• Заманхат
  • 28 Сәуір, 2025

«Әділетті Қазақстан: қазақ әдебиетінің бүгінгі көкжиегі»

Қазақстан Жазушылар одағында «Әділетті Қазақстан: қазақ әдебиетінің бүгінгі көкжиегі» атты әдеби жыл қорытындысына арналған алқалы жиын өтті. Алқалы басқосуға Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшелері, одақ мүшелері қатысты. Проза, поэзия, жастар прозасы, орыс, ұйғыр әдебиетінің дамуы, деректі прозаның жай-күйі, детектив жанрының ахуалы, шетелдегі қазақ әдебиетінің өрісі, қазіргі әдеби сын, аударма саласы, т.б. бағыттар бойынша сөз алған баяндамашылар жан-жақты сөз қозғады. Доқтырхан Тұрлыбек, Бақытжан Абыз, Айзат Рақыш, Василий Шупейкин, Бейбіт Қойшыбаев, Бақытбек Бәмішұлы, Ғазиза Құдайбергенова, Гүлжаһан Орда, Амангелді Мұқан, Еділбек Дүйсен, т.б. баяндама жасады. Әдеби жыл қорытындысы бойынша тақырыптық талқылаулар ертең де жалғасады.

Дәуіржан Төлебаев

423 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

AQIQAT №1

30 Қаңтар, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы