• Ел мұраты
  • 28 Қараша, 2025

Шоқан мұрасын зерделеу бойынша ғалымдар пікір алмасты

2025 жылдың 25 қарашасында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көрнекті ғалым, саяхатшы әрі этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқан Уәлихановтың мұрасы және Орталық Азия тарихы мен этнологиясын зерттеудегі заманауи ұстанымдар» атты I Халықаралық ғылыми форум өткізді. 

Алқалы жиынға Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Шәмек Тілеубаев, Б.Джамгерчинов атындағы Тарих, археология және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Абылабек Асанканов (Қырғызстан Республикасы, Бішкек қ.), ЮНЕСКО қамқорлығындағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениеттерді жақындастыру орталығы, ҚазҰЖҒА академигі, бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы, профессор Клара Хафизова (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.), зерттеуші-журналист Ник Филдинг (Ұлыбритания, Оксфорд қ.), Омбы облыстық «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы орыс-қазақ достығы орталығы» қоғамдық ұйымы Басқармасының Төрағасы Махаббат Коптуров (Ресей, Омбы қ.) академик Қ.И.Сәтбаев атындағы мемориалдық музейдің директоры, философия ғылымдарының докторы Гүлжан Назымбетова (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.), ҚР Халықаралық «Қазақ тілі» орталығының Ресейдегі өкілдігінің төрайымы Сауле Дулати (Ресей, Орынбор қ.) және т.б. қатысты. Форумның модераторы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Шәмек Тілеубаев болды. Форум онлайн және офлайн форматта өтті. Кейбір ғалымдар зум-платформасы арқылы қосылып, сөйледі. 

Елімізге белгілі ғалымдар, зерттеушілер қатысқан форумның мақсаты – Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеу және тарату, сонымен қатар  Орталық Азия тарихы мен этнологиясы саласындағы жаңа зерттеулерге қолдау білдіру.
Шоқан Уәлиханов – Орта Азия мен Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеген тұңғыш қазақ ғалымы. Оның қысқа ғұмырында атқарған зор ғылыми еңбегі ұлттық ғылымның қалыптасуына, ағартушылық идеялардың дамуына және қазақ халқының рухани жаңғыруына өлшеусіз үлес қосты. Ғалымның мол мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін құнды ғылыми дерек және ұлт мақтанышы. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бұл ғылыми форумды биылдан бастап жыл сайын өткізіп тұруды жоспарлап отыр. Іс-шара заманауи ұстанымдарды талқылау үшін, тәжірибе алмасу үшін, сонымен қатар Орталық Азия аймағының өзекті мәселелеріне бағытталған зерттелердің болашақ бағдарларын айшықтау үшін беделді платформаға айналады деген сенім мол. 


Айтуған Дәулет

100 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

01 Тамыз, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы