• Ел мұраты
  • 25 Сәуір, 2025

МАҢҒЫСТАУДА ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ ҚОРЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Бүгін Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет  Қилыбай  және ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың қатысуымен «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында ҚР Президенті жанындағы  Ұлттық ғылым академиясы президиумының көшпелі отырысы өтті.  Отырыс барысында көлік логистикасын дамытудың ғылыми сүйемелдеудің өзекті мәселелері және ел экономикасының инновациялық дамуындағы өңірлік ғылымның рөлі талқыланды. ҰҒА президенті А.Күрішбаев дәстүрлі мұнай-газ секторымен қатар Маңғыстау облысының көлік логистикасы, ауыл шаруашылығы және туризм саласындағы перспективаларын көрсете отырып, талқыланатын тақырыптардың маңыздылығын атап өтті. Өңірдің қолайлы географиялық жағдайы, көлік дәлізін кеңейту және Қазақстанды халықаралық көлік хабына айналдыру стратегиялық міндет болып саналады. 

Мемлекет басшысы жуырда облысқа жұмыс сапары барысында  логистиканы дамытуға ерекше назар аудара отырып, өңір экономикасының өсуі үшін басым бағыттарды белгілеген болатын.  Алға қойылған міндеттерді  ойдағыдай орындау үшін озық технологияларды енгізу, логистикалық процестерді цифрландыру және тасымалдарды басқаруда жасанды интеллектіні пайдалану қажет. Бұл мәселелерді шешуде өңірлік ғылым шешуші рөл атқаруға тиіс.    

Осы тұрғыда Ұлттық ғылым академиясы басшылығы Маңғыстау облысы мен Өңірлік ғылым және технологиялар кеңесіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Атап айтқанда, еліміздің жетекші ғылыми ұйымдар өкілдері арқылы Кеңес құрамын кеңейту, оны ғылыми және инновациялық мәселелерді кеңінен талқылау үшін талдау орталығы мен платформаға айналдыру ұсынылды. Сондай-ақ, өзекті ғылыми зерттеулерді қаржыландыру үшін өңірлік ғылым қорын құру ұсынылды.

Отырыс барысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, көлік министрі  Марат Қарабаев, ҰҒА академиктері, ғылыми ұйымдардың басшылары, елдің жетекші ғалымдары мен бизнес-қоғамдастық өкілдері пікір алмасты. Қатысушылар өңірлік ғылымның өзекті мәселелерін, оның өңір мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын талқылады.    

Көшпелі отырыс аясында ғылыми-инновациялық көрме ұйымдастырылып, Маңғыстау облысындағы өңірлік ғылымның басым бағыттарын айқындауға арналған форсайт-сессия өткізілді. «Ғылым-бизнес» питч-сессиясы форматында коммерцияландыруға дайын перспективалы ғылыми жобалар ұсынылды.   

Көшпелі отырыс өңірдегі ғылым мен технологиялық дамуды нығайту, ғылыми зерттеулер мен өндіріс арасында тиімді байланысты орнату, сондай-ақ өңірлік ғылымның әлеуетін арттыру жолдарын қарастыру үшін мұндай жиындардың маңызды екенін көрсетті.

Отырыс қорытындысы бойынша көлік логистикасын дамыту және саланы ғылыми сүйемелдеу мәселелері бойынша Мемлекет басшысына аналитикалық жазба дайындалады, өңірлік ғылымды дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс жоспары бекітіледі. 

Дина Халық

 

 

443 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

AQIQAT №1

30 Қаңтар, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы