• Ел мұраты
  • 12 Қараша, 2024

«Нысаналы мектептер» жобасы

«Нысаналы мектептер» жобасы

Жаңа оқу жылынан «Нысаналы мектептер» жобасы басталды. Жобаның мақсаты – жергілікті жерлерде білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс құралдары мен тетіктерін ұсыну. Оның аясында білім сапасы төмен мектептерге әдістемелік қолдау көрсетіліп, педагогтерінің кәсіби дамуына жағдай жасалады.

Осы мақсатта Алматы облысында Жобалық кеңсе құрылды. Облыстағы барлық мектептер білім деңгейіне қарай, PISA, ҰБТ, халықаралық зерттеу нәтижелері, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі және басқа да көрсеткіштер бойынша іріктеліп, үш санатқа бөлінді. Бұл ретте PISA зерттеуінің көрсеткіштері мен оқушылардың оқу жетістіктерінің жыл сайынғы мониторингінің (МОДО) нәтижелері ескерілді. Үлгерімі төмен білім ордаларының мұғалімдеріне білікті ұстаздар тарапынан әдістемелік көмек көрсетіледі. Сондай-ақ ауыл мектептерінде жасанды интеллектпен жұмыс және ақпараттық технологиялар енгізілмек.

Осыған орай Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен нысаналы мектептер тізіміне енген мектептердің бірі «Малыбай орта мектебі» КММ-не оқу-әдістемелік кеңес жүргізілді. Мектепті дамыту жобасы, жобалық кеңсе қызметi, мектептің жеке портреті мен жұмыс жоспарларын әзірлеу және енгізу, жобаны іске асыру шеңберіндегі бақылау-мониторингтік іс-шаралар, әдіскерлердің қолдауымен нысаналы мектептерді дамыту траекториясы мен құралдары және тағы басқа да бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын аудандық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері Унакбаева  Алма Акашевна мен Сүлейменова Гүлдана Сабыржановна жүргізді.

Әдістемелік көмек барысында мектептің жеке портреті мен 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары, біліктілігін арттыру бойынша мұғалімдерді оқыту мәселелері талқыланып, алдағы оқу жылында атқарылатын шаралар бойынша түсіндірмелер жасалды. Малыбай орта мектебінің ұжымы терең және жан-жақты әдістемелік көмекке риза болып, өз жұмысын қарқынды жалғастырып кетті.

 

АРЗИГҮЛ АБДРИМОВА,

«Малыбай орта мектебі» КММ

тарих пәнінің мұғалімі

Малыбай ауылы.

2362 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

AQIQAT №8

26 Тамыз, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы