• Мақала
  • 22 Қараша, 2025

Жастар денсаулығына назар аударылды

  Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жуырда «Жария» Халықаралық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 19-20 қараша аралығында жастардың репродуктивті денсаулығына арналған «SAULYQ.LIFE - ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ» ҚОЗҒАЛЫСЫ республикалық жастар форумы өтті.

 Форумның мақсаты – жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау мәдениетін қалыптастыру, ақпараттық гигиена мен медиасауаттылық деңгейін арттыру және жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ынталандыру болған еді.

 Бағдарлама аясында танымдық іс-шаралар, репродуктивті денсаулық жөніндегі семинарлар мен пікірталастар; шеберлік сағаттар мен тренингтер; волонтерлерге арналған мотивациялық сессиялар мен тәжірибе алмасулар өтті. Аймақтардан келген қатысушылар үшін Астана медицина университетінде танымдық экскурсия ұйымдастырылды.  

      Спикерлер қатарында – жоғары санатты дәрігерлер, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының үздіктері, Ұлттық комиссия мүшелері; Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының өкілдері болды.

      Ел жастарының репродуктивті денсаулығын қорғау мақсатында 2023 жылы құрылған «Saulyq life» республикалық жастар қозғалысы үш жыл ішінде елдің 20 өңірін қамтып, 10 000-нан астам жасты тікелей оқытты. Онлайн және офлайн форматтағы ақпараттық іс-шаралар арқылы 1 миллионнан астам адам қамтылды. Осы уақыт ішінде 83 бейнеролик, 15 подкаст, бір медиа мектеп және жасөспірімдерге арналған анонимді сенім желісі іске қосылды.

            2024–2025 жылдары ауыл жастарының үлесі 47,2%-ға дейін артты, бұл ауылдық жерлерде репродуктивті денсаулық туралы ақпараттандыру деңгейінің елеулі түрде жақсарғанын көрсетеді. Дәл осы жылдары ауылдық жерлерде ақпаратсыздық деңгейі 44%-дан 29,8%-ға дейін төмендеді, бұл көрсеткіш орташа республикалық нәтижеден шамамен төрт есе жоғары.

           Қазіргі таңда «Saulyq life» волонтерлік желісі 20 өңірден 500-ден астам белсенді жасты біріктіріп, олар мектептерде, колледждерде, ЖОО-ларда және жастар орталықтарында жүйелі түрде ақпараттық жұмыстарды жүргізуде. Жалпы, 68,9% респондент жастар репродуктивті денсаулығына қатысты ақпаратты тереңірек білуге қызығушылық танытуда, бұл жобаның маңыздылығы мен оның білім беру қызметтерінің тиімділігін көрсетеді.

          Айта кетейік, бұл жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.

 

 

 

 

106 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

01 Тамыз, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы