• Ел мұраты
  • 21 Сәуір, 2025

Әдебиеттанудың  өзекті мәселелері

18 сәуірде Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Асқар Егеубаевтың туғанына 75 жыл толуына орай ҚР ҒЖБМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының қолдауымен «Әдебиет пен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Ғалымның ғылыми-шығармашылық мұрасын зерделеу, ұлттық әдебиет пен әдебиеттану ғылымының дамуындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында өткен іс-шара Асқар Егеубаевтың әдеби және ғылыми мұрасы, Қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары мен тенденциялары, Әдебиеттану ғылымының теориялық және әдіснамалық мәселелері, Әдеби аударма және оның көркемдік сапасы, Ұлттық әдебиетті зерттеудегі жаңа көзқарастар мен заманауи әдістер атты  бірнеше бағытты қамтыды.

Республикалық конференцияны М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов жүргізді.

Конференцияның алғашқы отырысында қоғам қайраткері, ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Ғайникен Бибатырова, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ТҮРКСОЙ Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, публицист-журналист, жазушы, аудармашы, киносценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанболат   Аупбаев, журналист, аудармашы Заманбек Әбдешев, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы Бекен Ыбырайым, жазушы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыш ғалым жайлы естеліктер айтып, шығармашылығы туралы ойларын ортаға салды.

 

Конференцияның екінші отырысында аталған бағыттар бойынша «Ақын Асқар Егеубаев поэзиясындағы ұлттық рух» ақын, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан ЖАҚЫП, «Асқар Егеубайдың түркі жәдігерлерін зерттеудегі рөлі және олардың қазақтану ғылымындағы маңызы» Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлбану  Қосымова, «Махмұд Қашғаридың «Диуани лұғат ат-Түрк» энциклопедиялық еңбегінің қазақ тіліндегі тұңғыш аудармасы (профессор Асқар Егеубаев) және 1074 жылғы әлем картасы» – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Заманауи зерттеулер институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану докторы Мұхит-Ардагер   Сыдықназаров, «1970–80 жылдардағы әдеби процесс» сыншы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы Бекен  Ыбырайым, «Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының әдеби сөздігі мен М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит түрік» шығармасының тұңғыш аудармасы туралы» Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері, ақын Жұмаш Кенебай, «Асқар Егеубаев және қазақ әдебиеті»халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, «Арда» баспасының директоры Асқар Алтай, «Асқар Егеубаевтың қазақ әдебиетін зерттеуге қосқан үлесі» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Гүлжаһан Орда, «Махмұт Қашқаридің «Түркі сөздігі» еңбегіндегі Оғыз хан бейнесі» – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкері, Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетінің докторанты Бауыржан Мырзақұл баяндама жасап, Асқар Құрмашұлының қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымына қосқан үлесін жан-жақты қарастырды.

Іс-шара соңында Асқар Құрмашұлының жары Күлжиһан Күлшәріпқызы қорытынды сөз сөйлеп, ғылыми жиынды  ұйымдастырушыларға және қатысқандарға алғыс айтты.

Іс-шара барысында «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Асқар Егеубаев мұрасына қатысты кітап көрмесі қойылды. Республикалық конференцияға әдебиеттанушы ғалымдар, ақын-жазушылар, Асқар Егеубаевтың отбасы, магистранттар және докторанттар қатысты.

Назым ДҮТБЕВА

 

 

 

 

531 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

AQIQAT №1

30 Қаңтар, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы