• Мақала
  • 28 Қыркүйек, 2025

Әуезов және абайтану мәселелері

28 қыркүйек заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың туған күні. Оның қарсаңында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы жыл сайын «Әуезов оқуларын» ұйымдастырады.  Осы шара аясында ғылыми-мәдени орталық 25 қыркүйек күні «Мұхтар Омарханұлы Әуезов және абайтану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияға отандық және алыс-жақын шет елдік жетекші ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер, оқытушылар мен жас ғалымдар қатысты. Мұхтар Әуезов мұрасындағы абайтану мәселелері, Әуезовтану тарихы, М.О.Әуезов мұражай-үйін музейлендіру мәселелері бағытында өткен жиынды филология ғылымдарының кандидаты, Бас директорының Ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Альмира  Қалиева жүргізді.  

Іс-шара аясында«М.О. Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлзия Пірәлінің «Абайтану: Мұхтар Әуезов және Қайым Мұхамедханов» және  «Л.М.Әуезова – ғалым, қайраткер, мұрағаттанушы» атты монографиялары мен «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет» орталығының директоры, Білім берудің халықаралық дамуы саласындағы ғылым докторы Дина Мұхамедханның құрастыруымен Қайым Мұхамедхановтың «Алдымда ақын Абай – Темірқазық» атты өлең кітаптарының тұсауы кесілді.

Гүлзия Пірәлінің «Абайтану: Мұхтар Әуезов және Қайым Мұхамедханов» атты зерттеу еңбегі саналы ғұмырын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын, ақын ұлдары мен шәкірттерінің мол мұрасын зерттеуге арнаған қос абайтанушыға арналған. Ал «Л.М.Әуезова – ғалым, қайраткер, мұрағаттанушы» атты кітапта Ләйла Мұхтарқызының еңбектері талданып, ғылыми айналымға жол тартады.

Қайым Мұхамедхановтың өлеңдері, аудармалары және ғалымға арналған өлеңдер жинақталған кітап, көрнекті ғалымның ақындық қабілетін оқырманға жеткізеді.

Ал rонференцияда оқылған тақырыптық баяндамалар жинақ ретінде басылып шығады.

Дайындаған Назым ДҮТБАЕВА

246 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

01 Тамыз, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы