• Ел мұраты
  • 15 Қыркүйек, 2025

Бала тәрбиесі мен отбасы құндылықтарының қатар дамуы маңызды 

 

Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, бала тәрбиесі мен денсаулығына көңіл бөлу, ата-ата мен бала арасындағы қарым-қатынасты оңтайлы дамыту – қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі де бірегейі саналады. Жас ұрпақтың саналы болып өсуі, азамат болып ер жетіп, елінің келешегіне үлесі қосуы да талшыбық кезінде алған тәлім-тәрбиеден бастау алатыны сөзсіз. Осы орайда бала тәрбиесіне қатысты басты құндылықтарды негіз етіп, жүйелі дамытуды мақсат етіп отырған балабақша институтының да жемісті жұмыстарын атап өту маңызды деп білеміз. Солардың қатарында Алматы қаласы Түрксіб ауданына қарасты КМҚК «№187 бөбекжай-балабақшасы» отбасылық құндылықтарды отбасы және балабақша бірлігі, әріптестік байланысты негізінде үйлестіре дамытуды тұғыр етіп келе жатқан еңбегі зор. Жуырда аталған балабақша әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Дені сау ұрпақ» атты ақпараттық мағыналы кездесу өтті. Бұл іс-шараның өзгеше мәнде өту себебі жиынға әртүрлі буын өкілдері қатысты. Қоғамдық ұйым өкілдері, ата-аналар, тәрбиешілер, жастар. Бәрі де маңызды тақырып төңірегінде айтылған тұжырымды ойларға назар аударып, көкейлеріне керекті ақпараттарды жиды. Шараны балабақша меңгерушісі Омарбекова Фарида Қызырханқызы жылы лебізімен ашып, жиналған қонақтар мен ата-аналарды құттықтады. Ол өз сөзінде бүгінгі қоғам үшін дені сау, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің басты міндет екенін атап өтті. 

Жиынға Алматы қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің бас инспекторы Алжикеева Амангүл Ильясқызы қатысып, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөліне тоқталып: «Денсаулық – адам бақытының алтын діңгегі, ал баланың алғашқы қадамы – отбасындағы құндылықтардан басталады» деді. 

Алматы қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталықтың басшысы Наталья Викторовна Карасёва да сөз алып, ерте жастағы балаларға уақытылы қолдау көрсету мен денсаулығын сақтаудың маңызы төңірегінде ой өрбітті. Ол ата-ана мен педагог арасындағы сенімді байланыс – бала болашағына салынған берік іргетас екеніне тоқталды. Кездесуде мазмұнды баяндамалар тыңдалды. 

«Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалы жетекшісі Меруерт Мәулетқызы «Сенімді болашақ – себеп СІЗ» тақырыбында баяндама жасады. Меруерт Мәулетқызы отбасылық құндылықтардағы өзекті мәселелерді негізге ала отырып, бірнеше мәселелерге нақты мысалдар келтіре сөйледі. 

№3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы басшысы Индира Болатовна Абенова «Қазіргі таңдағы ПМПК-ның негізгі бағыт-бағдары» туралы маңызды ақпараттарымен бөлісті. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға орталық тарапынан нақты қандай көмектер көрсетілетіні туралы айтып берді.
Балабақшаның педагог-психологы Жазира Жайлаубековна Акимбаева «Дені сау бала – бақытты отбасының жемісі» атты қызықты тренинг өткізіп, ата-аналарға сұрақтар қойып, берілген жауаптардың негізінде талдамалық, сараптамалық шолулар өткізді. Ата-аналарға пайдалы кеңестер беріп, бала тәрбиесіндегі белсенділікті арттыру жөнінде көптеген маңызды ақпараттар ұсынды. 

«Мамандардан кеңес» айдары ұйымдастырылып, ата-аналар көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Балабақшаның мамандары: педагог-психолог Жазира Жайлаубековна Акимбаева, логопед Аружан Асанқызы Асан, қазақ тілі мұғалімі Сымбат Жанарбековна Кабышева, тәрбиеші Газиза Мелисовна Мамытханова өз тәжірибелерімен бөлісіп, ата-аналарға пайдалы кеңестерін жеткізді. Белгілі ақын, көп балалы әке Мұратқан Шоқан тақырып аясында өзекті мәселелерді қозғап, бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтары мен балабақша қызметінің рөлін жоғары бағалады. Іс-шараға арнайы қатысқан №1 Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің студенттері басқосудың практикалық мәні өздері үшін мазмұнды болғанын айтты. Себебі олар да болашақ балабақша тәрбиешілері ретінде білім алып, даярлануда. Кездесу соңында ата-аналар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. 

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

1374 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

01 Тамыз, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы