- Мақала
- 02 Маусым, 2025
Инклюзивті білім беру мамандары қай оқу орнында даярланады?

«Ақиқат» журналы бұдан бұрын инклюзивті қоғам тақырыбына «Инклюзив иірімдері немесе шексіз мүмкіндікке ие балалар», «Балабақшадағы инклюзия», 2025 жылдың ақпан айындағы санында «Инклюзивті білім: Ата-анаға қажет мағлұмат» атты материалдар дайындаған болатын. Елімізде инклюзивті білім беру қолға алынғалы бері бұл саладағы мамандарға сұраныс артты. Осы орайда журнал редакциясы Ғылым және жоғары білім министрлігіне сауал жолдап, еліміздегі ЖОО-ның қайсысында педагог-логопед және педагог-дефектолог, педагог-психолог, сурдопедагог, тифлопедагог мамандар даярланатынын сұраған еді.
Министрліктен келген мәлімет төмендегідей:
– Қазақстанда қанша ЖОО-да педагог-логопед және педагог-дефектолог, педагог-психолог, сурдопедагог, тифлопедагог маман дайындайды?
– Бүгінгі таңда «Педагогика және психология» мамандарын төмендегі жоғары оқу орындары дайындайды:
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық, І.Жансүгіров атындағы Жетісу, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан, Семей қаласының Шәкәрім атындағы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік, «SDU University», Алматы гуманитарлы-экономикалық, Бәйішев, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау, Alikhan Bokeikhan, Орталық Азия Инновациялық, Шымкент, Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы, «Мирас», Ж.Тәшенов атындағы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық, Астана халықаралық, З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық, Қызылорда «Болашақ» университеттері және «Bolashaq» академиясы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институттары.
Ал, «Арнайы педагогика» бағыты бойынша мына жоғары оқу орындары маман даярлайды:
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік, І.Жансүгіров атындағы Жетісу, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық, Ә.Қуатбеков атындағы халықтар достығы, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды, Қызылорда «Болашақ» университеттері.
Сонымен қатар, «Логопедия» және «Арнайы педагогика: Логопедия» білім беру бағдарламалары (бұдан әрі - БББ) 8 ЖОО-да (М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік, Қыздар ұлттық қыздар педагогикалық, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық, Қызылорда «Болашақ», Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеттері) оқытылады.
«Дефектолог – мұғалім, арнайы педагог» және «Дефектология» БББ 4 ЖОО-да (М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Мирас» университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) оқытылады.
«Сурдопедагогика» БББ 3 ЖОО-да (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті) бар
«Арнайы педагогика: Тифлопедагогика» БББ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жүзеге асырылады.
– Қазір педагог-логопед және педагог-дефектолог мамандар тапшы. Еңбек нарығындағы осы тапшылықты реттеу жолында қандай жұмыстар атқарылуда?
– Кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған ел экономикасының салалары үшін кадр қажеттілігін орта мерзімді болжау негізінде қалыптастырылады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес 2024-2026 жылдардағы орта мерзімді қажеттілікке сәйкес педагог-логопед және педагог-дефектологтан 257 маман қажет.
«Арнайы педагогика» бағыты бойынша білім алушылар саны 4 534 адам, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 2 125 адам оқып жүр. 2024 жылы бітірушілер саны 1 569 адамды құрады, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 385 адам. Министрлік аталған мамандар бойынша қажеттілікті толықтай жабады.
– ЖОО нан бөлек бұл мамандарды даярлайтын курстар бар ма, оларды тіркеу, жұмыс жүйесін тексеру қалай жүзеге асады?
– Министрлік 2024 жылы алғаш рет Дүниежүзілік Банктің «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде шетелдік сарапшыларды (Болгария мен Греция) тарта отырып, үздік халықаралық тәжірибелерге негізделген инклюзивті білім берудің заманауи Моделін әзірледі. Бұл модель – білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауда, оның ішінде Қазақстанның барлық білім беру деңгейлерінде – мектепке дейінгі білім беруден бастап, жоғары оқу орнынан кейінгі білімге дейінгі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдауда жаңа тәсілдер мен инклюзивті әдістемелерді ұсынатын әдіснамалық құжат. Сонымен қатар, бұл Модель жалпы білім беретін мектептегі барлық білім алушылар, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін мұғалімдер, мамандар және ата-аналар арасындағы ынтымақтастық үшін жүйелі тәсілді ұсынады. Осы Модельдің негізінде шетелдік сарапшылар және әріптестер 500 педагог (250 ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы мен 250 мектептер мен арнайы ұйымдардың мамандары мен педагогтары) оқытылды. Тыңдаушылар алғаш рет оқытудың әмбебап дизайн әдістемесімен және инклюзияның жеке жоспарымен танысты. Қазақстандық және халықаралық тәжірибеде сараланған оқытудың айырмашылығын көрді. Тыңдаушылардың тиісті материалды игеруіне мониторинг жүргізу мақсатында педагогтер мен профессорлық-оқытушылар құрамына кіру, аралық және қорытынды тестілеу өткізілді. Тестілеу нәтижелері бойынша тыңдаушылардың 80% - дан астамы инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби деңгейін арттырғаны анықталды. Осы моделдің негізінде жоғары оқу орындарының базасында курстар өткізілетін болады. Сонымен қатар, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған. Ересектердің білім мен дағдылардың қосымша курсын оқуы қосымша және формальды емес білім беру арқылы жүзеге асырылады. Ересектерге қосымша бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады. Ересектерге формальды емес білім беруді оқудың орны, мерзімдері және нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жүзеге асырады және ол оқыту нәтижелерін растайтын құжат беру тәсілімен жүргізіледі.
– Қыздар университеті тәрбиеші біліктілігіне қоса логопед біліктілігін меңгертеді екен. Бұл тәжірибе тағы қай оқу орнында бар?
– Бүгінгі таңда, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі және логопеді» БББ, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі білім беру және логопедия» БББ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Тәрбиеші. Мектепке дейінгі білім берудегі логопед» БББ жүзеге асырылады.
Сұрақ жолдап, келген жауапты
басылымға дайындаған
Назым ДҮТБАЕВА

376 рет
көрсетілді0
пікір