• Мақала
  • 09 Қыркүйек, 2025

Саясатнама (Он төртінші бөлім)

Парсышадан аударған: 
Сайпулла МОЛЛАҚАНАҒАТҰЛЫ, 
Әзірет Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы 
Ясауитану ғылыми орталығының басшысы (Түркістан қаласы)

Жолға шабарман жіберу және құстарды үзбей ұшыру туралы  
Бірнеше таныс жолмен жүретіндей етіп шабармандарды белгілеп қою керек. Олар атақты кісілермен жүзбе-жүз кездесулері керек. Бір тәулікте елу фарсанг қашықтан көрген-білгенін, оқиғаларды айтып отыра алады. Оларда бұрынғы әдет бойынша, оларды сауықтырып отыратын, олар жұмыстарынан қалып қоймау үшін нақибтар болады. 
 
Он бесінші бөлім 
Мастық пен сергектік кезінде пәруаналардың абай болуы туралы
Пәруаналар кейде сарайға, қазынаға, үлкен қызметтерге, билік пен мүлікке араласуы мүмкін. Кейбіреулер бұны солай бұйырып тұр деп түсінеді, бірақ бұл өте нәзік іс. Бұл істе аса мұқият болу қажет. Олар айтуы мүмкін, олардың арасында да айырмашылық бар деп, яки естімей қалуы мүмкін, бұл хабарлама бір адамның тілінде болуы керек, ол өз аузымен айтуы керек, басқа біреуге тапсырмай, шарты солай, олар қаншалықты осы бұйрықты жеткізетін болса диуан да ұлы мәртебеліге ұсынылмай тұрып қол қоюға кетпейді, содан соң барады иншааллаху тағала.

 Он алтыншы бөлім 
Арнайы уәкіл және оның күнделікті қызметі туралы
Уәкіл дегеніміз бұл ауыр күндерде халықтың жағдайын түсінетін адам. Ол әрдайым бұл іспен айналысатын, ар-намысты, белгілі, сенімді адам болуы керек. Ол ас үй, қойма, жеке сарайлар, отбасы мен бала-шаға, айналадағы жайттарға қатысты барлығын біледі. Ол адам әр күні жоғары мәжіліске таныс болуы тиіс. Онымен сөйлесіп, пікір алмасып, қажет болған сәтте алдын ала жағдайын айтып, жағдайға қанық болуы керек. Қандай нәрсе керек, не берілуге тиіс, не алынуға тиіс – барлығын біліп, жоғарғы жаққа жеткізеді. Ол адамда абырой мен бедел, айбын мен іскерлік толық болуға тиіс, сонда ғана жұмысы сәтті, ісі жүйелі болады.


Пайдаланған әдебиет: 
Саясатнама (парсы тілінде). Абу Али Хасан бин Али Хажа Низам ул-Мүлктің еңбегі, хижра 485/1092 жылы жазылды. 1891 жылы Парижде басылған Ш.Шефердің текстологиялық зерттеу нұсқасы бойынша, түсініктемелер және ескертпелер қосып, түзеп дайындаған Мұхаммед Қазуини. Қайта түзеп, қосымшалармен және алғысөзбен жариялаған Мұртаза Мударриси Чахардехи. – Тегеран-Шахабад:  Заууар баспасы. – Екінші басылым. – Тегеран 1344/1965 ж., Тегеран Мусаууир баспасы. – 295 бет. 

170 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

01 Тамыз, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы