• Мақала
  • 25 Сәуір, 2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды

Биыл 9 мамырда Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толады. Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында 24 сәуір күні Алматы облысы Боралдай кентінде шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа Боралдай кенті, Байкент ауылы, Ақсай ауылы, Ащыбұлақ ауылы мен Алматы қаласынан «Желтоқсан ардагерлері» командалары қатысты.

Турнирді Боралдай кентінің әкімі Д.Қоңырбаев құттықтау сөзімен ашып, барша қонақтар мен жарысқа қатысушыларға алғысын білдірді. «Желтоқсан Ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің белді мүшесі, белгілі спорт журналисі Ақын Ордабайұлы сөз сөйледі.

Командалар тіркеуден өткен соң, жеребі тартылып, сайыскерлердің екі тобы құрылды. Ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Ашық алаңда, таза ауада ұйымдастырылған жарыста спорттық рух асқақтап тұрды. Барлық қатысушылар жақсы дайындықпен келгендері байқалып тұрды. «Сен тұр, мен атайын» дейтін командалардың барлығы жеңістің биік тұғырынан көрінуге күш салды. Нәтижесінде бірінші орынды – Боралдай ардагерлері командасы, екінші орынды – Ақсай ауылы командасы, үшіншісі орынды – Боралдай кентінің «40 орта мектеп» командасы жеңіп алды. Жеңімпаз командаларға:  1-орынға 50 мың, 2-орынға 40 мың, 3-орынға 30 мың теңге және кубоктар мен медальдар, мадақтама және ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Спортшыларға арнайы дастархан жайылып, сый-құрмет көрсетілді. Спорттық шараның мақсаты – соғыс ардагерлерінің ерлігін еске алып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, аудан тұрғындарының достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Іс-шара аясында ардагер спортшылар тәлім-тәрбиеге толы, өнегелі әңгімелерімен де бөлісті. Ғибарты мол, мағынасы ерекше спорт жарысы қатысушылардың есінде көпке дейін сақталатыны сөзсіз.

Дәуіржан Төлебаев

160 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

AQIQAT №1

30 Қаңтар, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы