- Ел мұраты
- 08 Қыркүйек, 2025
Ғылым - теңіз, білім - қайық
Президент «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім мен ғылым саласына ерекше назар аударды. Осы тұста Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ғылым академиясы ғылым саласын үйлестіретін болады. Бұл құрылым отандық ғылымның жүйелі дамуына жаңа серпін береді. Ғалымдар мен зерттеушілерге қолдау көрсету арқылы инновациялық жаңалықтарға жол ашылады. Жолдауда ғылымның қоғамдағы рөліне айрықша тоқталу – ел болашағы үшін ғылымның маңыздылығын көрсетеді. Ғылым тек зерттеу ғана емес, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі қозғаушы күші. Сонымен қатар, Президент жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану қажет екенін атап өтті. Бұл бағытта жүйелі саясат жүргізу үшін арнайы министрлік құрылатынын мәлімдеді. Жаңа министрлік цифрлық трансформация мен ЖИ дамуын үйлестіретін негізгі институтқа айналмақ.
"...Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі — ғылым"-деп М.Әуезов айтқандай, дамыған озық елдермен теңесу үшін ғылымға баса көңіл бөлу бүгінгі күннің басты талабы.
Бауыржан ӘЛІҚОЖА,
ҚазҰУ-дің аға оқытушысы
848 рет
көрсетілді0
пікір