебельдер үшін погонның жоғарғы жағында кең көлденең алтын галун; унтер-офицерлер үшін – ақ жүннен жасалған басоннан жасалған үш тар көлденең жолақ; басқа унтер-офицерлер үшін – екі және ефрейторлар – бір көлденең нашивкалар жасалды.
1854 жылы әскери жорыққа шыққан генералдар мен офицерлер үшін солдат үлгісінде тігілген шинельдерге погондар тағылды, ал 1855 жылдан бастап матадан жасалған погондар арнайы жорық офицерлерінің плащтарына тағылатын болды. Генерал погондарының жиегі толығымен галунмен көмкерілді, оның бүкіл ұзындығы спираль түрінде өрнектелді. Офицерлердің погондары да галунмен қапталды, бірақ штаб-офицерлерде екі, ал обер-офицерлерде погонның ортасында оның бүкіл ұзындығы бойынша бір сызық болды. Погондардың төменгі бөлігінде 1827 жылы белгіленген тәртіпке сәйкес бес бұрышты жұлдыздар симметриялы түрде бекітілді. Бірте-бірте погондар барлық басқа иық белгілерін ауыстырды.
ХІХ ғасырдың сексенінші жылдарында погондарды әскери қызметте болған барлық қызметшілер (оның ішінде дәрігерлер, шенеуніктер, әскери оқу орындарының білім алушы курсанттары), казактар, тыл құрамалары, сондай-ақ запастағы офицерлер таққан. Эполеттер тек офицерлер мен генералдардың салтанатты шараларда киетін киімдерінде ғана қалды. Юнкерлер мен курсанттарға арналған погондардың бірыңғай түрі бекітілді. Юнкер (кадет) погонының шет-жиегінің ұзындығы бойынша және жоғарғы бөлігінде алтын (күміс) галунмен қапталды. Погонның ортаңғы бөлігінде вензель тігілді немесе әскери училище атауының бас әрпі немесе екеуі де қатар кестеленген. Әр әскери училищенің (кадет корпусы) погонының өзіндік түсі болды. Осылайша ХІХ ғасырдың ортасына қарай әскери қызметшілер нақты санаттарға бөлінді, белгілі бір әскери құрамаға бағыныштылығы мен тиесілігін анықтады. Әскери қызметшілердің әрбір санаты үшін погондарды белгілі бір қалыпқа келтіріп, стандарттау – әскери нысанды оңтайландыру барысындағы реформалардың (ХІХ ғасырдың 50-80-ші жылдары) құрамдас бөлігі болды. Реформаның бір мақсаты погондардың алуан түрлілігі мен салтанатты жарқырауын жоюға бағытталғанын атап өткен жөн. Мылтық қаруын енгізуге байланысты туындаған тәсілдерінің өзгеруі әскери киімді қарапайым және ұрысқа ыңғайлы етуге деген ұмтылысты білдіреді. Сондықтан әскери киімнің салтанатты нұсқалары бірте-бірте маңызын жоғалта бастады. Киім біртіндеп практикалық тұрғыдан мүлдем пайдасыз, сәндік әшекейлерден арылды. Оған әскердің көбейгені және қызмет ету мерзімінің қысқаруынан туындаған киім-кешек пен жабдыққа жұмсалатын шығындардың артуы сияқты фактор ықпал етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында осы күнге дейін сақталған қарапайым бір және екі кеуделік (однобортный, двухбортный) киім үлгісі енгізілді. Киюге ыңғайлы шинель, сарбаздың қарапайым көйлектері пайда болды («гимнастика» сөзінен пайда болған «гимнастерка» деп аталады,). Фуражкалар, каскалар көп таралды. Мундирдегі регалияларға бай тігін қарапайым (галун, мата ілмектері, кокардтар және т.б.) тігінге ауыстырылды.1881 жылы барлық атты әскерлердегі төменгі дәрежелі атақтарда эполеттер погонға ауыстырылды. Гвардияда қызыл погондар, атқыштар батальондарында – алқызыл, вензелсіз немесе полктардың басқы атауымен (әрпімен) енгізілді.Армияның жаяу әскерінде: бригада полктерінде – қызыл, екіншісінде – көк, бастықтардың нөмірлері немесе вензельдері бар, атқыштар полктері мен батальондарында – ашық көк түсті болды.
Ескертпелер:
Лейб-компания – бұл атау 1741 жылы 31 желтоқсанда Трансфигурация полкінің лейб гвардиясының гренадерлік ротасына таққа отыруға көмектескені үшін, императрица Елизавета Петровнаға берілді, ол лейб-компанияларын мүліктей заттармен марапаттады, асыл текті емес адамдар мұрагерлік дворяндарға көтерілді, оларға ерекше киім үлгісін берді және өзі лейб-компания капитаны атағын алды.
Аксельбант – офицерлердегі алтын немесе күміс сымнан жасалған иық ою-өрнегі және қатардағы жауынгерлердегі өрілген жіп сымы, екі ілмек түрінде және екі ұшы үшкір металл ұштары бар.
Офицерлердің погондары шенді анықтауға мүмкіндік бермегендіктен, Петр I құрған арнайы офицерлік белгі болды, ол дөңгелектелген кішкентай қалқан тәрізді болды, кеудеге арнайы таспаның көмегімен киілді.1802 жылы 30 сәуірде гренадер полктерінің киімі, қару-жарақ заттарының табелінде погонның мөлшері анықталды. Ұзындығы 31/4; иықтың ені-1; түйменің ені-3/4 шың (шыңдар = 4,445 см).Вензель-монархтардың немесе өзге де билеуші фамилиялардың аты-жөні, таңбаларға және киім-кешек пен жабдықтың әртүрлі заттарына: погондарға, эполеттерге, кокардтарға, лядункаларға, ташкаларға және вальтраптарға орналастырылған. Тиісті Монограммалар полктерге берілді, олардың бастықтары императордың өзі, императрица және патша отбасының басқа мүшелері болды.1812 жылы жаяу әскерде, артиллерияда және Пионер полктерінде қызмет еткен штаб - пәтер офицерлерінің шендерін ажырату үшін 1808 жылғы үлгі белгілері қолданылды: орақ тәрізді, қос дөңес жиегі және тәжі бар екі басты бүркіт. Белгілерге байланысты жіңішке жезден күміс жалатылған және жиегі, бүркіті және белгі өрісі алтын жалатылған белгілер жасалды.
Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армияның арнайы (ЖШҚА-РККА) киімі, жеңіне салынған айырма белгілер
1917 жылдың ақпанында Николай II тақтан түскеннен кейін, билік басына демократиялық бағытты ұстанған Уақытша үкімет келді. Бірақ Уақытша үкімет ел ішінде мемлекеттік басқару ісін толыққанды ұйымдастыра алмады.
1917 жылы қазанда большевиктер бұл үкіметті құлатып, өз үстемдігін орнатты. Бірақ олар бірден-ақ мемлекеттік органдардың ресми аппаратының қарсылығына ұшырады. Өйткені шенеуніктердің басым бөлігі большевиктер үкіметін мойындамады. Сондықтан большевиктер өз бұйрықтарын күшпен орындатуға мәжбүр ететін орган құруға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде 1917 жылғы 7 желтоқсанда бұрын жария еткен бұйрықтарының орындалмайтынын түсінген кеңес өкіметі контрреволюция мен диверсияға қарсы «Бүкілресейлік төтенше комиссия» (БТК-ВЧК) деп аталатын орган құрды. Оған мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясы жүктелді. 1918 жылдың тамызынан кейін Бүкілресейлік төтенше комиссия құзыретіне «...контрреволюцияға, алыпсатарлыққа және лауазымын асыра пайдалану қылмыстарына қарсы күрес» кіріп, міндеттері кеңейе түсті. Азамат соғысы кезінде БТК өте кең өкілетке ие болды, бірақ бейбіт өмірдің басталғасын олар ішінара қысқартылды. 1922 жылы 6 ақпанда БТК атауы РКФСР Ішкі істер халық комиссариаты (НКВД) жанындағы Мемлекеттік саяси басқару (ГПУ) органы болып өзгертілді.КСРО құрылған кезде, 1923 жылы қарашада РКФСР мен басқа одақтас республикалардың мемлекеттік саяси басқармаларын қамтитын КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің жанынан Біріккен мемлекеттік саяси басқару (БМСБ-ОГПУ) органы құрылды. Мемлекеттік саяси басқару, Біріккен мемлекеттік саяси басқару органдарының құзыретіне мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, яғни саяси қылмыстарға, диверсияға, зиянкестіктерге, тыңшылыққа, жалпы контрреволюцияға қарсы күрес кірді.
1918 жылы Бүкілресейлік төтенше комиссияның әскері құрылды, алдымен әр жергілікті жерлерде шашыраңқы отрядтар түрінде, одан кейін1918 жылы 13 маусымда біріктірілген біртұтас Бүкілресейлік төтенше комиссия әскерлерінің корпусы құрылды. БТК әскерлерінің функциялары:
– Мемлекеттік саяси басқару (ВЧК), Біріккен мемлекеттік саяси басқару (НКВД) органдары жүргізетін операцияларға көмек көрсету;
– бандитизмге қарсы күрес;
– ұстау, қамауға алу;
– тосқауылдар қою;
– мемлекеттік мекемелерді, өнеркәсіп, мемлекеттік маңызы құнды объектілерді, қамау орындарын күзету болды.
Уақыт өте келе осы тізбектің соңғы екі тармағындағы міндеттер Ішкі әскерге жүктелді. Осы ішкі әскерлер арқылы кейіннен погондар мен атақтық айырым белгілер милиция органдарына тарады.Шын мәнінде, жаңа кеңес мемлекетінің алғашқы жылдары мемлекеттік құрылымның іске қосу тетіктерін іздеу кезеңі есептеледі. Елде біртіндеп жаңа кеңес өкіметінің іргесінің қалыптасуы жүріп жатты. Уақытша үкіметтен мұра болып қалған қылмыс түрлері өрши түсті, өнеркәсіп, көлік пен байланыс құлдырады. Міне, осындай жағдайда кеңес өкіметі сыртқы жаулардан қорғану үшін қызыл армияны, ішкі жаулардан қорғану үшін Ішкі армияны (қазіргі Ұлттық ұлан әскері) құруға мәжбүр болды.1919 жылы 25 мамырда ІІХК (НКВД) ведомстволарының бірі саналатын Республиканың ішкі күзет әскері (РІІӘ-ВОХР) құрылды. 1920 жылғы 1 қыркүйекте РІКӘ тағы бірнеше қосалқы күштермен күшейтіліп Ішкі қызмет күзет әскерін құрды (ВНУС).1921 жылы 19 қаңтарда Ішкі қызмет әскерінен БТК тәуелсіз әскері қайтадан бөлініп шықты, 1922 жылы 6 ақпанда МСБ (содан кейін Біріккен мемлекеттік саяси басқару) Ішкі әскері болып қайта құрылды.1918 жылдың сәуірінен бастап Республикалық айдауылдау күзеті (РАК-КСР) пайда болды, ол қамау орындарын сыртқы күзетуді және айдауылдауды жүзеге асырды. Республикалық айдауылдау күзеті Әділет халық комиссариатының құрамына кірді, бірақ МТК-не бағынышты болды. (1922 жылдан бастап Мемлекеттік саяси басқару).1923 жылы Республикалық айдауылдау күзеті Мемлекеттік саяси басқару Ішкі әскерінің құрамына кірді. Сол кезеңдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әртүрлі қызмет туралы түсінік берілгеннен кейін әскери киім үлгісін қарастыруға болады. Әуелде (1918 жылы) әскери киім үлгісі (формалар) мүлдем болған жоқ. Қызметке қабылданғандар үстіндегі бар киіммен жүрді. Уақыт өте келе, әскери үлгідегі киім кию ұсынылды. Мемлекеттік саяси басқару органдары мен әскерлерінде қабылданған киімдер мен жабдықтар Қызыл Армиядан тек түрлі-түсті элементтер және киімнің жеке бөлшектерімен ерекшеленді. Алғаш рет «Мемлекеттік саяси басқару арнайы органдарына» арналған киім 1922 жылы 27 маусымда Мемлекеттік саяси басқару органының №119 бұйрығына сай енгізілді, ол Республикалық Әскери революциялық кеңесінің (РӘРК-РВСР- Реввоенсовета Республики) 1922 жылғы 31 қаңтардағы № 322 бұйрығына негізделді, онда жұмысшы-шаруа қызыл армиясы (РККА) үшін киім үлгісі сипатталды.
Мемлекеттік саяси басқару органының № 119 бұйрығының күші киім нысаны бойынша ішкі әскерлерге де қолданылды.
№119 бұйрық негізінде Мемлекеттік саяси басқару әскерлері үшін атты әскер үлгісіндегі Қызыл Армия формасы енгізілді:
– қысқы матадан жасалған «буденовка» (дулыға іспетті бас киім) қою көк түсті, қара-жасыл нашивкалы жұлдызы бар, оның үстіне орақ пен балғамен қызыл металл жұлдыз бекітілген (соңғысы өте сирек киілген), иілу клапанын бекітуге арналған түймелер қоюжасыл матамен жабылған, қара былғары клапандағы ілмектер (фотосуреттерге сәйкес, 1924 жылға дейін МСБ-да (ГПУ-да) 1919 жылғы үлгідегі «буденовка» дулыға іспетті бас киім киілді, ол 1922 жылдың қаңтарында орнатылғаннан гөрі ұзартылған пішінге ие болды.);
– «бұрынғы әскери үлгідегі» қалпақ қара көк түсті және жасыл тюльмен, қызыл жұлдызмен (іс жүзінде мұндай қалпақшаның пішіні «бұрынғыдан айтарлықтай ерекшеленді; тюль кішірек болды және ішінен қатты құрсау болмады);
– қара-жасыл тікбұрышты ілмектері, үш жұп кеуде клапандары (күнделікті өмірде «сөйлесу» деп аталады) және сол жақ жеңінде тік клапаны бар қорғаныш түсті, матадан немесе мақтадан жасалған көйлек (бұйрықта көрсетілмеген мақта); екі тік қалта көйлектің етегінен кесілді;
– кеуде ортасынан жағаны бекітетін жерге дейін доғамен кесілген; кеуде қуысының екі жағында тік қалталар; шинель ұзындығы еденнен 13-16 см.жоғары орнатылды, бірақ ол әдетте жерді сызып, «өкшеге дейін» жасалды;
– атты әскер үлгісіндегі қара былғарыдан жасалған етік; әскерлерде орамалы бәтеңке де киюге болатын;
– иық белбеуінде кабураға салынған револьвер «бұрынғы офицер үлгісінде», қара көк түсті сымы бар (соңғысы іс жүзінде тағылмады);
– белдіктен (немесе иықтан) түсер портупеяда байланған қылыш;
– бүйір тігістерінде қою-жасыл түсті запанкалары бар қара көк түсті матадан жасалған шалбар; жазғы формада жеңіл матадан жасалған, жиектерінде кант жоқ қорғаныш түсті шалбар киілді (бұйрықта көрсетілмеген);
– қара-жасыл ромб тәрізді ілмектері бар ашық сұр матадан жасалған шинель, үш кеуделі және тік жеңді клапан; қара-жасыл жиектері бар қара сұр матадан жасалған жаға; шинельдің сол жағы
Қысқы киімнің айырым белгілері
1917 жылы 16 желтоқсанда ВЦИК пен ХКК (СНК) «Армиядағы билікті ұйымдастыру туралы» және «барлық әскери қызметшілердің құқықтарын тең қылу туралы» Жарлық шығарып, барлық әскери атақтар мен айырым белгілері жойылды. Осылайша патша армиясынан мұраға қалған погондары жойылды. Бастапқыда қызыл армияда әскери қызметшілеріне ешқандай атақтар мен айырым белгілерін енгізу жоспарланбады, бірақ азаматтық соғыстың өршуі майдан алаңында командирлерді ерекшелеуді қажет етті. Лауазымы жазылған қызыл жеңтаңғыштар, жеңнің айналасындағы қызыл жолақтардың әртүрлі саны, жеңдегі, бас киімдегі, кеудедегі және басқалардағы жұлдыздардың әртүрлі саны түріндегі айырмашылық белгілері белгілі. Бұл айырым белгілерін бригадалар, дивизиялар, полктер командирлері өз бетінше енгізді. Олардың кейбіреулері айырым белгілерінің бағынышты бөліктеріне енгізгені туралы есеп берді. Мәселен, 18-атқыштар дивизиясының бастығы И.П. Уборевичтің 1919 жылғы 8 қаңтардағы 6-армия штабына бөлімшеден полкке дейінгі командирлер үшін сол жақ жеңдерге айырым белгілерін енгізгені туралы хабарламасы сақталған. Ақырында, 1919 жылы 16 қаңтарда Республикалық Әскери революциялық кеңесінің №116 бұйрығымен ӘШҚА-ға түрлі-түсті петлицалар түріндегі әскер тектерінің айырым белгілері жағаға және сол жақ жеңге обшлагтан (манжеттен) жоғары жапсырмалар түріндегі саптық командирлердің айырым белгілері енгізіледі.
