- Мақала
- 25 Сәуір, 2025
«Қазақтың Байжанбаевы» кітабы жарық көрді

Алматыдағы Ұлттық кітапханада белгілі диктор, тұғырлы тұлға Әнуарбек Байжанбаевқа арналған «Қазақтың Байжанбаевы» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапта Әнуарбек Байжанбаев туралы әріптестерінің, замандастарының, шәкірттерінің естеліктері топтастырылған. Кітаптың дайындалуы, безендірілуі заман талабына сай болып шыққан. Салиқалы еңбектің жарық көруіне демеушілік көрсеткен «Атамұра» баспа корпорациясы, президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед. Тұсаукесер рәсімінде «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Нұртас Солтанұлы, ғалымдар Намазалы Омашев, Кәкен Хамзин, Кенжехан Матыжанов, Ислам Жеменей, диктор Аманжан Еңсебайұлы, республикалық «Құсбегілік» федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызы және т.б. сөз сөйледі. Жиында тұғырлы тұлға туралы тамаша естеліктер айтылды. Кітап 500 данамен жарық көрді.
Дәуіржан Төлебаев

160 рет
көрсетілді0
пікір