- Мақала
- 06 Ақпан, 2025
ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАЛАРЫ САЙЛАНДЫ

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАЛАРЫ САЙЛАНДЫ
4 ақпан күні Президент жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің Жалпы жиналысы өтті.
Жалпы жиналыста жұмыс жоспары және ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының 2035 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру, академиялық құрылымның қызметін қамтамасыз ету талқыланды.
Талқылау барысында ғылым бөлімшелерін жаңа құрамда қалыптастыру туралы шешім қабылданды, сондай-ақ бөлімшелердің төрағалары сайланды.
«Агробиоресурстар және экология туралы» бөлімшесінің төрағасы болып Ерлан ТҰРЫСПЕКОВ, «Өмір және денсаулық туралы» бөлімшесінің төрағасы Вячеслав ЛОКШИН, «Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» бөлімшесінің төрағасы болып Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ, «Білім және қоғамдық даму туралы» бөлімшесінің төрағасы болып Дархан БИЛЯЛОВ сайланды.
✔️ Ғылым бөлімшелері төрағаларының қызметі:
бөлімшелердің қызметін үйлестіру;
өздері жетекшілік ететін ғылым бағыттарын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
пәнаралық зерттеулер мен ғылыми бастамаларды ұйымдастыру;
ғылымды дамытудың өзекті мәселелері бойынша ғалымдардың ұсыныстарын жинақтау;
ғылыми іс-шаралар өткізу;
ғылымды дәріптеу;
НБҚ (ПЦФ) бойынша ғылыми-техникалық тапсырмаларды айқындау және талдау жөніндегі сараптамалық топтарға басшылық ету.
Сонымен қатар, Жалпы жиналыс барысында Академияның басқару органдарына Стратегияның іске асырылуын одан әрі қамтамасыз ету және еліміздің жетекші ғалымдарын бөлімшелердің жұмысына тарту жөнінде тапсырмалар берілді.

2362 рет
көрсетілді0
пікір