Бөлім командирі – 1 үшбұрыш, взвод командирінің көмекшісі – 2 үшбұрыш, рота старшинасы – 3 үшбұрыш, взвод командирі – 1 квадрат , рота командирі – 2 квадрат, батальон командирі – 3 квадрат, полк командирі – 2 квадрат, бригада командирі – 1 ромб, дивизия бастығы – 2 ромб, корпус командирі – 3 ромб, МТК (ВЧК) әскерлерінің бас инспекторы – 4 ромб.Комиссарлар өздері тұрған командирлермен бірдей айырым белгілерін тағып жүрді. Естеріңізге сала кетейік, сол күндері комиссарлардың санкциясынсыз командирлердің бұйрықтары жарамсыз болды. Яғни, комиссар командирмен бірдей билікке ие болды.
1924 жылы әскери реформа жүргізілген кезде армия жеңілдетілген жаңа киім түріне көшті. Кеуде клапандары мен жеңдік белгілер жойылды, шинельдер мен гимнастеркаларға ілмектер тігілді; жаяу әскерде – қара жиегі бар алқызыл матадан, атты әскерде – қара жиегі бар көк матадан, артиллерияда – қызыл жиегі бар қара матадан, техникалық әскерлерде – көк жиегі бар қара матадан, Әскери-әуе күштерінде – қызыл жиегі бар көк матадан, әкімшілік-шаруашылық құрамда – қызыл жиегі бар қара-жасыл түсті10 болды. Ілмектерге қызыл эмальмен қапталған металл белгілер бекітілді: жоғары командалық құрам үшін – ромбылар, үлкені – тіктөртбұрыштар, ортасы – квадраттар және кішісі – үшбұрыштар. Қызыл әскерилердің петлицаларында полк нөмірлері көрсетілді.
Әскери атақтардың енгізілуімен (1935 ж.қыркүйек), петлицаларда эмальдан басқа, жеңдерде қызыл нашивкалар пайда болады (бұрыш түрінде) – орташа құрамда – жұқа, үлкендерде – кеңірек11. Кейінірек нашивкалардың шеттері жұқа галун таспасымен қапталған. 1937 жылы 5 тамызда және 1939 жылы 1 қыркүйекте жаңа әскери атақтардың енгізілуімен олар үшін келесі белгілер пайда болды: кіші лейтенант және кіші әскери техник – 1 квадрат, кіші политрук – 2 квадрат, подполковник және аға батальон комиссары – 3 тіктөртбұрыш; полковник – 4 тіктөртбұрыш. 1940 жылғы мамырда 1935 жылы енгізілген жоғары командалық құрамның жалпы атақтары алынып тасталды және олардың орнына жаңалары енгізілді. Кительдер мен шинельдердегі генералдар ромбалық петлицалар, оларға металл жұлдызшалар бекітілді: генерал-майорда – екі, генерал-лейтенантта – үш, генерал-полковникте – төрт, генерал-полковникте – бес; жеңдерде (генерал-полковникті қоса алғанда) – кестеленген кішкентай жұлдыз және бір шаршы алтын галун, төменде әскер тектес кант; армия генералында қызыл жиекпен кестеленген үлкен алтын жұлдыз және алтын галунның бір квадраты бар. Кеңес Одағының маршалдарына ілмектер мен жеңдік белгілерге алтынмен кестеленген 2 лавр бұтағы және «Орақ пен балға» эмблемасы орнатылды.1940 жылдың қарашасында кіші басшы құрамға жаңа әскери атақтар енгізілді, ал 1941 жылдың қаңтарында олар үшін жаңа белгілер – тиісті түсті шүберек канты және қызыл бойлық тігіні бар әскерлер (қызметтер) тектеріне қарай түсті петлицалар енгізілді. Петлицаларда (эмаль үшбұрыштары): старшинада – 4, аға сержантта – 3, сержантта – 2, кіші сержантта – 1.Осы айырым белгілерімен Қызыл армия Ұлы Отан соғысына кірді.
(Жалғасы бар).
Елеужан СЕРІМОВ,
заң ғылымдарының кандидаты,
ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының
Ғылыми зерттеу институты ІІО тарихын зерттеу
орталығының ғылыми қызметкері
267 рет
көрсетілді0
пікір