• Заманхат
  • 14 Сәуір, 2025

Көрнекті композитор өнегесі

Биыл әйгілі күйші-композитор, көрнекті дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына – 100 жыл толып отыр. Осы орайда Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №30 балалар кітапханасы мен ұлттың ұрпағына сапалы білім мен рухани бағдар беріп отырған  №142  жалпы білім беретін   мектептің  бірлесіп  ұйымдастыруымен «Қазақ сазының сайыпқыраны» атты әдеби-сазды іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шараға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрдәулет Ақыш, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы Дәуіржан Төлебаев, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №30 балалар кітапханасының меңгерушісі Амина Байсеитова, Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №30 балалар кітапханасының кітапханашысы Дана Шитенова қатысты.

Көрермен қауым назарына Нұрғиса Атабайұлы туралы бейне таныстырылым ұсынылды. 9-сынып оқушылары әзірлеген бейнематериалда Н.Тілендиевтің өмірі мен шығармашылық еңбек жолы, туындылары, марапаттары мен жетістіктері жөнінде мағлұмат берілді. Әдебиеттанушы, жазушы Нұрдәулет Ақыш тұғырлы тұлғаның өнегелі қырларына тоқталып, бірқатар естеліктер айтты. Нұрғиса Тілендиевтің өмірдегі сәттерінен сыр шертеп, адами-азаматтық болмысы жайында ой-пікірлерін ортаға салса, журналист Дәуіржан Төлебаев Н.Тілендиевтің қазақ музыка өнері мен мәдениетіндегі алатын орнына тоқталып, туындыларының құндылығына талдау жасап, мән-маңызын атап өтті. Соңынан «Әлқиссаны аңсау», «Ұлылық» атты авторлық күйлерін орындап берді.

З «а» сынып оқушылары Медина Дикамбай мен Мұхтар Жәңгір композитордың «Алатау» әнін нақышына келтіре шырқаса, 5-сынып оқушылары көрнекті ақындардың Н.Тілендиевке арнаған жырларын шашу шашты. 4 «ә» сыныптың оқушылары «Туған ел» деген әнді әуелетсе, «Таңшолпан» ансамблінің мүшелері «Саржайлау» биін орындады.

Жүз жылдық аясында Н.Тілендиевке арналған кітап көрмесінің таныстырылымын Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №30 балалар кітапханасының кітапханашысы Дана Шитенова өткізді.

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №30 балалар кітапханасының меңгерушісі Амина Байсеитова іс-шараға қатысқан меймандарға сый-сыяпаттарын тарту етсе, кештің қорытынды сөзін №142 жалпы білім беретін мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанат Карымсакова түйіндеп, барша қатысушыларға алғысын жеткізді.

Дәуіржан ЖҰМАЖАНҰЛЫ

694 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

AQIQAT №1

30 Қаңтар, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы