- Заманхат
- 15 Қазан, 2024
Айбындылар жарысты
Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Қадыр Мырза Әлі атындағы Мәдениет және өнер орталығында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің әртүрлі салада қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық саласында қолдану, мемлекеттік тілді меңгерген, қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру, отаншылдық қасиеттерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Ана тілім – айбыным!» зияткерлік және шығармашылық байқауы өтті.
Әскери қызметкерлер мен құқық қорғау қызметкерлері арасында өткен сайысқа БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің «Жалын» командасы, БҚО Полиция департаментінің «07 аймақ» командасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Қалқан» командасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің «Айбын» командалары қатысты. Қатысушы командалар таныстыру, мамандықтарын дәріптеу, ел тарихын білу және шығармашылық кезеңдері бойынша бақ сынады. Қорытындысында 1-орынды БҚО Полиция департаментінің «07 аймақ» командасы, 2-орынды БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің «Жалын» командасы, 3-орынды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Қалқан» және Ұлттық ұланның «Айбын» командалары иеленді. Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен мараптталды.
Рафхат ХАЛЕЛОВ

4072 рет
көрсетілді0
пікір